Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер
Жазушының
эстетикалық нысаны – кең ұғым,
күрделі құбылыс. Ол ең
Өзінің суреткерлік
қолтаңбасын, эстетикалық
Бұл туындылар
тақырыптың даралығымен ғана
емес. Тақырып жазушының өмір
шындықтарының қалың тобынан
таңдап алып, өз шығармасына арқау
еткен құбылыстарының тобы. Жазушы
не туралы жазып отыр, нені
суреттеп отыр - шығарманың көркемдік
жүйесі үшін мұның маңызы жоғары.
Сонымен қатар тақырып аясында
Т. Әлімқұлов
та өз шығармасының тақырыбын
белгілеп алған соң, оның
Теріскейдің тау-тасын, өзен суын табиғаттың тамылжытып жарата салған інжу маржанындай суреттеген Тәкең осы өңірден түлеген өнер саңлақтары, шертпе күйдің шеберлері, күйшілері туралы жазғанда талант тапқырлығымен, көркемдіктің кемеліне келген келісті әдіс-тәсілдерімен өрнектеп береді. Қазақ әдебиетінде күйші мен қобызшының болмысын, саздың терең оймен астасқан жаратылысын, толқуы мен жан дүниесіндегі буырқанысты Тәкеңдей оқырманға қаз-қалпында жеткізген қаламгер некен-саяқ шығар. “Әуелі әр түрлі күйдің, сарынның, әуеннің басын шатып-бұтып, шерсіз шерткенді ермек етіп отыр. Құлақ күйіне орайлас ызыңдардың өзі баурап барады. Бірте-бірте Сүгірдің кәнігі күйлеріне ауысты. “Ілмені”, “Бозінгенді”, “Шалқыманы” тартып шықты. Бұрын шертісі Сүгірдің көзі тірі ізбасарларынан – Төлеген Момбековтен, Генерал Асқаровтан, Ергентай Борсабаевтан бөлек. Нарын турағандай майда. Бипылдаған биязы жібек дыбыстар қоңыр күздің сары желіндей ызыңдап, белестің сағымындай нәзік толқып, титық құртады. Тыңдаушыдан шыбын ұшпас тыныштық тілейді. Көлденең сыбыр-күбір, оқыс жөтеліс бола қалса, нәшті де нәзік күй үзіліп кететіндей. Сиқырлы, сұлу шертіс кең бөлмеге берекелі тыныштық орнатып, жұртты түгел еліктіреді”.
Жазушының туған жердің құстарын, бұлбұл, тұлпарларын, дүлдүл адамдарын түгел әнші-күйші, өнерпаз етіп көрсету сияқты ниеті қалам тербесінен еркін аңғарылып тұрады.
“Бұл ауданда екінің бірі, егіздің сыңары домбыра тартады... Совхозда 167 коммунист болса, соның көбісі домбыра тыңқылдата біледі. Оқтауды домбыра етіп ән салатындары өз алдына. Күй тыңдамайтын құлақ әсте жоқ”.
Сүгірдің шәкірті
Атабек Асылбековтің шертуіндегі “Кертолғаудан”
кейін күй ойналмайтынын
Қаламгер күйді, оның ішінде Теріскей өңірінде өмір сүрген шертпе күй табиғатын жан-тәнімен түсіне біледі. Күй ызыңынан, ырғағынан мағына-мазмұн іздейді, сыр ұғады. Күймен мұңдасады, шер тарқатады, сағынышын басады, үкілі үмітін болашақпен жалғайды. Осынау “Кертолғауда” ұшы-қиырсыз сахараның сан ғасырлық кейпі, сансыз ұрпақтың бастан кешкен тіршілігі, шері, салтанаты көрініс беріп тұрады. Өмірдің өкініші мен қуанышы аяусыз әлдилейді. “Кертолғау” кейде сайын сахара шырайындай, кейде шаң тимес саңлақтай, кейде әр пенденің арманындай әсер етеді. Тіл жеткісіз сұлу дүние көңілдің көзін ашып, ынтық сезімдер туындатады.
Ілуде бір кездесетін сирек талант иесі Тәкен Әлімқұлов табиғат берген бойындағы дарын отын тұтатып, таусылмас шабыт қайнарына туған жер, өскен ортаны темірқазық етіп, кең арналы тақырыпта қалам тербеумен өтті. Көне Бабата төскейінен апыл-тапыл басқан сәбидей төрткүл дүниені аралап келіп, сол туған топыраққа жамбасы тиген аралықтағы өмірінде алтын бесікке арнап, сөз маржанын теруді мұрат еткен Қаратаудың төл перзенті Тәкен Әлімқұлов туралы толғауы тоқсан сөз арнауымыздың жазушы тілімен айтсақ, “гәбі” бар. Жері сортаң, жазы аптап, қысы қытымыр, табиғаты қатал шөлейтті аймақ Созақ десе – сырт елдің түсінік-түйсігі мүлде керағар. Бұл өлкенің бөлекше бітім-жаратылысын, мінез-құлқын, тектілік қадір-қасиетін, екінің бірі аңғара бермейтін әсемдігін сезіну үшін Тәкеннің, туған жерге ынтық, нағыз қаламгер-перзенттің көзімен қарау керек шығар, бәлкім... Буыны бекіп, топшысы қатайып, Теріскейден түлеп ұшқан қаламгер бүкіл саналы ғұмырын ірі, ордалы мәдениет ошақтары – Шымкент, Алматы, Мәскеу қалаларында өткізіп, сыртта жүріп, тек туған жер туралы ой толғап өтуі тектен-текке болмаса керек. Туған жердің тау-тасын, өзен-суын, сай-саласын, бел-белесін, бұл өлкенің кешегі мен бүгінгі шежіресін бүге-шігесіне дейін Тәкенше әспеттеп көрсету екінің бірінің қолынан келе де бермес. Тәкеңнің кіндік кескен жасыл белес көне Созақтың қақпасы іспеттес Көсегенің Көкжонын көрген Асанқайғы: “Әттең, Көсегенің Көкжоны-ай, саңлақтың сауырындай екенсің!” – деген екен.
Тәкенше зерделеп, бейнелеп айтсақ, “теңіз деңгейінен 2716 метр биіктіктегі” Көсегенің Көкжонынан бастау алатын алтын бесік “әрбір тасында санасызды ойландыратын, саналыны толғандыратын шежіре бар”, “аумағы Бельгияның көлеміне бара-бар. Былайша айтқанда, кішігірім мемлекеттің жері”, “көне тарихта Қазақ-Созақ қатар аталатын” Теріскей төскейі” “бір шеті ежелгі Құмкент-Саудакент, екінші шеті сонау Жаңақорған тұсындағы Ақсүмбе-Сауысқан. Екеуінің арасы 300 шақырымға жуық... Мұны місе тұтпай, малшылар сонау Қоңырға, Бетпақдалаға шығып кететін”, “Бетпақтың бергі шеті Шу, Шудан бері қарай Үшкөкшенің құмы басталатын”, “Осы құмдарда — Мойынқұм, Үшкөкшеде... зерттеудің нәтижесінде сегіз миллион бас мал ұстауға болатын”, “Қаратау – Сыр мен Сарыарқаның арасында көлденең тартылған арқалық секілді. Теріскейіне шілдеде күнгейдің керімсалын өткізбесе, күнгейіне қаңтарда Арқаның ақ боранын өткізбейтін, ыстыққа да, суыққа да өзі төзіп, байтақ атырапты мәңгілік панаға алған. Бұлты басында, берекесі баурайында. Екі сайының бірінен бастау алатын бұлақ ағып, сарқылмас мейіріммен Сарыарқаға қарай да, Сырға қарай да тынымсыз құятын” туған жер төскейін қаламгер перзентінің бойына дарытқан тәлімі мен әсерінің ықпалы шексіз болса керек. Осындай шежіреге бай өлкеде туып-өскен Тәкеннің тұла бойын сезім кернеп, ой тербейтін ақын болып, жазушы болып жаратылмауы мүмкін бе? Туған жердің тағдыр-тарихы, табиғаттың тылсым күші Тәкендей тума талант иесін мезгіл жаршысындай дүниеге алып келеді. Қасиетті Ысқақ бап, Баба Түкті Шашты Әзиз, Қарабура, Саңғыл ата әулие-әмбиелердің өмір кешкен жері, Ұлы Жібек жолы шеру тартқан бұл өңірдің көзбен көрген шындығын жазып қалдырар Тәкендей перзенттер керек-ақ шығар. Көзі тірісінде мансап-атақ қумаған, барды қанағат тұтатын, адам бетіне келмеген, осы жұмсақ мінезі үшін тәперіш-қақпайлаулардың талай құқайын көріп, өмірдегі сыбағасынан құр қалған Тәкен Әлімқұлов сол кезде-ақ күйбең тірліктегі батпақ-ұйықтардан табанын аршып алып, тым биікке шарықтап кеткен еді. Қаладан қағажу көрсе – қолын бір сілтеп ауылына, туған жерге тартып кететін, “ақырғы демі біткенше көкірегінен шер кетпеген, өзі туып-өскен жерді жанына балап, жүрегіне санап жүрген мұңды адам” сонда да бақталас күйбең тіршіліктен күдерін үзбей, келешекке үкілі үмітін жалғап өтті. Өз елін, өз жұртын ұлы аспандатса, халық та өз ұлының мәртебесін биіктетіп, ардақ тұтады. Кешегі Қаратаудың шыңдарынан қанат қағып ұшқан қырандай қазақ әдебиеті атты киелі шаңыраққа бір-бір уық болып қадалған жерлес қаламгерлер Тәкен, Сәуірбек, Асқар, Төлеген, Бәтималар бұл күнде туған жер төсіндегі өшпес рухқа айналған. Созақ ауданының ауылдарындағы мектеп-интернатқа Тәкен Әлімқұловтың, орта мектептерге Асқар Сүлейменов пен Бәтима Батырбекованың, көшеге Төлеген Тоқбергеновтің есімдерінің берілуі жерлестерінің қаламгер ұлдары мен қыздарына деген ыстық ықыластарының жарқын көрінісі іспеттес. Сол кешегі қаламгер ағалармен Алатау баурайындағы ару қала Алматыда талай жылдар аралас-құралас, дәмдес-тұздас болып бірге жүріп, сырласқан ізбасар інілері ретінде сол күндер сартап сағынышқа айналып, ағаларымды жоқтап, көңіл қобалжып, ақ қағазға естелік қалдыру мен үшін бәлкім, парыз болар. Бұл дүниеге бір-ақ рет келетін сондай талант иелерімен тұстас өмір сүру, жүзбе-жүз жүріп, пейілдесу, кішілік ізет көрсету өмірімдегі ең бақытты да, айтулы шақтарым деп есептеймін. Уақыттың адуынды екпіні өз өктемдігін жүргізіп, алға зымырап, қаншама жылдар өтсе де сол ағаларымның тұлғасы биіктеп бара жатқандай... Жазушының әрбір шығармасында басты кейіпкердің жан-дүниесі, елге деген ынтық ықыласы қаламгердің ой-ниетінің, арман-мақсатының айнасындай көрініс тауып жатады. Қаламгер “Ақбоз ат” романында республикалық газеттің қызметкері, журналист Елеусіз Досов ретінде туған жердің тау тасын аралап, бұл өлкенің қадір-қасиетін көпшілік оқырманға жеткізуге талпынады.
“...Елеусіз сөзін қайта сабақтап, Қаратаудың бүгінгі келбеті туралы, оның кең байлығы, өріс шұрайлылығы туралы айтып кетті.
– Сіздер мекендеп
отырған Қаратау талай алыс ертегінің,
арманшыл аңыздың, аяулы дастанның
алтын бесігі еді... Кендебай батыр
мен Қамбар батырдың, Алпамыс батыр
мен Қобыланды батырдың аң аулаған
ырысты өрісі еді. Бұған Шолпан қыздың
әкесін шауып алатын есімі ыңғайсыз
батырды қоссақ; сонау Аягөзге
осынау Дегірездің түбінен аттанған
Қозы Көрпешті қоссақ; Мұңлық-Зарлық, “Сауда
Ишан” тәрізді көп-көп
“Қаратау – тұл ғасырдың тұмарындай,
Қайғының қара тасқа тұнарындай.
Сарыарқа, күрең Сырдың арасында,
Көңілдің қараңдаған құмарындай!”
Халқымызда “Ер жігіт туған жеріне”, деген ұғым бар. Тәкен Теріскейде туып, табиғат берген талантын ұштау мақсатында білім іздеп ұзап кетсе де, алыс қалаларда қызмет атқарса да, туған жерін аңсаумен, сағынумен өтті. Сол сағыныш жүрек түкпірінде сартап болып сақталып, қаламгер шабытының қайнар көзіне айналды. “Ақбоз ат” романындағы бас кейіпкер журналист Елеусіз Досовтың көзімен, талғамымен туған жерге деген ыстық ықыласын, ынтызар көңілін жеткізсе, “Кертолғау” атты деректі әңгімесіндегі бас кейіпкер этнограф Боранбаев байтақ Теріскейдің о шеті мен бұ шетін бірде жеңіл машинамен, бірде ұшақпен, бірде атпен, бірде жаяу жалпылап аралайды. “Керілген кең даланың” үдесінен шығу қиын. Осы даланың үстінен қарауыл қараған қаңқалы Қаратау қанша ұзасаң да көз жаздырмайды.
– Таңсықбай осы ауданға арагідік айналып соғуға құмар, – деп қаламгер әңгіменің бас кейіпкері этнограф Боранбаевтың бүкіл толқынысын өзінің түйсік-сезімімен егіз етіп алып, төгіле, толқи суреттейді. – Қазақтың қара шаңырағы Қаратау деген ұғым миына сіңіп кеткендіктен келгіштей береді, келген сайын тауып жатқан олжасы, ашқан жаңалығы шамалы. Баяғы тарих, баяғы аңыз, баяғы ертегі. Кәрі таудың жан баспас қиясына, мұғал тастарына түскен таңбалар оған бес саусағындай белгілі. Тілі мүкіс шежірені қаужай-қаужай шаршағанда, бөгде біреудің отбасы, ошақ басында сайраған қазынаға душар боламын деп ойламаған-ды”.
... Өзекті жанға бір өлім. Бұл жарық дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ. Біреу ерте, біреу кеш қамшының сабындай қысқа өмірімен қош айтысып кете барады. Адамның тірлігінде ұтары халқына еткен еңбегі, соңына қалдырған айшықты ізі.
Сол бір 1987 жылдың сәуірінде жетпіске жасы қараған шағында оқырманын талай татымды туындыларымен тамсантқан тарланбоз қаламгер Тәкен Әлімқұлов дүниеден өтті. Туған жер деп соққан жүрек тоқтар сәтінде соңғы қалауын сездірген: “Мені туған топыраққа, Бабатаға, анамның қасына жерлеңдер!” – деген жазушының жақындарына қалдырған аманаты еді бұл. Кім біледі, қаламгер сонау шалғайдағы Қаратауда, боз жусанды дала төсінде туған жердің самал желімен мәңгілік тыныстап жатқысы келген шығар. Адамның өзі өлгенмен, рухы өлмейді десек, Тәкендей азаматтың рухы әлі күнге бізбен бірге жүргендей әсер етеді.
...Көне шаһар
Бабатадағы Ысқақ баптың
Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы