Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер
Т.Әлімқұлов
үшін қажеті - құжат, нақты
тарихи дерек емес, бірақ оларға
қайшы келмейтін өмір
Т.Әлімқұлов Сәкен
туралы еңбектерді, оның шығрмашылығын,
ол туралы әдеби шығармаларды
жете білген. Ғылыми және көркем
әдебиетте бұрын сомдалған
Жалпы, қазақ
әдебиетінде Сәкен тұлғасын
сомдауға ат салысқан әдебиетшілер
аз емес. Ажыратып айтсақ, солардың
ішінен суреткер жазушы Ғабит
Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен
бер бейне» повесін, әдебиетші
– ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің
«Тамаша адамдар тағдыры»
сериясымен жарық көрген «
Романның ең
басты құндылығы - осы оқиғалардың
бел ортасында айтулы қаламгер,
атақты ақын, қажырлы қоғам қайраткері
Сәкен Сейфуллиннің өмір-
Сәкен
тағдырындағы ең бір құнарлы,
әрі күрмеуі көп, қайшылықты
кезеңінен жазушы ат басын
тіреген. Жаңа заман, жаңа
Сәкенге
тән ірілік, оның алты алашқа
кеткен атақ-даңқы, жазушылығы, ақындығы,
қайраткерлігі, барлығы
Тәкен бірнеше
шығармасында Сәкен тағдырының,
Сәкен қайраткерлігінің
Бұл әңгіме
Сәкеннің өнерпаз,өнер иесі
Сәкеннің
есіне Әбікенмен бірге
Елді елең еткізген
осы қалың оқиғаның қақ
Тәкен Әлімқұлов тілге келгенде кірпияз
жазушы. Ол турасында ақын інісі Есенғали
Раушанов былай дейді: «Жазу мәнерінің
өзгелерден айрықша нақыштарына тоқталғанда
ең алдымен ауызға ілігетін ерекшеліктің
бірі сөйлем құрауда емес, сөйлемді аяқтаудағы
тосын ізденістері еді. Тәкенге дейін
(қазір де) қазақ жазушыларының сөйлемдері
көбінесе етістікпен (әсіресе «еді» формасында,
мысалы, Жадыра келіп еді дегендей) аяқталатын.
Бірнеше сөйлем бірінен соң бірі “едімен”
біткенде шығарманың өңі қуқыл тартып
жүре берері анық. Тәкен сөйлем аяқтауда
«ған», «ген» есімшелерін молырақ пайдаланды.
«Сол түні ай тұтылған…» («Қараой»). «Ақан
атқа мініп, серілік құрған шақта талай
ұлықпен дәмдес-тұздас болған» («Көк қаршыға»).
«Сәкен елтіп қалған. Музыка сазын сыршыл
өлеңнің тіліндей қабылдап отыр» («Көкейкесті»)…Жұрт
жиналған жерлерде сіз бен біз әулиедей
көретін аға буын қаламгерлерді «ол жазушы
емес, философ, әрі кеткенде этнограф,
шын жазушы деген мына менмін» немесе
«қазақтың кәсіби көркем прозасы менен
басталады, ал маған дейінгілер қара сөзбен
жазылған поэмалар болатын» және «проза
менімен бітеді, мыналардың жазып жүргені
қыртымбайский шалдыр- шатпақтар» деген
секілді ойларын түк қысылмай айта салатын.
«Ертең мен өлген соң қазақ сөзіне ие болатын
ешкім жоқ», – дегенді де Тәкен көкем айтқан.
Содан кейін оны кім жақсы көрсін?» Ал
Қалихан Ысқақ: «Тәкеңнің қолы қазымыр
еді. Оның мінезіне, тіліне бітпеген қазымырлық
қолы мен қаламында болған. Олпы-солпы
дүниелерді қара сиямен сызып отырып редакциялайтын
әдеті. Бірде «Абай жолының» оншақты бетін
шиедей етіп шимайлап тастапты. Оны көрген
Әбу Сәрсенбаев шалқасынан түсе жаздады.
Ол кезде Әуезовке қол тигізу күнәһарлық
болатын. «Қазақ әдебиеті» тұтас бір бетіне
«Қан мен терден» үзінді беріпті. Оның
сау-тамтығын қалдырмай редакциялап, Әбдіжәміл
Мәскеуге келгенде қолына ұстатып жіберген.
Сол Тәкеңнің тілге кірпияздығы маған
да сіңіп кеткен», – дейді.
Тәкен Әлімқұлов
Есенғали ағамыз айтпақшы, қазақ прозасына
биіктен қараған. Кез келген классикпін
деп жүрген жазушыны тас-талқанын шығарып
сынау тек осы Әлімқұловтың қолынан келген
шығар. Аты бар жазушы деп елпең қағып,
құлай кету табиғатында болмапты.
Тәкен Әлімқұлов өзін ақын сезінген жан.
Поэзияны керемет жақсы көрген. Қазақта
Абайға, орыста Лермонтовқа «өлердей ғашық»
болған. Өзінің де бірді-екілі поэзиялық
жинағы шыққан. Тәкеннің сүйегі өз өтініші
бойынша Қаратаудың етегіндегі өзі туған
Бабата ауылына жерленген. «Тәкеннің қазасы
қабырғамды қайыстырды. 1987 жылдың 15 сәуірі
тап қазіргі сәтімдей көз алдымда. Қаратаудың
қара суық желі қарпып барады. Көзімде
жас. Өмірдің бәрі бітіп қалғандай. Тәкенді
жерлеп жатқанда, басымды төменнен жоғары
көтеріп едім, саған өтірік, маған шын
– ақбоз ат бастаған бір үйір жылқы Қаратаудың
етегінде жосып барады екен. Тәкеннің
жақсы көрген жылқылары қоштасуға келгенін
қарашы сонда…» Бұл Есімгүл апамыздың
көргені. Ақбоз ат бастаған жылқылар
Қаратаудың етегінде әлі де жосып жүргендей…
Мен солай сезінді.
Тәкен Әлімқұлов — көркем әдебиетке белсене араласумен бірге, көркем шығармалар аударып, оның сыны мен зерттеуіне де айрықша үлес қосқан белгілі қаламгер. Оның қаламынан туған төл туындыларынан ғана емес, көркем аудармаларын оқи отырып, қазақтың сөздік қорын молынан қолданғанына көз жеткізесіз. Тәкен Әлімқұловтың сөздігі бай, тілі шебер екенін қаламдастары ерте кезде-ақ, мойындаған. Қай-қайсының қаламгер туралы жазған естеліктерімен танысып, сұхбаттаса қалсақ оның ең бірінші шұрайлы тіліне соқпай кетпейтінін байқауға болады. Мәселен, жазушы Тахауи Ахтанов: «Тіл проблемасына тап Тәкен Әлімқұловтай зерек қарап, сергек талдаған қаламгер қазақ әдебиетінде жоққа тән. Тілді ол тарих деп, тағдыр деп қарады. Тілдің қалың қатпарына еркін бойлап, тіл бояуын көзбен көріп, қолмен ұстағандай етене сезіне білетін талғампаз талант публицистикада — туған тіл жанашыры, көркем прозада — стилист-суреткер болып танылады. Тәкен жаңа сөз тапса, моншақ тауып алған баладай қызықтайды», — деп бекер айтпаса керек. Тілге деген тазалығы, сөз қолдануындағы жауапкершілігін оның аудармаларынан да байқауға болады. «Аударма туынды өз деңгейінде болуы — тілдің нәрлілігі, құнарлығы, бейнелілігіне байланысты. Сондықтан да аудармашылар тіл заңдылығын, сөз қолданысын білуі шарт» дей отырып,
Тәкен Әлімқұлов түпнұсқа мен аударманың бір-біріне сәйкес келуі үшін баламалылыққа баса мән берген. Әрине, әрбір образ жүйесінен балама табу жеке элементтерден, сөйлем ішіндегі жеке компоненттерден балама табудан басталады. Қазақ көркем аударматануында аударма шығармаға баға берген кезде, аударма — аударманың балама тәсілімен жасалынған. «Балама — бұл ең қиын түр» деген атау қалыптасып келеді. Қандай аударма жасасақ та, барлық сөздің баламасын қолданатынымыз, әрбір сөздің баламасын табу оңай емес екені белгілі. Қарастыратынымыз да, сөздің баламасы нақты берілген бе, жоқ па, егер сөздің баламасынан аудармашы ауытқыса, онда түпнұсқа мәтінінің ойы өзгеретіні рас. Ол үшін аудармашылардың сөздік қоры бай болып, сөздің баламасын жақсы түсініп, өз орнымен пайдаланса, аударманың да шеберлігі артады. Әрине, түпнұсқадағы әр сөздің аударатын тіліндегі сөздерден өзіне лайықты баламасын табумен қатар, мазмұнның, семантикалық-стилистикалық, функционалдық ақпараттың дәл берілуіне назар аудару керек. Тәкен Әлімқұлов аударманың сәтті шығуын әрбір сөздің дәл баламасын беру ғана деп түсіндірмейді. «Аудармадағы ең бір көңіл қоярлық нәрсе — сөз баламаларының әрбір контекстің ыңғайына қарай орынды қолданылуында. Аудармашы белгілі бір сөзді қазақшалағанда онымен ұғымдас, мәндес келетін бар сөздерді саралай отырып, солардың ішінен нақ осы қалыпқа, осы көрініске, осы баяндауға лайықты келетінін, нақ осы жерде жазушының бейнелеп отырған өмір көрінісін құрастырарлықтай сөз бояуының бір түрі бола алатындайын қолданады. Балама бейнелер мәтіннің сыртқы тұрпатынан емес, түпкі төркінінен туындауға тиіс. Бұған сөйлем жатықтығы, ішкі ырғақ, сөз екшеуі қосылады» деп баламалылықтың мәні тереңде екенін байқатады. Тәкен Әлімқұловтың аударма жасау барысында да ең бірінші сөз баламаларын ерекше қадағалап, екшеп барып, қолданатынының дәлелі ретінде аудармашы А. Шаншаровтың естелігінен үзінді келтіре кетейік. «Тәкен Әлімқұлов жазғандарын оқығанда екеуміздің арамызда риясыз ағытылып жататын ой-пікірлер белгілі бір мақалаға немесе әңгімеге желі болып тартылып, жан біткендей дүр сілкініп, әлдеқайда қанат қағып, әлдебір қиырларға самғап бара жатқандай сезілетін. Сонымен бірге, Тәкен — мықты аудармашы да еді. Аударма жөнінде де көбірек пікірлесетінбіз. Жаңадан аударып жүрген шығармаларымды оған оқытатынмын. Жалықпай қарап шығып, едәуір кемшіліктерді тізіп беретін. Беларустың атақты классик жазушысы Иван Мележдің «Люди на болоте» («Саздақтағы ел») деген ғажайып романын бірігіп аудардық. Ол әр сөзін ерінбей, жалықпай қарап баламасын іздеп сөйлемдерді қиыннан қиыстырып тұрып аударып, құрастыратын. Қысқа-қысқа өлең жолдарын да аса мұқият қарап, тиянақты келтіреді. Аударма барысында көбінесе маған сөздердің баламасын тауып кел деп тапсырма беретін. Сосын жинақтап отырып келісіп қолданатынбыз. Осылайша аударма жұмысын Тәкен Әлімқұловтан үйрендім десем де болады». Тәкен Әлімқұловтың аудармаларындағы баламалылық табиғатына назар аудару үшін, аталмыш романның аудармасын түпнұсқасымен салыстыра отырып қарастырайық. Тәкен Әлімқұловтың тәржімашылық қырын ашып береді.«Аударма үстінде шабыттанбаған, бейнетіне рахаттанбаған, жүректің қанымен жазбаған адам ана тілде ұзақ жасайтын дүние тудыра алмайды. Сонымен бірге, поэтикалық шығарманы сөзбе-сөз, жолма-жол аудармай, тұтас алып аудару керек. Ойдың, сезімнің, образ жүйесінің жиынтығы сомдалып шығуға аудармашының қанынан қайнап шығу керек. Аудармашыны актерге ұқсас деген сөз менің көкейіме қонбайды. Аудармашы-автор», -деуінде де үлкен салмақ жатыр. Аударма теориясы, әрі көркем аудармамен қатар шұғылданған Тәкен Әлімқұлов көркем шығарма тәржімалау барысында, әрбір сөздің ұңғыл-шұңғылына дейін мұқият қарап қана қоймай, аударма түпнұсқаның мазмұнына, ырғағына, ұйқасына да сәйкес келуін басты назарда ұстайтыны байқалады.
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
«Мен қабілетім жетсе, сөзден гөрі, ұзақ жасайтын
күй шығарар едім. Бәлкім күйші болып кетер едім»
Тәкен Әлімқұлов
Әдебиет пен өнер о бастан ақ егiздiң сыңарындай бiр-бiрiмен қабаттасып келе жатқан домбыраның қос iшегiндей дүние. Әдебиетсiз өнер, өнерсiз әдебиетті елестету мүмкін емес әрине. Қазақты қазақ қылған өнері дейтiн болсақ, сол өнердiң ғасырдан ғасырға тарауы, жанданып, өркендеуi әдебиеттің үлесінде, тарихтың демеуінде.
Тәкен Әлімқұлов ұлтымыздың
дәстүрлі мәдениетін, халқымыздың
қасиетті әдебиеті, киелі өнерін
ерекше қадірлеген қаламгер.
Ұлттық өнерге бар ғұмырын
арнап, көзі жұмылғанша осы
өнерге ғашық болған жанның
бірі. Халықтың дәстүрлі өнерін
жанына балап, жүрек сырындай
аялап, ардақтап өмір кешкен,
өзінің тұтас қаламгерлік
тағдырын, ана сүтімен бойына
дарыған күллі талант дарынын,
күш қуатын осы қнер жолына
арнаған адам. Сондықтан
да жазушының шығармашылық мұрасының
ең бір айшықты айта
Белгілі бір ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол ұлттың әдебиетіне, өнеріне із тастайды. Ұлттың рухы көтеріліп еңсесі биіктегенде, оның әдебиетті де, өнері де қайта түлеп, қайта толысып күш қуат жинап, бойын тіктеп болашаққа көз тігеді. Осындай тарихи кезеңге, яғни ұлттық рухымыздың биіктеп, әдебиетімізбен өнеріміздің қайта серпіліп, өсіп өркендеудің жаңа сатысына иек артып, бет түзеген бір белесіне үміт пен сенімді қатар арқалап көтеріліп келе жатырмыз.
Осы
кезең аралығында туған әдебиетіміз
жоғалтқандарын қайта тапты,
Осы
әдебиетіміздің қомақты жүгін
арқалаған, талантты, дарынды
шоғырдың бел ортасындағы
Әрине тақырып
деген шартты ұғым дегенмен
де жазушы сомдаған
«Тәкен Әлімқұлов – батыс, орыс классиктерінің озық тәжірибесі мен ұлттық тақырыптағы дәстүрді шебер ұштастырған жазушы. Қаламгер творчествосынан әрдайым жан-жақты, кең өрісті ізденістерді аңғарамыз»- деп пікір білдірген профессор Б. Майтанов өз ойын ары қарай жазушының шығармаларын талдай отырып, олардағы ұлттық астардың тереңдігімен, халықтық сипатының қанықтығымен, айқындығымен сабақтастырады. /62,104-105/
Тәкен Әлімқұловтың өнер адамдарының
шығармашылығымен, өнерін шығармаларына
арқау етіп алуы әдебиет тарихындағы
күрделі, маңызды мәселелердің бірі болып
табылады. Төлеген Тоқбергеновтың
«Өнер сүйген, өнер сырын ұққан,
сол өнер үшін жүрек еті сыздап, жаны ауырған
өнерпаз» деуі тегін болмаса керек.
Өнер сүйген Тәкен Әлімқұловтың
туысы Патсайым Пәрімбекованың деректеріне
сүйенсек «Бір байқағаным, елге келгенде
құдды бір бұрынғының салдары секілді.
Тәкең өнерлі адамдардан топ құрып жүретін.
Серіктері, әрине, елдегі өнер
сүйер қауым- күйші, домбырашы. Ел серілері
Тәкеңе ән салар еді, күй тартар еді.
Әдетте олар алғашқы күні Тәкеңмен
бірге үдере көшіп жүретін, түні бойы
думандатып, таң саз бере кәсібіне
кететін» /1.361/ - дейді, Тәкен
Әлімқұлов халық өнерінің ежелгі
түрлерінің бәрін де жақсы көретін.
Оның ішінде қобыздық күйлермен
шертпе күйлерге қатты еліктегендігін,
күй тыңдағанда насаттанып, балқып,
тіпті масаң тартқанын. Тәттімбет
пен Сүгірдің шертпе күйлерін
көбірек тыңдағанын білеміз.
Осы сүйіп тыңдаған Сүгір күйшінің
күйлеріне Тәкеннің тәнті болуы тегін
емес. Өйткені Сүгір Оңтүстіктің тумасы
Тәкеннің өкіл әкесі Керімқұлдың
тұстасы. Айта кететін жайт Тәкен Әлімқұловтың
атының Тәңірберген деп аталынуының
өзінің тарихы бар. «Тәңірберген»
деп атауға қорыққан анасы «Тәкен»
деп атаған екен. Әлімқұловтар шаңырағында
бір қыздан басқа бала тоқтамай бәрі шетіней
береді, Тәкен өмірге келгенде халықтың
ескі ырымы бойынша Тәкенді жаңа түскен
келіннің бауырына салып аман алып
қалған. Керімқұл Тәкеннің әкесі Әлімқұлдың
туған інісі. Керімқұл өзі
атақты қобызшы, өнерлі адам болған
екен. Өз әкесі өнерлі адам болмаса
да өкіл әкесі өнерлі адам болған,
демек «өнер» Тәкеннің қанында бар
қасиет. Тәкен бала кезінен әрине
қобыздың қоңыр даусын бойына сіңіріп
өскен. Керімқұл ұрғашы қарағайдан
қобыз шауып Қорқыттың күйлерін тартқан,
Сүгірдің тұстасы болса, әрине Тәкен
Сүгірді көрмей, күйлеріне
әуестенбей өскен десек артық
болар еді. «Мен қабілетім жетсе,
сөзден гөрі, ұзақ жасайтын
Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы