Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 10:49, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер
Тақырыбы: Т. Әлімқұловтың шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы
Жоспары
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
2.1. «Үлкен жазушы, өнерлі адам»
2.2. Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдарының сомдалуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылатын әдебиеттер
Кіріспе
Әдебиет пен өнер о бастан ақ егiздiң сыңарындай бiр-бiрiмен қабаттаса келе жатқан домбыраның қос iшегi десек артық айтқандық емес. Себебi әдебиетсiз өнер, өнерсiз әдебиет жоқ. Қазақты қазақ қылған осы өнер дейтiн болсақ, сол өнердiң ғасырдан ғасырға тарап, жанданып, өркендеуi әдебиет саласының құзырында. Әдебиеттiң өнерге, өнердiң әдебиетке тигiзетiн ықпалын тарихтың өзi талай дәлелдеп берген. Қай ұлттың, халықтың болмасын тағдыры басынан өткерген тарихи кезеңдерi алдымен сол елдiң әдебиетi мен өнерiнен орын алады. Ұлттың рухы көтерiлiп, еңсесi биiктегенде оның әдебиетi мен өнерiнiң де арнасы толыға түседi.
Жалпы, өнер тақырыбын жай ғана әңгiме үшiн көтермеймiз. Тақырып шартты ұғым болғанымен де, қаламгерлерiмiз сомдаған кейiпкерлердiң алыстан көз тартатын, салмақты бөлiгi дәстүрлi мәдениет, ақындық, күйшiлiк тақырыбының үлесiне тиедi.
Осы тақырыпта құнды
көркем туындыларды дүниеге келтiрген
қаламгерлер әдеби дәстүр қазақ
прозасының соңғы жылдар кезеңiне де
өз әсерiн тигiздi. Әсiресе, тарихи кезеңдер
шындығын, айтулы өнер адамдарының
өмiр-тағдырын, өнер, дәстүрлi мәдениет,
адамгершiлiк, имандылық тақырыбын
және әдебиеттегi бүгiнгi таңның тыныс-тiршiлiгiн
арақау еткен прозалық шығармалар оқырман
назарына көбiрек iлiктi. Қарап отырсақ,
небiр айтулы шығармалар осы тақырыптардың
еншiсiнде екен. Бұл туындылар
туралы, жалпы қазақ әдебиетiнiң
барлық жанрдағы өркендеу кезеңдерi жайлы
бiрнеше құнды әдеби-
Өнер тақырыбы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлi қырынан зерттелiнiп, қарастырылып келедi. Бұл жұмыста өнер тақырыбы жалпылама қарастырылып отыр. Өнер тақырыбы жалпы қазақ әдебиетiнiң тарихын ғылыми танымнан өткiзуде өзiндiк орны бар теориялық мәселе болып табылады. Бiтiру жұмысында өнер тақырыбындағы шығармалардың көркемдiк ерекшелiктерiн, тарихи кезең мен тарихи тұлғалар тағдырын зерттеудi мақсат етiп алдық.
Диплом жұмысының өзектiлiгi өнер тақырыбының көркем шығармаларға арқау болуымен байланысты. Сонымен бiрге 60-80 жылдар прозасына қаламгерлер көркемдiк шеберлiк тұрғысынан не қосып, не алды деген мәселе де бар. Әдебиетiмiздiң әр кезеңiндегi қаламгерлер қалыптастырған көркемдiк дәстүр мен оның сол кезеңде тұтас қалам тербеген жазушылардың шығармашылығындағы көрiну арналары да әр қырынан қарастырылады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында өнер, өнер тақырыбы жайлы, сын, пiкiр айтып, зерттеу еңбектерiн арнамаған ғалым, өз еңбектерiне өнер тақырыбын арқау етпеген қаламгерлер кемде-кем. Р.Нұрғалиев, Х.Әдiбаевтар өнер тақырыбын зерттеп, оған өз бағасын берсе, М.Әуезов, Т.Әлiмқұлов Ж.Ысмағұлов, Ғ.Мүсiрепов, С.Бақбергеновтер өз шығармаларын өнер тақырыбына арнап, өнер адамдарының тарихи тұлғасын сомдап, осы бағытта бiраз еңбек сiңiрген қаламгерлер. Қазақ әдебиетiнде өнер тақырыбын ғылыми көркемдiк негiзде талдап, орынды бағасын берiп жүрген ғалым профессор Ә.Қансейiтұлының зерттеулерi жаңаша пайымдауға құрылған. Өнер тақырыбы әлi де түбегейлi зерттелiп, жан-жақты қарастыруды қажет етедi.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың негiзгi мақсаты – қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, оның кең көлемде зерттелуiн, осы тақырыпқа өз көркем шығармаларын арнаған қаламгерлерiмiздiң еңбектерiн көркемдiк тұрғыдан талдап оның әдебиеттегi маңызы мен мәнiн танытудағы қаламгерлер шеберлiгiн пайымдау. Яғни бұл жұмыста мақсат етiлген мәселелер төркiндестiгi “әдебиет пен өнер” хақында болмақ. Яғни, өнер тақырыбындағы шығармалардың формалық және идеялық iзденiс негiздерiн қарастыру, олардың жалпы және сипаттық тұрғыдағы дәстүрлi жаңашылдық аспектiлерге арақатынасын анықтау.
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негiздерiн қазақ әдебиетiндегi белгiлi жазушылар мен ұлттық әдебиеттану ғылымы ғалымдарының зерттеу еңбектерiндегi ой-пiкiрлер, тұжырымдар құрайды. Бұл тұрғыдан Р.Нұрғалиев, Х.Әдiбаев, Қ.Әбдезұлы С.Жұмабеков, Т.Тоқбергенов сынды әдебиет танушылар мен Ғ.Мүсiрепов, С.Бақбергенов, Т.Әлiмқұлов, Ә.Әлiмжанов, М.Әуезов сияқты жазушылардың теориялық пiкiрлерi мен тұжырымдарын басты назарда ұстадық.
Диплом жұмысының әдiсi: Өнер тақырыбының қазақ әдебиетi тарихында алатын орнын анықтау. Жазушылардың өнер тақырыбындағы шығармаларын салыстыра отырып талдау жасау. Еңбекте жүйелi функционалды және салыстырмалы зерттеу әдiсi қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Бiтiру жұмысы кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi берiледi.
1.1. Тәкен сүйген - әдебиет
1.2. Тәкеннің - жұмбақ жаны
Белгілі бір ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері ең алдымен сол ұлттың әдебиетіне, өнеріне із тастайды. Ұлттың рухы көтеріліп еңсесі биіктегенде, оның әдебиетті де, өнері де қайта түлеп, қайта толысып күш қуат жинап, бойын тіктеп болашаққа көз тігеді. Түрлі тарихи кезеңдер аралығында туған әдебиетіміз жоғалтқандарын қайта тапты, сол арқылы қайта жаңғырды, қайта жаңарды.
Осы
әдебиетіміздің қомақты жүгін
арқалаған, талантты, дарынды
шоғырдың бел ортасындағы
Әрине тақырып
деген шартты ұғым дегенмен
де жазушы сомдаған
«Тәкен Әлімқұлов – батыс, орыс классиктерінің озық тәжірибесі мен ұлттық тақырыптағы дәстүрді шебер ұштастырған жазушы. Қаламгер творчествосынан әрдайым жан-жақты, кең өрісті ізденістерді аңғарамыз»- деп пікір білдірген профессор Б. Майтанов өз ойын ары қарай жазушының шығармаларын талдай отырып, олардағы ұлттық астардың тереңдігімен, халықтық сипатының қанықтығымен, айқындығымен сабақтастырады. /62,104-105/
Әдебиет пен өнер о бастан ақ егiздiң сыңарындай бiр-бiрiмен қабаттасып келе жатқан домбыраның қос iшегiндей дүние. Әдебиетсiз өнер, өнерсiз әдебиетті елестету мүмкін емес әрине. Қазақты қазақ қылған өнері дейтiн болсақ, сол өнердiң әдебиет айдынында қалқуы Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына ғана тән құбылыс десек қателеспеген болар едік.
Тәңірберген Әлімқұлов Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бабата ауылында дүниеге келген – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Оңтүстіктің қасиетті тумасы 1953 жылы Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген екен. 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарады.
Тәкен Әлімқұлов өзге
де әдебиетшілер секілді
алғаш әдебиет есігін поэзияның
кестелі өрнегімен ашқан екен. Қарымды
қаламгер қай жанрда бақ сынамасын,
қай тақырыпты қозғамасын биік
белестерді бағындырғанын көреміз.
Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық
көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау
өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға»
(1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973,
1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982)
атты әңгімелер мен повестер, өлеңдер
жинақтары, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде
1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер»
(1978), «Замана екпіні» (1982) романдары
жарыққа шығыпты. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты
зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі»
(1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда»
(1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М. Ю. Лермонтовтың «Измаилбей» поэмасын (1951), П. Павленконың «Бақыт» (1950), Г. Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын,
Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін,
сондай-ақ А. С. Пушкиннің, В. В. Маяковскийдің, Г. Низамидің өлеңдерін қазақ тілі
Классик жазушы, әдебиетші Тәкен
Тәңірбергенұлы Әлімқұлов
Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесіндегі, Т.Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» роман-эссесіндегі Сәкен тұлғасына «Ел мен жер» романындағы, «Көкейтесті» әңгімесіндегі Сәкен бейнесі ұқсамайды.
Қаламгер Т.Кәкішев
өз роман-эссесінде Сәкен
«Көкейтесті»
әңгімесінде жазушы екі
«Көкейтестіде»
мұндай кеңдік құштарлық жоқ.
Ақын өмірін уақыт пен
Сәкеннің сыршыл ақын
Информация о работе Тәкен Әлімқұлов шығармаларындағы өнер адамдары бейнесінің сомдалуы