Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 17:21, курсовая работа
Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық және философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Қүнанбаевтің, М.Жұмабаевтің, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенов, т.б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен
Нормативтік сілтемелер.............................................................................4
Анықтамалар....... ............................5
Қысқартулар мен белгілер.......................................................................6
Кіріспе..........................................................................................................7
1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері
Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары.................................11
1.2 Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері.................................... ...34
1.3 Тәрбие әдістері және оларды топтастырудың
мүмкіндіктері...............................................................................................39
2 Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары
Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері.................................................................................................45
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі...............................................................................47
Кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері..................................................................................................... 51
Экономика..................................................................................................60
Еңбек қорғау..............................................................................................66
Қорытынды................................................................................................69
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................70
Қосымшалар..............................................................................................72
Дидактика принциптері, ең алдымен, тақырыпты баяндаудағы оқу материалын құруда және мазмұнын анықтауда маңызды фактор болып табылады. Бұндай факторлар ретінде практиканың теориямен байланыстылығының, түсінушілік пен ғылымилықтың бірізділік және жүйелілік принциптері тұрады.
Оқу процесіндегі оқытудың әдістемесін өңдеу де оқу материалының мазмұны дидактика принциптеріне сайкес келуі керек.
Тақырыптық оқу материалын таныстыруда дидактика принципінің іске асыру оқу іс әрекетінің эффективтілігін арттырумен, тәрбиемен және тұлғаның жан жақты дамуымен, әрбір оқушының жекелей қалыптасуымен қатар жүреді.
Ары қарай зерттеу жұмысында «Тауардың өзіндік құны» тақырыбына құрылған сабақ жоспары келтірілген.
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Тауардың өзіндік құны»
Сабақ типі: аралас.
Оқыту әдісі - дәстүрлі.
Сабақ мақсаттары.
Дидактикалық: оқушыларда тауардың өзіндік құны ұғымын
қалыптастыру, тауардың өзіндік құның жасау процесін оқу;
Дамытушылық: оқушыларда тауардың өзіндік құны ұғымын
қалыптастыру;
Тәрбиелілік: оқушыларды экономикалық мәдениетке «Экономикалық білім негіздері» пәніне және оқытылатын пәнге қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Тауарды жасау процесі» сызбасын тақтада қолдану, «Шығын түрі» атты плакат.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.
Сабаққа қатысушыларды белгілеу.
Жаңа оку материалын баяндау.
Әңгімелесу жоспары.
Оқушылардың сабақтағы оқу материалын меңгеру тиімділігін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіледі.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Педагогикалық зерттеулердің үш деңгейі бар. Олар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейдегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған.
Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория жмесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық зандылықтардың фактуалды мәніне жету мен қальптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
Педагогикалық эксперимент — бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс- әрекеті. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістеріқ формалары мен мазмұньн тексереді.
Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі - зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапа шегуі мүмкін.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі - табиғи эксперимент - бұл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу тәрбие үрдісін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Екінші түрі - тексеру эксперименті. Ол мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Үшінші түрі - жасампаз эксперимент. Бұл эксперимент түрі тұтас педагогикалық үрдістің мазмұнын ұйымдастыру формаларық принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін қолданылады.
Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі — эксперимента, екіншісі - бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде - әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. [27]
Зерттеу жұмысының зерттеу базасы Қара-өткел ауылының №6 мектебі. Зерттеу 8- ші сыныптар арасында жүргізілді. 8А сыныбы - бақылау объектісі, ал 8Б сыныбы - эксперименттік объектісі болып алынды. Екі сыныпта да 25 оқушыдан оқиды.
Эксперименттің зерттеу мақсаты - оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни екі түрлі сабақ беру әдісінің қайсысы арқылы оқушылардың оқу материалын меңгеруі тиімдірек екенін анықтау.
Эксперимент екі рет жүргізілді.
а) Бірінші эксперимент
Бақылау объектісінде жүргізілген сабақ беру әдістемесі
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қатысуы тексерілді, сабаққа керекті құрал-жабдықтар дайындалды.
Жаңа материалды баяндау кезеңінде жаңа материал тақырыбы, мақсаты мен қарастырылатын сұрақтар оқушыларға хабарланды. Содан кейін жаңа материал баяндалды. Жаңа материалды баяндау кезінде сөздік-көрнекілік әдісі қолданылды, пәнаралық байланыс орнатылып, өмірден мысалдар келтірілді.
Жаңа материалды бекіту кезеңі - бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді тәсілі, жаңа материалды жинақтау үрдісі, қорытынды шығару. Ол үшін оқушыларға тест сұрақтары бар карточкалар таратылып, тест нәтижелері бойынша оқушылардың жаңа материалды меңгеру дәрежесі анықталды.
Үй жұмысын беру кезеңінде оқушыларға үй тапсырмасы берілді. Мақсаты - оқушылардың өз бетімен ізденушілік қасиетін дамыту, өзін-өзі дамыту, жаңа білімді бекіту.
Сабақ қорытындысын шығару кезеңінде жалпы қорытынды шығарылды, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бағаланды.
Эксперименттік объектісіндегі сабақ беру әдістемесі
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қатысуы тексерілді, сабаққа керекті құрал-жабдықтар дайындалды.
Жаңа материалды баяндау кезеңінде жаңа материал тақырыбы, мақсаты мен қарастырылатын сұрақтар оқушыларға хабарланды. Оқушыларға проблемалық жағдайлар туғызу арқылы өздік жұмысы ретінде тапсырмалар берілді. Басты оқу проблемасы кіші проблемаларға бөлініп оқушылар белсенді талқылыды. Мұғалім қойған әр сұраққа жауап беріліп сабақта қойылған оқу мақсатына оқушылар жетті
Жаңа материалды бекіту кезеңі - бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді тәсілі, жаңа материалды жинақтау үрдісі, қорытынды шығару. Ол үшін әр оқушыға өздік жұмысы ретінде тест карточкасы берілді. Тест нәтижелері бойынша оқушылардьщ жаңа материалды меңгеру дәрежесі анықталды.
Үй жұмысын беру кезеңінде өткен материал тақырыбы бойынша тапсырмалар берумен қатар, (бұл сабақ тақырыбына 3 сағат берілген) келесі сабақта осы тақырыпқа сәйкес пікірталас өткізілетіндігі айтылып, соған қатысты жүргізуші сайланып, оқушыларды екі топқа бөліп, пікірталас шарттарымен таныстырылды, әр топқа тақырыпқа байланысты мәселе туғызатындай сауалдар беріліп, соған қатысты оқушылардың мағлұматтар жинауы үшін қосымша әдебиеггер тізімі беріліп, өздігінен дайындалып келуге тапсырылды. Мақсаты - оқушылардың өз бетімен ізденушілік, дербестік қасиетін дамыту, өзін-өзі дамыту, жаңа білімді бекіту, көпшілік алдында сөйлеуге дағдыландыру, шешендік өнерге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ қорытындысын шығару
кезеңінде жалпы қорытынды
Бірінші эксперимент нәтижесі
Сабақ берудің бүл екі әдістемесін салыстырайық. Оқушылардың жаңа білімді меңгеруі экспериментік объектісіндегі өткізілген оқытудың әдістемесі кезеңі тиімдірек болды. Себебі сабақ берудің екінші әдістемесі кезінде оқушылар сабаққа алдын ала дайындалып келді, яғни мұғалімнің сабағына дайын болды. Сабақта тек қана оқушылардың үйде түсінбеген жерлері толықтырылып, қайталанды. Оқушылардың зейінін, қабылдауын, есте сақтауын дамыту үшін көрнекі құралдар қолданылды. Оқушылардың дербестігін дамыту үшін оқулықтан жаңа материал мазмұны дәптерге қысқаша конспект түрінде жаздыртылды. Кейін жаңа материалды бекіту үшін, білімдерін берік ұғыну үшін оқушыларға өздік жұмыс берілді. Әр оқушыға тест сұрақтары бар карточкалар таратылды. Оқушылардың бұл сұрақтарға жауап беру нәтижелері бойынша, жаңа білімді меңгеру дәрежесі жоғары болды, яғни жаңа материалды берік ұғынып, енді ұмытпайтындай болды.
Тест нөтижелері оқушылардың жаңа материалды меңгеру дәрежесін анықтады. Оқушылардың жауаптары 5 балдық жүйесімен бағаланды:
20 сұрақтың: 18-20 сүрағына жауап берсе - «5»
15-17 сүрағына жауап берсе - «4»
12-14 сүрағына жауап берсе - «3»
1-11 сүрағына жауап берсе - «2»
3 суретінен оқушылардың
білімді меңгеру дәрежесін
Сурет 3.1 - Оқушылардың білім дәрежесі
3 суретінің мәліметтерін талдау жасасақ, келесідей қорытындыға келуге болады. Эксперимент объектісінде өткізілген сабақ беру әдістемесі тиімді нәтиже берді, яғни оқупшлардың білім дәрежесі — 4, 5. Ол көрсеткішті келесідей формуламен есептедік:
ОББ = «5»хn + «4»хn + «3»хn / n, %;
мұндағы, ОББ - оқушылардың білім бағасы;
n- оқушылар саны.
15 оқушының ішінен 9 оқушы - «5», 4 оқушы - «4», 2 ғана оқушы - «3» деген баға алды. Ал бақылау объектісіндегі оқушылар білімінің дәрежесі 8 %-ға төмен, яғни 4,1, жалпы 15 оқушының ішіжн 5 оқушы - «5», 4 оқушы - «4», 4 оқушы - «3» деген баға алды. Көрсеткіштердің бұндай өзгеруі сабақ беру әдістемесіне байланысты, яғни эксперимент объектісінде өткізілген сабақ әдістемесі тиімдірек болды.
Сабақ соңында үй жұмысы берілді, сонымен қатар келесі тақырыпқа өз беттерімен дайындалып келуге тапсырылды. Сабақ соңында қорытынды шығарылып, әр оқушының сабаққа қатысқаны бағаланды.
б) Екінші эксперимент
Бақылау объектісінде жүргізілгт сабақ беру әдістемесі
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қатысуы тексерілді, сабаққа керекті құрал-жабдықтар дайындалды.
Үй жұмысын тексеру тақта алдында сұрау арқылы жүзеге асырылды, мұнда пәнаралық байланыс орнатылып, өмірден мысалдар келтірілді.
Өткен материалды бекіту ретінде тақырыпқа байланысты әр түрлі практикалық тапсырмалар орындалды, яғни қысқаша сол тақырыпқа қатысты конспект жазылып, әр түрлі жаттығулар, есептер шығарылды. Бұл оқушылардың білімді берік ұғынудың тиімді тәсілі, жаңа материалды жинақтау үрдісі. Қорытынды шығару кезеңінде оқушыларға тест сұрақтары таратылып, тест нәтижелері бойынша оқушылардың жаңа материалды меңгеру дәрежесі анықталды.
Үй жұмысына алынған білімге байланысты жаттығулар берілді, мақсаты - оқушылардың өз бетімен ізденушілік қасиетін дамыту, өзін-өзі дамыту, алған білімдерін бекіту.
Сабақ қорытындысын шығару
кезеңінде жалпы қорытынды
Эксперименттік объектісіндегі сабақ беру әдістемесі
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың қатысуы тексерілді, сабаққа керекті құрал-жабдықтар дайындалды.
Үй жұмыстары тексеріліп, оқушыларға өздік жұмысы ретінде өткен материалға қатысты үйлерінде өздігінен оқып, сол тақырыпқа сай өткізілетін пікірталасқа сай, мағлұматтар жинап дайындалып келуге тапсырылған болатын, ол үшін оқулық пен қосымша әдебиеттер тізімін қолдануды ұсынылған. Қорытынды бөлімде, жалпы пікірталасқа баға беріліп, әр топтың әрбір оқушысын бағалауы ұсынылады, ол бағалар оқытушыға тапсырылып, бағалаулары түсіндіріліп, нақты дәлелдемелер келтіріледі, егер де оқытушы бағалармен келіспесе, өзгертулеренгізуі мүмкін. Жүргізуші оқушыларға пікірталас үстіндеп негізгі мәселеге назар салуды құнттап, такырыпты ары карай терендете түсу үшін қосымша әдебиеттер ұсынады. Оқушылардың өз бетіншіе осы маселені дамытып тәжірибені жалғастыру үшін косымша әдебиеттер оқуы ұйымдастырылады.
Алынған білімді бекіту кезеңі - бұл оқушылардың білімді берік үғынудың тиімді тәсілі, еткен материалды жинактау үрдісі, қорытынды шығару. Ол үшін әр оқушыға өздік жұмысы ретінде тест карточкасы берілді. Тест нәтижелері бойынша оқушылардың материалды менгеру дәрежесі аныкталдды.
Қорытынды кезінде окытушыы сабақтан тыс уакытта да осы жұмысты жалғастыруға кеңес беріп, оқушылардын сұрактарына жауал берід. үй жұмысын беру кезеңінде келесі жаңа тақырыпқа өздігінен дайынлалып келуге тапсырылалы. Мақсаты — оқушылардың өз бетімен ізденушілік, дербестік қасиенетін дамыту, өзін-өзі дамьггу, жаңа білімді бекіту.
Сабақ корытындысын шығару кезенінде жалпы корытынды шығарылады. оқушылардын сабақка қатысу белсенділігі бағаланды.
Екінші эксперимент нәтижесі
Оқушылардың алған білімдерін менгеруі мен бекітуі эксперименттік объектісіндегі өткізілген оқытудын әдістемесі кезінде тиімдірек болды. Себебі сабақ берудің екінші әлістемесі кезінде оқушылар сабаққа алдын ала дайындалып. сауалдарға әр турлі әдебиеттер көмегімен өздігінен жауап іздеп баска пәндерден де мәліметтер карастырып окып, керек жерін жазып, белгілі пікір туындатып келді. яғни мұғалшнің баяндамаларды талдау сабағына дайын болды. Сабақта, 5 оқушы қарастырған такырып бойыншша әр түрлі авторлардың көзқарасын талдау аркылы салыстыра білуге, өзіне баға беруге. сын айтуға, көзқарасын білдіруге және түрлі ғалымдардын пікірін нақтылап, логикалық зерттеу мен ойлауға үйренді. Баянламаларлы талдау арқылы оқушылардың шығармашылық, сойлеу, тілдік,. ойлау қабілеі дамып, дұрыс болмаса да ойын еркін айтуға дағдыланды талдау жасауға үйренді. Баяндамаларды дайындайу өзіндік жұмысын арттыру ен дамытуға тәрбиелейді. Сабақта түсінбеген жерлері толықтырылып, ұғындырылды, мәселенің қай бағытта жүріп жатқаны көрсетілді, ол үшін көрнекі құралдар қолданылды. Оқушылардың бұл сұрақтарға жауап беру нәтижелері бойынша, білімді меңгеру дәрежесі жоғары болды, яғни материалды берік ұғынды.
Информация о работе Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері