Шаш монеттердің
27 экземпляры кездеседі. Олар бір типке
жатады. Соңғы күміс монеттер
Янги қаласынан табылған.
Бір типке жататын 3 монеттерде
беткі жағында бір қатарлы шаршы
карт деген жазу бар. Артқы бетінде:
екі қатарлы шаршы картушта №1 және 2 тамгалары
бар. Шығарылған күні мен жері жазылмаған.
Жоғарыда айтылғандай, 87 монеттер
мыс фельстеріне жатады және
бұл аралас типтегі 2-ші қор
болып саналады. Бірінші қорда
мыс монеттен басқа – жүзік,
білезік тағы басқа әшекейлер
табылды, бұлардың ішінен тек
күміс монеттерді ғана Давидович
зерттеді.
Мемлекеттік эрмитаждағы Өзбекстан
тарих музейіндегі монеттерді
зерттеп, оларға тек сипаттама
ғана берді. Күлтөбедегі қорларда
мыс фельстері кездеседі. Ол
Давидовичтің сыныпталуына енбеген.
Ол монеттер Андижан, Отырар, Фарабтікі.
«Отырар» және «Фараб» бір
жағдайда қала, екінші жағдайда
облыс атын береді
Бірақ ең қызығы қазбадан сол
жылы Отырарда шыққан 19 дана мысты
фельстер кездеседі. Осы уақытқа
дейін ақша қатынасында джагатаидтік
күмістелген, алтындалған мысты
фельстер тек джаганаидтік билеушілердің
астанасы Алмалықта шығарылды деп
есептелген.
Е.А, Давидович дерегінде мысты
фельстер Отырарда тек 677-685 жылдары
Масудбек реформасынан кейін
үш кезеңде белгілі болды. Олар
безендірулі күмісті монет кезеңі
жақын, біртектес болды. Отырарды
бұл кезеңде безендірілуі және
жазуы бойынша 18 дана монетадан
өзгеше масудбек есімін алған
бір монет табылған.
Отырарда мыстың шығуы ұсақ
күнделікті жеке сауда жасауда
ақша кеңірек қолданылғанын көрсетеді.
Отырардан табылған мысты күміс
дирхемдерінің тек біреуінің дөңгелек
легендасында «Отырар қаласын» оқуға
болады. Қалғандарында жазу өшірілген.
XIII ғасырдағы джагатаидтік тиындарға
Алмалықта соғылған мысты фельс
жатады. Өкінішке орай, нашар сақталған.
Теріс жағы өшірілген, беткі
жағы - екі сызық сызылған. Легендасында
фрагменті жазу сақталғанымен
оқу мүмкін емес. Бірақ сыртқы
түрі, көлемі Алмалық күміс дирхеміне
ұқсас. Сондықтан бұл фельсті
джаганаидтік ақша шығарудың
бірінші кезеңінің соңы немесе екінші
кезеңінің басындағы Алмалық тиыны деуге
болады.
XIV ғасырға жататын датасы өшірілген,
Самарқанд Әмір Темірдің атымен
шыққан Отырардан алты мысты
монет табылды. Барлық монеттер
біртектес, нашар сақталған
Бухардаттық монеттердің
3 түріде оңтүстік қазақстандық қалаларда
көптеп кездеседі, ол бұл монеттердің
VIII – XII ғасырлардағы ақша айналымында
белсенді түрде қатынасқандығын
көрсетеді. Дегенмен бұл кезеңде
осы аймақта жеке қалалардың монеттері
де Бараб, Испиджаб, Саманидтар мен
Қараханидтар кезеңінде және Таразда
жасалған.
VIII – X ғасырлардағы
Сырдария бойындағы қалаларда
сауда – ақша айналымының құлдырауы
көрсетілмеген. Керісінше, Бухар
мен Самарқандта X ғасырда мыс
монеттер айналымда болған жеке
сауда дамыды – ұсақ қала
ішінде және маңызды облысаралық
байланысты мыс фельстар шығаратын
монет сарайлары құрала бастады.
Барбатың Саманидтік
тиыны 310 ж.х. /922 -23 ж Е.А. Давидовичтің
1967 жылы Самарқандта вокзал жанынан
табылған мыс монеттермен ашылған.
Монеттер (301/91.4 – 331/943 жж) Саманид Әмірі
Насыр II Ахмад атынан басылған. Саманидтер
кезінде монеттерде бір жағдайда
- қала аты, басқа жағдайда – облыс
аттары жазылған. Бараб (Фараб) Х ғасырда,
В.В. Бартольдтың айтуынша, Сырдарияның
орта ағысындағы екі жағындада орналасқан
облыс немесе округ болған. Бұл
округ IX ғасырдың 40 жылы Саманидтер жаулап
алған Испиджап облысының құрамына
кірген, Саманидтер көршілері –
түріктердің шабуылынан сақтанып, өздерінің
солтүстік және шығыс шекараларының
қаупсіздігіне көп көңіл бөлді.
Саманидтік фельстер шығарылған
жеріне қарамастан мемлекет бойынша
сауда айналымында маңызды рөл
атқарды. Отрар, Құйрық – төбе,
Мардан - Құйқа жерінде жасалған
қазбада Самарқандта, Бұхарда,
Шаш пен Испиджабта, Барабта (Фараб)
Х ғасырдың басы – XI ғасырда
жасалған саманидтік фельстер
табылған. Испиджаб пен Барабтан
табылған тиындар бұл екі облыстың
экономикасының дамығандығын көрсетіп,
сауда айналымында тауардың көбеюіне
талап етілгендігіне куә болады.
Сонымен қатар Бараб пен Испиджабтан
табылған, Насыр II Ахмад атына
жасылған мыс монеттер, саяси тұрғыда,
сол кездегі бұл екі облыстың саманид
мемлекетінің құрамына кіретіндігіне
куә болады. Алайда бұл екі округті, сөз
жүзінде Саманид вассалы саналған, жергілікті
түрік билеушілері басқарды.
Саманид монеттерін зерттеуде
үлкен үлес қосқан Е.А.Давидович
болды. Оның саманид кезеңіндегі
нумизматикаға арналға еңбектері
өзінше түрлі сипаттарға ие. Ол
монеттің материалын негізге
ала отырып, Мауеренахрдың ақша
айналымы мен Саманидтер кезеңіндей
Орта Азияның феодалдық қатынастарының
дамуын зерттеді. Е.А.Давидовичтің
еңбегі арқасында Х ғасырдың 60
жылдарына жататын Кубалық саманид
монеттері мен Саманидттер тарихы
бойынша жаңа мәліметтер ашылды.
Фергана монеттерін зерттей отырып,
Орта Азиядағы Х ғасырлардағы
қызмет үшін жасалған феодалдық
шағымдарды мінездей алды. Самарқандтан
табылған мыс қазына жұмысы
бойынша Фергананың мемлекеттік
және жеке Ахсикент қаласынан
шыққан фельстер қарастырылады.
Нумизматикалық зерттеулер бойынша
IX – Х ғасырларда Саманид кезінде
Ферганада жеке иелік монеттерді
өз атынан тек Саманид әулеті
адамы ғаан шығара алды. Монеттер
Фергананың және ертеде Ахсикенттің
ұмытылып кеткен билеушілердің
аттарын білуге көмектесті: олар
269/882 – 83 жж Асад Ахмадтың және
Мухаммед Исхақтың 294/906 -07 фельстері,
сонымен қатар, 277/890 – 91 жылдары
Ахмад Асадтың ахсикенттік фельстері.
Тағы Самарқандтың қазынада мөлшері
мен салмағы бойынша кішкене
болатын үш монет табылды, олар
Насыр
I Ахмад пен
Насыр II Ахмадтың атынан шыққан.
Монеттер Е.А.Даивдовичың саманидтік
тиынның номиналы бойынша негізгі
сұраққа жауап табуына көмектесті.
Оның айтуынша Саманидтар кезіндегі
бүкіл мыс монеттер «фельс»
деп, ал оның негізгі номиналы
– «адли» деп аталған, кіші
монеттер «пишиз» деп аталған.
«Адли» мен «пишиз» монеттердің
айырмашылығы олардың мөлшерінде
болды: 1- сі – 22-25 мм, 2 –сі – 15-19 мм.
Е.А.Давидовичтың еңбектері арқасында
Самарқандтың билеушілері туралы түрлі
сұрақтарға жауап табылды: қала мен облыстың
номиналдық билеушісі Ахмад Асад болса,
әке атынан оның баласы Насыр Ахмад билеуші
болды.
Кочнев, Саманид нумизматикасында
жеке сұрақтарын зерттей отырып,
Мансур Нух және Исмаил Ахмадтың
атынан шыққан саманидтер фельстерінің
заңсыз көшірмелерін анықтады. Оның
ойынша Саманидтер кезіндегі
Орта Азияда тек фельстер ғаан
емес, дирхемдердің көшірмелері
жасалған. Сонымен қатар саманид
Нух Мансур (385-386/995-996жж) атынан шыққан
испиджабтық фельстер анықталған. Қазіргі
уақытта Давидовичтың, Насыр Ахмадтың
атынан 307 ж.х.б./919 -920 жж жасалған Испиджабтық
жалғыз фельс жарық көрді. Тағы, испиджаб
монеттерінен, Саманид Нуха б.Мансур атынан
басқа, Б.Д.Кочнев, Испиджабтың ежелгі
жергілікті билеуші әулетінен шыққан
Абу Мансұр Мухаммад Хусейн Мутам Испиджаб
мен сәйкес келетін Абу Мансұр Мұхаммад
ал – Хусайн деген есімді оқиды.
И.Г.Добровольский мен Б.Д.Кочнев
екеуі, Саманид Йахий асад монеттерін
зерттей келе Иахии Асад және
Тахир Абдаллах атынан шыққан
монеттер Шашта емес, оның астанасы
– Бинкенте жасалған. Шын билікті
Иахии Асад тек үлкен ағасы
қайтыс болған соң 241 ж.х./855 ж
қолына алып, өмірінің соңына
дейін Шаштағы тахирид вассалы
болды. Сонымен қатар ғалымдар
Ахмад Асаддың ахсикенттік монеттерін
зерттеп мынадай қорытындыға
келді: бұл монет 205 ж.х. емес,
Саманидтің қолына бүкіл Мауеренахрдағы
билік келген кезде, яғни 250 хижра
жылы бойынша жасалған. Ғалымдар,
250 ж.х.б. (864 – 65 ж) ахсикеттік фельстер
– Ахсикенттегі саманидтер монеттері
ең ежелгі, Ахмад Асадның атынан
басылып шығарған тиындар үлгісі
және оның ұлы Асад Ахмадтың
аты кездесетін алғашқы монеттері
деп санайды.
Х ғасыр – феодализмнің дамыған
кезі және саманидтер феодалдық
мемлекет болды, олар ірі феодалдардың
құқығын қорғап, олардың есімдерін
монеттерге жазуға дейінгі құқықтар
берді, үлкен жер иеліктерін
берді. Ал шағым түскен феодализмнің
аты 2-ші орынға түсіп, вассал
сияқты болды. Осы туралы деректерден
көре аламыз. Мұнда Отрар мен
Отрар оазисінен табылған монеттер,
оңтүстік Қазақстан территориясы
вассал ретінде саманид мемлекетінің
қол астында болғандығын көрсетеді.
Сауда – ақша айналымы дамыған
Саманид мемлекетімен тығыз шаруашылық
байланыста болуы, Испиджаб пен
Фараб округінің дамуына әсерін
тигізді.
Х ғасырдың ортасында Жетісу
мен Шығыс Түркістан жерінде
феодалдық құрылыста Қарахан
мемлекеті құрылды. Хандық жүйеге
негіз арта отырып, мемлекет батыс
және шығыс бөліктерден – Батыс
және Шығыс қағанаттардан тұрды.
Елдің билігі феодалдық иерархия
қолында болды. Бұл әр кезеңдегі
билеушілердің дәрежесі биік
болғанымен, түрлі болғандығын көрсетеді.
Хандықтардың билеушілерінің ауысқаны,
дәл хронологиялық саяси сұрақтардың
жауаптары, жоғарғы билеуші мен
оның вассалдары жайында нумизматика
деректерінен табуға болады. Бізге
жеткен жазба ескерткіштерде
жоғарыдағы материалдар жайында
ештеңе сақталмаған. Нумизматикалық деректер
– нақты және Қарахан мемлекетінің саяси
және әлеуметтік – экономикалық тарихын
зерттеуге көмектеседі. Бірақ қараханидтік
монеттерді зерттеуде мынадай қиындықтар
туындайды: монеттерде біреуінің өзінде
бірнеше атақтар мен билеуші аттары кездеседі.
Бартольдтың ойынша: дәл нақты айғақ болмағандықтан,
бұл монеттегі түрлі атақтар бір немесе
бірнеше адамға жататындығын табу қиындық
тудырады. Монеттердегі атақтарды дұрыс
табу қызықты тарихи оқиғаны тапқандай
яғни, ХI – ХIII ғасырларға жататын билеушілердің
беттерін ашады.
Қараханид тарихының кезеңдері
және нумизматикасымен көптеген
ресейлік: В.В. Григорьев, В.В.Радлов,
В.Дорн, Ф.Ердман, Х.Д. Френ, В.В.Бартольд,
А.М.Марков, және шетел: Е.Цамбаур,
С. Лэн- Гуль, Г.Ховорс, О.Прицак
сияқты ғалымлар зерттеумен айналысты.
Әсіресе, Х ғасырдың соңы –
ХIII ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік
және экономикалық тарихын зерттеуде
кеңес ғалымдары: Р.Фаслер, М.Е.Массон,
О.И. Смирнова, Е.А.Давидович, М.Ф.Федоров,
Б.Д.Кочнев зор үлес қосты. Осы
ғалымдардың үлкен еңбектері
арқасында ортаазиялық Қарахандықтардың
шежіресі мен хронологиясы жайында
сұрақтарға жауап табылды, Х
– ХIII ғасырларда шығыс Қарахандықтардың
шежіресі, тағы елдегі атақтар
мен билеушілер есімдері: Тига
– тегін, Арслан – хан, Тұған
–хан, Насыр - әл –хакк, Кутб
әд - Даула, Боғра хан, Тамды
Боғра- хан, Бөрі – тегі, Муайыд
әл - Әділ, Шем әл – Мүлк тағы
басқаларды табылып, жаңа саясаткелер
есімі, жалған монет жасау орталықтары
ашылды. Бір сөзбен айтқанда, қарахан
кезеңіндегі орта азия тарихын
зерттеуде үлкен жұмыс жасалды.
Бұл жұмыста саяси жағдайлар,
хандықтағы ақша айналымы, жеке
облыстағы және округтегі пайдаланған
монет құрамы анықталып, көрсетілген.
Жоғарыда айтылған сұрақтарыды
зерттеуде Е.А.Давидовичтің, М.И.Федорованың,
Б.Д.Кочневтің үлесі зор. Әсіресе
қызықты зерттеуді Давидович
жасады. Ол ХI – ХIII ғасырдағы
қалалық өмірді, қолөнерді және
Орта Азиядағы ақша айналымымын
көрсетті. Автор мынадай екі мәселелерге
тоқтайды:
1. Сол кездегі алтын мен күміс
орнына пайдаланған, түрлі метелдардан
жасалған монеттердің негізгі
түрлеріне мінездеме беру, сосын
өткен кезеңмен салыстырғанда
жаңа шыққан монеттермен салыстыру;
2. ХI – ХIII ғасырларда ақша айналымында
және теңге басып шығарудағы
монеттерге мінездеме жасау, сонымен
қатар, күміс монеттердің нашарлау
себептері «Күміс дағдарыс» Орта
Азияда ХI ғасырда басталып, ХIII ғасырдың
III ширегіне дейін жалғасты. ХI – Х ғасырларда
Азиядан Европаға көптеп күміс тасушылық
анықталды. Бірақ Давидовичтің айтуынша
күміс теңгелердің құрылымының нашарлау
тек күмістің сарқылуымен емес, Азияда
ғана емес, Европада қалалар, қолөнер мен
сауданың дамуымен байланысты болды.
Дамудың шырқау шегіне Таяу
және Орталық Шығыс қалалары,
Закавказ және орта Азия Самарқанд,
Бұхар, Ташкент, Отрар, Құйрық
– төбе, Испиджаб, Тараз, Баласағұн
және т.б. қалалар жетті. Мұндай
даму тек ірі орталықта емес,
ұсақ ауылдар мен қалашықтарда
да жүрді. ХI – ХII ғасырларда
қалалық құрылыс көбейіп, олардың
шекаралары кеңейді. Бұндай көрініс,
өзіндік жеке монеттер шығарған
оңтүстік Қазақстан қалаларында
орын тапты. Сондықтан ХI –
ХII ғғ, ХIII ғасырдың басы Давидовичтың
анықтауынша – қалалардың тез
қарқынды дамуын, тауарлар мен
сауданың дамығандығын көрсететін,
феодализмнің белгілі бір кезеңі.
Қала мен сауданың дамуы ХI
– ХII ғасырларда базарды үлкен
көлемдегі тауар айналымы талап
етті. Мұның өзі өмірге алтынды
алып келді, сонымен бірге алтыннан
жасалған монеттің 1 түрін ғана
емес, түрлі көлемдегі және салмақтағы
алтын монеттерді өмірге әкелді.
Күмісті Европаға жіберу ХI
ғасырда тоқталғанымен, күмістің
біраз жинақталған қоры болсада,
мемлекетте жоғарғы билік иелері
еркін монет шығара алмады, ал
феодалдық және басқа да саяси
қиындықтар еркін монет шығаруға
жол бермейді. Осылайша «Күміс
дағдарыстың» дамуының объективті
шарты, Е.А.Давидович айтуынша, сол
кездегі шашыңқы сипатта болған
күмістің қоры. Бірақ негізгі
себеп, ХI – ХII ғғ орта Азиядағы,
«Күміс дағдарыстың» формасын, жайылуын,
уақытын, мемлекеттің экономикалық
жағдайы мен ақша айналымындағы
жаңа құбылыстар болды.
Шынында, түркі
мемлекеттері де өздерінің ақшасын
тым ерте соға бастады. Жəне де бұл
жерде артықшылық, сөз жоқ,
түркеш қағанатында. Сол, арабтармен
де, қытайлармен де тайсалмай
соғысқан, түркілердің ішінде
алғашқы болып исламды қабылдаған
түркештерде. Сондай-ақ миссионер арқылы
ерікті түрде, себебі біздің өлкемізде
отпен жəне қылышпен жаңа дінді ендіруге
арабтардың қолынан келмеді. Түркеш
хандары монетаның төрт түрін
соқты. Бұл ақшалар Жетісудан
Соғдыға (қазіргі Тəжікстан) дейінгі
үлкен аумақта есеп айырысу
үшін пайдаланылды. Монеталар
қағанның ордасы орналасқан Суйяб
жəне Тараз қалаларында шығарылды.
Монетаның бір жағында ханның
тамғасы, ал екінші жағында «ұлы түркеш-қағанның
деңгасы» жəне жазу бар. Бір мезгілде
Шу алқабында өз монеталарын түргештерге
бағынған тухуси түркі халқы да шығарды,
бірақ олардың ақшасы тек Шу алқабының
өзінде ғана айналыста болды. VIII ғасырдың
екінші жартысының басында түргештер
түркілердің басқа пайпасы қарлұқтарды
бағындырды, тура олардың кезеңіне
қазақ руларының көптеген генеалогиясы
(шежіресі) дəл келеді. Дəл
осы Қарлұқ қағанатында, мысалы,
Ұлы жүздің бабасы атақты Бəйдібек
ата өмір сүрді. Қарлұқтар елдің
бүкіл оңтүстігінде өзінің саяси
үстемдігін орнатты, бірақ өз
монеталарын соққан оқ, түркештердің монеталарын
пайдалануды жалғастырды. Дегенмен біздің
өлкемізде тек өз ақшамыз ғана емес, сонымен
бірге шетелдік «валюта» – фельстер
де айналыста болды. Оларды
аймаққа Орта Азияға VIII ғасырдың
басында басып кірген арабтар əкелді.
Кешікпей оңтүстік көршілер,
ислам дінін қабылдаған қарлұқтар
Саманидтер жəне Тахиридтер «əлемдік
ақшалар», сол уақыттағы – күміс дирхемдерді
соға бастады. IX-XI ғасырларда дирхемдер
басты айналыс құралы бола
бастады. Бірақ оларды «қара дирхемдер»
деп атады, себебі күміске мысты көп
қоса бастады. Осындай монеталардың бет
жағында билік белгілерімен
жəне жазулармен бірге иленушінің
бюсті, ал сырт жағында құрбандық
отпен жəне күзетшімен бейнеленген.
Оңтүстік Қазақстанда XI ғасырда
Қараханидтер билік орнатқаннан
кейін аймақта гүлдену кезеңі
басталды. Бұл ретте ақша
алғашқы кезде ауысқан жоқ.
Бірақ келесі жүз жылдықтың
ортасына қарай қара дирхемдер
жоғалып кетті. Сонымен қатар
жаңа ұрпақ өздерінің қола жəне
мыс монеталарын соға бастады.
Тек осы қар дирхемдер ғана
біздің өлкеміздегі монеталардың арысында
ұзақ қолданылғандардың алдында болғанын
əділдік үшін атап өту керек. Оларды 400
жылға жуық соғып, пайдаланды. Бүкіл
осы жылдар бойы Барабтағы (Отырар
округінің Фарабындағы), Испиджабтағы,
Тараздағы монета сарайлары жұмыс істеді.
Қараханидтер мемлекетінде Еуропаның
классикалық феодалдық мемлекеттеріне
тəн болған күрделі жүйе болды. Кейбір
билеушілер басқаларына бағынды жəне
өз ақшаларын соғу ұмтылыс жасады. Ал
бұл жалған монеталардың таралып кетуіне
алып келді. Археологтарға жалған монеталардың
тұтас қоймалары белгілі. Бұлар
туралы олардың тиелері де
білмеген Сонымен қатар XI ғасырда Орта
Азияны жəне Оңтүстік Қазақстанды «күміс
дағдарысы» қамтиды, бұл 250 жылға созылды.
Талас жəне Аханагаран өзендерінің бастауларындағы
күміс кен орындары таусылды. Күміс монеталардың
көпшілігі осы аймақтан Еуропаға ығысты,
онда қалалардың қарқынды түрде өсуі басталған
еді. Осыған қарамастан аймақтағы
қалалар қарқынды түрде өсті,
олардың шекаралары кеңейді. Мысалы,
Шымкенттің жалпы ауданы сол
уақытта 30 га жетті. Мыс монеталармен
қатар алтын да айналыста
болды. Бірақ археологтар көптеген
қоймалардан осы металдан жасалған
монеталарды емес, алтынның кесегін ғана
тапқан. Күміс дағдарысы сондай-ақ заңды
жалған ақшаның айналыста болуына
алып келді. Сол уақытта Қазақстанның
аумағында кемінде бес монета сарайы жұмыс
істеді Моңғолдар келгенге дейін Оңтүстік
Қазақстанды Хорезм шахы Мұхаммед басып
алды, ол Отырарда өзінің Хорезм монеталарын
шығара бастады.