Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа
Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен
Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбие үрдісінің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие беруді қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдында қоятын ең басты мәселелерінің бірі — өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам және жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қаситеттерін дамыту. Оқушылардың саналы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбие теориясы тәрбие үрдістері, принциптері, әдістері болып жіктеледі (сурет 1.1).
Тәрбие теориясы
Тәрбие үрдістері
Сурет 1.1 - Тәрбие теориясының жіктелуі
Оқу орындарындағы оқыту мен тәрбие біртұтас педагогикалық үрдіс. Тәрбие үрдісі ежелден келе жатқан жүйе болғанымен оқыту теориясымен салыстырғанда әлі де жеткілікті зерттеліп болмаған құбылыс. Шындығына келсек, адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе - ұрпақ тәрбиесі. Өзінің саналы өмірінде әрбір адам ақылы дұрыс, дені сау болса, бұл мәселеге соқпай өтуі өте сирек мәселе. Сондықтан да тәрбие бастауы ата мен ана, ал олар құрған отбасы - адам қоғамының алтын бесігі екендігі ертеден-ақ қалыптасқан түсінік. Даналықтары дәріптелген ғұламалардың пікіріне жүгінсек - жеке некелік, яғни моногамиялық жанұяның дамуы қоғамды да,
тәлім-тәрбиені де ұлы өзгеріске түсіргендігін педагогика тарихын, фәлсапаны зерттеуші зиялылар жан-жақты дәлелдеп, барша жұртты мойындатып отырғаны белгілі. Ал психологилық тұрғыдан қарағанда тәрбиенің әсерімен баланың бір сападан екінші сапаға өзгеріп ауысыу жетіледі. Былайша айтқанда, бойына түрлі тәжірибені қабылдап, біліп, танып, ұғынып соның нәтижесінде мінез-құлқы өзгеріп, өзіне деген сенімі артып, іс-әрекетін бағдарлауға машықтана бастайды.
Сонымен, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден жеке азам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса, тәрбие үрдісі деп - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекетін айтамыз.
Тәрбие үрдісінің мән-мазмұны педагогикалық ситуациялардың шешімін тауып, оның себеп салдарын айқындай білуге байланысты. Демек, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы тәрбие үрдісіндегі жүйені және оның салаларын дұрыс ажыратып, сол орайдан әрекет жасай білуге тәуелді. Қазіргі педагогика ғылымдарындағы зерттеу бұл жүйені былайша топтастырады:
- Педагогикалық диагностика. Тәрбиеленушінің алған тәлім- тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.
- Бағдарлық жоба белгілеу. Жүзеге асуға тиісті тәрбиелік іс-әрекетті жоспарлап, оның мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау.
- Ұйымдастыру жолдары. Белгіленген жоспардағы іс-әрекетті жүзеге асырудың амал-тәсілдерін және қалай жүргізілетіндігін белгілеу.
- Нәтижені бақылап, бағалау.
Көрсетіліп отырған бұл жүйе педагогикалық тәлім-тәрбие саласындағы жүзеге асырылмақ іс-әрекеттерді орындауды болжаумен бірлікте шешілетіндігін назарда ұстаған жөн.
Тәрбие үрдісінің тиімділігін айқындау қол жетуге тиісті нәтиженің қалай болғандығы және ол қандай іс-әрекет арқылы орындалғанын білуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұндағы іс-әрекетті шартты түрде екі жүйеге бөліп қарауға тиістіміз.
Бірінші, қол жеткен нәтиже қойылған мақсатпен неғұрлым үйлесімді болса, соғұрлым тиімді болды деп саналады. Мұнда оқушының тәрбие-тәлімі деңгейінің нәтижесіндегі басты көрсеткіш - мінез-құлқы, саналылығы. Оның басты сипаты ұжым мен жеке адамдардың қарым-қатынасында, әлеуметтік белсенділігінде, адамгершілік-имандылық түсінігінде, эстетикалық танымында, білім мен біліктілігі іс-әрекет барысында көрінеді, Бұл оқушының меңгерген тәрбиесінің айғағы, үрдістің тиімділік нәтижесі болып саналады.
Екінші, мұғалімнің алдын ала жобалаған тәрбие жоспарын іске асырудағы белгіленген мақсаты, таңдаган әдіс-тәсілдері мен формалары және мазмұнның тиісті әрекетке үйлесімді тәрбие үрдісінің тиімділігі тұрғысынан қаралады. Сондай-ақ оның жүзеге асуы тиімді шартқа саналады. Әрине, мұнда психологиялық ахуал да ескеріледі.
Тәрбие үрдісінің тиімділігі қаидайлық дорежеде болгандығын айқындау гіедагогикалық талдау арқылы жүзеге асырылады. Мүнда бақылау, әңгімелесу әдістері қолданылады. Студент педагогикалық практика кезінде талдау, зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізгені жөн.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруга жол ашылыды [25, 9].
Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл-ойы, талап-тілегі, қажеті бар субъекті ретінде қарап, бойындағы туа біткен, табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолданып, оқу- тәрбие жұмысын жүргізу арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Педагогикалық қызмет еңбек объектісінің ерекшелігімен айрықшаланады. Өйткені, ол үнемі дамып, бір мезгілде тәрбиенің объектісі де, субъектісі де бола алатын жеке тұлғамен істес. Қоғамдағы жас ұрпақ тәрбиесі төрт түрлі әлеуметтік күштің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге аспақ: отбасы, мектеп, әлеуметтік орта, жұртшылық. Осы күштерді біріктіріп, байланыстырып ортақ мақсатқа бағыттап отыратын - сынып жетекшісі.
Оқу-тәрбие жұмысының мазмұндылығын қамтамасыз ету үшін топқа сабақ беретін мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді. Оқу көмегімен ұйымдастырады.
Оқушыларға мектеп пен отбасы тарапынан қойылатын педагогкалық талпатардың бірлігін қамтамасыз етіп, ата-аналарымен байланыс жасап отырады. Сонымен бірге оқушылардың денсаулығын нығайтуға жағдай туғызып, үлгерімі мен сабаққа қатысына қамқор болып, мінез-қүлқын, тәртібін адамгершілік қасиеттерін дамытатын шаралар жүзеге асырады, болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін, дұрыс қатынасын қалыптастырады.
Сынып жетекшісі оқушыларға білім берумен қатар, жан-жақты дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетін жұмыстар арқылы үздіксіз ықпал етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың табысты болуы оны іске асыратын жетекшісіне және оқушылардың қабылдауы мен белсенділігіне байланысты. Олай болса, сынып жетекшісінің жеке басы қабілетіне, жұмыс істеу ынтасына жоғары талап қойылады. Ол талаптарға теориялық, тәжірибелік дайындығының болуы, рухани байлығы, педагогикалық білімі мен бірліктілігі т.б. жатады. Бұл талап сынып жетекшісінің өзін-өзі тәрбиелеу процесінде жеке басының қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетудің құпияларын игеруін қажет етеді [ 28 ].
Ғылыми зерттеулердің тұжырымдамасына сүйенсек, тәрбие мазмұны құрастыратын табиғат, қоғам, адамзат туралы теориялық деректерді білу, сондай-ақ қоғамдық тәжірбиелер мен құндылықтарды және оның мұрат мақсаттары мен деңгейін ұғынумен қатар тұлғаның білім, білігі, қабілетінің дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы деген тұрғыдан қарайды. Осы орайдан келгенде тәрбие саласындағы жаңа тұжырымдама тәрбиенің мазмұнын уақыт талабына үйлестіріп құруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасындағы этникалық-мәдени білім берудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде «Жан-жақты мәденитті тұлғаны тәрбиелеу» деп, яғни тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдай жасауды және мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстауды қарастырады.
Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы — бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен кәсіби бағдарлау, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.
Қазіргі егемендік алған еліміздегі тәрбиенің мақсаты, оның мазмұнына үйлесімді тұлғаның мәдени болмысын қалыптастырып, дербестігін дамытуға лайық болуына негізделген. Дәлірек айтқанда, мәдени болмыстың қамтитын аймақтық деңгейі зор, тұлғаның өзін-өзі айқындауы, әлеуметтік- экономикалық, саяси дамуы, адамгершілік, имандылықтьң жетілуі, экологиялық заңдылықтарды сақтап, көркемдік танымын зорайтып денсаулығын нығайту және адамдармен қарым-қатынасын жақсарта беру мәселелерін қамтиды [ 29 ].
Адамның өзін-өзі тәрбиелей білуі тұлғаның жауапкершілігін арттырудағы басты шарттың бірі болғандықтан тиісті мәселеге байланысты оқушының дұрыс шешім қабылдап, өмірдегі өз орнын табуға саналы қарап, уақытқа үйлесімді шешім шығара білуі тәрбие талаптарының мазмұндылығымен іштесіп жатқан құбылыс екені әркімге аян болуға тиіс.
Әрине, оқушыны білімдендіру мен тәрбие ісін жүзеге асыру әдістемелері бір сәтте немесе бір жылда жасала салмайды, ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып түрлі тәжірбиелерден сұрыпталып, оның қорлануы барысында жүзеге асады. Осы орайдан кеңестік кезіндегі тәрбие мазмұнындағы теориялық және ұйымдастырушылық жолдардың бүгінгі өмірге үйлесімді жақтарын жетілдіре отырып, шәкірттердің мәдени танымын қалыптастыру бағдарламаларын жетілдіру күн тәртібінен түспейтін мәселе. Өйткені оқушыға берілетін тәрбиенің мазмұндылығы классикалық педагогика құндылықтарын және оның ұзақ жылдар бойы өмір сараптауынан өткен формаларын ретті және уақытпен үйлестіре пайдалана білу бұл саладағы іс-әрекеттің табысты болуына кепілдік берумен қатар, тәрбие мазмұнының өміршең болуына жол ашады (Қосымша А).
Тәрбие жұмысы сынып жетекшісінің белсенді басшылығымен, шебер ұйымдастырушылығымен тәрбиенің бағыттарына сәйкес белгілі нысананы көздей отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізіледі.
Жастардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту, кәсіптік бағдар беру, имандылық- адамгершілікке, көркемдікке, эстетикалық талғампаздыққа үйретіп, таза, дені сау етіп, тәрбиелеу басты меже, өйткені «тәрбие адам тағдырын шешеді» (В.Г.Белинский) [ 27, 25].
Тәрбие мазмұны тәрбие бағыттарына байланысты болатындықтан, тәрбие бағыттарына тоқталып өтейік (Қосымша Б).
Отбасындағы тәрбие. Баланың тәрбиесі туған, өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты. «Бала айналасына қарап өседі», - дейді халқымыз. Алайда, асырау мен асыл тәрбие беру екі түрлі мәселе. Сондықтан да «Жігітгің тентек болмағы - биінен, баланың тентек болмағы - үйіжн», «Өнеге күші өлшеусіз», «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деуі арқылы бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екенін көрсетеді. Қазіргі кезде жас өрендерімізді жан-жақты тәрбиелі, терең білімді азамат етіп өсіруде ата-аналарға үлкен міндет жүктеліп отыр.
Отбасында баланы халықтық педагогика негізінде баулу үшін тәрбие мазмұнын қайта құру, демократияландыру, ізгілендіру, ғылым жетістіктерін пайдалану, ата-анага педагогикалық, психологиялық білім беру, мамандарды сапалы даярлауды, қайта даярлауды іске асыру қажет.
Жас ұрпақты осы тұрғыда
Ата-ана отбасының жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын қамқорлыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып,
сақтап, жанұя мүшелерінің көтеріңкі көңіл-күйде болуын қамтамасыз етіп отыруы керек. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала-шағасының алдында айтып, әңгіме дүкен құрады. Әкесінің жетістігіне балалары да бірге қуанысады, бұл олардың мақтаныш шешімін тудырады. Бірте-бірте ұл қыздары да өз жаңалықтарын ортаға салып айта бастайды. Осылайша, жанұя мүшелерінің бір-біріне деген сенімі, сүйіспеншілік, достық қатынастары нығая түседі, «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі», - деп тегін айтылмаған.
Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері