Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен

Содержание

Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

тарбие.doc

— 5.34 Мб (Скачать документ)

       Ата-ана баланың күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, көмектесіп, кездескен қиыншылықтарды жеңуге қол ұшын беріп отыруы арқылы еңбек дағдысының беки түсуіне ықпал етеді, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа үйретеді. Олар баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық етіп, айналасындағы адамдардың жағдайымен, талап-тілегімен санасуға үйретеді, отбасымен баламен жеке-дара тәрбие жұмыстарын (әңгіме, үгіт-насихат, түсіндіру т.б.) жүргізуге мүмкіндік мол.

       Ата-ана баланың материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырып, талап-тілегімен, пікірімен санасып отырса, олардың арасындағы қарым-қатынас сыйластыққа, сенімге негізделеді де әке-шешесін жақсы көру, құрметтеу сезімін дамыта түседі. Ата-ана баламен пікірлесуге бейпіл, бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікке жол бермей, жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді.

        Халқымыздың аталған дәстүрлері ауыз әдебиетіндегі - әлдиінен бастап, батырлар жырына дейінгі барлық жанрларында, қазіргі балалар әдебиетінде берік орын алған, онда адамгершілік нормалары мен ережелері, даналық ойлары - тәрбие құралы ретінде пайдаланылған [ 32 ].

       Сонымен, отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте, халықтық педагогикадан бастау алып ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйеніле, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.

         Ақыл-ой тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның ойлау қабілетін жетілдіріп, танымдық ақыл парасатының пәрменділігін дамытуға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Тұлғаның ақыл-ойы оның көзқарасының қалыптасуымен бірлікті өрістейтін құбылыс болғандықтан мұның нәтижелелік көрінісін себеп салдардан бөлуге болмайды.

        Ақыл-ой еңбегі тұлғаның білім, білік саласындағы танымдық   іс-әрекеті болғандықтан ол алуан түрлі іскерлік дағдылардың бір арнадан тоғысуына ықпал етеді және білімділік деректерді табу, тану, зерттеуді жоспарлап, оны меңгерудің амал-тәсілдерін игеріп, тиісті мақсатқа қарай қолдана білуге машықтанады. Оқушылардың бойына ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру олардың көзқарасын бекітіп, мұның әсері әлеуметтік, биологиялық факторларды жаңартуға немесе өзгертуге байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой тәрбиесінің нәтижесі тұлғаның қабілетін шындап, ойлау деңгейін кеңейтіп, тиісті мәселеге, пікірінің айқын да нақты, терең де шығармашылық сипатта болуына, тез де жылдам аңғаратын парасаттылыққа бейімдейді және жобалаған ісін ықтиятты орындауға мүмкіндік береді.

       Әрине, ақыл мен сананың дамуындағы табиғат болмыстың ерекшеліктері мен күрделіктері жөнінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық. Солай болғанымен ұстаз ақыл-ойдың даму табиғатындағы екі көзқарасқа зейін қоюы керек. Оның біріншісі - тұлғаның ақыл-сана қабілеті тумысынан бірге пайда болатын ерекше психологилық құрылым, тиісті ақпаратты санасынан өткізіп оны қабылдайды. Тұлғаның өсіп, ержетуіне орай қабілеті де дамып өрістейді, өмірден өрнек табады деген пайымдауды тұтынады.

        Ал екіншілері, ақыл қуаты тұқым қуалайды, сыртқы  ортаның әсерімен дамиды. Оның өрістеп өркен жаюы үшін арнайы әрекетке негізделген оку оқу жұмысын ұйымдастыру керек деген көзқараста болады   [ 33 ].

      Тұлғаның дамуына ықпал ететін себептер көп, әсіресе, ақыл-ой саласындағы ізденіске әсер ететін қажеттілік туғызып, білуге деген шынайы құлшынысын арттырады. Ал мұның негізгі құралы білім негіздерін түсінуге, яғни ақыл-ой тәрбиесі үрдісіндегі болжамдық таным тұрғысына дерексіз, индуитивтік, дедуктивтік ойлау ережелеріндегі заңдылықтарға үйлесімді әрекеттену шешуші мәнге ие болады. Ақыл-ой тәрбиесінің нәтижелі болуы оқушының қабілет мүмкіндігі мен табиғи болмысына үйлесімді келерліктей сараптай оқытуға мән берудің де маңызы зор. Осы орайда дарынды шәкірттерге берілетін ақыл-ой тәрбиесінің мазмұндық, көлемдік деңгейін есепке алу және тұлға ның бейімділігіне қарай ізденту жақсы нәтиже беретіндігін арнайы мектептер тәжірибелері дәлелдеп отыр. Тұлғаның шама мүмкіндігіне лайықты берілген ақыл-ой тәрбиесі тез жетіліп, тек ақыл-ой жағынан ғана емес, дене еңбегіне де ынталы қатысып, атқарған ісін саналы орындайтын және өздігінен іздене білетін дағды қалыптастырады    (Қосымша В) [135 ].

        Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру. Көзқарас дегеніміз тұлғаның философиялық, ғылыми, әлеуметтік-саяси, адамгершілік, имандылық, эстетикалық таным, сенім жүйесі және оның адам санасындағы көрінісі тұлғаның іс-әрекетіне бағдар басшылық береді. Психологтар көзқарасқа тұлғаның бетке алган әрекет бағдары тұргысынан қарайды. Бұл тәрбиенің нәтижесі барысында жүзеге асады. Ал мұның құрылымдық жүйесі білім, көзқарас, сенім болып табылады. Көзқарас пен сенім - бұл адамның

әлем туралы түсінігін, оны танып, білуін, әсерленуін сипаттайды. Көзқарастың қалыптасу негізі ғылыми білім болып табылады. Кеңестік кезеңцегі коммунистік көзқарас қалыптастыру бағдарындағы ұстанымда диалектикалық-материалистік теорияға сүйенді және табиғатты, қоғамды, адамды тануға материалистік көзқарасты бекітуге ұмтылды. Барлық оқулықтар мен саяси әдебиеттер осы көзқарас тұрғысынан жазылды. Кеңестік жүйе ыдырап, коммунистік үстемдік құлағаннан кейін көзқарастық танымда жаңаша тұжырымдамалар өмірге келді. Діни оқу орындары өрістей бастады. Ислам университеті, медреселер басқа діндер де тиісті оқу орындарын ашып, жастардың бойына жаңа көзқарастар қалыптастыруға ұмтылуда. Тек діни оку орындары ғана емес, жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарында да жаңа көзқарасқа мән берілуде. Солай болғанымен де диалектикалық таным ақиқатты білуге негіз екендігін мойындау керек.

        Елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үрдісі жүріп жатыр. Сонымен қатар білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру, жаңа модельдің заңнамалық, нормативтік, құқылық жолдары жетілдірудегі ізденістер өрістетеді. Берілетін білімнің мазмұны және материалдық-техникалық базасын жаңарту сапаны көтеру, ғылым мен өндіріске үйлесімді әрекеттену қарқын алуда. Осы орайдан еліміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушыларының көзқарасын қалыптастыру келелі мәселенің біріне саналады.

        Оқушының көзқарасын қалыптастыруда мұғалімнің әсерлі ықпалы зор. Әдетте мұғалімнің шәкіртімен ортақ тіл табысып сөйлесе білуі, көп сөзге салынып өсиет айтумен мезі қылу емес, қойылатын талаптың дәл де айқын болуы игілікті іс-әрекетке жетелейді. Педагогика ғылымында ұстаздың өнегесі шәкірттің бойына жақсы мінез-құлықты меңгеруге ұйытқы болумен қатар тиісті көзқарас қалыптастыратын, ертеңгі мұраттарына бағдар сілтейтін үлгі ретінде танылады. Осы орайдан халқымыздың «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деген нақыл сөзі мұғалімнің өнегелік бейнесін нақты бейнелеумен бірге, оқушыға кімнен үйрену жөніндегі ұсынар қағидасы.

        Оқушы көзқарасының көрсеткіші оның білімділік жүйені меңгеруі, танымдық түсінігі, сенімі деп білсек, тұлғаның іс-әрекетінде бұл ұғымдар көрініс тауып, нақты жүзеге асады. Сонда көзқарас бейтарап ұғым-түсінік тұлғаның іс-әрекеті барысында жүзеге асып, орындалатын жұмыс, таным-тағылымының нақты көрінісі болып шығады [ 36 ].

        Имандылық - адамгершілік тәрбиесі. Философиялық қағидаға сүйенсек мораль - қоғамдық сана, оның мәні - адамдардың мінез-құлқына, қарым-қатынасына қойылатын талаптар мен оның мөлшерлік көрсеткіші, тағылымдық таным ережелер нұсқасы деп білеміз. Қоғамның дамуы, өзгеруі моральға да ықпал етіп, бұл да өзгеріп жаңарып отыратын құбылыс. Тарихи кезеңдерде тіршілік ететін топтар, жеке тұлғалар әлеуметтік жағдайға байланысты арман мұраты, қарым-қатынастағы мінез-құлқы өзгеріп, уақытқа бейімделуі заңды құбылыс деп саналады. Бірақ ол бірден орныға салмайды, үлкен айтыс-тартыс, тегеуірінді қарсыласулар барысында орнығады. Қарама- қарсылықтың күресі болмаған жағдайда даму да болмайтындығын заңдылық деп ұғынған жөн.

        Моральдың тарихын теориялық түрғыдан зерттеуші ғалымдардың пайымдануына зейін қойғанда адамдардың имандылық, адамгершілік танымы, арман-мұраты жөніндегі түсініктері де қилы-қилы және өмір сүріп отырған заманымен үйлесімі жөнінде әр түрлі көзқарастар мен теориялар бар. Бұл саладағы кейбір теориялар мынау:

  • Иррационалдық теория - адамгершілік тұлғаның өзін-өзі тануынан бастау алады, мораль әлеуметтік жағдайға байланысты емес деген идеяны ұсынады.
  • Натуралистік теория - адамгершілік адамның тумысынан бірге жаратылатын, табиғи болмыс бітімінен пешенесіне жазылған деп қарайды.
  • Діни тұжырымдамада - мораль Аллатағаланың әмірі. Жаратқан жақсы иемнің жазмышы деп түсіндіреді де имандылық шарты деп, оны Құран кәрім арқылы нақтылап ұғындырады. Ал христиан дініндегілер Библияда көрсетілген тағылымдық заңдарды басшылыққа алады. Имандылық сенімді жетілдіру мешіттердегі құдайға құлшылық етумен пайғамбарлардың хадистерін түсіндіру арқылы жеткізілсе, христиан дінінде шіркеулер пенделік парызын өтеу арқылы орындалады. Әлемдегі кең тараған Ислам, Иуда, Будда, Христиан діндеріндегі санадан тыс ұлы күш - құдайтағаланың адамшылық туралы тұлғаға рухтың ықпалды әсерін тану мәселесі діни тәрбиенің негізі деп саналады.

        Ал ғылыми-материалистік ұстанымдағылар моральға қоғамда танылған мінез-құлық нормаларын сақтау, адамгершілік танымындағы ережелерді орындаудагы жауапкершілік тұрғысынан қарайды [ 37 ].

       Жалпы алғанда адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әдеп саласындағы білімі, сезімі мен қарым-қатынасы және мінез-құлқына қатысты мәселелердің

жүйесі. Осы үш арнадан тоғысатын таным-түсінік адамгершілік тәрбиесінін міндетерін айқындайды. Аталып отырған міндетгердің орындалуы барысындағы педагогикалық іс-әрекет тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Оның күнделікті өмірдегі көрінісі тұлғаның дағдылы әдетіндегі сенімге айналса, адамгершілік талаптары калыптасқан деген тұжырым жасауға болады. Демек, адамгершілік тәрбиесінің айғақтық көрсеткіші тұлғаның имандылық білімі, сезімі мен тиянақты қалыптаскан мінез-құлқы, қарым-қатынастағы көрінісі.

                 Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын қоғамның моральдық сипаты мен тәрбие мақсатының тұжырымдамасы белгілейді. Қазіргі мектептердегі адамгершілік тәрбиенің мәнін ажырату үшін ондағы моральдық құндылықтарға зейін қою керек. Дәлірек айтқанда, қалыптасқан адамгершілік талаптар және Батыс пен Шығыс елдерінің келіп жатқан тәрбие саласындағы ұғым-түсінік, әдеп тәлімдеріндегі түрлі тәжірибелер [ 38 ].

Қазіргі кезеңдегі еліміздегі мектепке арналып жарияланған әдебиеттер мен түрлі құжаттардағы имандылық, адамгершілік туралы ұстанымдардың  негізгі мазмұны мынаған саяды: әрбір тұлғаның бойына жауапкершілік, отаншылдық, елжандылық сезім қалыптастыру, табиғатты қоғап, әлеуметтік жағдайды көтеріп демографияны өрістету, халықтың мәдени деңгейін жетілдіре отырып шэкірттің өзін-өзі тәрбиелеу іскерлігін дамыту басты бағдарға саналады.

         Сондай-ақ кеңестік кезеңнен тәрбие саласында етек алған саясаттандырылған түсініктен айықтыру мәселесі де ескерілген. Имандылық, адамгершілік тәрбиесінің құралы жалпы педагогикалық әдістемелер мен формалармен бірлікте қаралып мораль тақырыбындағы деректермен ақпараттандыру және оны талдап, талқылап өздігінен пайымдау жасай білуі көзделген. Сол негізде имандылық, адамгершілік тағылымдарын оқушылардың меңгеруіне, олардың еңбекке, қоғамдық жұмыстарға, өнерге араласып, спорттық саладағы түрлі секцияларға қатысып оқушының белсенділігін арттыру тұрғысынан қарайды.

       Адамгершілік тәрбиесіне байланысты жүзеге асырылатын әдістемелер оқу үрдісінде кеңінен қолданылады. Тиісті сабаққа байланысты және тікелей тақырыпқа қатысты имандылық түсінік, адамгершілік танымды оқушының меңгеруімен шектеліп қалмай, сабақтан тыс ұйымдастырылатын лекция, тақырыптық кештер, кездесулер мен конференция, этикалық-эстетикалық басқосуларда да жалғаса беруге тиіс. Өйткені тәрбие, оның ішінде имандылық-адамгершілік үлгі өнегелік тәрбие тоқтаусыз дамитын құбылыс. Егер оқушылардың өздері ынта білдірген іс-әрекеттер болса, оны қолдап, құптап демеу керек, өйткені мұндай бастаманың мәні олардың белсенділігін көтеру мен қатар, тиісті деңгейдегі моральдық таным-түсініктердің тиянақты да өміршең болуына ықпал етеді [ 39 ].

       Имандылық пен адамгершілік тәрбиесінің нәтижелік көрсеткіші моральдық талаптарды орындаумен өлшенеді деп білсек, оның мән- мағынасын ашатын оқушының әдеп ережелерін орындап, тиісті талапты саналы түрде жүзеге асырып, ар, ұждан алдындағы адалдығын сақтап, мінез- құлқын адамгершілік нормаларына үйлесімді ыждаһаттықпен жүзеге асыра білуінде, дағдысына сіңіруде.

       Еңбек тәрбиесі және оқушыларға кәсіби багдар беру. Оқушыны ұйымдастырудағы педагогикалық үрдістің түрі — еңбек тәрбиесі болып табылады. Болашақ еңбектерге берілетін өндірістік тәжірибелер, түрлі еңбек дағдыларын қалыптастыру және еңбек саласындағы әр алуан сапаларды меңгерту еңбек тәрбиесінен басталады. Еңбек тәрбиесінің басты бағдары - тұлғаны кәсіби білім алуға және кәсіби еңбектің ішкі сыр-сипатын түсінуге баулу болып табылады.

       Еліміздегі педагогика мәселесін зерттеуші мамандар мен ғалымдардың бәрі де оқуды еңбекпен жақындату және еңбетің тәрбиелік мәнінің зор екендігі жөнінде жеткілікті-ақ жазған. Еңбек тәрбиесіне соқпай кеткен педагог-зерттеушілер жоқ десе де болғандай. Олар ұсынған тұжырымдама мәресінен қарасақ - оқушы еңбегі тұлғаға білім берудің, өмірге әзірлеп, түрлі сапалық қасиеттерді қалыптастырудың ең тиімді жолы деп білеміз. Педагогика тарихында аты құрметпен аталатын педагогтердің бәрі де оқушының еңбек тәрбиесіне ерекше назар аударып, еңбек - тәрбие құралы деген тиянақты тұжырамдама жасаған.

Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері