Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

новый.docx

— 147.04 Кб (Скачать документ)

 Бие иіді...

          Күйші бусана балқыды...»/131,199/ бірнеше күндер бойы өзіне телінген қоңыр құлынды тепсінтіп, жанына жолатпаған көк бие  құлағының  түбінен Сүгірдің жаңа шығарған сазды күйі төгілгенде  өзгеріп сала берді. Биенің қайғыдан қатып семген емшегінің қалайша жібіп, бөтен құлынға  бауырын тосқаны тебірентеді. «Телқоңыр атанған күй құдіреті  осылайша  адам түгілі, есті жануар жылқының да  жүрегін тербеп, енелік мейрімін оятқандағы терең әсер қалдырады. Қаламгердің  суреткерлік шеберлігі де осы тұста танылады. Осының барлығын мөлдіреген сырға, жануардың  шер мен мұңына  бөлеп бейнелеу, көркемдік тұрғыда  кінаратсыз келісімге қол жеткізу  -жазушының үлкен  талантының белгісі. 

      Шыңғыс Айтматовтың әйгілі «Қош бол Гүлсары!» атты повесінде  ат тағдыры мен адам тағдырының  біте қайнасқан, ғажайып тарихы шертілгенді. Ал Тәкен Әлімқұловтың  мына әңгімесі де  көркемдік қуаты , шеберлік бітім болымысы  тұрғысынан сол рухтас туынды.  Біз бұл жерде Танабай мен Сүгірді  салыстырып екеуін теңестіріп, екеуіне ортақ мінезді  іздеп отырған жоқпыз. Ат жылқы тағдырын  суреттеудегі, қаламгер қол жеткізген, сәтімен таба  алған тереңдікті, таным- талғамды айта аламыз.

       Осы жерде Сүгір бейнесіне  байланысты көп оқиғаларды, тұрмыс – тіршілік көріністерін  қаламгердің өз шығармасына көптеп кіргізуі, осы өмір деректеріне  көбірек жүгініп отыратындығы  күйші тұлғасын бар болмыс бітімімен, тартымды етіп , әр қырынан  терең  аша түсу мақсатынан туынағаны  бірден байқалады.  Сүгір тағдырына  сабақтас туындаған  әр қилы жағдайлар  өмірдің өзінен  алынғанымен  де  қаламгер әрине шығармашылық  процесс суреткерлік  қабылдау мен қорыту  барысында  көп деректерді, көп көріністерді, іс – әрекеттерді  өз жанынан қосып,  шығарма ішіндегі  басты тұлғаның бітімі бөлек, бірегей  шығуы үшін үздіксіз ізденеген, өзіндік суреткерлік  әдіс – тәсілдерін  ұтымды пайдаланған.

       Қазақ күй өнерінің  тарихында  Тәттімбет күйшінің орны бөлек, нәзік сыршыл сазымен, әсерлі әуенімен, жүрек қылын  шертіп адам, жанын тербейтін күй тарихы, «Сарыжайлау»  әңгімесіндегі тартымды оқиғалар арнасында ашылады.

      Тәттімбет  тағдыры, ол өмір сүрген кезең  шындығын ел өмірімен,  табиғат   көріністерімен сабақтас суреттеледі.  Күйшінің сыртқы келбетін, жүріс-  тұрысын күнделікті күйбең тіршілігін  баянауда  басталатын  әңгіме  желісі тереңдей  келе енді   Тәттімбеттің  күйшілік өнерінің  сыр қырынан жеке өмір тағдырынан  оқырманды мол хабардар етеді. 

       Асау жылқыны омыраудан алып  ұрып  тырп еткізбейтін,  ат  ойыннан алдына жан салдырмайтын шалымды,  тарамыс Тәттімбеттің бұл күнде денесі толығыңқы. Дымкәс көкірек, деміксе, шермиген  қарын бүлкіледеп  сүйкімсіз көрініспен  шошытады.  Майлы асқа тәбеті тартпайды. Қысқа жіп күрмеуге келмей, тіршілік түйтпегімен ашуланса  басына қаны теуіп, құлағы шуылдап кетеді. Әу дегенмен Тәттімбетпен осылай жүздесеміз.

       Тәттімбеттің  кешегісі мен бүгінгісін  қаламгер  тегін  салыстырып отырған  жоқ.  Күйші де ет пен   сүйектен жаратылған жұмыр басты  пенде жер басып жүрген   адам   көптің  бірі.  Автор   әңгімені осылай бастайды.  Тәттімбеттің  дертті  шағы тегін   айтылмаған. Күйші жүрегінің  даусы тәнмен  жанның дерті  тереңде жатқанын  оқырман әңгіме соңында ғана  ұғады. 

        Күйшінің  ішкі жан дүниесін қаламгер  тегін салыстырып отырған жоқ.  Күйші де  етпен сүйектен жаратылған  жұмыр басты пенде. Жер басып  жүрген адам, көптің бірі. Автор  әңгімні  осылай бастайды. Тәттімбеттің  дертті  шағы тегін  айтылмаған. Күйші  жүрегінің даусы, тән   мен жанның  дертті тереңінде   жатқанын оқырман  әңгіме соңында  ғана ұғады. 

       Күшінің ішкі жан дүниесін   қаламгер ұзақтан қайрап , арна – арнамен стылап, бірте – бірте ашады. Ашқан сайын Тәттімбет тұлғасы ірілене, биіктей        түседі. Күйші тағдырының  күнгейі мен көлеңкесі, бақытты шақтары мен өкінішті кезеңдері көз алдымыздан өтеді.

      Сарыарқа  төсін сан ғасыр  арманға   бөлеп  мекендеген   қалың  елдің   елдің  тыныс –  тіршілігін суреттеген тұстарда  қаламгер құлашын кеңге  сермеді.  Тәттімбеттің бір кезеңдегі   қайратты, қызығы мен қызуы   мол өмір асуы артта қалса   да күйші өнерге  деген құштарынан  жаңылмайды.   Жер, су, тау,  көл,  орман,  тоғай көрінісі  тұтаса  келе  керіліп жатқан кербез  даланың бар сұлулығы  мен сәулетін  көз  алдымызға     алып  келеді.  Авторлық баяндау әдісін, лирикалық  шегіністерді, кейіпкерлердің  «сана ағымымен» қалмгер сәтімен  тұтаса келіп Тәттімбеттің   күллі күйшілік  бітім –болмысын  іштен ашады. Жалпылама ашпайды,  бейнелі тартымды  ашады.   Жылдың  төрт мезгілін  табиғи  бояумен  дәл тауып, өрнектегенде қарапайым   қазақ даласы  көз тартып, қазақ  сахарасы  қалай құлпыратынын  көреміз.  Бірақ үзіндіге көз  тоқтатайық: «Жер көктемде, ел жазда  түлейді. Кәрі мен жасты теңестірген   жомарт жазға не жетсің! Сары  жаздың сәніндей Сарыжайлауда  қымызға мас болып асыр салып  бозбастардың ішінде Тәттімбет  те өмір сүрді.  Етегі бүрмелі  ақ көйлек, белі қынамалы көк  масаты, қызыл масаты бешпент  киген қыздар, қара мақпал камзол  келіншектер айт күндері дүркірей  қыдырғанда, мамырдың  қырмызы гүліндей   құлпырып, қызыл жасылданып, балбұл  жанып тұратын  сиқыр шақ  Тәттімбеттің  көз алдында!» /131, 12/ Қаймағы бұзылмаған дәстүрдің,  дала қызығының  дүрілдеп тұрған  шығындағы  ел өмірінің  суретін  қаламгер кейінгі беттерде  де  сан  қайталайды.

      Қайталанған  сайын  өтіп кеткен өмір  қызығы  жаңа бір  қырынан,  бұрын айтылмаған  тың қырынан   көз тарта береді.    Тәттімбет үшін қазақ даласының өтіп кеткен қызығының өзі аса қымбат,  аса қадірлі. Енді осындай  далада тәтті , бейбіт, мамыржай өмір мен қатар қатігез,  қаралы оқиғалардың  да қатар жарыса  орын тепкен қаламгер   айтып  өтеді.

      Соғыс,  қырған, қантөгіс   шетел    шапқыншыларының   қылышының астында   қан қақсаған халық, азып тозған, арып-ашқан ел, туған жердің  бір  сүйем топырағы  үшін   жан  қиған қазақ батырларының  тарихы  да  Тәттімбет ойы  арқылы  беріледі.    Енді осының  барлығы күйшіге әсер етеді,  толғандырады.  Жан дүниесін қозғайды, тебірентеді. Жүректің  түбінен  бастау алған осы көңіл   толқындары, енді киелі домбырадан  күй болып төгіледі.

      Тәттімбеттің  атақты «Қосбасар», «Сылқылдақ»,  «Сарыжайлау»  күйлерінің  әрқайсысының  өз тарихы бар.  Өз тағдыры  бар.  Осы тарихпен тағдырға  қаламгер терең бойлайды. «Талай  жиында   топ жарып көзге  түскен, жуандарды  жырымен қағытқан, қарапайым халықты  күйімен  сусындатқан Тәттімбеттің  досы  да дұшпаны да көп» /131,17/ Тәуелсіз  дәулеті  бар  әкенің  арқасында   Тәттімбет  еркін, бой бағып,  бұлаңдап өседі. Тік те шалқақ  денесіне қонымды сәнді киім  киініп «кербез бала» да атанады. 

      Тарихқа  бай, ән мен  жырдың    құтты мекен  болатын,  құнарлы   өлке  Қарқара   төсінде өнер  қуып, ой бағып, тұстастарынан  ерте  есейген Тәттімбет    әр елді арайлап, жер сұлуын  көп көреді.  Ертеден ел аузында   аңыз болған Көкшетау, Баянауылды, жер жаннаты Жетісуды  көзбен  көріп, көңілге  тоқыған   сәттер күйші  көңілінде   жатталып қалады. Орынбор, Мәскеу, Петербор сияқты үлкен қалаларға   сапар шеккенде  жол жөнекей   сыңсыған  орманға, жайқалған  шалғынға сүйсінеді. Таныс емес  елдің, бұрын  көрмеген жаңа  жердің табиғаты  өз сұлулығымен   күші жүрегіне  от тастайды. Бірақ  осының барлығы  жиылып келгенде  туған жердің  табиғатына, ғажап   суретіне  теңдесер  дүние емес  екендігіне  күйші жүрегі  сенеді. Осы тұста  қаламгер: «Тәттімбет  алақанның астынан қарап, жосалы  жаққа   көз тастады.     Ақыраптың ақырамаш шуағы   ойпаңда  сағымданып  алдамшы  көлге айналып, көз ұшын  бұлдыратып  жібереді. Сары аурудың сандырағындай   соңғы сағым  толқынданып, күйшіге  шәйі орамал  бұлғады.   Тәттімбет:  Қазақтың жаннаты  жайлау  екен  ғой.  Бұрын неғып байқамадың./131,9/ -деп таңырқады. 

  ...  Құбыладағы  қаз  бауыр қоңыр бұлттар қоюланып,   біріне бірі міңгесіп, түсін суыта  бастапты. «Өкінішті өмір осы!»  - деді Тәттімбет. Ендігі  тіршілігім  мынау миқы-сиқы  көлеңкеге, анау  сұрланған бұлтқа ұқсас. Қой,  дүниеден  көшпей тұрғанда  Сарыжайлау  туралы күй шығарайын. Қазақтың  ертегі – аңызын  әуенге  қосқанша  өз басымның  кешкенін сыр ғып  шертейін. /131,11/ -деген жолдар арқылы  кең толғап, тереңнен тартып тебіреніс,  күйшінің көңіл ауанын  айна  қатесіз  жеткізеді. «Сарыжайлау»  күйінің өмірге  келу  тарихы  осылай бастау алады. 

         Осындай жанның  енді өнердегі  жолы да бұралаң, бұлтарысы қалың. Бұралаң болатын себебі оғамы қатыгез, ортасы опасыз болды. Тәттімбетке опық жегізіп, бармаған шайнатқан кезеңдер шығармада кең қамтылады. Осының барлығын жазушы нақты оқиғаларды  көлденең  тарта отырып, соларды терең бейнелей   отырып, соларды терең бейнелей  отырып жеткізеді.  Әсіресе, Сарыжайлау сияқты  жер жанатынан   айырылған Тәттімбет  ауылының  іштегі  шер   болып  қатқан азасы, жуан, өктемшіл  төре әулетіне   кеткен  есесі  күйші ойымен, күйші толғанысымен  тартымды өрнектеледі. 

   Жуан  ауылдың,  төре тұқымының    тізесі  момын  елге батқанда  осыдан  теперіш  көріп, жаны күйзелеген  алдымен  күйші Тәттімбет   болды. Себебі  ол еркесі  еді.  Тұтас  бір ағайынды  ауылдың   бас  көтерер  серкесі, сойыл  соғар  жалғыз жанашыр еді.  Қиянатшыл  орта  бірақ оған  қарамады, мойын бұрғызбады. Осылай, бастаушысы  дуанбасы   Құсбек  болып, ақсүйек  намыс үшін  кіжінеген   төренің иықтылары   бірте –бірте  Тәттімбеттің  жеке  басына жармасып, күйші жүрегіне  жара  салады.  Ымырасыз жауыққан  қиянатшыл  орта осынысымен  де тоқтамай, енді  Тәттімбетті   істі етуге  дейін барады. Шабындығына  таласып, малын тонайды. 

      «Сарыжайлау»  күйінде  ең алдымен Тәттімбет   осы  әлеуметтік  әділетсіздік, қоғамдық  теңсіздік, адамдар  арасындағы  тартыс  шындығын  арқау  етеді. Есесі  кеткен  ел, көре – көрнеу  қиянаттан  қанаты қайырылған өнерпаз   тағдырын күй  сарыны, күй мақамы  айна қатесіз жеткізіледі. 

 Күйші азабы  осымен  аяқталмайды.  Алдында Сарықызға   ғашық болған күйші арманы   Тәттімбетке  күйік болып бір  жабысқан Төреден қараға  қыз  беруге  тыйым  салынатын   керітартпа  ата салты, азат  ойға құрсау  болған қараңғылық, күйшінің жолын кесті.  Бақытсыз  етті. Көз алдында, көңіл түкпіріне  қонған тәтті  арман қас  – қағым  сәтте сағымға айналды.  Сүйгеніне қосыла  алмаған   Сарықыз да құсалықтан аөз  жұмды. Бұл да Тәттімбет   жүрегіне жара салған бір кезең.

    Өмірдің бір  қия белінде осылайша  күйші   тағдыры сан  қайтара  сынға  түседі.   Бір тұста Тәттімбет   былайша толғанады: «Тәттімбеттің   көз алдынан бүкіл өмірі шұбырып  өтті. Жиырма жасында «Сылқылдақты»  сылқылдадып, ақ боз жорғасына  би билетіп, жандаралдан  мақтау  қағаз алғанда, одан бері азуы  алты  қарыс аға  сұлтан  Құнанбайды басынып, әкесінің  асына  тасырлатып  нөкерімен  барғанда, Қарқаралы, Семейде   талай азаматты  тордан құтқарғанда,  жазықсыз жапа көрген  жетім  жесірге болысқанда, ел ішінде  қара қылды қақ жарар қазы  атанғанда, күндердің күнінде   кемшілікті  ат төбеліндей төреден  көрермін,  самалды Сарыжайлаудан    қуылам деп жорыған ба еді./131,15/

       Сарыжайлау  тақырыбы:  әңгіме ішінде сөз  болатын  барлық оқиғалардың  түп  қазығы. Күйші осындай  жерорта жасына келгенде  өзін  терең  тебіреніске түсірген, күндіз- түні ой санасынан бір  сәтке де кетпей  аса  бір  терең шабытпен  дүниеге әкеледі.  Домбыраның қос ішегіндей   төгілген күй Тәттімбеттің   көз алдында Сарыжайлау  атты  құт мекеннің  көрініс бір бояумен  қайта тірілтеді.  Құтты мекеннің  аясында  армансыз өткен қызық   шақ бозбалалық  жігіттік  кезең  күйші  жадында қайта жаңғырады. 

            Күйшінің сезінуініше  Сарыжайлауды  сағынған сарын  ересен  күйлі лепті  болуға керек. Жүйріктей жүйіткіп, жорғадай  тайпалатын   ырғақтарын  құралсын. Көңілдің  көрікті  әні құлақ құрышын  қандырып, жүрек   шертерлік  сиқырлы  сазға ұлассын. Түйсігі барлар  түсінерлік шалқыған, сыңсыған арман  тілі домбыраның шанағынан сайрасын.  Осы талаптардың  үдесінен шыға білген  күйші болмысы шынайы.

           Күй ырғағына  ерекше екпін дарытып, сазды әуеннің  ішінде  бітімі бөлек, болмысы  асыл  мазмұн  сыйғыза алған күйші  дарынына, күйші талантына  қаламгер кең тоқталады.  Аса күрделі, теңіз тынысындай толқын- толқын  құйылып келіп отыратын  күй тарауларының әрқайсысының            домбыра шегіне  түсуінің  өзін жазушы  аса бір нәзіктік, оралымды   тілмен оқырманына жеткізген. Күй сарын, күйші тағдырын  терең түсінген автор «Сарыжайлау»  күйінің тағылымды тарихын осылайша таратып, өте тартымды  суреттейді.

         Күй туар сәттегі күйші сезіміне, ішкі жан дүниесіне жазушы терең бойлайды. Жайшылықта әлденеше күнді ұтатын сыршыл, күрделі күй осылайша  бір кеште дүниеге келеді.   Күні бойы сейіл, сүйсініс, күйініш,  тарығыс, үміт, наз, нала  домбыра тілінің түйсікшіл шежіресіне  айналды.  Тәттімбет күй шежіресін аяқтай алмай қатты күйзелді.  Күздің  ұзақ түнін дөңбекшумен өткізді. Баяғыдан бері шығарған күйлерін  місе тұтпай  осы күйге, «Сарыжайлауға» ынтығады.  Бұған дейін көңіліне тоқ санап, өзіне жұбаныш етіп жүрген «төреге,тотайға,  жорғаға арнаған күйлері- баянсыз дүниедей көрінеді.  Осыған дейінгі төккен күйлерінің  бір төбе ал  жаратылысы дара, болмысы бөлек «Сарыжайлауы» бір төбе  болатынына  көзі жетпесе де көңілі  сенеді. Күй толғағының  осылай ұзақ, созымды титығына жеткен  өнер  дүниесі болғандығына  Тәттімбет іштен сүйсінеді.

     Бірақ күйшінің  айызы әлі қанар емес. «Жайлаудың  кеңдігімен, жаздың ұзақтығымен   салыстырған да күй әлі   де келте жатыр. Тәттімбет:  «Негізгі тарауды қайтарар алдында    тыңнан қықа бір тармақ қосу  жөн екен», деген байламға келеді.

Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы