Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен

Содержание

Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарбие.doc

— 5.34 Мб (Скачать документ)

Кәсіптік білім беруде перспективтік жоспарды жасау үшін педагогтардың пәндік комиссия құрылады. Жоспар жасағанда, талдағанда, іске асырғанда тәрбиенің негізгі бағыттары мен принциптерін бейнелейтін барлық бөлімдерінің өзара байланысты болуы негізделеді. Ағымдағы тәрбие жоспарында нақты шаралар, жауапты адамдар, өткізу мерзімі белгіленеді. Бұл жоспар жалпы оқу орны бойынша бөлімдерде, топтарда, пәндік комиссияларда, оқушылар кеңестерінде іске асырылады. Әрине, бұл ағымдағы жоспардың арасындағы тығыз байланыс орын алып, оқу орнының жалпы жоспарын жасауда төмендегі педагогикалық талаптар ескеріледі:

  1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсатына, міндетіне, бағытына сәйкес келуі;
  2. Тәрбие жұмысының жоспары тәрбиенің мақсатына, міндетіне, бағытына сәйкес келуі;
  3. Тәрбие жұмысы оқушылардың талап-тілегінен, мүддесінен туындап, оларды ғылым мен техника, әдебиет пен өнер, спорт т.б. саладан қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеіндігі;
  4. Тәрбие жұмысы жоғары идеялық-құқықтық ғылыми дәрежеде, шебер сынып жетекшісінің басшылығымен өткізілуі;
  5. Тәрбие жұмысында оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері, дербестігі мен білімі, бастамшылдығы, қызығушылығы ескеріліп, тәрбиенің мазмұны тереңдетіліп, түрлері мен әдістері жыл озган сайын күрделеніп отырылуы.

Осы талаптарға сай құрылған перспективтік жоспарда тәрбиенің  мақсаты, міндеті, оны шешудің жолдары, әдіс-тәсілдері де белгіленеді. Егер оқушылардың өмірге дұрыс көзқарасын, дүниетанымын кеңейтуге, мүмкіндік  беретін жұмыс формалары пайдаланылса, жоғары курстарда, дін, ғылым, техника, этика, өнер салаларының пікір таласын тудыратын өзекті мәселелері сөзсіз қосылады.

Тәжірибеде жастардың  шығармашылық қабілетін дамытуға көңіл бөліп, мамандығына бағдарлау ескеріледі. Перспективтік жоспардың директордың төрағалығымен педагогикалық кеңесте талқылап бекітеді.

Жас ұрпаққа тәрбие беру саласындағы сынып жетекшісінің жұмыс жоспары әр курста жалпы перспективтік жоспар негізінде тәрбиенің бағыттарына сай жасалады.

Сынып жетекшісінің жұмысының  құрылысы:

    1. Сыныптың қысқаша сипаттамасы.
    2. Тәрбие міндеттері.
    3. Сынып ұжымы қызметінің негізі.
    4. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
    5. Ата-аналармен жұмыс.
    6. Жұмыстың нәтижесін анықтау [Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру (әдістемелік құрал) - «Ғарыш» баспасы. Алматы, 2003.-39-40 б.].

 

Сынып жетекшісінің жеке тұлғасына қойылатын талаптар.

 

Сынып жетекшісі - кәсіби даярлығы, арнайы білімі бар, өз пәнін, тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы онды қалыптасқан адам болуы керек. Сынып жетекшісі - тәрбиенің мақсат, міндетін, қоғамның идеологиясын, әлеуметтік-экономикасын түсінетін, өз ісіне сенімді, қырағы, шамамен сезу қабілеті жақсы дамыған, белсенді, мамандығын құрметтеп, баланы жақсы көретін, еңбексүйгіш, дербес шешім қабылдай алатын, кез келген қиын жағдайдан жол табатын, тапқыр адам болуы абзал.

Сынып жетекшісі - ең алдымен, өз мінез-құлқын қалыптастырушы. Ол ұстамды, байсалды, төзімді адамгершілік-имандылық  жағынан басқалардан жоғары тұруы  міндетті. Баланың ішкі дүниесін, қалпын (көңілді, мұңды, қуанышты, бей-жай қалпын) сезетін, әділ, тілге бай, қанатты сөздерді, әзіл- сықақ, мақал-мәтелдерді дер кезінде қолдана алатын адам болуы қажет. Өйткені, «Данышпан дегеніміз - дүниедегінің бәрін білетін адам емес, білгенін дер кезінде қолдана алтын адам» (Халық даналығы). Сынып жетекшісіне дәл осындай талап қойылады.

Сынып жетекшісі — оқушылармен, ата-аналармен, педагогтар ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға икемді болуға міндетті.

Сынып жетекшісі оқушыларға талап қоюмен бірге өзіне де қатаң  талап қоя білгені жөн, өзің білмегенді өзгеден талап теу мүмкін емес. «...Жеке адамның тигізетін әсерін ешбір формамен, ешбір шартпен, ешбір  тәртіп ережесімен, сабақ кестесімен алмастыруға болмайды. Адамның жеке басының әсері жас жаңа күн  сәулесімен бірдей, мұны ешбір басқа  нәрсемен алмастыру мүмкін емес», - деген орыс педагога К.Д. Ушинский. [К.Д. Ушинский. Мұғалімдер семинариясының проектісі. Педагогикалық шығармаларының жинағы. І-том, 1909.]

 

Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:

  1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар бірімен-бірі тығыз байланысты, кешенді тұрғыда, бірін-бірі толықтыра, бірізді, жүйелі жүргізілуге тиіс.
  2. Адамдарды тәрбиелеу үшін оны жан-жақты түгел зерттеп, психофизиологиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін біліп, оған жеке-дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
  3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.
  4. Жеке адамға ықпал ету әдістерін таңдағанда оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.

Осы аталған тәрбие шарттары мен принциптерін ескеру, тәрбие әдістері мен формаларын дұрыс таңдау сынып жетекшісі жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді

Сонымен, Кәсіптік білім  беруде жүргізілетін жұмыстың негізгі  формалары төмендегіше болады:

  • Оқу жұмысы - оқу бағдарламасын орындау үстінде іске асырылады.
  • Идеялық-құқықтық Тәрбие - бүгінгі таңдағы ішкі, сыртқы экономикалық элеуметтік мәселелер, қогамдық құрылыстың анан әрі дамуы туралы, шетелдердегі жағдайлар туралы оқушылардың терең оқып, үйренуін қамтамасыз ету.
  • Көпшілік жұмыстары, лекторилер, конференциялар, халық университеттері, мәдени және ғылыми қызметкерлермен, жазушылармен, өнер қайраткерлерімен кездесу, сұрақ-жауап кештер, диспуттар, тақырыптық кинофильмдер, қойылымдар көру, талдау, жинақтау.
  • Қоғамдық жұмыстар (қоғамдық тапсырмаларды орындау, тұрақты және уақытша қоғамдық тапсырмалар), ұжымдағы әр түрлі мәдени- көпшілік жұмыстарға қатысу және ұйымдастыру, өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы, өндірістік практика кезіндегі жұмыстар.
  • Үгіт, насихат жұмыстары (көрнекі үгіт материалдары, олардың безендірілуі жайлы тәлім-тәрбие шаралары).

Сынып жетекшісі апта сайын  топтагы оқушылармен түрлі педагогикалық  шаралар өткізеді. Педагогикалық  журналдарды талқылап, ата- аналармен әңгімелер жүргізеді. Саяси хабар - тәрбие жұмысының ең көп тараған формасы. Оның екі түрі бар: шолу және тақырыптық мәдени-саяси хабар. Шолу хабары еліміздегі мәнді оқиғаларды (жергілікті материалды қоса), шет ел жаңалықтары, еліміздегі елеулі жұмыстарды қамтиды. Тақырыптық саяси хабар күнтізбедегі атаулы күндерге, мерекелерге, оқиғаларга арналады. Дайындық кездерінде мерзімді басылымдарды пайдаланган жөн. Дүниедегі, еліміздегі болып жатқан жағдайлармен таныс болып, оны түсінуге, бағалауға мүмкіндік тудырады. Тақырыпты айқындау, материалды дұрыс жинау, түсінікті, сенімді етіп айтып беру оқушылардың санасында із қалдырып, отаншылдық, достық сезімін тәрбиелейді [Методика воспитательной работы. Учебное пособие для педагогических училищ. Под ред. Коротова В.М. Москва. «Просвещение» 1990. - 25-27 б.].

 

 

 

2.3 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері меи формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері

 

Әрбір сабақ - мұғалімнің өз максатына жету уакыты. Сол себептті сабақ жоспарын жасауда оқушынын өзіндік іс-әрекетін козғау болатын өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуі керек.

«Тауардың өзіндік құны» тақырыбын оку кезінде мынадай түсінік сұрақтары карастырылады: өзіндік құнды құру үрдісін оку, өндірістін шығындары мен олардын Экономикалық түрлері, шығынның құрамы мен өнімнің өзіндік кұны мен оның түрлерін есепеіудін әдістемелік негізі.

Бұл такырыптың материалын дайындау кезінде мұғалім оқушыларда өндірістік шығындар, тауарлардың құны туралы кейбір білімді игеретінін есепке алу керек, олар бұл білімді коршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде алды және олардың әркайсысы коғамньң экономикалық өміріне қатысушы болып саналады.

 

Бұл такырып «Экономикалық білімдер негіздері» курсының откен тақырыптарымен тікелей байланысты. Өндірістік шығындар сияқты тусінігі қарастырмай, жиіліктегі келесі игеру мен түсінікті оқу мен карастыру мүмкін емес қорлар, сондай-ақ, Экономикалық ғылым тұтасымен, сонымен қатар баска да Экономикалық пәндерді қарастыру мүмкін емес.

«Тауардың өзіндік құны» такырыбын оқудың басты мақсаты мен міндеті болып оқушылардың шаруашылық тәжірибесінде және экономикалық теорияда мынадай түсніктерді игерулері саналады: өндірістің шығындары, өндірістің шығындарының түрлері: шығын элементтері мен бабтары бойынша өнімнің өзіндік құнының баға кесуін оқу; оқушылардың экномикалық ойлау көзкарастарын дамыту мен қалыптастыру.

Такырыпты оку үрдісінде оқушыларды шаруашылық тәжірибе мен Экономикалық теорияның түрлері бойынша өндірістік шығындарды ажырата білу мен дағды құрылуы тиіс.

Қоғамды дамытудың жаңа деңгейінде әр адамнан белгіленген шығармашылық деңгейде Экономикалық блімді игеру талап етеді. Бұдан экономикалық пәнді оқудың ерекшелігіне көңіл аудару керектігі байқалады.

Пәннің оқытылуын қадағалау  барысында мұғалімдер пәннің дидактикалық ерекшелігін есепке алмай ақпарат беру жұмысын жүргізгендігі, сонымен қатар оқушы қызметін белсендіруде ынталанбағаны анықталды. Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ.

Зерттеу нәтижесі мен шынайы өмір көп оқушыда аспаптық білімнің, тәжірибелік дағдының еңбек парағында  бәсекелес болуға мүмкіндік беретін экономикалық түсінік пен ойлаудың жетіспейтіндігін куәландырады.

Экономикалық мәдениетті калыптастыру жалпы тұлға медениетінің кұрамдық бөлігі ретінде мектептегі оқудың алғашкы жылынан бастап жүзеге асыру кажет.

Бұл тапсырманы шешудегі ерекше орын мен рөл оқушыға экономикалық білім беру әдістемесін, экономиканың негіздерін тәжірибе мен теорияда игеретін, экономикалық тұрғыдан ойлауы жетік мұғалімі жатады.

Елдегі түрлендіргіш үрдістің динамикасы мынадай: жоғарғы оқу орнының кешегі түлектерінің нарық жағдайында оқушылардың экономикалық білімін жүзеге асыруға дайындықтары жеткіліксіз болып шықты.

Экономикалық дайындығы бар мұғалімді казіргі талаптың деңгейіне жеткізу үшін педагогикалық мамандарды дайындау жүйесінде ол кешенді тапсырмаларды шешуі керек. Олардың ішінде аса маңызды тапсырма бар. Ол мектеп оқушыларын экономикалық дайындыктың жаңа үлгісіне бағдар жасау осы жұмыска педагогикалық басшылық жасау кажетгілігі. Бұл үлгі экономикалық білімнің түрі мен әдісін, мазмұнын, мақсаты мен міндетін аныктауды ұсынады.

Оқытудың тәрбиелеу мақсаты  оқушылардың «Экономикалық білімдер негіздері» пәнін оқытуда ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білімін жетілдіру. Сонымен катар экономикалық процестерді түсінуге тырысу.

Берілген тақырыпты оқытуда оқу материалың меңгерудің дедуктивті әдісін қолдану мақсаты болады - яғни жалпы аспектілерден жекеге қарай. Алдымен құн мен өнім және олардың динамикасы туралы ұғым, кейін өнімнің құны мен бағасы және олардың динамикасы, содан кейін өнімді шығару көлемінің өзгерісіне тәуелді шығын ұғымы берілді. Одан бұрын шығынның қалай анықталатындығын, өлшенетіндігін және айырмашылығын және жалпы, орташа, айнымалы шығындардың экономикалық мәнін түсіндіру керек.

Ары қарай тауардың өзіндік  құнының анықтамасын беру, өзіндік құн калькуляциясының құрылу әдістемесін, өндірістік өнімнің өзіндік құнының бірлігін есептеу әдістерін қарастыру, өзіндік құн түрлерін санап шығу керек.

Оқу материалын берудің әдістері мен формаларын таңдау оның мазмұнына байланысты. Берілген тақырып материалы оқулықта түсінікті берілген және ол түсіну үшін онша қиын емес, оқушыларға көп қиындық туғызбайды.

«Тауардың өзіндік құны» атты тақырыптағы жаңа материалды түсіндіргенде оқушылардың алдында проблемалық ситуация құру арқылы бастауға болады. Бұл оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, тақырыпқа қызығушылықтарын туғызады.

Сабақты ары қарай эвристикалық әңгімемен немесе дискуссия түрінде өткізіледі. Педагог оқушыларға сұрақ қою арқылы ой еңбеген бағыттады және олардың назарларын тақырыптың қиындау деген жеке сұрақтарына аударуы қажет.

Оқытушы жоспарлаған сабақ  материалы дидактика принциптеріне сәйкес келіп, олардан шығатын заңдар мен талаптарға жауап беруі керек.

«Тауардың өзіндік құны» тақырып түсіндіру барысында оқу материалы теориялық ғылым негіздерінен құралуы және ғылымның принципіне сай болуы керек. Сабақ тақырыбының мазмұнын өңдеу ғылым дамуының өз кезіндегі деңгейіне сәйкес жүргізіледі және оқу материалын түсіндіруде ғылыми терминология қолданылады.

Тақырыптың ғылыми материалының мазмұны жоғарыда келтірілген критерияларға сәйкес келеді, демек, оқу материалы ғылыми анықтамалар мен экономикалық терминде құрылғандықтан ғылымилық принципіне де сәйкес келеді.

Қарастырылған тақырыпты  баяндаудағы беріктік принципін жүзеге асыру тақырыпты бекітуде практикалық тапсырмаларды орындау,

экономикалық жағдайды талқылау жене талдау сонымен қатар баяндалған материалды жүйелі түрде қайталау арқылы жүзеге асырылады.

Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері