Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

новый.docx

— 147.04 Кб (Скачать документ)

Сол себепті екі күйдің  де тарихи  тамырлас,  сабақтас суреттеледі.

       Тәкен  өз тарапынан  бірнеше кейіпкерлердің  жинақтық бейнесін сомдай отырып, оларды  Сейтек  тағдырына   қатысы бар оқиғаларға араластыра  отырып  күйші бейнесін толыққанды, терең  тануға мүмкіндік береді.  Сейтек тұлғасы осының арқасында  ірілене  түскен.Тартымды шыққан.

       Жазушының  әсіресе ерекше бөліп айтар  табысы- осы тарихи кезеңдердің   әлеуметтік астарына тереңдеп  бойлай алғандығы  тарихи шындықтың  көркемдік шешімін  адам тағдырын  бейнелеу арқылы ашатындығы.  Аталған повесте нақты адам  тағдыры, атақты күйші Сейтек  тағдыры тарихи шындық ауқымында   көрсетілген.  Тарихи дерек бұрмаланбаған.  Күйші өмірінің нақты  бір кезеңі  тұтас туындының өзегіне айналып, бүгінгі заманның да шындығынан  сыр  тартады.

      Сейтектің   бір ғана «Заман-ай» күйінің  тарихын  тарата отырып, қаламгер  бірнеше  кейіпкердің  тағдырына  соғады. Осындағы Сәруәр күйшінің, Дәрмен ақынның  тағдырлары  шығарма болмысына  біте қайнасып, соның мазұнды тарауларына   айналып кетуі  жазушы  шеберлігіне   байланысты. Демек, жазушы мұраты  осы үш  иесін жеке-жеке, мейілінше  дараланған,  айшықталған, көркемдік  тұрғыдан  бірін-бірі толықтырып, тереңдетіп тұратын  тұлғалар  ретінде  мүсіндеу болғандығы  анық. Осы мақсатына жету жолында  Тәкен Әлімқұлов  тарихи тұлғаларға, тарихи кезең шындығына жүгінген. Сөз болып отырған  повестің  көркемдік деңгейі  шеберлік  бітім- болымысы осы жолдың  жемісті болғандығын толық дәлеледейді.

        Осы  жоғарыда аталған  үш өнерпаздан  басқа повесте  тағы да бірнеше

Кейіпкелермен танысамыз. Солардың ішінде өзіндік мінез-ерекшелігімен  көзге түсетн Сәруәрдің  ұлы  Сәрсенді, оның келіншегі  Нағиманы және Дәрменнің  зайыбы Қамзираны  бөліп айтуға болады. Осы кейіпкерлердің  повестен жиі-жиі  көрінетін іс-әрекетін  суреттеуден  гөрі  қаламгер көбінесе олардың  өзін сөйлету  арқылы көп сырды  аңғартады. Олар аз сөзбен  көп ойды аңғартады. Әрине, олардың аз сөзіне көп мағына дарытып отырған –жазушы  шеберлігі.   Жазушы қаламынан  туған   қысқа –қысқа  диалогтардың  өзі Сәрсеннің салмақты, бір сыдырғы, шаруақор  жан екендігін, ал  Нағима мен Қамзира  жан дүниесімен бір  –біріне қарама –қайшы кейіпкерлер  екендігін бірден аңғартады.

         Қамзира   Дәрменнің тұлғасын  даралауда  үлкен қызмет атқарды.  Дәрменнің өзін жоғарыда, ойландырып, оны уайымға салатын, жегідей  жейтін тұсы осы әйел баладан  жолы болмағандығы еді. Осы  арманын, ішінде кеткен  өкінішін  Қамзира бейнесі   арқылы жазушы  айқындай түседі.  Қамзираның   ойының таяздығы, өңсіздігі  ұрдажық  мінезі, айтқанынан қайтпайтын ұрда  жық  мінезі айтқанынан қайтпайтын   көкпеттегі, сөйтіп  өтірік көлгірситіндігі  повесте Дәрмен екеуінің  қарым-қатынасы, тіл қатысуы, яғни диалог   арқылы бірте –бірте ашылады.  Осыған керісінше  келісті  мінез көрсететін Нағима образы  шығармада  аз көрінсе де  ол өзінің адамгершілігін, иннабатты  мінезін, ибалы жүріс- тұрысын   бірнеше эпизодтық  суреттерде-ақ  сенімді түрде танытып көрсетеді.

         Нағиманың, әсіресе өзінің қайынатасы  Сәруәрға, күйеуі,  Сәрсенге  деген  ізет-құрметі, ілтипаты  көзқарасы  іш жылытады   қазақ ұғымындағы  әсіресе,  ата дәстүрдің қаймағын  бұзбай, іргесін шайқалтпай, берекелі  отбасының шырайын  кіргізіп  отырған  осындлай иманжүзді   қазақ келіндерінің  образын терең  танытатын Нағима тұлғасы –  повестің айтарлықтай  елелу  табыстарының бірі.

           Күй өнерінің, күйші өнерінің   өнегесін, ғибратын, өмірлік маңызы  мен   мәнін танытуда  Ә. Кекілбаевтың  «Күй» повесінің  орны бөлек.  Шығарма ерекше дараланып   көрінетін шындық құбылыстарының  қатары күйшінің күйшілік өнері  арнасында  суреттеледі.  Ә.  Кекілбевтың повесінде  де  Тәкен Әлімқұловтың  шығармаларындағыдай   өнер иесінің өнерінің әсері,  оны қабылдаудағы  психологиялық  иірімдер тереңі  пайымдалады.  Бірақ Ә Кекілбаев  өз шығармасына арқау еткен  өмір шындықтарының тобын  кеңінен толғап, оларды негіздес, сабақтас басқа шындық құбылыстарымен  тұтастыра суреттейді. Күйші мен оның  өнерінің сырына қатысты  әр үзік сырды, әр детальды жалаң  сипаттамай, олардың шығу төркінін, олардың шығуына негіз болған, себеп  болған құбылыстардың  мәнін ашуға ерекше  ден қояды. Соған орай шығармада  күйшінің белгілі сәттегі жағдайының күйі мен  оны осы жағдайға алып келген  ахуал оқиғалар жүйесі  өзара байланыста алынып, шығарманың біртұтас сюжеттік желісін құрайды.

        Қазақ  күйшісінің түркімендердің қолына  тұтқын болып түсуі, оған себеп  болған оқиғалар желісі, тұтқын  күйшінің   күйінен төгілген  саздың, сарынның қоршаған ортаға  әсері, ықпалы, өмір шындығына  қатынасы бәрі де өзара бірлікте, байланыста суреттеледі. Әр детальдің  психологиясы, логикалық дәйектемесі   белгілі  оқиғалар дәйектемесі   белгілі оқиғалар дәйектемесі   белгілі оқиғалар өзегі арқылы  терең ашылады. 

        Повесть  геодезиялық барлау жұмыстарын  жүргізіп жатқан топтың ашық  даладағы қосынана басталады.  Жер жайын картаға түсу жайымен  айналысып жүрген  мамандарға  жолбасшы ретінде  сол жердің  ұңғыл-шұңғылын, тарихын жете білетін  Құрбан  деген  ауыл қарты   ілескен. Құрбан қарттың бір   ерекшелігі -  ол зерттеу аймағы  болып отырған  дөңнің арғы  бергі тарихын, ондағы  әр  бір   соқпақтың, әр жыраның, тіпті   ондағы қабірлердің  де жон-жосығын,  тарихын білетін көл –көсір  білімге ие. Жасы жетпістен асса  да, қимылы ширақ, сөзі жүйелі, терең оның үстіне асқан күйші. 

      Повестің  басты сюжеттік желісі осы.  Құрбан қарттың дутарда  ойнаған  күйінің  сарынындағы   жатқан  тарихқа негізделеді.  Күй   сарыны өткен  өткен өмірдің  қилы оқиғаларына, қазақ пен  түркімен  батырларының арасындағы  тартыс пен таласқа бастайды. «Бәрін көріп бәрінен де торығып,  бәрінен де сырт айналып   іреге қарап бүк түсіп алған  пананың  үй ішінде өзінен   басқа адам қалмаған  бір сәтте  көкірегін кеулеп, жүрегін сыздатқан  мұң-наланы бір лықсытып  оңаша  күрсінгендей, өткен мен кеткенді,  дәл қазір қасында кәрі  жүрегін   тілімдеп жатқан  пәтуәсіна көп  күйбеңді  не күлдіретіні белгісі  не  бүлдіретіні белгісіз  беймәлім  ертеңді ойлап  күрсінгендей, ыңғайлы бояу, лебі ыстық күй  сазы шымыр-шымыр өніп, бірте –бірте  ширығып барады. Күй көкіректі   өрепкіген сайын  түрі жоқ,  тілі жоқ мынау мақау дала  бетінде әдемі әшекейі болмаған  соң ешкім  көзіне ілмей,  оқып та қарамай, бір шетке   ысыра салған көнетоз сұңғыла   кітап сияқтана түсті. Сиқыр  күй мелшиіп жатқан меңіреу  даладан таң атқалы бұның қиялын  әр саққа сабылтып жүрген көмескі  елестерді қайта тірілтті. /36 б./ 

      Жазушы  Құрбан қарттың күйінің сазына  тереңдей отырып, оған  негіз болған  өмір құбылыстарына ауысады. Күй  тыңдаушы, барлау экспедициясының   маманы Сырым күй  мазмұнының, күй сазының құшағында тербеле  отырып, айналасында  үн - түнсіз  жатқан дала қойнауында   көл  – көсір тарихы бар көне  кітаптай әсер беретіні аңғарады. Құрбан қарттың күйі осылайша  Сырымның  көз алдында  дала  тарихын тануға бастайды.

       Бірі  түркімен, бірі  қазақ екі батырдың  екі батырдың өзара егесіп, бірінің  ауылға, бірінің  қысастық жасауы, ақыры бұлардың ашық далада  бетпе-бет кездесуі, кездесудің бетпе-бет  шайқасқа  ұласуы, шайқаста, шайқаста  қазақ батыры Дүйімқараның  түркімен  Көкбөрі батырды жеңіп, тірідей  көрге көміп кетуі – шығарманың  сюжеттік желісінің бір  бөлігін  түзеді.

      Болған  іс көрші болып отырған   екі ауылдың арасын  одан ары  алыстата түседі.  Қарымта қайтаруға  шыққан түркімен  ауылының иесі  сайлауыт қолға  өзінің күйші  баласын  басшы етіп қосады.  Сол жорықта күйші батыр   мерт болады.  Түркімен халқының  қайғысыда  кегі де күшейе  түседі.  Тұтқынға түскен қазақтардың   басына түйенің терісін жауып,  есін ауыстырып мәңгүрт етеді,  тұтқынға түскен қазақ қыздарын  күңге айналдырады. Бірақ жанды  жеген жара, орны толмас қаза  түркімен ауылының  бас иесін  қатты  қайғыға, азаға салып  кетті. Өлген ұлдың  өтеуіне  тұтқынға  алынған қазақ жігіті  де күйші болып шығады.

         Шығарманың көркемдік жүйесінде  тұтқын қазақтың  күйі ерекше орын алады. Өлеріне көзі жетіп отырған күйші  айналасына айтарын күймен жеткізеді.  Күйшінің көңіл –күйі, ақырғы күйін орындауы  бірнеше сатыда бейнеленеді. Әуелгі саты құлақ күй, Қолына кісен батып, саусақтары бұрынғы сезімталдылығынан, бұрынғы жорғалығынан айырылығандай екен.  Домбырасының  құлағын келтіріп, едәуір уақыт  отырып қалады. Айнала қаптаған түркімендер де үнсіз. Домбыраның  құлақ күйі орнына келгенімен, күйшінің  өз көңіл күйі  бір түйінге келе алмай  толғанады.  Домбыраның  қос ішегінен төгілген саз да бетін, бағытын, арнасын таба алмай, бір арындап, бір басылып тұр. Тұтқында отырып көрген қорлығы, азабы мен мазағы, ащы ызасы мен  айыбы, өкініші...- күйшінің көкірегінде кептлген осы сарындар  домбыраның шанағында да  сеңдей соғылып, шығар жолға  жапа тармағай таласуда.

          Күйшінің  көңілі де, домбыраның сазы да  қырық құбылып құйқылжиды.  Ақырында көңіл де, күй де бір арнаға түсті.  Қарағай шанақ бір күрсініп қалып, күңірене жөнеледі.  Енді бір тұста күй сазы  бірте –бірте ширығып, серпіліп, кең арнаға  ұласады. Енді бір сәт домбыраның  үні егіліп шығады. Одан соң сабасына түсіп, былпыған майда үн төгеді. Қара шанақ енді  бірде күңіренген  гөй-гөйге басады...

           Күйші біреу, күй біреу  болса да, күйдің сазы, күйшінің көңілі  неше құбылады, неше түрлі сырды төгеді, азалы топ та іштен егіліп, неше алуан хал кешеді.  Күйдің айтқаны, тыңдаушыға ұқтырғаны көп, айтқысы келгені,  ұқтырғысы келгені одан да көп, бірақ күйші тоқтады,  тыным тапты.

         Ә.Кекілбаев повесіндегі күйші  мен күй айтқан сырда жазушының өз көңілінің  сыры, тарих шындығынан таныған, танығанына баға берген  өз таланты  көрініс тапқан.

          Ә. Кекілбаевтың  «Күй» повесі туралы ойларын  сараптай отырып  көрнекті  әдебиет сыншысы, ғалым зерттеуші  З. Серікқалиев былай деп түсіндіреді: Мұнда Абылдың өзі емес, күй сөйлейді. /89,67/ Дұрысы орынды, әрі дәл айтылған.  Ой тұжырымды, пікір, негізді, дәлелді.  Повесте Абыл емес, күй сөйлейтіні рас. Мұны  жазушының  суреткерлік тұрғысынан  тән ерекшелікпен  түсіндірген дұрыс.

      Күй туралы, күйші туралы  шындықты күйдің  өзімен немесе  әуенімен, суретпен  емес, сөзбен өріп баяндау -жазушының суреткерлік тұрғысынан туған шығармашылық ерекшелік.  Осы тұста Х. Әдібаевтың: «Тәкен творчествосында өнердің өзі сөйлейді» /64.194/,-деген пікірі еске түседі.

         Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығында да өмір шындығы  жазушының суреттеу пәні ретінде  күй сазы алдынғы кезекке  шығатыны жоғарыда айтылды.  Күй сазының ішкі арнасына, күйшінің  шығармашылық психологиясына      бойлауда,күйдің әуені мен әсерін, үні мен сырын  мөлдіретіп суреттеуге адам мен заман шындығын, өмір сырын  сол арқылы танытуға  келгенде Тәкен Әлімқұловтың  суреткерлік шеберлігі  анық, дара көрінеді.

        Алайда  Ә.  Кекілбаев  та  үлкен суреткерлік   биіктен танылады. Екі жазушы  да  күй сазын сырлы  сөзге  түсіріп, шығармаларында өнердің  өзін сөйлетеді. Мұның жоғарыда  суреткердің шығармашылық  тұтастығындағы, эстетиаклық  нысанадағы  ортақ  белгілері көзге түседі.

Күй сарынынан   мазмұн табу, оны ұғу –өте күрделі  шығармашылық процесс  Күйді  орындау мен  шығару  қандайшығармашылық күрделі, серлі, тебіреністі  процесс болса   оны қабылдау да   сондай сезімге толы. И Күй өнерінің орындалуы барысында қабылдаушы  халық оны тартып отырған   күйшінің психолгоиялық жайын біле білмеуі мүмкін.  Күйдің тарихын, аңыздың мазмұнын күйдің өз сазымен қатар тыңдап отырған тыңдаушы әсері толғанысты, тебіреністі болатыны анық.  Бірақ қабылдаушының жанында болып жатқан  мұндай тебіреністі халіді күйші де біле бермейді.

        Ал күйші өмірі, күйшінің шығармашылық қалпы   туралы әдеби шығарма жазып  отырған жазушы  күй сазын суреттеумен бірге  күйшінің шығармашылық  қалпы туралы  әдеби шығарма жазып отырған  жазушы күй сазын  сурететумен бірге  күйшінің шығармашылық еңбегінің  ерекшелігін, оның психологиялық жайын  терең ашумен қатар  сол күйді қабылдаушының да  жан-дүниесін, тебіреністі қалпын терең ашып   беруге тиіс. Бұл арада жазушыға күйдің шығу тарихы  туралы аңыз –әңгімелердің  көмейін өз деңгейінде  бағалаған дұрыс. Жазушы үшін күй аңыздарының  белгілі шығарманың  оқиғалы желісін, жалпы эмоциялық реңкін  анықтауда таптырмас құрал   Осы материалдармен өзектес, арналас күй сазының өз мазмұны суреттелгенде, жазушы шығармасының  көркемдік - эстетикалық  болмыс –бітімі  шымырлана түседі.

        Қазақтың саз өнерінің туындыларының қай –қайсысыда адамгершілік  негізінің тереңдігімен, лебінің тазалығымен өмірге құштар  өзекті эмоциялық қуатымен ерекшеленеді, әрі соның бәрі өмір шындығын білдіреді, адам жанының, адам өмірінің  асыл шындығын  ерекше теіреніспен толғап, өмір туралы ғибратты  ой,  философиялық толғам ұсынады.  Сондықтан күй сазында үлкен шындық ғана емес, үлкен философиялық  толғам ұсынады.  Сондықта да күй сазында үлкен шындық ғана   емес, үлкен философиялық  мән, ғибратты ой жатады.  Күйші өмірі мен күй сазы туралы  шығарма жазып отырған  жазушының шығармасында  күйші өмірі мен күйші сазының осындай шындығы мен  мәні ғибраты  мазмұны  көрініс табуы шарт.  Олай болмаған жағдайда, шығарманың шындық негізі  ашылғанымен, шығармашылық табиғаты, күйші өнерінің ерекшелігі, күй сазының эстетикалық танымдық қызметі толық     танылмай қалады.  Т.Әлімқұлов,  И. Жақанов, Ә. Кекілбев  қатарлы жазушылардың  шығармаларында  күйші өмірі мен  күй өнерінің осындай  ғибратты қыры үлкен шығармашылық шеберлік деңгейінде  шешім табады.

         Ә. Кекілбаевтың  повесіндегі  күйшінің шығармашылық қалпының  мына  бір көрінісі назар аударайық: «Күйші  қатып қалған. Домбыраның  қос ішегін  еміне  сауып, есілтіп  отыр. Қара шанақтың гөйгөйі көкірегіңді қысап, ырқыңды алып барады.  Қанша қатты болсаң да  иліктірмей қоймайтын  өз көкірегіңнен  шыққан ерекше сәбидей  еліктіріп,  ерітіп барады.  Жүрегі шымырлады.  Көмейі  бітіп,   көзінің  алды жыбырлап кетті... Мына күй қыршын кеткен боздақтарын,  қаңырап қалған қара шаңырағын, жападан-жалғыз қуарып қалған қу басын- бәрін- бәрін есіне  салады. Жөнейт күйшімен арбаса беруден қаймығып, көзін жоғары қашыртты. /232б./

           Жазушы күйшінің  психологиялық қалпын,  күйдің  сазын, күйшінің  орындау шеберлігін алдыңғы тұстарда ашып алғандықтан, мына тұста оған  қайта оралып  оралып соғуды орынды көрмейді.  Ендігі тұста күйдің  тыңдаушысына, қабылдаушысына  әсерін, күй құдіретін танытуды мақсат тұтады.  Сол мақсатына орай күй мазмұнын қабылдаушының өмірімен сарындас, бір желіде шығуына ерекше көңіл бөледі.

           Автордың мұнысында терең сыр бар. Өйткені бүкіл өмірдің  талас –тартыспен, ұрыс- шабыспен өткізген, сол жолда  өзінің жалғыз  баласының  жанын оққа  байлаған, ақырында  сонысының  бәрінен де оппа таппаған Жөнейттің  өмір туралы, тіршілік туралы  өмір бойы тұтынып келген  тұғырнамасының  жалған, алдамшы  бейопа  екендігін оған күй құдіреті  арқылы ұқтыру – күйшінің де  жазушының басты  нсыанасы. Жазушы осы шығармашылық  нысанасына орай Жөнейттің  -күй сазын түсінуін, қабылдауын, ұғуын процесс  күйінде суреттейді.

Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы