Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа
Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен
Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72
Адам бойында жақсы қасиеттердің, қабілет-дарынның қалыптасуы бір күннің ісі емес, ол қоғамның бүкіл болмысы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл қоғамның экономикалық өмірінде әлі де болса адам бойындағы жақсы қасиеттермен қоса теріс пиғылдардың да қалыптасуына ықпал ететін жағдайлар бар. Мәселен, кейбір адамдар сөз жүзінде кішіпейілділікті, әділеттілікті, жақтай отырып, шын мәнінде басқаша өмір сүреді.
Қазіргі кезде қоғам адамдарына экономикалық тәрбие беруді маңызды практикалық міндеттердің бірі ретінде күн тәртібіне қойды. Өйткені жаңа экономикалық қатынастар жүйесін орнатып, реттеудің өзі осыны талап етті. Экономикалық тәрбие туралы сөз еткенде экономикалық ойлау дейін түсінік жайын да айта кеткен орынды. Олар бірімен бірі тығыз байланысты, дегенмен бүл екеуін шатастыруға да болмайды. Экономикалық ойлаудың мәнін дұрыс түсіну үшін ол айрықша сипаттағы объектілер мен субъектілердің өзара ықпал-әсер үрдісінде туатынын естен шығармау керек. Мұндағы объект — қоғамдық өндіріс, оның басқа әлеуметтік және әсіресе, табиғи процестерден өзгеше, өзіндік сипаттары, өндірістік қатынастар жүйесі.
Екінші жағынан субъектінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ол - материалдық игіліктерді өндіруші. Оның белгілі бір мүддені көздеп, алдына қойған мақсаттары мен міндеттері бар. Осы субъектінің объектіні бейнелеуін экономикалық ойлау деп атайды. Ол алуан түрлі шаруашылық міндеттерді шешуге қызмет етеді.
Сөйтіп, экономикалық ойлау көбінесе адамдардың өндірістік- шаруашылық қызметіне байланысты туып дамиды екен. Сондықтан тек білімді игерумен шектеуге болмайды. Мүнда алған білімді пайдалана білудің маңызы зор. Сондықтан экономикалық ойлау дегеніміздің өзі белсенді нәрсе. Ол - шындықты танып-білудің де, оны өзгертудің де маңызды құралы. [ 52 ].
Адамды жастайынан еңбекке, үнемділікке баулу, адамгершілік қасиеттерінің алғашқы қадамы отбасынан басталады. Ол шақта бала өте сезімтал, әр нәрсені пайымдағыш, аңғарғыш, еліктегіш келеді де есі кіргеннен бастап, оның санасында «жұмыс», «ақша», «дүкен», «базар» т.б. сияқты түсініктер қалыптасады. Анасы мен әкесінің жұмыс істейтіні, олардың еңбегі үшін еңбекақы төленетіні және күнделікті өмірге қажетті
азық-түлік басқа да тауарларды сатып алу туралы экономикалық ұғымдарды түсіне бастайды. Кей уақытта балалардың өздері де ата-аналарының жұмсауымен базарға, дүкенге барып тұрмысқа қажетті азық-түліктерді сатып алу ісіне қатысады.
Қазіргі кезде бүкіл тәлім-тәрбие жұмысында жас ұрпақты еңбекке, экономикалық, адамгершілік және психологиялық жағынан өмірге даярлау бірінші кезекте тұр. Тәрбие жұмысының міндеті: әрбір жас өзінің әл-ауқатын жақсартудың алғышарты - ең алдымен, қоғамдық мүлікті, байлықты молайту, үнемдеу, шашпау, өзінікін ұқыпты пайдалануды түсіндіру.
Дене тәрбиесі. Қазақ халқы ежелден тәні саудың дені сау деген қағиданы берік тұтынғандықтан дене тәрбиесін беру және оны ұйымдастырудағы ұстанымы - әрбір тұлғаның гигиеналық талапты орындап, салауатты өмір салтына лайық дені сау, күш-қуаты мол адам етіп қалыптастыру болып табылады. Дене тәрбиесі оқушылардың денсаулығы мен рухани дамуын бірлікте қарайды.
Тұлғаның жан-жақты дамуы - дене тәрбиесіне байланысты. Оқушылардың денсаулығы нығайған, мығым болса, жұмыс қабілеті жоғары, қандай саладағы болса да еңбекке, қоғамдағы іс-әрекетке белсенді араласып тындырымды нәтиже шығара алады. Дене шынықтыру жаттығуын орындау барасында оқушының денесі ширығап, дамып, денсаулығы нығаяды, сондықтан сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында атқарылатын іс-әрекеттің жүйелі де бағдарлы болуына мән беру керек.
Дене тәрбиесін берудегі ежелден қалыптасқан қағида оны адамгершілік, имандылық таным мен ақыл-ой тәрбиесінен бөлуге болмайтын тұтастықта, бірлікте болатындығы барша жұртқа айқын. Оқушыларга берілетін дене тәрбиесін өркендетудегі басты бағдар - ғылыми теориялық және халықтық дәстүрлік тағылымдарды сақтап, философия ғылымының қол жеткен табыстарын және дене мен рух жөніндегі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің тұжырымдамаларына сүйену ләзім.
Мектептегі дене тәрбиесі оқу үрдісіндегі денешынықтыру, жаратылыстану т.б. пәндерді өту және сыныптан тыс жұмыстарды атқару барысында орындалатын жаттығу, білімдік іздену арқылы жүзеге асады. Дене тәрбиесін берудің ежелден қалыптасқан дәстүрлі құралы - гимнастика жасау, ойын, туризм, спорт. Сонымен қатар мына факторлар есепке алынады:
1) табиғат әсерлері - күн, ауа, су.
2) гигиеналық әсер - тамақтану, еңбек режимі, демала білу, лайықты киім, санитарлық талаптардың орындалуы.
Дене тәрбиесін берудің негізгі әдістемелері мынау: жаттығу,
машықтандыру, сендіру, иландыру, түсіндіру, тәлімгерлік нұсқау, өнегені үлгі ету, үйрету. Әсіресе, үлгілік өнегенің мәні зор.
Оқушы өнегені үлгі тұтып ізденеді, білуге деген ықыласы артады, өзінің шама мүмкінідігін сынап, тиісті деңгейдегі сапа қасиеттерін жетілдіруге ұмтылады. Өзінің күш-қуатын сараптайды. Мектеп оқушысына арналған дене тәрбиесіне байланысты көрсеткіш нормалары мен режимді жүзеге асыруы мен кемшіліктеріне мән беріп, өзіне-өзі сын көзбен қарайды. Мұның нәтижесінде оқушы жетістігі мен кемшілігін салмақтап, бәсекелестікте жеңіске жетуге ұмтылады [36, 263 ].
Мектептегі дене тәрбиесі
оқу бағдарламасындағы
Әрине, тәрбие ісіндегі келелі тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларын терең ұқтырып бойына сіңіру. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайдан орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі - түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мүталімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі-өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, денешынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес өзгешеліктерге мүмкіндік беріліп отыр [53].
Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу. Тәрбие тұлғаны үнемі қолынан жетектеп немесе тынымсыз ақыл айтып мезі қылу емес. Мектеп пен өмірден алған тәлімі негізінде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге көшетін үрдіс. Ал өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрдегі тиісті мақсатқа бағытталған іс-әрекет. Оның нәтижесі тұлғаның өзін-өзі барлық жағынан айқындап, дамып өркендеуіне, жетілуіне жол ашады, Тәрбие үрдісінде - өзін-өзі тәрбиелеу түлғаның іс-әрекетіндегі ең негізгі шешуші мәселеге саналады. Өйткені, іс- әрекет болмаған жерде адам тығырыкқа тіреліп, болмысында бар, қолынан келетін істердің өзін де орындай алмауы ықтимал деп қараса, біздің халық әрекет жолын күреске балайды.
Қазақ халқының дәстүрлік ұғымындағы «Күрес» іздену, табу, нәтижеге қол жету тұрғысынан әрекеттену. Осы тұрғыдан келгенде өзін-өзі тәрбиелеуді басқа жолмен өзгертуге болмайтын шешуші фактор деп танимыз.
Ал мектептегі тәрбиенің міндеті - оқушының ішкі қуатын, әлі ашылмаған бұла күшін оятып, оны өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға бағдарлау болуға тиіс. Бұл міндетті орындауда мына тәсілдер қолданылады:
- өзін-өзі тәрбиелеу мен дамыту туралы түсінік беріп, оның білімдік
мәнін ұқтыру;
- өзін-өзі әрекетке келтірерлік жеке оқушы және ұжым үшін түрлі
мақсаттағы жұмыстар атқаруды ұйымдастыру;
- өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі
деректерге жүгіне отырып
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу саласында атқарған істерін мадақтау,
оны үлгі ету [ 54 ].
Оқушылардың өзіне-өзі баға беріп, өзіне-өзі бақылау жасауы туралы талдау жасатса да болады. Мүның пайдасы тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі іс-әрекетіне сын көзбен қарауға баулиды.
Кейбір тәжірибелі ұстаздар бүгінде Құран-кәрімдегі аяттар бойынша әркімнің өзіне-өзі есен беруі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктері мен кемшіліктері жөнінде пайымдау жасау тәсілдерін де қолданып жүр. Бүл тәрбие ісінде, әсіресе, өзін-өзі тәрбиелеудегі тиімді әдіс.
Тәрбие үрдісіндегі өзін-өзі қайта тәрбиелеу проблемасы педагогика ғылымындағы өте күрделі мәселеге саналады. Оқушының әдеп тағылымдарын сақтамауы, мінез-құлқындағы ортаға үйлесімсіздік, іс- әрекетіндегі қоғамдық талаптарға сәйкесе бермейтін оғаш сәттерін түзеу үшін қайта тәрбиелеу деп атап жүрген мәселенің мұгалімдерді ерекше толғандыратынын күн сайын байқауға болады. Кейде мінезі солай болса, не істерсің «Сүтпен берген мінез сүйекпен кетеді» дейтіндер де бар. Бірақ санадан тыс ұлы күштің адамзатқа жіберген өніміндей көрінетін данышпан дана Абай «адам мінезі түзелмейді деген адамның тілін кесер едім...» дегі оның жөнделуі жөніндегі шарттарын ұсынды ғой. Әрбір тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ендеше қоғамдағы заңдылықтарды сақтап, ондағы әдеп тағылымдарын орындауы керек. Онсыз болмайды, өйткені тұлға ортадан бөлініп, мүлде сыртта қалуы ықтимал, ал қоғамнан, ортадан жырақ кетпеуді халық құптағандықтан «жалғыз жүріп жол іздегенше, көпиен жүріп адас» дегі түйіндеу жасайды. Әрине, мұнда сыңаржақ түсініктің салқыны болуы да мүмкін, бірақ қазірде «қиын бала» деп жүрген тұлғаларды қайта тәрбиелеу және сол тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің заңдылықтарына мойын ұсынып, іс- әрекетке кірістіруде педагогикалық тұжырымдамаға мән беру керек. Мектеп жағдайында қайта тәрбиелеу керек дегендердің қатарына үлгерімі төмен немесе оқуға ықылас көрсетпейтін, мінез-құлқы ерекше, шадыр, шәлкес, ызақор т.б. балаларды жатқызады. Ал оларды жөндеу ниетіндегі адам алдымен сол ауытқушылықтардың себеп-салдарын айқындап алуга тиіс. Ауытқуга әсер еткен отбасылық жағдай ма, мектеп тәрбиесіндегі кері әсер ме, әлде әлеуметтік топтардың - өзін қоршаған ортаның ықпалы ма, жүйке ауруының салдары ма т.б. себептерді білу керек [ 55 ].
Мұндай жағдайда педагогтердің психолог, дәрігер, психотерапия (гипноз, психоанализ) саласындағы мамандармен одақтасып, бірлесе жүргізілген іс-әрекеті нәтижелі болатындығын үнемі назарда ұстаған жөн. Анандай тәрбие ісін жүргіздім, мынандай жұмыстар атқардым деген дақпырт емес, нақты жағдайға үйлесімді дәл жоспар негізінде жүргізілген әрекет табысқа жеткізеріне сеніміңіз берік болсын. Педагогикалық заңдылыққа негізделген шын ынталы ықылас-тәрбие ісіндегі табысқа жетудің кілті [ 56 ].
Ұжымдық тәрбие. Кеңестік кезеңдегі мектептегі тәрбиенің негізгі ұжымдық, яғни коллективтік тәрбие деген қағида құрылды. Оның басты сипаты мынау: Социолистік қоғамда адамдарды бір-бірімен
байланыстыратын ұжым және олардың іс-әрекеті, мақсаты бір болғандықтан меншік ортақ. Социолистік құрылыстың басты саясаты да, мақсаты мен мүдцесі де еңбекшілерді ұжымдық тәрбиеге ынталандыру болады да ұжым тұлғаның еркін дамуының құралы деген қағида үстемдік етті.
Сол себептен педагогикадағы тәрбие үрдісі коллективте, коллектив үшін, коллектив арқылы деген таным-түсінікке құрылды. Бұл қағида бойынша коллектив, яғни ұжым тәрбие құралы деген таным қалыптасты, оның теориялық негізін жасаған А.С.Макаренко, Н.К.Крупская болды да, кейіннен В.А.Сухомлинский т.б. педагогтер толықтырып ілгері дамытты. Қазіргі кезенде тәрбиенің ол үрдісі, яғни принциптері жаңа бағдар алып өзгеруде. Адамдардың қарым-қатынасында әлеуметтік, психологиялық байланыс сақталғанымен де, принцип - тұлғаның дербестік, мендік әрекеті мен бірлестікке үйлесімді құрылуда. Қазақстанның жоғары оқу орындары өкілдері мақұлдап қол қойған Балонья келісіміндегі Лиссабон декларациясы тұрғысынан қарасақ батыс елдерінде өзара қарым-қатынас теорисы мен практикасы біздегі әлеуметтік психология мен социологиялық деңгейді жаңа арнаға салып, ол жүйе бүгінде жүзеге асуда. Қазіргі Қазақстан жагдайындағы педагогикада ұжымдық тұжырымның бұрынғы шарттарын әлеуметтік таным өзгерте бастады. Жекелеген айтыс, тартыс болғанымен де, үйреншікті түсініктен мүлде қол үзіп кетпегенмен де әлеуметтік өзгерістер мен қайта
құрылымдар ұжымдық үрдісті және оған деген көзқарасты жаңартты [ 57, 58, 59].
Әдетте ұжымның басты
ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне
байланысты екені белгілі. Ал педагогикалық
ұжымда жеке тұлғаны ынталандыру, ұйымдастыру,
тәрбие субъектісіне басқа назар
аудару көзделуде. Қазіргі орта оқу
орындарындағы ұстаз әрі пән
мұғалілімі, әрі сынып жетекшісі,
үйірме, студияны басқарушы, түрлі қоғамдық
жұмыстарды атқарушы, тәлімгер. Мұндай
көпқырлылық педагогикалық
Мектепке ұжымдық жүйенің құрылымы - мұғалімдер коллективі, оқушылар коллективі - жеке сынып, түрлі үйірмелер бірлестігі тұрғысында топтасады. Ал педагогтің міндеті - жалпы мектептік және сыныптық ұжым қалыптастырып және оның әдістемелік жолдарын шешеді. Ұжымдық дамудың деңгейі, сипаты педагогтің қоятын талабына үйлесімді өрістейді. Педагог алдымен ұжымның өмірін ұйымдастырады, топта не істелуге тиісті екендігін түсіндіріп, мақсатты айқындап, міндетті шешкеннен кейін оның жүзеге асып орындалуын талап етеді. Бұл педагогтің бірінші кезеңде атқаратын ісі болса, екінші кезеңде топтағы активті қолдап, қойылатын талапты орындаудағы олардың белсенді әрекетіне сүйеніп, жолдастарына әсер етіп, ықпал жасауына мән береді. Ал үшінші кезеңде іріктелген белсенді топ өзіне де, басқаларға да талап қойып белгіленген міндетті жүзеге асырып, оны орындаудың тиімді жолдарын да іздестіреді және эркімнің іс-әрекеттегі шама мүмкіндігіне де мән береді. Коллективтік үрдіс барысында олардың өзіне және топтағы басқалардың да бір-біріне деген қарым-қатынасы жетіліп, тиісті дәрежеде дәстүрлік таным-түсінік, бәріне ортақ құндылықтар дамиды.
Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері