Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен

Содержание

Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарбие.doc

— 5.34 Мб (Скачать документ)

Мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекеттерді ұйымдастыру әдістері. Психологиялық жағынан дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет және оның өнегелік тағылымдары оқушының мінез-құлығын қалыптастыруға тиімді әсер ететін әдіс. Сондықтан шәкірттің мінез-құлқын қалыптастырудагы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы оның әдістерімен бірлікте шешілетіндіктен жүзеге асырылатын әрекет барысысында тұлғаның белсенді араласуына мән берілуі керек. Демек, ұйымдастырылған іс-әрекетке оқушы ықыласты қатысып, одан әсер алып, өзіндік тұрғыдан ықпалдасқан жағдайда тәрбиелік, тәлімдік іс мінез-құлықтың қалыптасуына қызмет атқарады. Іс-әрекет тек мұғалім тарапынан ұйымдастырылып оқушы тек орындаушы, талапты атқарушы ғана емес, олардың өздері ұйымдастырып, тиісті деңгейде белсенділік көрсетуі бұл саладағы әрекеттің нәтижелі де табысты болуына қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұйымдастыру мәселесі көзделіп отырған талап-тілекке педагогикалық жагынан үйлесімді, оқушыны қызықтырарлықтай және жауапкершілігін арттырарлықтай болуына мән берілуі тиіс.

Тікелей талап  ету тәрбие мақсатындағы іс-әрекетті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде орындалатындықтан - бұйыру, әмір ету, нұсқау беру, міндеттеу тәсілі кеңірек қолданылады. Ал жанама түрде талап етуде - өтініш, кеңес, тұспал, шәкірт аңғарарлықтай ым - ишара оқушының өзіндік әрекеттеріне ақыл қосып, ұйымдастырудың тиімді жолдарын өздігінен іздестіруге бағдар беру олардың мінез-құлқындағы жаңа нышандардың өркендеуіне жол ашады. Білуге деген құлықты ұжымда көбіне жанама түрдегі талап олардың ұйымдастыру әдісінің тиімді де қолайлы болғандыгын меңзейді.

Ұйымдастыру әдісіндегі қогамдьқ көзқарас туғызу тәсілі - қойылған талаптың топтық деңгейдегі жүзеге асуы дәрежесінен қарастырылады. Коллективтің атқарған іс-әрекетіне баға беруде олардың ұйымдастыра білудегі тапқырлығы, іскерлігі арқасында қандай нәтижеге жетті, өзіне-өзі баға беріп, іс-әрекетін талдай білуі ескеріледі. Педагог халқымыздың дәстүрлік танымы тұрғысынан айтқанда Төлеби ретінде бағалап, іс-әрекетті одан әрі дамыта түсу және оған ынталандыру жолдарына бағдар береді. Қоғамдық түрғыдан қарағанда ұйымдастыру әдісінде көрсетілген талапты орындаудағы тұлғаның табысын мадақтап, кемшілікті жою жөнінде осы мәселеге байланысты бағдар ұсыныады. Бұл - оқушының іс - әрекеті атқару жөніндегі танымына, еңбекке деген түсінігіне, мінез - құлқына белгілі деңгейде әсер етеді.

Ұйымдастыру әдісіндегі жаттықтыру, үйрету - тұлғаның әдет дағдылары мен мінез-құлық әдептерін қалыптастыруға ықпалы зор. Қандай да болмасын іс-әрекетті оқушы үйрету барысында меңгереді. Оны үнемі қайталауды ұйымдастыру тұлғаның дағдылық машығына айналып, іс-әрекет саласындағы мақсаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Өйткені тұлғаның бойына қалыптасқан дағды оның саналы әрекетіне айналып, мінез-құлқында да өз көрінісін табатыны ақиқат. Тиянақты дағды қалыптастыру - әдісіне тікелей байланысты. Ал ұйымдастыру әдісінің тиімді болуы даму кезеңдерімен үйлесімділігінде және оның саналы түрде орындалуында деп білеміз. Әдістеменің алдымен талап ететіні меңгеруге тиісті мәселені оқушыға тиянақты түсіндіру және не үшін керектігін сараптап ұғындыру нәтижеге жеткізетін жол екендігін естен шығармау керек. Үйрету - жүзеге асрылмақ іс-әрекеттің қалтықсыз орындалуының кепілі.

Мінез-құлық пен іс-әрекетке ыыталандыру әдістемесі. Әлеуметтік ортаға үйлесімді мінез-құлық қалыптастырып түлғаны соған бейімдеу оларға берілетін тәлім-тәрбиесіне байланысты деген түсінік ежелден қалыптасқан ұғым. Оның қозғаушы күші мадақтау мен жазалау деп танылады. Былайша айтқанда іс-әрекетті мақұлдау және айыптау әдісі. Бұл әдістемелердің психологилық негізгі - мектеп оқушысының өзін-өзі бағалауы, іс-әрекеті үшін қуануы мен күйінуі, ұстаздары мен жолдас-жораларының берген бағасына сын көзбен қарап, өзіндік тұжырымдама жасауы. Әрине, мұның бәрі тұлғаның мінез-құлқына байланысты жасалған танымдық түсініктерді қабыл алып мойындап, сол орайдан мінез-құлқын жетілдіру бағдарын ұстану олардың кемелденуіне жол ашады. Демек, оқушының өзіне-өзі айқындап мінез-құлқына байланысты жағымды әдептер мен әдеттерді меңгерудегі тиімділік деп бағаланады.

Мадақтау әдісі - мектеп оқушысының мінез-құлқындағы, немесе топтағы шәкірттердің іс-әрекетіндегі жағымды қылықтарды мақұлдап, оның нәтижелік көріністерін қолдап, жоғары баға беріп құптау. Бүл әдістің әсері оқушының көңілін көтеріп, өз күшіне және жеткен табысына сенімін арттырып, алған бағасына риза болумен ғана тоқтап қалмай, мінез-құлқын

 

мұнан да гөрі жақсарта ынталандырады. Әрине, мадақтаудың жолы да, түрі де көп. Қазіргі кезде жиірек қолданылатын түрі - мақтау, мұғалімдермен ересектер тарапынан рахмет айту, кітап сыйлау, материалдық көмек көрсетіледі. Атқарылған істің тек нәтижесі бойынша ғана мадақтаумен шектелмей, оқушының ықыласты ізденісін, талаптану барысындағы еңбегін де есепке алса, олардың білуге, тапсырманы игеруге деген сенімі арта түседі.

Жазалау әдісі - мінез-құлық ережелерін орындамайтын және оны жүзеге асыруға ұмтылмайтын, іс-әрекеттегі жағымсыз қылықтарын айыптау үшін қолданылатын түрі. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму барысында жазалау әдісін алып тастау деген кезеңдер де болды. Әрине, оның пайдасы ескі мектеп пен медреселерден мұра болып қалған ұрып-соғуға тиым салуға қолайлы болғанмен де, шәкірттің жауапкершілігін көтеру үшін керек екендігін мойындап, жазалау білім беру, тәрбиелеу жүйесіндегі оқу орындарына қолданылып келеді. Қазіргі қолданылып жүрген жазалаудың түрі мынау: баланы өз қателігі мен кемшілігін мойындарлық дәрежеге келтіру, ұялту, риза болмаушылық таныту. Әрине, жаза беру кезінде қандай жаза берген жөн екндігін ойлану керект, жаза тұлғаның ар-намысына тимейтіндей болуға тиіс. Жазаның түрі көп. Қазіргі мектептерде қолданылып жүрген жаза мына тұрғыда: мұғалімнің ескертуі, сес көрсету, әңгімелесу, педагогикалық кеңске салу, басқа сыныпқа, басқа мектепке ауыстыру. Жазалау әдістері оқу орындарының барлығында да қолданылады, бірақ ондағы мақсат та, мүдде де болған кемшілікті жоюға бағытталады. Кемсіту, қорлау түрінде емес, болған ағаттықты терең сезініп, оның себеп-салдарын жйып, келешекте қайталамау жағы ескеріледі. Сонымен жаза тәрбиелік-тәлімдік мақсатта оқушының жіберіп алған кемшілігінен қортынды жасап, өзінің іс-әректіне сабақ боларлықтай, жақсылыққа бауырлық бағдарда болуға тиіс [ 24,154 ].

2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру

әдістері мен  формалары

 

2.1 Еліміздің және  шетелдің қазіргі тәрбие тұжырымдамасы

 

Еліміздегі тұжырымдаманың мәні - тәрбиеге байланысты түрлі көзқарастар мен құбылыстарды және үрдіске қатысты ой-түсініктердің бағдарын сараптап жинақтау. Бұл тұжырымдамада тәрбиенің мақсаты, мазмұны, принциптері, әдістемелері, құралы мен формасы және оның шарттарына қатысты негізгі мәселелер сипатталады. Кейбір әдебиеттерде, көбіне орыс тіліндегі кітаптарда «тұжырымдама» («концепция») - моделі деген термин түрінде де қолданылады. Тұжырымдамада мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық, әдіснамалық бағыттары көрсетілген. Бүл құжат ҚР конституциясы, «Білім туралы ҚР заңына», «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясына» үйлестіріп, сол жүйе бойынша жасалған. Сондай-ақ Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон концепциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның декларациясына, Болондиядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің ұсыныстарына сәйкес жасалынған.

Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижелері және оның кезеңдері алып отырған ресми қүжатта көрсетіліп, тиісті салар бойынша сарапталған.

Ал шетелдерде, яғни Еуропада, Америкада, Жапонияда тәрбие беру жолдары мен оның теориясын сараптай қарағанда әжептеуір айырмашылықтары бар. Еуропалық жұйедегі тұлғаны қалыптастыруда берілетін тәрбие тұжырымдамасы қатаң тәртіп сақталуын талап етеді. Дәлді қарағанда, бұларда авторитарлық, технократиялық педагогика жүзеге асырылады. Ал тәрбиелік түжырымдамасы тұрғысынан қарағанда екінші жүйедегілер - гуманистік мектептер деп аталады.

Жалпылама алғанда Батыстық тәрбие жүйесінің тұжырымдамалық теорияның философиялық негізі прагматизмге, позитивизмге, экзистенциализмге құрылған. Ал бұлардың психологилық ұстанымы жағынан әлеуметтік талаптарға үйлесімді бихевиоризмдік бағыт тұтынады.

Технократиялық  авторитаризмдік педагогика жүйесін қолдап, қорғаушылар -мектепке берілетін тәрбие -тәсілінің негізгі міндеті және оның қоғамдық мәні тұлғаны «қызметшілік міндетке» қалыптастыру деп қарайды. Екінші сөзбен айтқанда, мектепке берілетін тәрбие - орындаушылыққа   бейім,   өмір    сүріп отырган қоғамдық жүйеге үйлесімді қызмет ететін, әлеуметтік   талаптарды қалқысыз орындауға әзір боларлық шарттарды өтеуге тиіс. Айталық, АҚШ-та берілген тәрбиенің нәтижелік көрсеткіші - азамат, қызметші, отбасы тіреніші, тұтынушы болуға тиіс. Технократиялық педагогика теориясын жасаған Скинердің идеясы - өзінің зерттеуі барысында қол жеткен пайымдауына байланысты құрылған. Тәрбиені нақты ғылыми негізде жүзеге асарлық тұргыда дамның мінез-құлқын және оның қалыптасуына бағдарлама бойынша жүргізу жүйесіне құрылған.

Танымдық мінез-құлық  қалыптастыруда жеке тұлғаның өзіндік  еркі, танымдық түсінігі, алдына қойған мақсаты мен құндылықтарға деген  өзіндік көзқарасына менсінбей  кемсітіп қарау адамның ұнжығасын  түсіріп, тәрбие- тағылымына нұқсан келтіретіндігін  ұмытпаған жөн.

Әрине, әр түрлі әлеуметтік жүйеде тәрбиеленуші тұлғаның мінез- құлқын қалыптастыруда түрлі-түрлі эдістемелік  жолдар ұсынылып, оның нәтижелік мәні жөнінде әркім әр түрлі пікірде болуы ықтимал. Аталып отырған тәрбие жолындағы бағдарда ешбір жамандық жоқ, бірақ тұлғаның санасына, мінез-құлқына, эмоциясына, даму кезеңіндегі дербес ерекшеліктеріне үйлесімді өміршең мән берсе және оның қызығушылығын қолдап, гуманистік бағдар ұстанса шығар нәтиже де көңілге қонымды болары ақиқат.

Гуманистік либерал-демократиялық  педагогика авторитарлық технократиялық педагогиканың әміршілдік қарым-қатынасы тұлғаның ішкі жан дүниесін әлсірететіндігін сынап басқаша идея ұсынады. Дәлірек айтқанда, мектеп тұлғаның еркін өсіп, дамуына мүмкіндік беру керек деген тұжырымдаманы қолдайды. Тәрбие үрдісі тұлғаның өзіндік дамуна жол ашып, «Мендік» танымын өркендетіп, өзекті бағдарын жетілдіріп гуманистік қатынасқа тән құблыс деп түсіндіреді. Осыған байланысты тәрбие-оқу үрдісінде және сабақтан тыс ойын, түрлі ситуацияларда баланың дербестігін, өзінше әрекеттеніп «мендік» танымын дамытады. Гуманистік қарым- қатынастың құндылығы — тұлғаның өзіндік таным-түсінігін, қабілетін жетілдіруге ықпал етеді. Бірақ бұл модельдің кемшілігі мақсаттық бағдардағы көзқарастың қалыптауына нұқсан келтіруге ықтимал, өйткені мүлде еркіндікке салынған тиымсыздық әлеуметтік байланысты әлсіретіп, жауапкершілік сезімді нашарлатып жіберуі мүмкін. Осы орайдан көптеген Батыс педаготері технократиядан да, гуманизмнен де сырттап, діни философия мен моральдық әдептерге бет бұра бастады. Мұның айқын дәлелін рухани антропологиялық бағыттағы Вальдорф мектептерінен байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және

ұйымдастыру әдістемесі

 

Еліміздегі тәрбие беру жүйесін сипаттауға тәуелсіздікке қолы жеткенге дейін басшылыққа алынған бағдар жоғарыдан берілген нұсқауды жүзеге асырып біріңғай жүйедегі оқыту мен тәрбие әдіс талаптарын орындау негізінде жүргізілді. Тәрбие ісінің мазмұны кеңестік саясатқа үйлесімді, коммунистік партия ұрандары мен нұсқауларын орындау тұрғысында жүзеге асырылады. Мұның өзі сырттай қарғанда мінсіз болып көрінгенімен де, көбіне жасанды, көзбояушылыққа апаратын даңғазалыққа бейім болды. Жеке тұлғаның талап-тілегі мен мүддесімен санасу емес, жоспар бойынша жасалған жалпылама көрсеткіштерді орындауға бағытталды да шыңдығынан гөрі өтірігі көп, проценттік негіздегі сандық айғақтарды малдануға ұрындырады. Тәрбие берудегі басшылық коммунистік орындарга әдемілеп жазып, саясаттандырылған үгітпен шектеледі де тұлғаны рухани құлдыратып, ғасырлар бойы дамыған құндылықтарынан қол үздіріп елеске елтуге тура келді.

Тұлғаға әсер етудің әдістемесі де, оның жүйесі де алуан түрлі. Тәрбие жүйесінде алдымен тәрбие әдісіндегі алгоритмдік мына жолдарды қолдануды меңгеру керек:

  1. Сендіру.

2. Үлгі боларлық өнегені игеруге иландыру.

3. Үйрену және оған жаттығу.

4. Оқыту, көрсету.

5. Ынталандыру (мадақтау, жазалау, жарыс әдістері).

6. Бақылау, бағалау.

Әдістемелік бүл жүйені тұлғаның икемдігіне, қызығушылығына, қажетіне үйлесімді қолдана білсе, әсерлі ықпал етіп, белсенділігін арттырып мінез-қүлқының жетілуіне, өзгеруіне  қол жеткізеді. Дер кезінде ретті  қолданылған әдістемелік жүйе тұлғаны  ынталандырып, сезімдік серпіліс туғызып, басқа адамдармен тезірек тіл  табысуға итермелейді, рухани жаңарудың  арнасы кеңиді. Жайдары мінез, жақсы  іс-әрекеттен ләззат алып, көңіл  күйіне серпіліс туып жақсылыққа ұмтылады. Ал құрғақ үгіт, жаттанды өсиет адамды мезі етумен бірге, жастарға кері әсер етіп қарама-қарсылық туғызуы да ықтимал. Ондай теріс жолға жібермеудің ең тиімді жолы - тәрбие әдістемелік жүйесін пайдаланып, жүзеге асыра білуіне байланысты.

Тәрбие әдістемесін  таңдау мен пайдалану технологиясы.

Тәлім-тәрбие ісінің нәтижелі болуы мұғалімнің таңдаған тәрбие әдістемесі мен оны жүзеге асырудың технологиясына байланысты екендігі халық ағарту саласындағы мамандар мен ғалымдары көбірек толғандыратын мәселе. Педагогикалық ғылыми зерттеулерде тәрбие әдістемесін таңдау да, оны жүзеге асыру технологиясысы да көптеген факторларга байланысты екендігі жан-жақты талданады. Олардың бастылары мынау: тәрбие ең

 

алдымен тәрбиеленетін оқушының жас мөлшері мен дербес ерекшелігіне, берілетін тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына, шәкірттің даму деңгейіне, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына және мұғалімнің беделі мен тәлімгерлік тәжірибесіне байланысты.онымен бірге топтың қатаң ұжымдық бірлігі нығайып бітпеген жағдайда қойылатын талап қатаң да айқын болса, тәлімгерлерге алғашқы қадамнан бастап бейімделе бастайды. Мәселе әлеуметтік дәстүрлік әдеп қалыптастыра білуге де байланысты.

Педагогикалық іс-әрекеттің  барлық жағдайына бірдей қолданылатын әдістеме жоқ және болмайды да. Өйткені адамның өмір сүріп отырған ортасы, тұлғаның дербес ерекшелігі, әлеуметтік жағдай, сол айналадағы адамдардың өзара қарым-қатынасына қарай қолданылатын тәрбие әдісі де лайықты болуы заңды құбылыс. Оның үстіне берілетін тәрбие уақытқа үйлесімді болса ғана өміршең болмақ.

Ұстаз тәлімгер алуан түрлі әдістемені білгенімен де, оның бәрі бірдей қолданылмайды, тек сол жағдайға осы кезеңге үйлесімді, тиісті ерекшеліктерді ескерген әдістер ғана тиімді болатындығын үнемі назарда ұстау керек. Пайда беретін әдіс екен деп жүртшылық мойындаған және мадақтаған әрекет тәсілдерінің бәрі бірдей әжетке жарай бермейді. Әдістеменің тиімді де нәтижелі болуы қойылып отырған ситуацияны дұрыс шешуге лайықты болса ғана пайда береді, тиісті міндетті жүзеге асыруға қолқабыс жасайды.

Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері