Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

новый.docx

— 147.04 Кб (Скачать документ)

        «Күй тынды. Күйші   домбырасын  сылқ еткізіп тізесіне  тастай берді. Таккаббар батыр көзінен ыршып кеткен  түйдек жасты сүртуге арланады. Екі айғыз жас    мұртының  шалғайына ілігіп  одан тамшылап сақалына құйылды. /232б/ 

       Жазушы  Жөнейттің  көкірегінде  күй  сазынан  көтерілген сезім,  құбылыстарын  түбегейлі талдап  ашып бермей-ақ, оның түрі мен  түсіндегі сыртқы өзгерістерді  көрсету арқылы да  тілмен  айтып жеткізуге болмайтын сырды   білдірелді.  Оның  мына кейпінде  ашу да, ыза да жоқ,  тек күйініш  пен өкініш қана бар еді.  Онда да бұл өзі өмірлік  келген, ел ішінде, өзі үшін де  маңызды, мағыналы  ғибратты деп  келген мұратының енді өлер  шағында  мүлдем алдамшы, жалған  екендігін сезгеннен, білгеннен  туған өкініш пен күйініш еді. 

          Батырдың жан-дүниесін мұншалық тереңнен қозғап астын –үстіне шығарға, кірі өмірінің мәні мен мағынасы, сәні мен салтанаты туралы  түсініктер  бәрін жойып, мүлдем басқа ұғым  басқа мақсат   сырын кеш ұққаны  да оның көңілін жылатын,  өмірін өксітіп кеткен еді. Осының бәрі кейіпкердің жан шындығын  ашуда жазушының  күй сазын шебер пайдалана білген  майталман шеберлігін танытады.  Жазушы  күй сазын  шығармасына  қосымша  желі ретінде  тарта отырып, оған кейіпкерінің мінезін даралап, тұтас  тұлғасын жасаудың бірден-бір басты  құралына айналады. Жазушының  күй сазының мазмұны арқылы  ашатын өмір  туралы, өмірдің мәні туралы ұсынып отырған  ойына  үлкен  тереңдік, теңдессіз  жасампаз күш сыйғызады. Бұған дейін өмірдің  жалпы тіршіліктің мәнін күштен өзгеден айыбын  асырудан,  мерейінің   үстемділігін сол  арқылы жүргізуден тауып келген өзінен  кейінгі ұрпағына да  осыны ғибрат, өсиет етіп келген, өмірінің саналы кезеңін түгел осы мақсатқа жұмсап келген. Саналы  кезеңнен   түгел осы мақсатқа жұмсап   келген Жөнейіт  күй  сарынында айтылған сыр мен мұңнан басқа  көзқарасты ұғады.

        Күй сазындағы күй оның ойы мен сезімін тереңнен қозғап  өзін бұған дейін болыпа көрмеген  тебіреніске салады.  Сол тебіреністің  құшағында отырып ол өзінің бұған дейін келген  көзқарасының  баянсыздығына көз жеткізгендей  болады. Күй сащының мұның көз алдына өзінің батырлық намысқа   шапқан  тоңмойындығынан өнер жолын тастап, батырлық  жолға түскен, сөйтіп сол жолда мерт болған жалғыз баласының қазасын сол қазадан көкірегін жаншып,  келеген күйшінің өз жарлығы бойынша көрге тірідей көмілумен, жан – түршігерлік өлімінен алған әсерінің  күй сарынымен тереңдеп, мұның бүкіл жан – дүниесін, жұлын – жүйкесін тұтас баурап, билеп алған. Бебеулеген наласын санасына терең сіңіреді.

        Күй сазы  мұның көз алдында тірі елеске, бейнеге айналып, санасын сарылтады, ұйқысын  қашырады, еңсесін езеді. Ақыры,  өмірінің, ісінің, таным тұрғысының баянсыз алдамшы болғанына, бүкіл өмірін болашағын сол алдамшы, өткнші дақпыртқа бола  құрбандыққа шалғанын кеш ұққаны жайына күйінулі ол  көз жұмады.

   Осының бәрінде  жазушының адам образын  жасудағы  күй сарынын шынайы  шеберлікпен   пайдаланып отырғанын көрсетеді.  Екінші жағынан  жазушы билік  жолы мен өнер  жолы арасын, билік  иесі  мен өнер иесі  арасындағы  қатынасты түрлі деңгейде  көркем   деңгейде ашып береді. Соның нәтижесіде шығарма желісінде   биліктің  күйіне өнердің күші  қарсы қойылады. Білектің күшін   жеңе алмаған құдіреттің өнердің   күшіне  бас иген жайы және  неше алуан сырға  бастайды. Өнер жолының баяндылығы  арқылы  билік жолының баянсыздығы жалғандығы  туралы үлкен ой түйінделеді.  Бұл қазақ әдебиетінде күй  сарынын, күйші сазын эпикалық  баяндау жүйесінің өзегі етіп  алу нәтижесінде қол жеткен  үлкен көркемдік,жетістік еді.

           Ә.Кекілбаев қазақ әдебиетінде күй мен күйші тақырыбын жаңа шығармаылық биікке көтеріп,жаңа көркемдік шешім жасады. Т.Әлімқұлов пен Ә.Кекілбаев шығармаларындағыжүзеге асқан,көркем туындының болмас –бітімін ерекшелей,даралай түскен суреткерлік колтаңбада қос қаламгерге ортақ сипаттар бірден көзге түседі. Әсіресе кейіпкер тағдырын тереңнен тартып бейнелеуде,олардың ішкі жан дүниесіндегі қайыршылықтарды,сезім толқындарын шынайы жеткізуде өнер құдіретін,өнер мазмұнын,өнер сырын шебер пайдаланатын екі жазушы да бір бағытта қатар жарысқандай күй кешеді.

       Өнер тілін мейлінше терең, нәзік түсінетін, соны сұлу, сазды тілмен төгілтіп жеткізетін көркемдік ізденістер екі қаламгерде де бір қарағанда егіз қозыдай ұқсас көрінуі мүмкін. Ал енді байыппен,зерделей бағамдасақ Т.Әлімқұлов өнер табиғатының, өнер болмас-бітімінің ішіне,ішкі сырына көбірек ден қоятынын аңғарамыз. Күйдің, саздың, әуенің ішкі мазмүнына, оның тарау-тарауларына, орындалу немесе домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай тіліне түсу сырына қаламгер көбірек үңіледі. Сондықтан да Т. Әлімқұлов күй тарихына, оның кейінгі тағдырына шығармасында қайтып-қайта айналып соғып отырады.

  Ал Ә.Кекілбаев шығармаларында  өнер сыры, өнерпаз тағдыры туралы  суреттеулер көбінесе кейіпкердің  жан дүниесіне жетелейтін жол  іспеттес. Оқырмадарын бей-жай қалдырмайтын, тартымды, көбінесе тарихпен тамырлас  түсіп жататын авторлық баяндаулар  образ ашудың тиімді әдіс-тәсілі  ретінде алдыңғы қатарға шығады. Тарих пен адам, өнер мен өнерпаз  Ә.Кекілбаев шығармасында әрдайым  тұтастықта, сабақтас өріледі. Жеке  адамның пенделік тағдыры мен  тұтас бір елдің, халықтың тарихи  тағдырын жазушы ешқашан бөліп  алып, арасын ажыратып, жеке-дара  қарастырмайды. Ұлт тағдыры, ел  тағдыры жайындағы тарихи әңгіменің  желісін жазушы ешқашан назардан  шығармайды.

       Жазушының  «Күй» повесіндегі басты кейіпкерлердің  қай-қайсысының тағдырын алмаңыз,  олар ең алдымен ел, ұлт тағдырымен  жіксіз астасып жатады. Ә.Кекілбаев  осы образдар арқылы қазақ  халқының қилы кезеңдегі бастан  кешкен тарихи тағдырын оқырманның  көз алдына алып келеді. Екі  қаламгерге тән қолтаңбаның, суреткерлік  ерекшеліктің, жазушылық даралықтың  анық ажыратылатын тұсы осы  арада. Т. Әлімқұлов кейіпкер  тағдырын, оның ішінде өнерпаз  тағдырын басты нысанада ұстаса, ал 

Ә. Кекілбаев үшін кейіпкер іс-әрекеті арқылы заман, уақыт сырына үңілу маңыздырақ.  Бұл жерде  екі қаламгер де ұтылмайды. Түптеп келгенде бар мәселе шығарманың көркемдік  деңгейіне, қаламгердің суреткерлікшеберлігіне келіп тірілетіні даусыз. Бұл тағдырдан  келсек аталған қаламгерлердің суреткерлік  шеберлігі, тілдік, стильдік ізденістері  сол кезеңдегі қазақ прозасында дара көрінгенін, оқырман назарын  бірден өзіне аударғанын айтпау қиянат.

     Саз, күй  өнері өмір шындығын сөз өнерінен  өзгеше және өзіне тән бейнелеу  құралдарымен жеткізеді. Күй,  саз өнері жеткізетін өмір  шындығын өзге өнерде суреттеу  мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ сөз өнерінің бейнелеу  құралдарының көркемдік-эстетикалық  қызметін өзге өнердің бейнелеу  құралдары атқара алмайтыны анық. Соған қарамастан әлем әдебиетінде  сазгер өмірі мен саз өнері  туралы көркем әдебиет үлгілері  аз емес. Жапон жазушысы Кабо  Абэ «Жай келбет» («Чужое лицо»), М. Пруст «Өткен дәуренді іздеумен» («В поисках утраченного времени»), неміс Гессе «Бисер ойыны» («Игра в бисер»), Т.Манн «Доктор Фаустус»,

Р. Роллан «Жан Кристоф» романдарында сазгер өмірі мен саз өнері  тақырыбын үлкен эпикалық түр  аясында көтереді.

    Суретші өмірі  мен сурет өнері тақырыбына  жазылған романдар қатары да  аз емес. Сөз өнері мен саз  өнерінің шеберлері жайындағы  көркем әдебиеттің ұшы-қиыры жоқ  деуге болады. Осы аталған салалардағы  шығармаларды оларға арқау болған  өмір құбылыстарының сипатына  қарай В.Днепров «Мәдениет романы»  деп атайды (122,214-280). Әлем әдебиетінде  аталған салалардың бәрі кең  көрініс тапқан түркі халықтарының, олардың ішінде қазақ халқының  әдебиетінде едәуір кең қамтылған   сала – ақын өмірі және ақындық  өнер. Ал саз өнері мен сазгер  өмірі туралы әдеби шығармалар  бірен-саран ғана болса, сурет  өнері мен суретші өмірі, мүсін  өнері мен мүсінші өмірі бүгінге  дейін қазақ әдебиетінде көркемдік  суреттеу пәні бола алмай отырғаны  рас. Бұл бағыттағы шығармашылық  ізденістерге жол ашылатын сәт  әлі алда.

           Саз, күй өнері мен сазгер, күйші  өмірі туралы көркем әдебиет  үлгілерін қазақ әдебиетінде  Т.Әлімқұлов қалыптастырды десек,  артық айтпаймыз. Себебі,  осыған  дейінгі қазақ прозасында жалпы  күйшілер туралы, олардың өмір-тағдырының  кейбір кезеңдері, айтулы тұстары  туралы жекелеген тараулар, сюжеттік  желілер кездесіп отыратындығын  жоққа шығаруға болмайды.

       Тек  бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясында  қаншама қазақ әншілерінің, сал-серілерінің,  яғни өнер адамдарының кесек,  қайталанбас тұлғалары орын алған  еді. Осының барлығын Мұхтар  Әуезов Абай өмір кешкен заманның, әлеуметтік ортаның тарихи шындығымен  тамырлас, сабақтастыра отырып суреттеген  еді. Бұл арнада кейінгі толқын  қазақ прозашылары да өзіндік  ізденістерге бой ұрды. Яғни осы  көркемдік үрдіс жалғасын тауып,  жаңа тақырыптық, жанрлық мүмкіндіктерге  жол ашты, жаңаша арнаға түсті.

        Осы орайда  Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», С.Жүнісовтің «Ақан сері», С.Бақбергеновтің «Қайран шешем», И.Жақановтың «Ықылас», Ә.Кекілбаевтың «Күйші», Ж.Нәжімеденовтің «Данқ пен дақпырт» секілді ірі көлемді эпикалық шығармаларының жаңашыл сипатын баса айту керек. Кіші эпикалық түр көлемінде И.Жақановтың, Т.Ахтановтың,М.Сқақбаевтың әңгімелерінің көркемдік-эстетикалық маңызы ерекше назар аударады. Мүсін өнері мен мүсінші өнері туралы  I.Есенберлиннің «Ғашықтар» романында бір желі бары рас. Бірақ мүсінші өнерінің психологиясы бұл романда басты емес,  қосалқы сюжеттік желі ретінде көрініс тапқан.

         Атақты күйші, қазақтың қара қобызының атасы Ықыластың қазақ прозасында алғаш бейнесін сомдаған – Сәкен Сейфуллин.  Жазушының «Тар жол,тайғақ кешу» роман-эссесіндегі Ықылас образы сол кезеңдегі, яғни 20-30 жылдардағы қазақ прозасы үшін бір жағынан жаңалық, екінші жағынан өнер тақырыбына кейіннен қалам тербеген қаламгерлер үшін таптырмас үлгі-өнеге, биік  дәстүрді көрсетті. Кейінірек Ықылас образына оралған Т. Әлімқұлов та,  І.Жақанов та өздерінің прозалық шығармаларында Сәкен сомдаған қобызшы тұлғасынан терең әсер алған. Профессор Т.Кәкішұлы мен Сәкентанушы-ғалым К.Ахметқызының соңғы шыққан зерттеу еңбегінде Сәкеннің суреткерлік шеберлігіне байланысты романдағы Ықылас образының қыр-сыры жаңаша сөз болады (8,207-208).

         Шынында да, Ықылас бейнесін Сәкен  өзіне тән қаламгерлік стильде  нақты, тартымды тұлғалап береді. Әсіресе, Сәкеннің Ықылас қобызшының  портретін жасап, оның шабыт  үстіндегі іс-әрекетін, мінез-құлқын  бейнелейтін тұстары көркемдік  құндылығы жағынан аса құнды.  «Ықылас өзі қапсағай ұзынша  бойлы, қараторы, қыр мұрынды,  шұңғыл қара көзді, ұзынша қара  сақалды, сіңір денелі ашық  кісі екен... Өзі күлмейтін адам  сияқты. Беті тіпті ашаң, жақ сүйектерінің,  маңдай сүйектерінің қырлары  білініп тұрады. Қолының саусақтары  ұзын,  тарамыс сіңірлі екен. Денесі  де тарамыс қапсағай ұзынша  екен». Осы портрет,  қобызшының  осы сырттқы келбеті, әсіресе  дене бітімі,  қырлы,   ат  жақты келген сұсты,  сұлу бет  пішімі Т.Әлімқұловтың әңгімесінде  де бірнешек жерде бой көрсетеді.

       Ықыластан  төңірегі ығып,  көздерін төменшік  тарта беретін жерлерді қаламгер  қобызшының бет әлпетінің өте  сұсты, қатал екендігін көрсетіп, әрі қажырлы, қайратты адамның  келбетін тұлғау арқылы жеткізеді.  Дуанбасы Ерден   -  қобызшының  күңіренте, еңірете,  адамның жан-жүрегін  елжірете тартқан күйін бір  жағынан терең тебіреніспен қабылдағанымен, екінші жағынан күйшінің осы  сәттегі сұсты, тас мүсін іспеттес  бет-әлпеті, қайратты қимыл-қозғалысы,  тіп-тік дене бітімі оған ерекше  әсер етеді. Күйшінің кеудені  шалқақ ұстап, именбей, иілмей, дуанбасының қарсы алдында жүрелеп  отырып қобыз тартқандағы тұрпатының  өзі алты алашты аузына қаратқан  Ерденнің мысын басады. Осының  Тәкен шығармасында өте нәзік,  өзіне тән қаламгерлік шеберлікпен  өрнектеп, өткір жеткізеді.

      Қазақ кескіндеме  өнерінде де Ықыластың осы  бейнесі, осы портреті көбірек  көрінеді. Елге танымал, белгілі  суретшілер: М.Қисамединов, Т.Ордабеков,  Е.Төлепбаевтың қылқаламынан туған  Ықылас бейнесі осыған дәлел.

       Атақты  суретші Бексейіт Әбдезұлы Түлкиевтің  халыққа кеңінен танымал «Ұлы  көш» атты өте көлемді сурет-эпопеясындағы  орталық тұлға – Ықылас образы. Қапсағай денелі, ұзын бойлы, ат  жақты, бет сүйектері білеу-білеу,  сіңірлі, қайратты шалдың портреті  үлкен, байтақ живопись полотносының  қақ ортасында айбынды, асқақ  көрінеді. Түйіп айтқанда, Сәкен  бейнелеген Ықылас портреті кейінгі  өмірге келген көркем шығармалардың  барлығында да тек қана тереңдей, қырлана түскенін байқаймыз.

    Түйіндей айтқанда,  күй және күйші тақырыбының  60-80 жылдардағы қазақ прозасында  терең, әрі тартымды бейнеленгенін  аңғарамыз. Күй өнерінің айтулы  тұлғалары: Қорқыт, Ықылас, Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сейтек, Сүгір, Абыл, Әбікен, Төлеген т.б.  күйшілердің өмір-тағдыры, сол  кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық шындық  әр жанырдағы шығармалардың арқауына  айналды. Бұл орайда, осыған дейінгі  қазақ әдебиетінде арна салған  әдеби-көркемдік дәстүр, қаламгерлік,  суреткерлік тәжірбие де үлкен маңызға ие болды. Өнер тақырыбындағы М.Әуезов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов жасап кеткен көркемдік дәстүр қазақ прозасына жаңа шығармашылық жетістіктерге, көркемдік-стильдік  әдіс-тәсілдерге қол жеткізуге жол ашты. Әдебиетімізде бұрынырақ сомдалған өнер адамдарының тұлғасы,  көркем бейнесі енді жаңа қырынан,  жаңа болмыс-бітімімен жарқырап көріне бастады. Өнер тақырыбындағы С.Бақбергеновтың,  Т. Әлімқұловтың,  Т. Ахановтың, Ә. Кекілбаевтың, І. Жақановтың, М.Сқақбаевтың т.б. қаламгерлердің туындылары осының дәлелі.

Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы