Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа
Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен
Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72
Ұжымдық қарым-қатынас пен іс-әрекет жеке тұлғаның жаупкершілігіне тәуелді. Сондықтан да ұжымға жетекшілік етуші басшының және ұжымның әрбір мүшесінің ортақ іске деген жауапкершілігі мен ынта- ықыласы, бір мақсатта мүдделес әрекеті табысқа жетудің басты құралы. Ынтымақтаса білген жағдайда ұғымның іскерлік қабілеті жетіліп, татулық аясында атқарылған жұмыстары тиісті нәтижеге қол жеткізеді. Ал ұжымның жеке мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, сыйластығы, достығы, құрметі, олардың бір-бірін іштей ұната білуімен де шарттас. Түлғаның жеке басына тән қадір қасиеттерге тиісті деңгейде зейін қойылмаса олардың бойында самарқаулық, келісімпаздық пайда болып, ырықсыздық меңдеп, белсенділігі кеміп, бастамашылық қасиеттер көмескіленіп, ұнжұрғасы түсіп кетеді. Соның салдарынан ұжымдағы бірлі-жарым адам болмаса, бұқара көпшілікте белсенділік, бастамашыл жігерлік құлдырай береді. Сондықтан ұжымдық тәрбиенің теориясы мен әдістемесіне тарихи тұрғыдан мән беріп, тұлға қай дәуірде, қандай кезеңде ғұмыр кешіп,өмір сүргендігіне назар аударғанда ғана түлғаға әсер еткен ұұжымдық ықпалды тиянақты ажыратуға болады. Тәлімдік тәрбие ісін атқаруда мұғалім тұлғаның ұжымдағы қарым-қатынасын тиісті арнаға бағдарлай отырып, әрбір оқушының психологиялық ерекшелігіне орай ықпал етуге көңіл қоюға тиіс. Мұнда оқушының мәдени болмысы, танымдық деңгейі, бейімділігі, эмпатиялық сезімі, өзара қарым-қатынасы есепке алынады. Жеке түлға мен ұжымның арақатынасын өрістетуде, немесе ғылыми зерттеуде тек педагогикалық әдістемемен шектелмей психологиялық, психотерапиялық әдістемелерді бірлестіре қарау өте тиімді нәтиже береді. Оның тікелей көрінісі ұжымдық пікірталас, түрлі ситуацияларды талдап-талқылау, рольдік ойындар, топқа бөлініп жарыстар өткізу барысында жіті байқалады.
Демек, тұлғаның ұжыммен қарым-қатынас жасай білуін бағдарлап, өзара ортақ тіл табысып, дербестігін дамытып, белсенділігін көтеру және оның тиімді әдістемелерін қолдана білу бүгінгі педагогиканың басты мәселесі және педагогтің абыройлы міндеті.
Сынып жетекшісі жас ұрпаққа
қоғамның қазіргі әлеуметтік- экономикалық,
саяси идеялық қарым-
Сынып жетекшісінің сөзі мен ісінің бір жерден шығуы - оның сенім- нанымының, өмір сүру принципінің сәкестігін дәлелдейтін бейнесі. Сынып жетекшісінің өз ісінде кәсіптік дайындығының жоғары болуы, яғни педагогика мен психологиядан, арнаулы әдістемелерден, тәрбие бағыттарынан, қоғамдық пәндерден теориялық білімнің тереңдігі, мінез- құлқының көркемдігі маңызды. Ол өзінің мінез-құлқын тек өзі үшін емес, өзгелер үшін де қалыптастырады. Өйткені, ол оқу-тәрбие ісінде табысқа жетуді қамтамасыз ету үшін керек. Ол кездескен қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас ерік-жігерін, сабыры мен салмақты мінезін, ақыл-парасатын дер кезінде жұмсай алатын ерекшелігімен көрінуі тиіс. Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын соңынан ерте алатын алғыр да тапқыр, ізденгіш те байқағыш та болуы тиіс. Қандай күтпеген жағадайға кездескенде де нағыз педагог өзін-өзі ұстай білу керек, ұсақ-түйекке ашулануға жол бермегені жөн, кек сақтамай, әділ шешім қабылдайга міндетті. Ол әрқашан қарапайым да кішіпейілділігімен, адал да ақпейілділігімен жаңашыр, қамқорлығымен, шыншыл да сезімталдығымен оқушыларга ықпал ете алады.
Сынып жетекшісінің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімнің болуы өте қажет. Психология мен педагогиканы жетік білу тәрбиенің мақсат-міндеттерін, принциптерін, оқушылардың қалыптасу және даму заңдылықтарын, тәрбиенің әдіс- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Сондай-ақ, оның ғылым салаларын жақсы білуі жеке оқушыларға, оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен фактілерге дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады. Әрине, дайын тәрбие рецептін бермейді, дайын шешімдірді ұсынбайды, бірақ ол шығармашылықпен ойлануға, ізденуге жол сілтеп, дұрыс ғылыми бағыт береді.
Тәрбиеде табысқа жету үшін сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалының күші - оның жеке басында, жоғарыда аталган қасиеттерді игеруінде. Өйткені, адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, сынып жетекшісінің еңбегімен жетеді. Сынып жетекшісінің атқаратын басты қызметі - жеке тұлға мен ұжымды қалыптастыру; сыныптағы оқушылардың мінез-құлқын қалыптастыруды ұйымдастыру; сыныптагы оқушылардың өзара бірлігін қамтамасыз ету; тәлім-тәрбие үрдісін жүзеге асыра білуге ынталандыру; оқушыларға арналган ережені орындатуда тиісті құжаттарда белгіленген және басқарушылар тарапынан көрсетілген талаптарды орындатушы; оқушылардың бас жұмысына арналган құжаттарды толтырып, тәртіпке келтіруге басшы болу.
Сынып жетекшісінің міндетіне кіретін мәселелер мыналар: оқушыны тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеп білу арқылы олардың дамуына көмектесу; оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасап, баланың тәлім-тәрбиесіне кәсіби маман ретінде бағдар беру; сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен тығыз байланыс жасап оқушылардың үлгерімі және тәрбие талаптарын жүзеге асыру жөнінде бірлесе қимылдап, бір мақсатқа
әрекеттенуге ұйтқы болу; оқушының сабақ үлгерімін, мінез-құлқын бақылап, соған орай тиісті міндеттерді шешуге ынталы кірісу; сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру т.б.
Тәрбие - мақсат көзделіп, жүйелі ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде іске асады, сонда ғана жастардың өмірге құштарлығын, еңбекті қажетсінуін дамытуға болады. Міне, осыған байланысты орта арнаулы білім беретін оқу орындары сынып жетекшілерінің тәрбие ісіндегі атқарар жүгі мол. Өйткені, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуы тарихи және үздіксіз дамып отыратын категория.
Орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарының сынып жетекшісінің нақты тәрбие міндеттері қоғамдағы тәрбиенің мақсатына және қоршаған ортаның жеткілікті мүмкіндіктеріне, маман даярлау сұраныстарына байланысты белгіленеді.
Сынып жетекшілерінің күнделікті тәрбие жұмысында төмендегі міндеттер көрініс табуы тиіс:
- оқушыларға қоғамның идеологиясын таныту, отаншылдығын, жоғары адамгершілік қасиеттерін, азаматтық тұлғасын, демократиялық, адамдық тұрғыда қалыптастыру. Ол үшін жоғарыда аталған тәрбие бағыттарын ескеру керек болады.
- еңбек және кәсіптік, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие, еңбек дағдылары, іскерлік қалыптастыру, сонымен бірге, азаматтық борыш сезімін дамыту, бауырмалдыққа, отаншылдыққа, достыққа баулу. Олардың көркемдік талғамын дамытып әдемілікті түсінуге, бағалауға, әсемділікті жасауға үйрету, оқушыларды дене бітімінің дұрыс қалыптасуына жағдай туғызып, олардың тазалық дағыдыларын бекіту.
Оқушылардың жалпы мәдениетін көтеру, қазақ халқының озық салт- дәстүрлері рухында тәрбиелеп, дүние танымын, дербестігін, мінез-құлқын жетілдіру көзделеді.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижелі болуы тәрбиенің негізгі принциптерін шығармашылықпен падалануға байланысты. Тәрбие мазмұнының ұстанымдары, оны ұйымдастыруға және оның әдістеріне қойылатын негізгі талаптары белгіленген.
Оқыту процесі сияқты тәрбие жұмысы да белгілі ұстанымдар негізінде жүргізіледі. Тәрбие ұстанымдары жеке түлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімге және ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәжірибеге және ғылыми педагогикаға сүйенеді. Бұл ұстанымдардың идеялық негізі - мектептің өмірімен, тәжірибемен, еңбекпен байланысына сай.
Принцип латын сөзі бастапқы, алғашқы нұсқау деген мағынаны береді. Тәрбие принципі дегеніміз - тәлім-тәрбие үрдісінің жалпы бағытын айқындайтын, бастапқы негізін белгілейтін нүсқаулар жиынтығы, яғни тәрбиелік іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынасты не ықпалды ұйымдастыруда, жағдаят туғызуда басшылыққа алынатын, әрі оның мазмұнын айқындайтын, идеялардың жиынтыгы. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тұрақты
ынтымақтастығы, тәрбие үрдісінің жүйелілігі мен қалыптылығын, реттігін қарастырады. Біртұтас тәрбие үрдісінде тәрбие принциптері өзара байланысты, эрі бір-біріне тәуелді болады (Қосымша Г).
Қазіргі педагогикалық ғылыми зерттеулерде тәрбие мен оқыту теориясы бірлікте, бір жүйеде қарайды. Әрине, ондай бірліктің бар екені де рас, бірақ оқыту мен тәрбие жүйесіндегі үрдісте ерекшеліктері мен айырмашылықтары да жетерлік. Осы орайдан келгенде кейбір зерттеушілер тәрбиені оқыту ісінен мүлде бөлек қарауды қолдап, қуаттайды. Өйткені тәрбие принциптеріндегі заңдылықтар бұзылса, өсіп-өркендеуге тұлғаның қалыптасуына нұқсан келетіндігін алға тартып, тәрбие принциптерін дербес түрде зерттеудің қажеттігін, оның өзіне тән сипаттары туралы дәлелді пайымдаулар жасаған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді топтастыра келгенде тәрбие прнциптеріндегі басты көрсеткіштер мыналар:
1. Мақсаттылық принципі. Оның мағынасы - тәрбие жұмыстары қоғамның жалпы мақсатына бағынады. Бұл ұстаным сынып жетекшісінен өз жұмысының мақсатын дэл түсінуді, тәрбие мазмұнын, түрлерін, әдістерін дұрыс таңдап ала білуді талап етеді де, Тәрбиені қоғамдық идеологиясы рухында ұйымдастыруды қажет етеді.
Тәрбие жұмысында мақсатқа жету үшін әдейі міндет қойылып, ол шығармашылықпен орындалуы тиіс. Сынып жетекшісі өзі тәрбиелейтін түлғаның қандай болатынын анық білуі керек. Тәрбие жұмысының тиімді болуы - ұйымдастырылған жұмыс максатына, мазмұнына, сынып жетекшісі мен оқушылардың оған деген катынасына байланысты. Өйткені, оқушыларды алдында тәрбие максатын айқын қою олардың іс-әрекетке қатынасын өзгертеді. Сынып жетекшісінің қойған мақсаты бірте-бірте оқушылардың өз мақсатына айналады,
Мақсаттылық принципі - тәрбие жүйесіндегі басты принцип болып есептеледі. Тәрбиеде бүл принципті ескеру жастарға қанат бітіріп үйлесімді дамуына жол ашып, бағдар беретін халықтық педагогика баяғыдан отбасындағы, ауыл-аймақтағы бала тәрбиесінде басшылыққа алып отырган. Тұлғаға 2сер етуде ұйымдастырылатын педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты, мазмұны қаншама көп болғанмен де тәрбие тәсілдері сол үрдіске үйлесімді болса, оның нәтижесі де айтарлықтай сәтті болады. Тәрбие үрдісіндегі факторлардың лайықтылығы ескерілсе, көздеген мақсатқа жету қиын емес.
2. Тәрбиенің өмірмен, әлеуметтік ортамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні тәрбие қоғамның талабына сай, елдің болашағына үйлесімді. Тәрбие үрдісі ұйымдасатын әлеуметтік ортаның тәрбиелік мазмұны мен әдісінің сәйкес келіун талап етеді. Тәрбие міндеттері нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда бағытталады. Балалардың әр түрлі әлеуметтік қажеттіліктерді жүзеге асыру дайындығына болжам жасайды. Осыдан барып тәрбиенің мақсаттық сипаты айқындалады. Қазақстанның ресми құжатыңда былай деп жазылған: Мақсат — әлемдік білім беру кеңістігіне ыкпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу. Міндеттері:
- Білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;
- Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
- Білім беруде ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
- Кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
- Әлемдік білім беру кеіңстігіне ықпалдасу.
Қазақ халқының тарихындағы рухани құндылықтарды тәуелсіздік берген қайта жаңғыруға байланысты танып білуге, дәстүрді ардақтап, қадір түтып, оны тәрбие беруге бағыттау, пайдалану ұрпақ тәрбиесіндегі жалғастық пен байланысты нығайтады, оның өмірмен жақындығын жетілдіре түседі.
3. Педагогикалық басшылық, жетекшілік жасау принципі. Мұнда оқушыларды белсенділігі мен өздігінен еңбектене білуіне ерекше назар аударылады. Басты талап - тұғаның даму заңдылықтарына орай өздігінен белсенді түрде іс-әрекет атқаруына бағдар беріп, ынта-ықыласын жетілдіруге тәрбиелеу жоларын қарастырады. Педагог оқушыны іс-әрекетке ынталандыруда олардың шығармашылық еркіндігіне, іздену барысында өзіндік беталыс бағдары болуына мән беріп оны қолдап, қорғап жетекшілік етеді.
Әрекетке ықтиярлы талпыну жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі болып табылады. Тәрбие ісі - екі жақты процесс: тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенділігін қажет етеді. Тәрбие ісінде жастар, оқушылар күш жұмсап, белсенді қатысқанда ғана нәтиже болады. Халық педагогикасында «Болатын бала пысық», «Болар бала бесігінде бұлқынар, болар құлын желісінде жұлқынар», «Бала күлкіге тоймас, болбыр ұйқыға тоймас», «Еріншектің ертеңі бітпес», «Ештеңе сұрамайтын адам ештеңе де үйренбейді» — деп енжарлықтың нашар қасиет екенін, өмірде белсенді жастардың ықпалы зор болатынын дәлелдеген.
Педагогикалық оқулықтар мен оқу құралдарында бұл принцип кейде еңбек тәрбиесімен бірлікте қарастырылады. Әрине еңбек - іс-әрекетке тәрбиелеудің құралы болғандықтан оған басшылық жасау, ұйымдастыруды дұрыс жолға қою тәрбие жүйесіндегі негізгі мәселе болуымен бірге тәрбие принциптеріндегі орны ерекше.
4. Жеке тұлғаны құрметтеу және жоғары талап қою принципі. А.С.Макаренко адамды мейлінше құрметтеу, мейлінше мол талап қоюды ұсынған. Құрметтеу де, талап ету де, оның кісілігіне сену, қамқорлық жасау, оқушының бойындағы жақсы қасиеттерінің, қабілеттірінің дамуына тірек болады.
Құрметтеу мен талап қою бір-бірімен байланысты. Құрметтеу жастарға қамқорлықпен назар аудару, көмектесу, сезімталдықпен, ілтипатты қарым- қатынас жасауда көрінеді. Ал талап қою - адамдық қарым-қатынастың екінші жағы, оқушының күшін ескеріп, мақсатты, жүйелі, табанды түрде талап қойып, тапсырманы орындауын қадағалау, бағалау. Қандай талап болса да жеке тұлғаны төмендетпеуге, намысына тимеуге, қайта оның белсенділігі мен жауапкершілігінің күшеюіне мүмкіндік тудыру қажет. Баланың жеке басын құрметтеу және соған орай талап та қоя білу. Гуманистік қарым- қатынас педагог пен тәрбиеленушінің бір-біріне деген сенімін, өзара сыйластығын арттырып, мұғалімнің беделін көтеріп, ынтымактастық тұрғыдағы бір-біріне деген сүйіспеншілігін, қайырымдылық қасиеттерін жетілдіре түседі. Мұғалімнің әділетті талабы оқушылардың шама мүмкіндігіне орай ізденудегі ықпалды-ынтасын жебеп, жоспарлы іс-әрекеттің табысқа жетуіне мүмкіндік береді. Ал көңілден шыққан гуманистік талап пен тілек оқушыны қанаттындырып күрделі деп саналатын қиын жұмыстардың өзіне де тыңғылықгы жүзеге асыруға қол жеткізеді. Гуманистік сенім - тәрбие ісінде табысқа жетудің кілті, әрекетке ынталандырудағы қозғаушы күш.
Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері