Қорытынды
Жалпы монеталар
тақырыбын зерттей отырып, бұл
ғылымның өте күрделі әрі қызықты
екендігіне көз жеткіздім. Сонымен
қатар зерттеуде бірнеше атақты
ғалымдар еңбек еткен. Олар осы бағытта
көптеген шығармалар жазып қалдырған.
Үлкен қалаларда ғылыми зерттеу
институттары ашылып, зерттеу жұмыстары
одан әрі жалғасын тауып жатыр. Қазақстанда
тиындар (негізінен орта ғасырға
жататын) көне қалаларда, обаларда, сондай-ақ
тиын қоймаларында (Отырар, Тараз, Йассы,
т.б.) жүргізілген археологиялық
қазба жұмыстары нәтижесінде
табылды. Олар арқылы Қазақстанды мекендеген
Орталық Азия, Алдыңғы Шығыс, Қытай,
Жерорта теңізі, Русь мемлекеттерімен
сауда байланысы болғандығы анықталды.
Алматыда монеталарды зерттеу жұмыстары
Қазақстан Ғылым Академиясының
Археология Институтында жүргізіледі.
Нумизматика тиындарды кешенді
зерттеу тауарлы ақша қатынастары
тарихын деректемелер ретінде қарастыруды
алдына мақсат етіп қойып отыр.
Орта Азияда сауданың
күшті дамуына байланысты ақша шығару,
ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе,
мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды.
Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері
ел экономикасында ерекше міндет атқарды.
ХІІ ғасырдың ІІ-жартысы, ХІІІ ғасырдың
басында Отырарда шыққан Мұхаммед Ибн
Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі
сауда саттықта ерекше міндет атқарды.
Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар
өзінің салмағы бойынша алтынмен
бағаланып, сауда айналымына енді. Отырар
және Түркістандағы монетті комплекстер
ХҮІ ғасырда Орта Азия және Оңтүстік
Қазақстан қалаларында айналымының
ерекшелігі бар екенін көрсетеді. Монетті
комплексті қала ХҮІІ ғ. салды. ХҮІІ-ХҮІІІ
ғасырларда Орта Азия басқа өлкелермен
саяси және сауда қатынасын одан әрі кеңейе
түсті. Бұхар және Хива елшілері сауда
керуендерімен Москва, көрші Шығыс елдеріне,
қазақ даласына, ноғайлы Сібірге және
тағы басқалары барды. Бұхарада жауапты
елшілік болды. Мемлекет аралық және транзитті
сауда күміс және алтын металды құнды
валютаны қажетсінді. Ясы және Ташкент
мысты тиыны барлық белгілермен ХҮІІІ
ғасырдағы отырарлық мыс монеті муниципалды
сипатқа ие. Күміс монетінен айырмашылығы,
ондағы жазуда джанидтік хандардың есімдерімен
титулдары жазылған, қаланың аты жазылмаған
тиындар саяси және фискалды мақсаттарға
қолданылмай, тек сауда базарында қолданды.
Мысты тиынның мұндай ерекшеліктері ХҮІ-ХІХ
ғасырларда Орта Азияның барлық жеріне
тән Таңқаларлығы ХҮІІ-ХІХ ғасырларда.
Ирандық қала тиындарында түрлі аңдардың,
құстардың және т.б. бейнесі жиі бейнеленді.
Олардың кейбіреуі зооморфтық сюжеті
жағынан қазақстандық және Өзбекстандық
мыс тиындарына ұқсас. Мұндай ұқсастық
Иран-Орта Азиялық елдерде Семантикалық
негізгі жалпылықты білдіреді. Кейінгі
Орта ғасырдағы Отырарлық монеттерге
метропологиялық талдау және салыстырмалы
зерттеу аяқталған жоқ; одан әрі зерттеуде
тиындардың нақты ортасын анықтау, түрлі
ақшалардың номиналын салыстыру болып
табылады. Бірақ қазірге келіп тауар-ақша
қатынасының көтерілуін, ұсақтауар сауданың
дамуы және қалалық базардағы мыс қатынасының
кеңеюі, Отырардың басқа Сырдария бойындағы
қалалармен, Орта Азия және Орыс мемлекетінің
ХҮІІ ғасырға экономикалық қатынасын
айтады. Біз Х-ХV ғасырлардағы Орта Азиядағы
монеттер туралы зерттеуіміздің соңына
келдік. Ізденісіміздің нәтижесінде жазылған
еңбек біз үшін күрделі де жауапкершілігі
мол іс болды. Осы мәліметтерге қатысты
тарихтың қойнау-қолтықтарында сақталып,
қалың жұрттың назарында сирек кездесетін
әр түрлі деректер (тарихи, археологиялық,
нумизматикалық) мен ғылыми еңбектерде
берілген анықтама, ой тұжырымдаманың
әр алуан болып келуіне байланысты, әлі
жауабы табылмаған сұрақтар мен мәселелер
аз да болса өз шегіне жетті деп ойлаймыз.
Кейбір ой толғаныстар біз үшін әлі де
кемеліне келе қоймағандай. Оларды толықтырып,
ширата түсу қажет сияқты. Біз осы зерттеу
жұмыс арқылы орта ғасырлардағы Орта Азия
монеталарының ашылмаған қырларын ашуға
тырыстық.
Қосалқы тарихи
пән ретінде нумизматика тарих,
археология, саяси экономия, өлкетану,
тіл білімі мен басқа да ғылымдар
проблемаларын шешу үшін маңызды материал
береді. Көптеген проблемаларды кеңінен
қамтуының арасында бұл қосалқы пәндер
қатарына шықты. Кейбір жағдайларда
мысалы, тауар-ақша айналымын зерттегенде
нумизматика бірқатар зерттеушілердің
пікірі бойынша, дербес ғылымдық маңыз
алып отыр.
Нумизматика
ежелгі заманның ақша системасын
және олардың тарихи даму процесіндеі
эволюциясын анықтайды. Бұл жағынан
ол, басқа қосалқы тарихи пәнмен
– метрологиямен тығыз байланысады,
өйткені монеттер құн өлшеуі
болып табылады.
Басқа
ғылымдар сияқты нумизматиканың
да өз терминологиясы бар: аверс
– монеттің бет жағы ( әдетте
гербтің бейнесі немесе монетті
шығарған мемлекеттің билеушісінің
портреті); реверс – монеттің
кері жағы; гурт – монеттің
өңделген шеті ( қабырғасы ), ( ол
тегіс суретті және үстінде
жазуы бар болып келеді; гурт
монетті подделкалау ісін қиындатады);
монет өңірі – монеттің бет
және кері жақтарының сырты;
легенда – моне үстіндегі жазу;
номинал – монеттің белгіленген
құны; лигатура – күміс, алтын
және платина монеттерінің жалпы
салмағына проценттік қатынаста
алынған қымбат емес металл
қоспасы; монет кірісі – монет
номиналы мен оны даярлап шығару
құнының арасындағы айырым (оған
жасалған металл құны да қосылады;
монет кірісі монетті шығарған
мемлекетке тиісті болады); монет
стопасы – монеттегі металдың
салмағы мен сол металдың тауар
ретіндегі белгілі салмағының
арасындағы қатыс (ол монетттің
номиналына және қымбат бағалы
металлдың тауар ретіндегі құнына
байланысты); монеттің бұзылуы –
номиналы сақтала отырып, монеттегі
метал санының азаюы (немесе
лигатураның көбейіп кетуі); монет
типі – монеттің сыртқы деректерінің
жиынтығы.
Бұл арада маңызды
жағынан неғұрлым жалпылама нумизматиканың
терминдердің кейбіреулері ғана келтірілді.
Нумизматиканың жеке бөлімдеріне жататын
басқа ұғымдар мен ұсынылған
әдебиеттерді пайдалану процесінде
танысуға болады.
Нумизматика
(латынша numizma, грекше nomizma – тиын,
шақа ) – тиындар, құйма ақша
кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын
мөрлері, құжаттар) арқылы тиын
соғу, ақша тарихын зерттейтін
көмекші тарихи пән. Қағаз ақшаны
(бонистика), медальдарды, жетондарды,
ордендерді (фалеристика) зерттеуде
нумизматика ұғымына сәйкес келеді.
1) Орталық Азия
мен Қазақстан аумағында өмір
сүрген мемлекеттерде және соған
шектес аумақта күмістен шекілген
монет. Тарихшылардың археологиялық,
нумизматикалық зерттеулерге сүйене
отырып айғақтауынша, Қазақстан
аумағында теңге тарихы ежелгі
замандардан бастау алады. Ежелгі
түркілер Ұлы Жібек жолының
бойында VI-VIII ғасырларда билеуші
тайпалардың таңбасы шекілген, ру
рәмізі бейнеленген теңге құя
бастаған. VII-VIII ғасырларда Сырдарияның
орталық алабы мен Отырар атырабындағы
және Жетісуда тұрған жергілікті
билеушілер өз монеттерін шығарып
тұрған. VIII ғасырдағы түргеш монеттерінің
сыртқы бетінде «көктегі түргеш
қаһанның ақшасы» деп аударылатын
жазу жазылған. Археологтар мен
тарихшылар осынау жоғары сынамалы
күміс монеттері әлемдік ақша
ретінде пайдаланылған деп топшылайды.
Олар Орта Азия мен Шығыс Еуропада, Балтық
жағалауы мен Скандинавия елдерінде де
табылды. Қортпа алты металдан түзілген,
құрамында аздап алтын кездесетін 775 -
80 жылдары шығарылған монеттерде күмістің
құрамы 80% - ға жеткен. Кейінірек оның құрамы
50% - ға кеміген. Одан кейін қорытпаға темір,
мыс, қола кірген. Монет күміспен, кейде
алтынмен жалатылған. IX – X ғасырларда
Фараб (Отырар), Испиджаб (Сайрам), т.б. қалаларда
монет сарайлары жұмыс істеген. Ақша айналысында
3 түрлі дирхем – мүсейявей, мұхаммедей
және штрифи жүрген. Тарихшылардың топшылауынша,
Қарахан мемлекетінің дәуірлеген тұсында
(X-XIII ғасырлардың басы) Баласағұн, Орда,
Тараз, Барысхан, Испиджаб, Фараб, Бодықкентте
монет сарайлары теңге шығарған. 1271-1272
жылдары монғолдардың Шағатай ұлысына
билеуші етіп қойған әкімі Масұдбек бүкіл
Орта Азияда еркін айналатын күміс монетті
енгізді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан
аумағында Әмір Темірдің монеті айналыста
болды. XV ғасырдың басында Отырар мен оның
айналасында күміс монеттер пайдаланылды.
Негізгі атауы тәңгә, оның ширегі мір,
ал он екіден бір бөлігі тәңгеше деп аталды.
XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың бірінші
жартысына дейін монет сарайлары Ясы да
(Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайрамда
үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырда Сырдария
жағалауындағы қалалар Ташкентпен бірге
құрамы тек күмістен тұратын монет айналыста
жүретін экономикалық аймақ құрды. 1525-1528
жылдары күміс монеттері бірыңғай стандарт
бойынша шекілді. XVI-XVIII ғасырларда Қазақстанда
мыс тиындар да қолданыста болған. Нумизматикалық
зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен
және Ресеймен сауда-саттық байланыста
болғанын айғақтайды. Орыстың «деньги»
деген сөзі осы теңге деген ақша атауынан
шыққан. XVIII ғасырдың ортасынан Қазақстанда
Қоқанның, Ташкент хандарының ақша белгілері
және орыс монеттері пайда бола бастады.
Ал XIX ғасырда барлық сауда алыс-берістері
тек қана орыс ақшасымен жүргізілді. 2)
Қазақстан Республикасының ақша өлшемі,
ұлттық валютасы. Бір теңге 100 тиынға тең.
Қазақстан Републикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын
енгізу туралы» 1993 жылдың 13 қарашадағы
Жарлығымен осы жылдың 15 қарашасында айналысқа
шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір
заңды төлем құралына айналды.
Тиындарды
ақша айналымының құралы, мемлеттік
құжат, қолөнер мен өнердің
туындысы эпиграфиялық деректеме
ретінде зерттеу жұмыстары мен
тығыз байланыста жүргізілді.
Тиындардағы белгілер
мен жазулар арқылы басқару түрлерін,
патшалықтың ауысуын әулет шежіресін,
мемлекеттік төңкерістердегі т.б
анықтауға болады. Олар көбінесе
саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын,
соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі
ішкі күрестер, мемлекеттік немесе
діни реформалар, т.б көрсетеді.
Тиындар – идеология
, дін, қоғамның саяси ой-пікірі тарихын
зерттеуде айрықша деректеме.Қоғамның
экономикалық тарихын, қолөнерінің
көркем туныдысы ретінде техника
және өнер тарихын зерттеуде нумизматика
материалының маңызы зор.
1. Тақырыптың
маңыздылығы . Бұл тақырыпты зерттеу
барысында Х-ХV ғасырлардың аяқ шеніндегі
Орта Азияда монет өндірісі және монеттер
туралы мәліметтерді, еңбектерді пайдалану.
Монет соғу белгілі бір қоғамда төлем
құралы ретінде пайдалану сол қоғамның
әлеуметтік – экономикалық және саяси
дамудың белгілі бір сатысында табысқа
жеткенін көрсетеді. Бұл жұмыста нумизматикадағы
зерттеудің аса маңызды әдістеріне: сауда
жолдарын анықтау, кейбір монеттердің
топографиясын жасау, кейбір монет типтерінің
кімге жататындығын анықтау, монеттердің
техникалық ерекшеліктерін салыстыру
әдістеріне назар аударылды.
Монеттер және
монет өндірісіне қарап сол аймақтардың
даму тарихын, мәдениетін, өндірістің
даму ерекшеліктерін байқауымызға болады.
Х- ХV ғсырлардың. аяқ шенінде Орта
Азиядағы Андижан, Бұхар, Отырар, Қашқар
және т.б. қалалардағы монеттер осының
дәлелі бола алады.
2.Тақырыптың
мақсаты: Нумизматиканың
мақсаты - тиындарды кешенді зерттеу, тауарлы
ақша қатынастары тарихын деректемелер
ретінде қарастыру болып табылады.
3 .
Тақырыптың міндеті: Нумизматиканың
шығу тарихы, ғылым ретінде қалыптасуы,
оны зерттеген ғалымдар туралы толық құнды
мәлімет беруді көздейді.
4.Зерттелу
деңгейі:Жалпы нумизматика
ғылымын зерттеу Кеңестік замандағы ғалымдардың
еңбектері елеулі орын алады. Атап айтқанда
Бурнашева Р.З. «Отрар. Отрарский Оазис
и Южный Казахстан. Нумизматические исследование
по денежнему делу Южно –Казахстанских
городов VII- XIII в.в.» Алматы 1989 год. Қазақ
ССР Ғылым Академиясы.Алма-Ата 1979ж. Общественные
науки. Отрар. Отрарский Оазис и Южный
Казахстан. «Наука»1989г.Алма-Ата.еңбектері
пайдаланылды.
5.Хронологиясы: Ғылыми нумизматикада
монеталарды зерттеу ХҮІІІ ғасырдың ІІ
жартысында пайда болды. Оның негізін
салған И.Х.Эккель.
X ғасырдан XV ғасырдың аяқ шеніне дейінгі
Орта Азия қалаларындағы монеттер, монет
өндірісінің техникасы қарастырылады.
«Шығыс нумизматикасының князі» Х.М.Френ
екі ғасыр бұрын мұсылман нумизматикасының
негізін қалаған.
Нумизматика ежелгі заманның
ақша системасын және олардың
тарихи даму процесіндегі эволюциясын
анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- К.Байпаков. Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы: -2005, 316 бет.
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Т.1. 1998 ж
- А.Х.Маргулан. Археологические памятники Казахстана. 1978 г.
- Институт археологии А.Х. Маргулана. МОН РК. 2006 г. Алматы.
- Қазақ ССР тарихы. 1957 ж. Т.1.
- Акшиев К.А., Байпаков М.А. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата. 1979 г.
- Акишев К.А. Археологические работы на городище Отырар. Алма-Ата.
- Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алма-Ата 1979 ж.
- Общественные наук. Отырар, Отырарский Оазис и Южный Казахстан «Наука» 1989 г. Алма-Ата.
- Бурнашева Р.З. Отырар. Отырарский Оазис и Южный Казахстан. Нумизматические исследования по денежнему делу Южно-Казахстанских городов VІІ-ХІІІ в.в. Алматы 1989 г.
- Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах Южного Казахстанав ХV-ХVІІІ в.в. Туркестан 2006. С. 255.
- Бурнашева Р.З. Клад серебрянных монет конца ХІV в. Начало ХV в.в. с городище Куйруктобе. А.Н. КазССР. Сер.общ.наук-1989, с. 37-45.
- Бурнашева Р.З. «Денежное обращение Отрар ХV в» Денежное обращение в городах Южного Казахстана в ХV-ХVІІІ в.в. Турсентан, 2006 г.
- Бурнашева Р.З «Клад Чагатайдских монет второй половины ХІІІ в с городища Отырар// История материальной культуры Казахстана. Алма-ата, 1980 г. С.88
- Давидович Е.А «Денежное хозяйство Средней Азии». С 141-151.
- Давидович Е.А «Денежное хозяйство Средней Азии после монгольского завоевания и реформ Масудбека (ХІІІв). С 37.
- Бурнашева Р.З «Монетный материал с городища Отырар-Тобе за 1471-1472 годы – в кн: В глубь веков. Алма-ата, 1974, C 172.
- Бубнова М.А « Добыча полезных ископаемых в Средней Азии в ХVІ – ХІХ вв. М; 1975; C 15.
- Жуков В.Д «Дукентский клад монет // ИМКУ, Ташкент, 1959. Вып,1 . с 176.
- Бартольд В.В Тараз // Соч, М; 1953. Т.З. с 495-496.
- Семегова Т.Н «Средневековый Тараз». Алма-ата, 1972. C 216.
- Давидович Е.А «Клады древних и средневековых монет Таджикистана; С 245.
- Давидович Е.А «Нумизматические заметки (Караханиды, Чингиз хан, Шайбаниды) – известная отделения общественных наук». А.Н Тадж ССР, 1968, № 3(53), С 81-84.
- Давидович Е.А «Клад Среднеазиатских пулов первой четверти ХVІ в – Нумизматика и эпиграфика. М; 1960, №1 С 198.
- Бурнашев Р.З «Два клада Джанидских монет VІІ в. С территории Южного Казахстана. – В кн: Прошлое Казахстана по археологическим источникам. Алма-ата, 1976, С 79.
- История Узбекской ССР. Т.1 ( с древнейших времен до середины ХІХ в.) Ташкент, 1967, С 571.
- Давидович Е.А «Клад Среднеазиатских пулов первой четверти ХVІ в – Нумизматика и эпиграфика. М; 1960, №1 С 198.
- К.Байпаков. Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы: -2005, 316 бет.
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Т.1. 1998 ж
- Институт археологии А.Х. Маргулана. МОН РК. 2006 г. Алматы.