Тағы
бір топ ақша Шағатайдың жаздық
ордасында құйылған екен. Орда
Алмалыққа жақын жерде орналасып,
Құяш немесе Орда әл-Азам деп
аталған. Теңгелердің сегізі Сыр
бойындағы Жент қаласында жасалған.
XIII ғасырға дейін бұл қалаға
теңге құю ісі таныс болмаған
көрінеді. Себебі 1219 жылы Жошы әскерлері
Жент қаласын қиратқан. Алайда
Отырарда табылған қазынаға, құйылған
теңгелерге қарағанда, қала осы
ғасырдың ортасына қарай қайта
жанданған. Жент қаласындағы ақша
сарайынынң жұмысы туралы ортағасырлық
автор Жамал әл-Қаршидің «Бұрындары
жент маңызды қала болған. Ол
жақын күндері ғана қиратылды,
соған қарамастан, ол жерлерде
әлі күнге дейін сауда жасалады.
Бір-бірімен бәсекеге түскен көпестер
өз заттарын мақтап, маңыздылығын
айтып, дәлелдеп әлек. Сондықтан базардағы
сауда үнемі саудагерлер үшін ауытқып
тұрады» деп жазғаны сауданың болғанын
растайды.
Келесі бір топ теңгелердің
бетінде ақшаның Қырымда шыққаны
жазылған екен. Бұл жерде Қырым
облыс және жердің атауы ретінде
берілген.
Жалпы алғанда, Отырардан табылған
теңгелер мен әшекейлер - өте
бай және ерекше қазына. Ол
Оңтүстік Қазақстан тарихының
аз зерттелген қиын кезеңдері
туралы мағлұмат алуға септігін
тигізді.
Моңғол шапқыншылығынан кейінгі
онжылдықтарда қалалардың қатты
күйзеліске ұшырағаны белгілі.
Сол себептен ол кездегі ақша
арқылы жасалған сауда-саттық
қатынас жайлы айтудың өзі
артық. XIII ғасырдың алғашқы ширегінде
моңғол басқыншы соғысынан кейін
ақша саудасы тез қысқарды
да0 кейіннен мүлдем тоқтап қалды.
Орта Азия мен Қазақстандағы
күйзелістен шығарып, шаруашылықты
қалпына келтіріп, сауданы жандандыру
үшін, бәрінен бұрын ақша реформасын
жасау керек болды. Оны бастаған
Менгу хан болды.
Отырарда
осындай қазыналардың бірі (978 дана)
1973 жылы, екіншісі (214 дана) 1974 жылы табылды.
Бірінші табылған жазуы бар
мыс теңгелерді негізгі үш
топқа бөлуге болады. Олар Ташкентте,
Яссыда және шыққан жері белгісіз
ақшалар. Соңғы аталған ақшалар
тобы орналасуы жағынан алғашқы
екеуіне жақын. Ең көп тобына
жататын теңгелердің бір бетіне
аң, екінші бетіне құс бейнеленген.
Аң салынған кейбір ақшалардың
екінші беті тегіс келеді. Сонымен
бірге ешқандай жазуы да, суреті
де жоқ, екі беті тегіс ақшалар
да кездеседі. Олар толығымен
жасалып үлгермеген ақшалар болуы
да мүмкін.
Отырар
– Төбе қаласындағы төрт қазбадан
1974 жылы 496 монет табылған. Бұл материалдың
екі мысты қазынасы үлкен қызығушылық
тудырған I (170 дана) және II (214 дана) қазбадан
табылды. Монеттердің белгілі
бір бөлігі соғылған кейінгі
ортағасырлық қалалар Ташкент
және Түркістан, Отырарда ақша
айналымының бірнеше түрі айтылады.
1973 жылы Отырардан алғашқы екі
ірі мысты монет (978 дана) қоры
табылды. Дегенмен Үш қордың
монеттерінің көп сәйкестігі (түрі,
салмағы, датасы) бар. Олардың
материалдары бөлек баспадан
шыққанымен XVI-XVIII ғасырлардағы Отырардың
ақша айналымына арналған.
1974 жылы Отырардан табылған монеттердің
саны- 112 дана. Олардың 34-і өшіп
кеткен немесе қышқыл еріткен,
төртбұрышты немесе тіктөртбұрыш
формасындағы 10 монет бар. Ондағы
жазулар өшіп кеткен немесе
фрагменттеліп сақталғандықтан
монеттерді нақты анықтауға келмейді.
Дайындау техникасы кейінгі ортағасырлық
(XVI-XIXғ.ғ) техниканы сипаттайды. Отырарлық
бұл мыс XVI ғасырдың соңы
мен XVIII ғасырмен және XIX ғасырдың
басы болып даталанады, археологиялық
деректер бойынша XIX ғасырдың
басында экономикалық орталық
ретінде құлап, халық аз қоныстанды.
XIII ғасырдың соңғы ширегінде
Отырардың ақша айналымында Ташкенттен
шыққан Юнус-Ходжа мыс монеттері
кездеседі. 27 дана ұсақ мыс
монеттерге, пулдарға XVI ғасырдың соңында
соғылып Отырар, Ташкент және
Түркістандық ақша айналымында
кең қолданылды. Отырар және Отырар
өлкесіндегі нумизматикалық материалдардан
құрастырылған мыс монеттер салмағы
бірнеше номиналдарға сәйкес келеді.
1974 жылы Отырар-
Төбеден табылған ұсақ мыстарды
салмағына қарай 3 түрге бөледі.
Мыс салмағының 1-ші түріне 0,26-дан
0,48 гр (0,26 гр- 1 дана, 0,32 гр-1 дана, 0,39 гр-1
дана, 0,42 гр – 1дана, 0,45 гр –
3 дана, 0,47 гр – 3 дана, 0,48 гр –
1 дана) арасындағы монеттер. Бұл
монеттердің орташа салмағы –
0,3 грамм. Ұсақ ақшалардың 2-ші түріне салмағы
– 0,51-0,84 дейін (0,51-2 дана, 0,53- 3 дана, 0,63- 1
дана, 0,64- 2 дана, 0,65- 1 дана, 0,67- 1 дана, 0,69-
1 дана, 0,73- 1 дана, 0,84- 1 дана) болатын 13 дана
монет жатады. Олардың орташа салмағы
– 0,6 грамм. 3-ші түріне үш монет (0,94 , 0,96
, 1,10 ,) орташа салмғы 1 грамм болатын монеттер
жатады. Оларды салмағы 0,9 г пулдармен
салыстыруға болады. Осылайша 1974 жылы
табылған Отырарлық ұсақ мыстарды XVI-XVIII
ғ.ғ стандартты салмағы 0,3; 0,6 және 0,9 пул
ақша айналымында айырбасқа түсті. Ал
бейнеленген монет салмағы 1,10 грамм мыс
монеттер Отырар және Түркістаннан табылды,
біздің ойымызша, олар джаниттік кезеңде
соғылған. Салмағы 0,3-0,6 грамм ұсақ мыс
монеттер Отырар қаласының территориясында
ғана айналысқа түсті. Қазірше археологиялық
қазбаларда мұндай монеттер Отырар-Төбеде
тіркелген. Мұндай ұсақ монеттер (9 экз)
№3 қазына II қазбадан табылды. Салмағы
бойынша олар да 3 түрге бөлінеді: 0,3 г (0,46
г; 0,48 г) ; 0,9 г (0,8 г ; 0,9 г ; 0,95г ;,0,96г ) және
1,2 г (1,36г және 1,47г). Қалған монет қазыналары
дәстүрлі жолмен соғылған. 1974 жылы табылған
Отырар-Төбе ұсақ пулдары №3 қазынадағы
сияқты жеке дана, XVI-XVII ғасырладағы Қзақстанның
оңтүстігінде, Отырар өлкесінде тиын бөлшектеріне
куә. Бұл қазақ хандығы тұсында сауда-ақша
қатынасының өсіп, ақшалы сауда жөнінде
айтуға болады. Жоғарыда айтылғандар және
Оренбург экспедициясының бастығы
И.Кириллов ташкенттік Нұрмұхаммед Мулла
Алимовтан алған мәліметтер және 1734 жылы
Императрица Анна әкелген: «Ташкент және
Түркістан билеушілерінде темір көп, таудан
қазып, Чилса (Чиыршық) өзенінде тазалап,
мысты Самарқандқа алып барып, арзанға
сатады, Түркістанға жақын жердегі Төрт
данасы III қазбадан (инв. №450/9, 450/11, және
450/28), екеуі II қазбадан (инв. №451/10, және
451/12) табылған.
Шығарылған уақыты сақталмаған.
Теріс жағында Тимурдың таңбасы
үшжапырақты өрнек. Беткі жағында
үш сегментті – монет сарайы
« Чекан Самарканда» аталған.
Өткен кезеңдерде Темір монеттері
Отырарда тіркелген.
Отырар археологиялық комплексінде
Тимуридтар кезеңіндегі монеттер
жеке қаралып, зертеліп, бұл мәселеге
арналған жеке баспа жұмыс жасайды.
1974 жылы монет қазбалары Отырарда XVI ғасырда
кең қолданған.
XVI-XVII ғасырларда
Орта Азияда қалалар өсті, егін шаруашылығы
да кеңейді, мәдениет, сауда дамыды және
жерге феодалдық жеке меншік орнады. Мұндай
жағдай тек Орта Азияда ғана емес, Қазақстанның
оңтүстік қалаларында қазақ және өзбек
хандарының соғысына қарамастан дамыды.
Бұған дәлел, Отырар Түркістан (Ясы) және
Ташкент монеттерінде монет сарайлары
бейнеленген, ақша айналымында мысты монеттердің
ұсақ айырбасы жүрген.
Түркістан (Ясы) тиынына II , III және
IV қазбадан табылған мысты монеттің
үш түрі жатады. Бірінші монета
(449/14) тіктөртбұрышты формалы, ұсақ
номинал. Беткі жағында «Ясыдан»
«сы» сөзі және «зарбы» сөзінен
«зар» сақталған. Теріс жағында
монеттің шетіне екі параллель
сызық жүргізілген.
Екінші монет (450/21) дөңгелектенген,
беткі жағында монет сарайының
аты – «Ясы» сақталған. Жан-жағы
өшірілген. Теріс жағы да өшірілген.
Үшінші монет (451/13) фрагментті, ұзын
дөңгелек формалы, беткі жағында
монет сарайының аты , теріс
жағында – геометриялық өрнек.
Мұндай монет түрі Түркістандық
монет қазынасынан белгілі.
Отырарлық Шайбанидтік тиынға
Абдуллахан II атынан шыққан мысты
монет жатады. Беткі жағында ханның
аты және 1000 ж.х /1591-1592/ даталанған.
Теріс жағында ұсақ гүлдер
арасынан 1000 ж.х оқуға болады және
нақты оқуға келмейтін жазу
қалдықтар. Монеттің шығарылған
жері сақталмаған.
Бұл кезеңге жататын Искандер
ханның (1560-1583) екі күміс монеті
жатады. Ол 1974 жылы Ран қаласындағы
№5 ғимараттың еденінен археологиялық
қазба кезінде табылды. Екі
монетте түрлі болса да, бір
ханның атынан шығарылған. Өкінішке
орай, бұл монеттен шығарылған
уақытымен жерін ғана оқуға
болады. Бірақ Ескендір – хан
Шайбани 1560-1583 жж билік құрғанын
және оның тұсында Андиган,
Ахсы, Балх, Бұхар, Герат, Самарқанд,
Ташкент, Ясыда монет сарайлары
құрылған. Бұл монеттер Ташкент
немесе Ясы қалаларының өнімі
болуы мүмкін. Картушалардың ерте
кездегі Ташкент және Ясыда
шыққан Ескендір-хан монеттерімен
сәйкес келмейді. Мүмкін, бұл ханның
жаңа түрдегі күміс теңгесі
болар.
Ран қаласындағы бірінші монет
(инв. 444/1) жақсы сақталған. Беткі
жағындағы картушадан билеушінің
атын және титулын оқуға болады.
Шындығында есімі бірнеше стильді
жазылған. Дөңгелек легендада тек
титулдардың бөлігі сақталған.
Теріс жағында картушада шайбанидтік
және джанидтік теңгелерде қабылданған
сенім белгісі бар.
Екінші монеттің (инв. №444/2) жоғары
бөлігі өшірілген. Картушадағы
жазулар ғана оқылады. Беткі
жағында билеуші есімімен титулы
көрсетілген. Картушадан төмен,
дөңгелек легендадан avr-973 ж.х /1565-1566
жылдарында «шир» немесе «ясы»
сөзін оқуға болады. Егер бұл
Ясы монет сарай аты болса,
онда Ескендір хан осы қалада
бірнеше түрдегі күміс монет
соқтырған. Теріс жағында картушада
сенім белгісі бар , жан-жағы
өшірілген.
Қаратау жотасының солтүстігіндегі
шайбанидтік күміс теңгелердің
қалдықтары Отырардағы мыс монеттің
кең жайылғанын және шайбанидтік
мемлекеттен сыртта шайбанидтік
теңге айналымын көрсетеді.
XVI-XVIII ғасырлардың соңында сегіз мыс монет
даталанды. Жазу және безендірілуіне байланысты
олар бірнеше түрге бөлінуі мүмкін.
I түр. Оған ұзын шаршы формасындағы
бір монет (№449/-21) жатады. Беткі
жағында тек «соғылған» дегенді
оқуға болады. Теріс жағында солға
қарап тұрған аң бейнеленген.
Жыртқыш бейнеленген мысты монеттер
XVI ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың
ортасына дейін Ясы және Ташкент
монет сарайларында шығарылды.
Олар бұл кезеңде Отырардағы
ақша айналымында біршама көлемде
кездеседі. Дегенмен көрсетілген
дата мыстардың дәл сол уақытта
шығарылғанын көрсетпейді. Монеттердің
бір бөлігі XVI-XVII ғасырларда басқасы
елдегі ішкі және сыртқы саясатқа
байланысты XVII-XVIII ғасырларда шыққан
болуы мүмкін.
II түр.
Бұл түрге анэпиграфты, ұзынша
шаршы формалы үш монет жатады.
Үш монеттің беткі жағында
гүл өрнектелген . олардың әрқайсысы
өзінше бейнеленген.
Бірінші монетте (449/28) ромашка
түріндегі гүлді өрнек сызық
бойымен бейнеленген, теріс жағында
аң бейнеленген. Екінші монеттің
(454/4) бетінің шеткі жағында екі
қатар сызық жүргізіліп, олардың
арасында нүктелі төрт жапырақ
өрнектелген.
Үшінші монет (450/3) нашар сақталған.
Беткі жағынан гүл өрнегінің
қалдықтары көрінеді. Бұл монеттер
Отырар және Түркістан монеттерінің
материалына ұқсас болғанымен, XVI-XVIII
ғғ Ташкентте соғылған монеттер
қатарына жатқызылады.
III түр. Бұл теріс жағында құс
бейнеленген дөңгелек пішінді
екі монет. Бірінші монет (448/10)
беткі жағында солға қараған
аң бейнеленіп, шетінде сызық
жүргізілген. 1973 жылы Отырарда ашылған
№1 мысты қазынасының 50 пайызы
XVII-XVIII ғасырлардың ортасына жатқызылады.
Құс бейнелі монеттер 1920 жылы
Самарқандта ашылған М.Е.Массон
қазынасында да аталады.
Екінші монеттің (449/29) беткі жағында
нашар сақталған жазу кездеседі.
Төртінші түрге екі монет жатады.
Біріншісі (450/6) Ташкентте соғылған
«қасық» тәрізді немесе күрек
пішінді. Өкінішке орай, бұл монетте
билеуші аты және уақыты көрсетілмегендіктен,
қай хан тұсында соғылғаны
белгісіз .
Екінші монеттің (449/27) екі жағында
да анық емес жазу орны сақталған.
Көлемі кіші болғандықтан монетте
жазу толық жазылмаған. Дайындау
техникасы XVI – XVIII ғасырларда
жатады. Мұндай монет Түркістандық
қазыналарда және Ташкентте соғылған
мыс монет тобына жатады.
Сонымен, 1974 жылы Отырар нумизматикалық
деректер бұл монеттердің Түркістан,
Отырар және Ташкентте шығарылған
XVI-XVIII ғасырлардың тиынына жатқызады.
Біріншіден XV ғасырда Орта Азиялық
және Қазақ хандығының шаруашылық
өмірінде Ресей ықпалдығы көрінеді.
Сауда да Қаратаудың оңтүстік
және солтүстік жоталарындағы
Сырдария аудандарындағы Ресейден
Орта Азияға әкелінген тауарларды
өткізіп отыратын болған. XVII-XVIII ғғ
қала өмірінің сақталуына негізгі
стимул болды.
Екіншіден,
XVI-XVII ғасырларға жататын жазба
деректер және мәдени ескерткіштер
осы кезеңде Қазақстан тұрғындарының
және қала өмірінде темір құю,
көзешілік, зергерлік, тері илеу,
етікшілік және тағы басқа
қолөнер түрлері дамығанын көрсетеді.
Үшіншіден,
сауда ақша қатынасының дамуы
XVI-XVIII ғасырларда отырықшы және
жартылай отырықшы қазақтар өмірге
көшті. Әсіресе, бұл процесс
интенсивті орын алды. Отырықшыланған
қазақ көшпелілері сауда айналымына,
қолөнер бұйымдарына және жер
өңдеуге кеңірек әуестенді.
Сувунду
тауынан қорғасынды кімде болсын
алып пұл құяды. Қазбадағы мысты
материалды кезеңіне қарай топтап,
хронологиялық шеңберіне қарай
ажыратады.
1974 жылы (2 дана) Отырар-Төбе монетінің
ең ерте кезеңіне XI ғасырдағы
Қараханидтер тиыны жатады. Олар
өшірілген екі қазбадан табылды.