Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен

Содержание

Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарбие.doc

— 5.34 Мб (Скачать документ)


 

              Мазмұны

 

Нормативтік сілтемелер.............................................................................4

Анықтамалар....... ............................5

Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6

Кіріспе..........................................................................................................7

1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері 

    1.   Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11

1.2  Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34

1.3  Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың

мүмкіндіктері...............................................................................................39

2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары

    1. Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
    2. Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
    3. Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51

Экономика..................................................................................................60

Еңбек қорғау..............................................................................................66

Қорытынды................................................................................................69

Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70

Қосымшалар..............................................................................................72

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

 Зерттеу жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалды:

- ҚР Конституциясы 24 бабы 30.08.1995ж.

- ҚР «Білім туралы» Заңы

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы 2007ж.

- ҚР 2015 жылға дейінгі білімді жаңарту Тұжырымдамасы

- ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңы

- ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы

- ҚР Еңбек Кодексі. 12.07.2007ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

 

      Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған, саналы түрде жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет.

      Тәрбие үрдісі - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекеті.

      Тәрбие әдісі - мектеп тәжірибесінде белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолы, тәсілі, амалы.

      Педагогикалық диагностика - тәрбиеленушінің алған тәлім- тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.

      Білім мазмұны деп - жеке адамның ой-өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік-имандалық қасиеттерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез - құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сүруге дайындайтын ғылыми-білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жүйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

      Тәрбие жұмысы - сынып жетекшісінің белсенді басшылыгымен, шебер ұйымдастырушылығымен тәрбиенің бағыттарына сәйкес белгілі нысананы көздей отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізілетін іс-әрекет.

      Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен кәсіби бағдарлау, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

      Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әдеп саласындағы білімі, сезімі мен қарым-қатынасы және мінез-құлқына қатысты мәселелердің жүйесі.

      Педагогикалық техника - оқушыларға әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы.

      Сынып жетекші - белгілі топтагы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға.

  Суггестия - иландырып сендіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқартулар мен белгілеулер

 

       Осы ғылыми жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылған:

 

АҚШ – Америка Құрама Штаттары

БҰҰ - Бірікке ұлттар ұйымы

ЮНЕСКО – БҰҰ жанындағы мәдениет, ғылым және білім беру жөніндегі ұйым

т.б. - тағы басқа 

М.- Москва

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастыгы

 БТ - бақылау тобы 

ЭТ - эксперементтік топ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе

 

         Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық

жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт-дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында ғана болуы мүмкін.

         Қазақстан Респабликасының Конституциясында көрсетілген баршаға міндетті жалпы орта білім беруде тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын негізге алу. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын ұлт жанды ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, ұлттық ойлау қабілеті мен іскерлігіне, кәсіби шеберлігі мен сапалы біліміне, заман талабына сәйкес туындап отырған мәселенің түп-тамырын айқындап, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбиені ұйымдастыру [ 1 ].

         Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты, ынта-ықыласымен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс» - деп көрсетілген [2].

         Қоғамды дамытытын жас азаматтың жеке тұлғасы жан-жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайды, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болу керек.   Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан «Білім туралы Заңға» сәйкес оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» орай білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлау мен өздігінен еңбек етуіне, адамгершілікке, имандылыққа бағдар беру, білімін қолдана білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр [ 3 ].

         Балаларымызды мектеп тәрбиелейді деген ертеден қалыптасқан ұғым отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесін тым босаңсытып алғаны, мектептердің күні бүгінге дейін оқу мәселесін өздерінің басты міндеттері деп санап, тәрбие мәселесін назардан шығарып алғандықтары қоғамдағы жат қылықты тәртіпсіз шәкірттер қатарын еселеп арттыра түсті, атаулы мәселе жөнінде ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен.

           Қазақстанда қазіргі кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік өзгерістерге сәйкес тәрбие теориясы мен әдістемесінің мақсаты, міндеті, мазмұны мәнді өзгерістерге ұшырауда. Соңғы кездерде Ресей мен Қазақстан баспа беттерінде жарияланған еңбектерді негізге ала отырып, жаңарған қоғам талабына сай оқушыларға ақыл-ой, имандылық-адамгершілік, эстетикалық т.б. тәрбие беру жүйесін басты мәселе деп қарастырған жөн.

           Демек, ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып, заман талабына сай, өркениетті елдер қатарына кіру мақсатында, ұрпақ тәрбиесінің зор мәні бар келелі мәселеге айналып отыр.

           Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен [ 4, 5, 6,7, 8, 9, 10, 11,12].

Халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен  ізгі қасиеттерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, қазақ халық педагогикасы негізінде оқушылардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген азаматтық көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру бойынша Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев, С.Ғаббасов, т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуын, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды [ 13, 14, 15, 16,17].

            Олай болса, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру болашақ мұғалімдерді даярлау үрдісінде - ұстаздың жеке басына, оның жалпы және кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Жоғары мектепте мұгалімдерді даярлаудың теорялық негізіне арналған еңбектерде О.А.Абдуллина, Н.И. Болдырев, Т.А.Ильина, Н.Д.Хмель, т.б. оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі мәселелері мен ұстаздың жеке тұлғалық асыл қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылған [18,19,20, 21].

             Қазіргі таңда педагогика ғылымында тәрбие теориясының қалыптасып дамуына өзіндік үлес қосып отырған қазақстандық ғалымдардың да еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Тәрбие беру процесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын жетілдіру бойынша Б.Әбдікәрімұлының, А.Меңжанова, А.А.Бейсенбаеваның, С.Ш.Әбенбаев, Б.Р. Айтмамбетова, К.Сейталиевтің, т.б. еңбектерінде тәрбиені жан жақгы қарастырған [ 22, 23, 24, 25, 26, 27 ].

Сонымен, оқыту істерін жастардың  белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастырған абзал.

Зерттеу объектісі: кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарын жүргізу үрдісі.

Зерттеу пәні: кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: мектепте тәрбие берудің негізгі бағыттары арқылы оқушыларды тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

       Зерттеу міндеттері:

  • тәрбие жұмыстарының әдістерін ұйымдастырудың қазіргі кездегі мәні мен маңызын айқындап, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қаншалықты қолданылатынын талдау;
  • мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін қолдану арқылы тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастыру;
  • мектеп оқушыларына тәрбиенің негізгі бағыттарымен тәрбиелеу әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;

Зерттеу болжамы: егер кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбиені ұйымдастыру әдістерінің барлық түрлері қолданылса, онда мектеп оқушыларының жалпы тәрбиесі, мәдениеті, білімі жоғары деңгейде қалыптасады.

Зерттеу көздері:   қарастырылып жатқан мәселе бойынша философтардың, педагогтер мен психологтардың еңбектері, білім беру мен тәрбие мәселелері жөнінде нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларымен тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қорытындылары.

       Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты тарихи,

психологиялық, педагогикалық, эдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық  тәжірибені зерттеу және талдау, зерттеу мәселесіне байланысты мәліметтерді жинақтау, тәжірибе қорытындысын шығару

Зерттеу базасы: тәжірибелік жұмыстар Астана қаласының №3 орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, экономикалық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қорғау бөлімнен және жұмыс тұжырымдамасы мен ұсыныстар келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан және графикалық бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың көкейкестілігі негізделген, жұмыстың мақсаты, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері құрылған, жұмыстың өзектілігі, практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері мен деректі көздері ашылып көрсетілген, зерттеу жұмысының дәлелділігі баяндалған.

      «Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері» атты бірінші тарауда тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары, тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері және тәрбие әдістері және оларды топтастырудың мүмкіндіктері туралы айқындалып көрсетілген.

     «Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары» атгы екінші тарауда еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі және кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері анықталған.

Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері