Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа
Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен
Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72
Халық тәрбие ісінде жеке тұлғаны қадірлеу, талап қою принципі жастардың ата-анамен, педагогтармен ынтымақтастық қарым-қатынасын тудырып қана қоймайды, оларды өзара түсінісіп, тіл табысуын жақсартып тәртіпке салады.
5. Үлгі-өнегені тағылым ету прннципі. Үлгі-өнегенің балаға деген әсері, оны еркінен тыс іздендіруге дейін апаратын құрал. Оқушының жақсыдан өнеге алып, жаманнан жиренуін үнемі қолдау керек, өйткені алдындағы өнегелі өрнекке еліктемейтін адам бола қоймайды, қайтсе де еліктеп, оған ұқсағысы келгендігі пәлендей дәлелдеуді керек ете қоймайды. Тәрбие принциптерінің бұл саласын өркендету үшін оны жүзеге асырудың жүйесін, әдістемесін және кәсіби мамандыққа байланысты мұғалімдердің қарым-қатынастағы әдеп тағылымдарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет. Сол ортаға лайықты өнегелер жөнінде бағдарлама, тәрбие жоспарынан жасау да артық емес.
6. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Кеңестік педагогикада классикалық негізде болған бүл принциптің тәрбие жүйесінде мәні орасан зор. Адам бір-бірімен сөйлесіп, пікірлесіп, түрлі топтарымен қарым-қатынас жасау барысында таным-түсінігі өрістейді. Тұлға өзінің іс- әрекетін, қабілетін ұжымда көрсетеді. Сондай-ақ адамның жақсы, жаман қасиеттері ұжым арқылы айқындалады. Сол тұлғаның жақсы істері, атқарған қызметіндегі қол жеткен табыстары және шәкірттің үлгеріміндегі табыстары ұжым арқылы белгілі болады. Демек, ұжым тұлғаны тәрбиелейтін, оған дұрыс жол көрсетіп, багдар беретін, егер кемшілігі мен түрлі ауытқулары болса, оны жөнге салуға ықпал ететін қоғамдық тәрбие құрылымы.
Бұл принцип халықтық педагогикада: «Ісім жақсы деме, көпке ойлат...», «Көп көндіреді, терең батырады», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю», «Тентегін тыйған ел берекелі», «Ақылды ауыл аймақты келістірер...», деп жастарды ұжымда тәрбиелеу «Ел үшін басы ауырып, балтыры сыздайтын азамат» етіп қалыптастыратынын атап көрсеткен.
7. Мектеп оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу принциптері. Оқушылырдың жеке және жас ерекшелігін ескеру - оның жалпы дамуынан бөліп алып қарамау емес, керісінше, оның тұтас дамуына ықпал ету. Мектеп мұғалімі ең алдымен өзінің шәкірттерінің жас мөлшеріне байланысты, физиологиялық дамуындағы ерекшеліктер мен дербес қасиеттеріне мән беріп, соны білуге зейін қою керек. Оны білмейінше жүргізілген тәрбие істерінен айтарлықтай нәтиже шығуы беймәлім. Сынып жетекшісі әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жүйке- жүйесінің қызметін, мінез-құлқын, жеке ерекшелігіне сай даму өзгешелігін, қабілетін білуі, күнделікті тәрбие жұмысында осы ерекшеліктерді негізге алуы, сөйтіп әр тұлғаға жеке ықпал етуі абзал. Тәрбие жұмыстарының мән- мазмұнына қарай оны жүзеге асыруы әдіс-тәсілдерін, құралын нақты айқындау аталып отырған принциптің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Бұл принцип халықтық педагогикада да ескерілген: «Жаманнан жақсы туады, атасын айтсаң — нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз», «Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу», - деп әр адамның жеке ерекшелігі, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, қабілеті әр қилы екенін, сондықтан тәрбиеде әр балаға жеке келу қажеттігін танытады. Сонымен бірге тәрбие жұмысында жас ерекшелігін ескеру керектігін «Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығып ат ұстар», «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара, он жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңа бала», - деп бағдар берген.
8. Тәрбиенің біртүгастығы, бірізділігі, жүйелілігі, үздіксіздігі принципі. Тәрбие - үздіксіз іске асырылатын біртұтас процесс. Жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін үзік-үзік, бөлек-бөлек тәрбиелеуге болмайды, (А.С.Макаренко) өйткені тәрбиенің біртұтастығы, жүйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен оқыту мен тәрбиелеудің және тәрбие бағыттарының арасындағы өзара логикалық байланыс тәрбиені кешенді жүргізуді талап етеді.
Халық бала дүниеге келгенде әр түрлі ішкі күшпен, мүмкіндікпен, қабілетпен, типпен, темпераментпен, жүйе-жүйесімен келетінін:
«Бір бала атадан жете туады,
Бір бала атадан өте туады,
Бір бала кейін қарай кете туады» - дейді, осыған орай әр баланың даму дәрежесі, мінез-құлқы (бір үйдегі балалардың бәрі бәрдей тәрбиеленсе де) сан қилы болып қалыптасады. «Жетесінде жоқ жете сыйламайды», «Тентекке - келтек», «Мақтаншықты мақтасаң, басыңа секіреді», «Көргенсіз бала көкірек», «Ана алдында — құрмет, ата алдында — қызмет», «Қамшыға бүлдіргі, балага үлгі керек», «Арсыз болса, қыз қорлық» сиякты кағидалар, әр-түрлі мінез-құлықты болып дамып келе жатқан жастарды тәрбиелеудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін таңдап қолдану керектігін меңзейді.
Сондыктан да оқу-тәрбие процесінде жеке тұлға, білім беру, дамыту, тәрбиелеу қатар жүргізіледі. Бұны іске асырудың шарты - ата-аналар мен педагогтардың оқушыларға қоятын талабының бірлігі. Ол орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарының, орта және жоғары мектептердің мақсат-міндеттерінің, алдағы жоспарының бірлігімен, ынтымақты, тату педагогтар мен оқушылар ұжымының қалыптасуымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие процесінің біртұтастығы мен бірізділігі, оқу, тәрбие мазмұны мен оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларға жоспармен, жүйелі, үздіксіз ықпал ету арқылы шешіледі. Сонымен қатар бұл принципті іске асыру отбасы мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты, бүкіл жұртшылықтың тәрбиеге белсенді араласуын талап етеді.
Педагогика ғылымы тәрбие принциптерінің бір-бірімен өте тығыз байланысты екендігін және осы бірлік біртұтас үрдістің тиісті деңгейде жүзеге асуына ықпал ететіндіктен мұны ұйымдастыра білудің жолдары мен әдістерін меңгеру басты шарт. Принциптердің ғылыми негіздерін түсініп, оны жүзеге асыру - тәрбие жұмыстарының практикалық мәнін арттырып, педагогикалық тиімділігін өрістетеді [62].
1.З Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың мүмкіндіктері
Мектеп жағдайындағы тәрбие
- арнайы ұйымдастырылған, саналы түрде
жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет.
Тұлғаның қоғамдық, әлеуметтік тәжірбиені
игеруге бағытталған іс-
Екінші жағынан қарағанда, тәрбие әдісі оның құрылымдарымен де байланысты. Тұлғаның іс-әрекетке ұмтылдыратын ойын еңбек болса, мұның құралдары ойыншық, компьютер т.б. заттар, ал рухани мәдениет жағынан өнер, табиғат, қоғамдық өмір деп түсінеміз. Ал оқу орындарында өткізілетін кештер, кездесулер, жиын, жиналыстар т.б. тәрбие жұмысының түрлеріне арналған нақты іс-әрекеттің көздеген нәтижеге жетуі оның әдіс-тәсілімен де іштесіп жатқан құбылыс. Осы орайдан кейбір педагогикалық ғылыми зерттеулерде тәрбие құралдарын оның әдіс-тәсілдері мен түрлерін бөлмей бірлікте қарайды.
Тәрбие әдісінің тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаға сезімдік серпіліс туғызып, өткізілетін іс-әрекетке музыкалық әуенді жалғастырып, құрылымдық жүйеге басқаша леп беруге де болады. Дәстүрлі жолға кіргізілген жаңалық қолданылған әдіске, оның тиімділігіне ықпалды әсерін тигізіп, әрекеттің пәрменділігін арттыра түсу де ықтимал.
Мектептегі тәрбие жұмысының түрлері - саяхат, мәдени кештер, әдеби қойылымдар, түрлі жанрдағы ойындар, әдептілік тақырыбындағы әңгімелер, оқушылар конференциясы т.б. Тәрбие жұмысының түрлері екендігіне қарамастан бұларды тәрбие әдістері мен құралы ретінде талдап, талқылауда жиі ұшырасады. Әрине, бұл әдіс, тәсіл, форманы тәрбие ісінде бір-бірінен мүлде бөліп тастауға келмейтін өзара іштесіп жатқан бірілігін дәлелдейді. Солай болғанмен де әдіс тәрбие жүйесіндегі негізгі категория, өйткені бүл тәрбие жұмыстарының тиімділігін жетілдіріп, оның өмірлік мәнін арттыра түседі [63].
Әдістің қолданыстағы тиімділігін тереңірек тану мен ерекшеліктерін жіктей отырып топтастыру керек. Бірақ педагогикада ондай классификация қағида боларлықтай тұрғыда тиянақты жасалмаған. Қазіргі қолданыстағы тәжірибедегі эмприкалық жіктеуде негізінен бес түрлі әдіске топтастырылған. Ол әдістер мыналар: сендіру әдісі, жаттықтыру әдісі, үлгі- өнеге әдісі, мадақтау әдісі, жазалау әдісі. Педагогиканың тәрбие теориясы саласын зерттеуші ғалымдар соңғы жылдары тәрбие әдістерінің іс-әрекеттегі тұжырымдамалық ережелеріне сәйкес тәрбие әдістерін үш жүйеге топтастырған. Тәрбие үрдісіндегі әдістің атқаратын мәнініне қарай топтастыру мына тұрғыда: 1-топтағы әдіс - тұлғаның санасын қалыптау. Мұнда тұлғаның көзқарасын қалыптастыру, нәтижені сараптап бағалау мәселелері көзделген. 2-топтағы әдіс - тұлға меңгеруге тиісті мінез-құлық, іс- әрекетті ұйымдастыру. 3-топтағы әдіс - тұлғаны әдептілікке, іс-әрекетке ынталандыру жоспары қарастырылады.
Осы топтастырудағы бірінші әдісте - сана мен мінез-құлықтың бірлігі тұлғаның көзқарасын қалыптастыруға жасайтын ықпалын қамтиды. Әлем жөніндегі адамның түсінігі оның санасына байланысты болса, мұның өзі мінез-құлыққа ықпал ететіндігіне негізделген. Ал екінші топтағы әдіс - тұлғаның іс-әрекеті арқылы қалыптасатындығы туралы мәтіннің басты салаларын қамтиды. Үшінші топтағы әдіс - тұлғаның іс-әрекеттегі қажеттілікті өтеуге деген ынта-ықыласы, мінез-қүлқына да пәрменді әсер ететіндігі және оның жағымды, жағымсыз әсерлерінің мәні қарастырылған (сурет 1.2).
Тәрбие әдістерін топтастыру жүйесі мен жолдары
Саналылық
қалыптастыру әдістері
Мінез-құлық
қалыптастыру әдістері меңгеру, салыстыру, пысықтап
Сезім қалыптастыруға
ынталандыру әдістері
Сурет 1.2 - Тәрбие әдістерін топтастыру жүйесі мен жолдары
Сананы қалыптастыру әдісі. Педагогикалық әдебиеттерде сананы қалыптастыру әдісі, көбіне, сенім әдістері деп талданады. Қазақ ұғымында сенім, наным, сендіру, иландыру тұлғаның санасына байланысты танымдық түсінік. Сенімнің сананы қалыптастырудағы қызметі - адамгершілік, имандылық, еңбек, адамдармен қарым-қатынас т.б. туралы білімді оқушының санасына сіңіру, сондай-ақ құндылықтар, қарым-қатынастық ұғым-түсінік туралы көзқарасы бойына сана қалыптасқан жағдайда шәкірт өз тәжірибесін талдап, қоғамдағы құндылықтарды ажыратып, оның деңгейін, жеке адамдарға ықпалын өзіндік тұрғыда тұжырымдай алады. Сендіру әдісінің негізгі қаруы - сөз, ақпараттық түсінік беру, өзіндік тұрғыдан анықтама жасай алуы. Сөзді тек қайталап қана айтып берумен шектелу ғана емес, өзіндік топшалауын қоса айтады. Әдетте, оқушының сезіміне, ақыл- ойына ерекше әсерлі ықпал ететін әдістеме - беделді мұғалімнің сөзі. Ұстаздың ондай дәрежеде болуы кәсіби шеберлігі мен мәдени деңгейінің жоғары болуына байланысты. Бұл саладағы әдістеме тобына жататын ұстаздың әңгімесі, лекциясы, түсіндіруі, келтірген мысалы, ұйымдастырған пікір сайысы т.б.
Әңгімелесу мен пікірлесу әдісі - мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, сөйлесу барысында өзіндік дербестігін көрсетуге деген мүмкіндігін жетілдіре түседі. Егер талқылау тақырыбындағы мәселе болса, қойылған тақырыптың проблемалық сипатына қарай оқушылардың оны талдауға деген қатысуы да әр түрлі болуы ықтимал. Сондықтан ұсынылатын тақырыптың оқушы өміріне тікелей қатысты болуына мән беру керек және жүргізуші жоспарда көрсетілген тиісті тармақтардың ашылуына орай басты багдардан ауытқымауы назарында болуға тиіс. Бұл талаптар орындалғанда оқушының өзіндік ой-пікірін, түсінігін баяндай білумен бірге, айтылмақ сөзінің түсінікті, әсерлі, тыңдаушыға ықпалы болуына да көңіл қоюға машықтанады. Бұл әдістің тиімділігі оқушының дербестігіне, пікір алысуға, талдауға белсенділік көрсетуіне әсер ете алатындығында.
Көркем шығармадағы әдеби кейіпкерлер туралы немесе күнделікті өмір ағысындағы деректер бойынша пікірлес, оның өнегелік мәнін талдау оқушының тәлім алып, өзіндік пайымдау жасауына мүмкіндік береді. Дерексіз түрдегі жалпылама түсінік емес, өнеге етерлік нақты деректер олардың танымдық ой топшалаудағы белсенділігін арттырумен қатар өзіндік
көзқарасын нығайтады, Талданып, талқыланып отырган адамның кейіпкердің іс-әрекетіндегі өнегесінен үлгі алып, соған қай жағынан калай ұқсау керек деген түйіндеу жасайды. Бастауыш сынып оқушылары болса үлгіні сол күйінде қабылдауға жаһаттастық көрсетсе, жоғары сынып оқушылары деректің тікелей өзіне емес оның мән-мағынасындағы үйлесімділікті өнеге түрінде тұтынуға назар аударады. Тұлғаның қалыптасып даму барысысында өнеге етер үлгінің мәні зор, Жастар қашанда тарихи адамдардың тындырған іс-әрекетіне, әдеби кейіпкерлерге, замандастарына, ата-анасына, ұстазы на ұқсағысы келіп, оны үлгі-өнеге етеді. Тәрбие ісінде күнделікті ақпарат құралдары мен теледидар арқылы берілетін хабар-ошарлар іс-әрекеттердің де мәні аз емес. Бірақ ондағы кейбір келеңсіз оқиғалардьң жастарға кері әсері болуы да ықтимал. Сондықтан оқушы жастарға тигізетін әсерімен, теріс жолга итермелейтін іс-әрекеттерінен сақтану жағын да назарда ұстауы керек.
Иландырып сендіру әдісі педагогика ғылымында суггестия деп аталады. Психологилық жағынан қарағанда иландыра білу адамды тиісті жолдан, сенімінен айнымауға, беріктікке бекітеді. Сондықтан да Абай бейнелеген кейіпкер - не айтса да нанасың, түсінде бір күдік жоқ алдар деген сенімге тиянақтайды. Б.ұл әдістің әсерлі ықпалын, иландыруды дәрігерлер тиісті емнің бойға қонуы үшін, музыка мамандары ырғақты әуеннің адамға дарын эстетикалық ләззат алуы үшін пайдаланса, педагогикада тәрбие тағылымдыры мен білімдендірудегі үрдістің тиісті деңгейге жетуі үшін сенімді мақсатында пайдаланады.
Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері