Монеталар тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 16:56, курсовая работа

Краткое описание

Қосалқы ғылыми пәннің дамуының алғашқы кезеңі монеттерді әуесқойлықпен коллекциялау болды. Жинаушыларды монеттің сан алуан типте болып келуі, көне даналардың біршама тез дамып қалатындығы, анықтаудың және классификациялаудың біршама оңайлығы, ақырында сақтау үшін қолайлығы қатты қызықтырады. Орта ғасыр дәуірінің өзінде-ақ Еуропаның көптеген қалаларында көбіне антик заманының монеттерін жеке адамдардың көптеп жинаушылығы болған еді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................2-6 бет
I. Орта Азиядағы монеталар
1.1 Отырардан табылған монеталар. Түргештер, саманидтер, Караханидтер кезеңіндегі монеталар................................6-27 бет
1.2 Қазақстан мен Орта Азия ғалымдарының
Зерттеулері........................................................................27-46 бет
1.3 Шығыс монеталарын зерттеген Френк еңбектері....46-48 бет
II. Қазақстан нумизматикасы
2.1 Монғол кезеңінен қазақ хандығына дейінгі монеталар 48-50 б
2.2 Ақша реформалары мен қоймалары............................50-52бет
2.3 Теңге- ҚР мемлекеттік нышаны................................52-55бет
Қорытынды....................................................................................56-60бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................63-64 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

нумизматика.docx

— 293.75 Кб (Скачать документ)

1.2 Қазақстан мен Орта Азияны зерттеген ғалымдарының      зерттеулері

Қазіргі уақытта  Орталық Азия нумизматикасын Қазақстандық материалсыз елестету мүмкін емес, Орталыұ Сырдария және Жетісу аймақтарынан материалсыз елестету мүмкін емес. Қазақстандағы тарихи зеттеулердің бұл бөлімді қамтуы айқын дәлел.

Қазақстанның  кең байтақ жерінде ақша тауар  қатынасы бірдей дамымады. Олар қала өсуімен, әр ауданныі эканомикасымен және шаруашылығының бір қалыпта болуымен анықталады. Шаруашылық қызметінің гүлденуі көбірек  оңтүстік қазақстанда болады. Сонымен  қатар осы өңірде археологиялық  жіне нумезматикалық зерттеу жұмыстары  қарқынды жүрді. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология жіне этнография институтының Отырарда және Отырар оазисінде, Түркістанда, Сауранда және Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалаларында жүргізген  комплексті археологиялық жұмыстары  арасында. Қалалардың әлеуметтік-эканомикалық тарихын, соның ішінде қаладағы ақша айналымының тауар шаруашылығының дамуын эканомикалық байланыстарын  анықтауға арналған өте бай көлемдегі  нумизматикалық материал (1000 экземпляр) табылды.

Қалада экономика  негізгі рөл атқарады. Міне, сондықтан  болар орта  ғасырлық авторлар қалаларды  сипаттағанда басты архетектуралық құрылыстармен қатар базардың орындарын  қоса айтады. Сауда операциялары мұнда, қол өнер өнімінің дамуына қарай  теңге арқылы жасалған. Орталық Азия секілді, Оңтүстік Қазақстан қалалары әрі  жер өндіру вилайеттердің  орталықтары болған, ол далалық аймақтары  бар Дешті Қыпшақтың сауда  байланысына үлес қосты.

  Көп ғасырлар бойы түрлі халықтардың сауда дамуында қалыптасқан теңгелер өткен күндерен қызықты хабарлар берді.Шаруашылық өмірді зерттеу үшін күміс теңге қорларымен қоса мыс теңгелерде өз үлестерін қосады. Олар танымал типтерден болса да, сонымен қатар жер астында жатып шіріп, бір бөлігі қалса да, олар бәрібір керемет дүние болып таылады.

Орта Азияның  саяси және әлеуметтік-эканомикалық мәселесіне қатысып ақша айналымы, ақша шаруашылығы жайындағы сұрақтардың  ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі  тарихы Ресей жіне Кеңес тарихшылыры  Х.НФрен, А.КМарков, С.Лэн-Пуля, М.Н Массон, В.А Жуков, Е.А Давидович, О.И. Смирнова еңбектерінде кездеседі. (Б.И Вайнорг, Е.В. Зеймал, Г.А. Федров-Давыдов, М.Н. Федоров, Б.Д. Кочнев, Д.Т Веладзе, Л. Шпинева).

Қазақстан нумизматикасы, республика тарихында ұзақ уақыт  бойы аз зерттеліп келді.   Бұл  ғылымның жеке бөлініп және дамуы  кейінгі жиырма ылда болды. Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалардан табылған көптеген нумизматикалық тенгелер VII-XVIII ғасырларда оңтүстік қазақстандық қалардың ақша айналымын және теңге жасау ісін анықтауға алғашқы қадам болды.

Орталық Сырдариядан  табылған ерте нумизматикалық материалға Мардан қорымынан табылған ерте нумизматикалық материалға Мардан қорынан табылған қытай теңгесі – Ушу жатады. Жерлеу ескерткіштері – некрополь  және тұрғын жерлер – бізді заманымызда  Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалар тарихын зерттеуде  маңызды материал болып табылады. Мардан қорымындағы жерлеу орындары археологиялық материал бойынша (дәстүрлер) б.з. 1 ғасырына жатады. Бірақ қорымнан табылған – Қытай теңгесі Ушу  – бұл қорымда одан алдыңғы  уақытқа б.з.д.     II ғасырдан кейін келді деп есептейді. Ол зерттеген Ушу теңгелері Шығыс  Түркістаннан 1909 – 1910 жылы  С.Ф. Олденбургтің  экспедиция тобы алып келді. Олденбургтің нумизматикалық компаниясына Қытай  Ушуынан басқа кушандық, сосанидтік, қытайлық (кайюнь тунбао, цальюань, чжунбао - Дали кезеңі; цзянь чжун тунбао сундық-Цянлуи кезеңіндегі Цинь әулеті, Даогуан  және Сяньфэн) және өз биліктерін Шығыс  Түркістанға жайған мұсылман әулеттердің  теңгелері кездеседі.

Ушудың уақытын  анықтау қиын. Олардың ұзақ уақыт  бойы, яғни VII ғасырдың айналымында  болғаны ғана белгілі. Ушуды шығару 118 жылы Батыс Хань әулеті патшасы  Ушудың тұсында басталды және 589 жылға  дейін созылған. Ушу ақша айналымынан тек Тань әулеті кезіндегі 621 жылы Кайюань тунбаю жасалғанан кейін шықты.

Ежелгі Қытай  теңгелері ушуцяньді зерттеумен М.В. Воробьев айналысты және ол теңгелердің  Қытай ақша айналымы мен теңге  жүйесінің дамуында маңызды рөл  атқарған екі топты дөңгелек манеттер екендігін анықтады. Оның ойынша, бірінші  топқа – баньлян, екінші топқа  – кай юань тунбаю жатады. Воробьев әр трпқа өзіндік сипаттама беріп  кеткен, мұның өзі Қытай нумизматикасын дұрыс шешуді жеңілдетіп, нумизматикалық коллекцияларды  топтарға дұрыс  бөлуге өзіндік септігін тигізді.

  Ушуды А.А.Быков та қарастырған ол Қытайдың ежелгі дүниеден бастап, Қытай империясының құлағанына дейінгі ақша айналымы туралы қысқа тарихи очерк жазған.

Оңтүстік Қазақстан  мен Жетісу қалаларындағы базарларда ушудан басқа орта ғасырлардағы қытай  теңгесі Кайюань тунбао кездеседі. Орталық Азияда бұл теңгелерді еш өзгеріссіз соғдылар жасады. О.И.Смирнова бұл теңгелерде ары қарай тегіс  артқы бетінде бұхарлық белгі, кейінірек  – соғдылық жазу және белгі болған, ол қытайлық «тао» (пышақ), бұл белгі 500-ден 5000-ға жуық ушу теңге қылыштар жасаған, бұл теңгелер жергілікті теңгелер арасында сәтсіздікке ұшырады, Вань Манның ақшаларына тиісті екендігін  анықтады. Орталық Азия Қытаймен бірге  теңге шығаруды тек Вань Ман кезінде  басталды, яғни І мыңжылдықтың басында  Бұхар мен Самарқантта табылған соғды-қытай теңгелері, олардың көп  көлемде жасалғандығын көрсетеді. Отырар мен Құйрық төбеден VIII-XIX ғасырларға жататын Қытайдың әр типке және әулетке  жататын теңгелер табылған. Бұл қазбалар Оңтүстік Қазақстанның – Жетісу, Шығыс  Қазақстан, Қытайдың өзімен байланыста болғандығын көрсетеді, ал теңгелер мұнда сауда жолдары, караван (керуен) көпестері арқылы жеткен.

Ерте ортағасырда  соғдылар Қытай мен Византияның  арасындағы сауданың көп бөлігін  өз қолында ұстаған. Соғды колондары  Орта Азиядан Қытайға дейінгі  сауда жолдарында, тіпті Қытай  территорияларында да орналасқан. Соғдыда  жоғары дамыған тауар өнімдері болды, базар және қала саудасында тұтынушы үшін қала теңгелері басылды, онда әулеттік белгілер және оларды жасатқан билеуші  аттары болды.

Соғдылардың  нумизматикасының негізін қалаған, сол мәселе жөнінде көптеген мақала жазған О.И. Смирновты айтуға болады. Оның еңбегін Кеңес тарих ғылымына қосқан үлесі көп. 1981 жылы оның «соғды теңгелерінің тексеру каталогы»  атты еңбегі жарық көрді. Пендікенттен табылған екі мыңға жуық теңгелер жүйеленіп, сыныпталған. Сонымен қатар  бұл сыныптауға Ақ-Бешім, Ақ-тен, Афрасиаб, Қафир-қала, ежелгі Кувы, Моншақ Тепе және Отырар қалаларының  монеттері де кездеседі. Каталогқа Кеңес Одағы  музейінен, Стокгольм тарих музейінен  және кейбір жеке коллекциялардан алынған (жиналған) теңгелер де жатады.

Территориялық сипаты бойынша каталогқа соғдыдан (Шығыс  және Батыс) басқа, Усрушан, Ферғана, Шаш, Отырар, Жетісу теңгелері де кіреді. Хронологиялық шеңбері бойынша  Кушаннан басталып ( Ү ғасыр) ұзақ уақыт  бойы Араб шапқыншылығына дейінгі уақытты, яғни мұсылмандық басталып елде арабтық  теңгелер шыққанға дейінгі уақытты  қамтиды.

Каталог теңгелердің  көп қырлы типтерін, жазу ( легенда) формасын, хронологиясын көрсетеді. Топ, серия, тип және территориясы бойынша  жүйеленген теңгелер түріктердің әр жерде болғандығын және олрдың жерлерін анықтауда: Бұхар оазисі, Ферғана, Шаш, Отырар аудандары және Жетісуда болғанын көрсетеді. Сонымен қатар каталог  соғды мәдениетінің Орталық Аззия  жолдарында орналасқан халықтарға таралғандығын  көрсетеді.

Соғды мәдениетінің әсері әсіресе қолөнер дамуына, шарушылық, мәдени, рухани өмірдің нәрленуіне тиді. ҮІІ-ҮІІІ ғасырда Орта Сырдария мен Жетісу жеріндегі қалаларда  соғды теңгелеріне ұқсастырылып жасалған қала теңгелеріне негізделген  сауду-ақша қатынасы дамыды. Бұл ортасы шаршы түрінде тесілген теңгелер екі ғасыр бойы Соғды, Жетісу, Ферғана  базарларын жаулап алды. Ежелгі түрікті  соғды тілді монеттер (тегелер), түркештер  мен бірнеше  Самарқандтық және Ферғана  монеттеріне (теңгелері) басқа, таралған жерлері тек өзіндік иеліктерінде ғана болды.

Отырар оазисінде ( Отырар-төбе, Құйрық-төбе, Алтын-төбе, Көк-Мардан-Күлік) жүргізген археологиялық  қазбадан, ҮІ-ҮІІІ ғасырдағы қала мәдениетінің, экономикасының гүлденгенлігін көрсететін нумизматикалық материалдар табылды. Табылған теңгелер бір типтес және сипаты бойынша Отырар оазисіне тән  екендігін көрсетеді, себебі оларды жергілікті түрік билеушілері шығарған.  Бүгінгі күні олар үш типтен көрсетілген:  беткі жағында құйрығы қайырылған оңға қарай, жүріп келе жатқан, ашуланған  арыстан бейнеленген. Бұл теңгелер соғдылар сияқты жасалу техникасы – құйылған, ортасында шаршы типтес тесігі жоқ. Артқы жағында – түрлі әулеттің жасағандығын көрсететін түрлі тамғалар.

Бірінші типтегі  тамга, Жетісу билеуші әулеттерінің түркештермен байланыста болғандығын  көрсетеді, Ал түркештерде бұл тамга  әулеттік белгі саналды.

Екінші типтегі  тамга белгісі, сонымен атар түркі  визатиялық тілдегі жазба тобына кірді.

Үшінші тип  бір дана ғана Құйрық – төбеден  табылды.  Тамгасы бейнеленген  белгілі әулетке тиесілі болуы  керек дейді. Оның үстіне, метрологиялық  қатынаста, салмағы алдыңғы типтерге қарағанда ауырлау. Бұл екі номиналдың Сырдария бойында қалалардан табылуы  осы кездегі сауда-ақша қатынасының  дамығандығын көрсетеді. Таң қаларлық нәрсе емес, бұл кезеңде Орта Азия және Жетісу өңірлерінде ақша қатынасы жеткілікті дамыған болатын.

Арыстан суреті бар  теңгелер төңірегіне шаш теңгелері  де жатады. Шаш теңгелері және оның маңындағы түрлі топтар арасынан жыртқыштың суреті бар Отырар теңгелері  де табылды. Арыстан бейнесі бар  Отырар мен Шаш теңгелері әлеуметтік – экономикалық және рухани мәдениетіне  өз әсерін тигізді. Отырардың ерте орта ғасырдағы теңгелерді зерттей келе, олардың Тарбанда жасағандығын анықтады.

Отырардың түрік  әулеттерінің Жетісу түріктерінің археологиялық  материалдан басқа нумезматикада  бір-бірімен байланыста болғандығын  көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай, Отырар түрік билеушілерінің бірінші тип  теңгелерінің артқы бетінде   тамгасы бар, бұл руналық белгісінің стильдік түрі болып табылады. Ол Жетісу түріктердің басшысымен – яғни қағанның әулеттік тамгасы ретінде теңге  жасау ісінің соңына дейін түркеш теңгелерінде де бейнеленген. Түргештер  теңгелері қазіргі уақытта жақсы  зертеліп, негізгі төрт типпен ұсынылған. Оларды Жетісудан Соғдыға дейінгі  үлкен территорияны қамтитын жерінен  тапқан. Мұны түргештердің өте үлкен  байланыста болғандығымен түсіндіруге  болады. Жетісудағы теңге жасаудың ірі орталықтары – Суяб пен  Тараз болды. Бетінде түргештер  руналық белгісін қойды ал артқы  жағында – «Түрген қаған ақшасы»  деп жазылған, ол түргештердің басты  әулетке қатыстығын көрсетеді. Түргештердің теңгелер шығаруы ҮІІІ ғасырдың алғашқы  он жылдығына жатады. Алайда О.И. Смирнова бұл теңгелер  ҮІІІ ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап шығарыла бастады дейді. Түргештер теңгелерін зерттеуге көптеген Кеңес ғалымдары кірісті, нәтижесінде теңгелердің типін, тілін және хаттарын анықтап, олардың Соғдылардікі екендігін көрсетті. Түркештер теңге ісін дамыту үшін, Соғдыдан ұсталар шақырды, олар Соғды теңгелері сияқты жіпке немесе тесмаға байлауға ыңғайлы болу үшін ортасында шаршы етіп тесік жасаған.

Біздің ойымызша, Отырар оазисінде түрік билеушілері  Жетісу түргештерінен бұрын белгісі  бар теңгелер шығарған. С.В.Киселев  және басқа да ғалымдар, Жетісуға руно соғды және хорезм хаттары арқылы келген деп есептейді. Сонымен қатар  орхон жазуларында түргештердің 710-711 жылдары  конгрес халқымен соғысқандығы айтылады. «Конгресс – олар печнегтер, себебі атаудың өзі Сырдарияның  төменгі және орта ағысындағы халық  дегенді білдіреді» - деп Гумилев  жазып кеткен. Бернштам руналық текстерді  ескере отырып, 711жылы Түркештер қағанаты Сырдарияда тұрған халықтарға жеке тәуелсіз мемлекет ретінде бола бастады. Мүмкін түргештердің соғыс қимылдары кезінде  жергілікті түрік теңгелерімен таныс, ондағы   руна жазуын алып, өздерінің  VII ғасырдың және  шыға  бастаған теңгелерде әулеттік тамга ретінде  шығара бастаған. Біздің ойымызша, Отырар оазисінде ежелгі түрік теңгелердің  ең соңғы түрі болып табылады және Х ғасырда Шу даласында орналасқан тухси немесе тухус халқының белгілерінің соңғы түрі. Орта ғасырлық авторлар тарихи және географиялық шығармаларда түркештерді түргештерді екі  топқа бөлген: тухси және аздар. Тухси  және тухус атаулары бірдей, себебі олардың тұрғылықты жері Шу өзені  даласы. Қызығы тухустар өздерінің  теңгелерінде қытайлық иероглиф «чу»  - «су» (вода) тамгасын қолданған. Түрік  диалекттерінде «ч» дыбысы «с» дыбысымен  ауыстырылғаны кездеседі, яғни «чу» - «су» - вода. Шу өзенінің атауының өзі  сонда, осы даланың халқының шаруашықық өмірінде маңызды рөл атқарды. Ерте орта ғасырда түріктерде суға табыну дәстүрі болған, себебі өмір бұлағы саналған. Ертіс өзеніне деген  қимақтардың құрметтеуі Гардизидің «Зоитн ал-ахбар» еңбегінде кездеседі: «қимақтар бұл өзенге бас иіп  құрметтейді, сосын өзен – адамның  құдайы» дейді.Тухсилердің теңгелеріндегі үшінші нұсқа да «Чу» - белгісі болуы  мүмкін емес, олардың өзенге қамқоршы ретінде құрметі. Сондықтан бұл  белгі осы далада тұратын түріктердің  әулеттік тамгасы болып табылады. Өз кезегінде тухсиліктерге  ҮІІ  ғасырда түрік қағандары  тұрған Суяб және Біглік қалалары тиесілі болған. Суяб атауынан В.В. Бартольд түркі-соғды тіліндегі су атауын – «аб» және «су» көруге болғандығын айтады.

  ХI – ХII ғасырларда Орта Азияның ақша айналымын зерттеп Е.А.Давидович, Қарахандықтар күміс монеттерді ХI ғасырдың басында айналымнан шығара бастағанын айтты.  Алтынның күміске қатынасын қарастыра отырып, ХI – ХII ғасырлардағы айналымда болған алтын динарлар шығару маңызды іс саналып, барлық монеттер (алтын) салмағы бойынша айналымға түсе алды. Давидович  күміс пен мыс монеттері айналымында орын алған монеттерді сипаттады: күміс монеттердің орнына  айналымға дирхемдер түсті, олар жалған болған, дегенмен олар күміс теңгелердің кейпінде жасалды, яғни мыс монеттерді күміс жалатып жасаған. Давидовичтің анықтауы бойынша күмісті мыс дирхемдер ХII – ХIII ғғ басында болған. Түрлі номиналдар мысты күміс монеттерді жасағанда, бір – бірінен айыру үшін, нақты салмақ пен түрін алды. Осылайша Қарахандық Қадырхан тұсында стандартты 5-к салмақтағы мысты – күміс дирхемдер шығарылды. Барлық монеттер бір уақытта жасалған жоқ. 2 киллограм стандартты монеттер ХII ғасырдың соңы мен ХIII ғасырларда Фарабта, Бинкент, Термезде жасалды.

           Е.А. Давидович монеттердің күмістелуімен  қатар, ол Қарахан тарихындағы  нумизматиканы;  ХII ғасырдың олардың  хронологиясы мен шежіресін зерттейді.

         XI- XII ғасырда Қазақстан территориясында  мынандай монет сарайлары болды  – Баласағұн, Орду, Тараз, Барысхан  және Параб (Фараб). Параб монеттері  Кочневтің Тараз экспедициясынан  1958 жылы табылды. Мұндай монеттер 2 түрлі дәрежелі көрсететін, және  соларды толықтыратын 2 ережесін  зерттеген мысты – күміс дирхемдер.  Парабтағы монеттердің 4 типі  көрсетілген, ал – хакан, ал  Адил Шамс ад – Дүниа ва  – д Дин Құтлұқ Білге қаған  титулы бар бір билеушінің  атынан шыққан. 1- типтегі монеттің  бетінде оның мұсылмандық аты  жазылған Хасан Абд ал –  Халык. Олар туралы деректер  нашар, сақталған, дегенмен Фарабтың 1 – ші типтегі монеттері тағы  Кермен қазынасының ішінен табылды,  бұл қазына Орталық Мауеренахрдың  астанасы, - Заравшан жазығында орналасқан  Самарқандта жасалған монеттерден  тұрады және 560- 569 жылы  уақыт аралығында  жасалған. Осы жылдардың соңғысы  Фараб монеттерінің шыққан уақыты  болып табылуы мүмкін деп болжам  жасады Б.Д.Кочнев. Ал 2-ші типтегі  монеттердің хронологиясы Халиф  Насыр билік еткен, яғни 575 –  622 ж саяды. Дегенмен 607 жылы Фарабты  басып алған Хорезмшах Мухаммед Текеш монет жасаса, қалған қалдық бойынша, Кочнев, бұл 2-ші типтік дирхемдер 596 ж немесе 597 ж сонымен қатар, 603 ж басып шығарылуы мүмкін. Ал 3 – ші типтегі монеттер туралы деректер мүлдем сақталмаған, 4 – ші типтегі монет, Кочневтің ойынша, 588  немесе 598 ж жасалған. Осының нәтижесінде: Парабтағы мысты – күміс дирхемдер XII ғасырдың 60 жылдарынан – 603 ж  жылдарына, мүмкін 607 жылдарға дейінгі аралықта, яғни Қараханидтардың Отрардағы билігі нашарлаған уақытқы дейін созылды. Монеттердегі жоғарыда айтып кеткен 2 дәрежесі XII- XIII ғасырдың басындағы Фарабтың ішкі саудасы өзіктік тауарлармен толықтырылып, күшті дамығандығын көрсетеді. Саяси жағдайы өзіндік хандық билігі және Мауеренахр, Үзгент, Қасан хандығы қолдарында болған Қарахандықтағы Фергана әулетінен шыққан жеке хандары болған.

Информация о работе Монеталар тарихы