Кочнев кейінге қарахан кезеңіндегі
қасандық, «ал – Хакал ал –
Муаззам Му изз ад Дүниа
ва – д – Дин Улуг Тогрул
(Тоғрұл) хан» титулы бар билеушінің
монетін табады. Бұл титулдың
негізгі иесі деп ғалым Мұхаммад
Насыр Тоғрұл ханды айтады, және
бұл титулды өзінің атасынан
мұраға қалды. Давидовичтің қорытынды
бойынша Ферганада заңды құбылыс
болып табылады. Қарахандықтарда
тақпен қоса титулды да қалдырып
отырған. Тоғрұл ханның астанасы
Касан және сонда 605 жылы шыығарлыған монет
сол қаланың үлесі өскендігі мен үлкен
үзілістен кейін XI ғасырдың 1 – ші жартысында
монет сарайларының көбейгендігін көрсетеді.
1972 ж Қындықтепеден табылған қазынадағы
мысты – күміс монеттерді зерттеп,
Б.Д. Кочнев мынадай қорытындыға
келді: Бенакетті 593 ж Шах Қылыштан кейін
Тафғаш –хан биледі, ал оның орнына 594
ж Ұлық Чағры – хан келді.
Кочневтың монеттік деректерге
сүйене отырып зерттеген қарахандықтар
тарихы түрлі сипатқа ие. Дегенмен
олар көптеген сұраққа жауап
болды.
Махмуд ал – Хусайнның қарахандық
монеттері бойынша, Кочнев, Мауеренахрдағы
күнделікті қолданыстағы монеттерді
тапты, және оның ойынша осы
билеуші XII ғасырда Батыс Қарахан
қағанатының жоғарғы билеушісі
болды.
Жоғарыда айтып кеткендей, Қараханид
кезінде Қазақстан территориясында
мынандай монет сарайлары болды:
Испиджаб, Тараз және Фараб. Эрмитаждың
нумизматика бөлімінде сақталған
монеттер коллекциясының ішінен, Б.Д.Кочнев
Испиджаб ауданында орналасқан Будухкет
қаласының дирхемдерін тауып алды. 411 жылы
шығарылған дирхемдерге 3 билеушінің жазылған,
осылайша сол кезде сатылы феодалдық иерархияның
болғандығын көрсетеді. Екі жоғарғы сатыда
– бүкіл ортаазиядағы Қарахандық иеліктің
жоғарғы билеушісі Арыслан – хан Мансур
Али аты және Испиджаб облысының билеуші,
оның інісі Атим – тегін есімі жазылған.
Үшіншіде жазылған – Абд әл – Мәлік Будухкет
билеуші болған. Будухкет дирхемі 414 жылынан
бастап – «Али» атынан шығарылған. Кочнев
осындай атпен шыққан монеттерді, 410 жылы
Шашта билік еткен Тонға – огя Әли шығарды
деп есептейді. Басқа дәлел болмағандықтан,
Кочнев бұл сұрақты осылай қалдырады.
Бір қызығы 411 ж Будухттің билеушісі Абд
әл – Мәлік болса, 414 жылы (х.б.) – али болған.
Бұл дерек Қарахандықтарда хандық жүйенің
жиі аусып тұрғандығын көрсетеді. Осы
зерттеуде Б.Д.Кочнев Испиджабтың монет
сарай ретінде 392 ж 412 ж үздіксіз жұмыс
атқарғандығын айтты. Бұл Испиджабтың
XI ғасырдың 1- і жартысында үлкен саяси
және қаржы – экономикалық хандық (бөлік)
болғандығын көрсетеді.
Х – XI ғасырдың басына жататын
мыс қорлары көмегімен, Б.Д.Кочнев
Қарахандықтардың Шаш, Испиджаб,
Сырдария бассейні аймағын Х
ғасырда, яғни 386 жылы жаулап алғандығын
анықтады. Зерттеуші Оштың 387 жылы Насыр
Али атынан шыққан керемет ежелгі монеттерді
көрсетеді. Монет дерегі бойынша ғалым
тағы монет сарайын анықтайды, ол Куә -
Орду деп монеттерде көрсетілген – Баласағұн
қаласы. Жамбылдан табылған күміс қордың
ішінен Б.Д.Кочнев Баласағұнда Құтыб ад
– Даула Ахмад Әли атынан 404 жылы шыққан
дирхемді тапты. Осы қордың ішінен 406 ж
немесе 407 ж Үш (уч) қаласында Насыр ад
– Даула Қадырхан Боғрахан және оның вассалы
Атымтегинның атынан жасалған монеттер
табылды. Бұл қала Шығыс Түркістандағы
Үш – Турфанның орнында орналасқан, Х
– XI ғ бөлігі Қадыр – хан билеуінде болды.
Хан Мәлік әл – Машрик титулды осы ханның
дирхемын қаласында Марков жариялады.
Осы қаланы Кочнев «Уч» деп аударды. Ақсу
ауданынан табылған мыс дирхемдерді осы
қалаға жатқызады, себебі бұл дирхемдер
448 ж Арслан – ілік атынан шығарлыған
осының өзі Шығыс Түркістанның бір бөлігі
осы билеушінің қол астында болғандығын
көрсетеді. Осылайша Б.Д.Кочневтың зерттеуінің
нәтижесінде жаңа XI ғасырдың 1 –ші жартысында
жататын монет сарайы «Үч» қаласы табылды.
Ақсу қаласында табылған монеттерді зерттей
отырып ғалымдар Иссык – көл маңында орналасқан
монет сарайы Барысхан қаласын ашты. Кучеревтың
әлі жарық көрмеген күміс дирхемдерінен,
Б.Д.Кочнев бұл қаланың 411 және 419 ж бастап
жұмыс жасағанын көрсетеді. Барысхан қаласының
дирхемдері күміс пен күміс жалатылған
мысты болып жасалып, ұзақ бойы қызмет
жасаған бұл осы қаланың тауар –ақша қатынасының
жақсы дамығандығын көрсетеді.
Жамбылдан табылған қарахан монеттерін
зерттей отырып, Б.Д. Кочнев Қадырхан
атынан шыққан, бірақ ғылымға
әлі енбеген екі монет сарайын
анықтайды. Сұрақ әлі жауабын
таппады, себебі монет тегі
жазбадан қалалардың географиялық
атауларын толық аударылмаған.
Кочнев, сонымен бірге Ілек пен
Шаш аудандарында орналасқан
маңызы жоқ екі қаладан –
Дахкент және Фаранкеттен 417 ж жылы
«Мәлік әл - Машрик» титулы бар Қадыр хан
атынан қалалар аттарын ретке келтірді.
М.И.Федоров 410 ж шыққан дирхемді Кан –
и –Мансұр қаласында жасалды деп пайымдады.
Кочнев болса бұл атаудан – Ахмад әл –
Мансұр есімін, ал қала – Ахсикет екендігін
оқуға болатынын көрсетеді. Осы қалаға
Федоров Сүткетте 407 ж шыққан дирхемдерді
де жатқызады. Нәтижесінде Федоров ашқан
2 монет сарайларын, Кочневтың ойынша қайта
жабуға тура келді.
Орта Азияның ортағасырлық нумизматикасындағы
ескертуі бойынша Б.Д.Кочнев Дахкет
қаласына қайта оралды, себебі ғалым
403ж шығарылған осы қаланың екі монетін
тауып алды. Нумизматикалық деректер,
ортағасырда маңызсыз деп саналған бұл
қалаға жаңа көзбен қарауды талап етеді.
Дахкет Ахангаран өзенінің ағысындағы
маңызды күміс кенінің маңында орналасқан,
Илактың экономикасының негізін құраған
қала, XI ғасырда өзіндік административті
қала болып, онда түрлі монеттер шығарылды.
Таулы – кен аймағында орналасқан,
XI ғасырға жататын тағы бір
қала – Шелжі болды. Шелжілер
Илакпен бәсекеге түсе алды. Таразды
жаулап алуын, Массон оның күміске
бай ауданға билік жүргізгісі
келгендігінен түсіндіреді. Шелжіде
413 ж шығарлыған дирхемді Федоров Өзбекстанның
халқы тарихы музейінде жария етті. Кочнев
тағы 1968 ж Тойтөбе қорынан бір дирхемді,
және Шелжіден шыққан екі белгісіз дирхемді
тапты. Дирхемдерде Самсам әд – Даула
лақабы табылады, бірақ мұндай лақап Қарахандықтарда
болмаған. Сондықтан оның жасалаға жері
белгісіз. Кочневтың зерттеуі бойынша
бұл лақаб Шелжіде Йусуф Мансур деп аталған
Иаған – тегінге тиесілі екендігі анықталады.
Сонымен қатар Кочнев 432 ж Шелжіде шықпай
қалған дирхемді тапты. Нәтижесінде бұл
дирхем XI ғасырдың 20-40 ж Тараз, Шаш,
Тункен, Наукат, Ходженд, Шелжі және Дахкет
жерлері тиесілі болған Иусуф Мансур Мухаммад
Иусуфтың шығарғаны анықталды.
Шелжіден табылған дирхемдер
– қаланың Қарахандықтар кезінде
маңызды орталық болғандығын
дәлелдейді.
Испиджаб, Баласағұн, Тараз сияқты
қалалар Х ғасырдың соңында
негізін сатұқ Богра хан салған
Шығыс Қарахандар бұтағының билеушілері
қол астын болды. Нумизматикалық
мәліметтері бойынша, Федоров
Шығыс Қарахандықтардың шежіресін,
хронологиялық шеңберін, билеген
әулеттерінің бұтағын анықтады.
Қарахандықтардың Х - XI ғасырлардағы
саяси тарихын зерттеуді Федоров
жүргізді, ол зерттей келе бірнеше
титулдар мен лақабтар тапты.
Ғалым келесі сұрақтарды зерттеді:
1) Тига – тегін кім? 2) Арыслан
– хан титулы кімге тиесілі
болды? 3) Насыр әл – Хакк лақабы
жайында сұрақ; 4) Тоған - хан.
Түрлі көзқарастардың мазмұны
бойынша, Федоров Қараханид тарихын
қорытындысын жасады. Ол Қарахандар
шежіресінде кездеспеген жаңа
есімдерді енгізуге тырысады; Қарахан
мемлекетінің шекарасын, жазба
деректерде ескерілген бір қатар
оқиғаларды анықтауға тырысады.
Дегенмен зерттеу барысында дау
тудыратын сұрақтар болды. Мысалы,
арыслан – хан титулы Федоров
Мұхаммад Әлиге тиесілі болды
деді. Жамбылда орналасқан аймақтану
музейіндегі монеттерді зерттей
келе Кочнев осы титул жоғарыда
аталған адамның бауыры Мансұр
Әлиге тиесілі екендігін анықтады,
осы титулмен Мансұр Әли есімі
405 – 415 ж монеттерде кездеседі.
Насыр әл – Хакк лақабы бойынша
да сұрақтар дау тудырып отыр.
Фасмер және О.Прицак – Ахмад
Әли деп ойласа, Федоров – оның
бауыры Насыр Әли деді. Кочнев
жоғарыда аталған музейдегі қордан
табылған монеттің бетінен «Насыр
әл – Хакк хан Құтыб әд
– Дауля ва Насыр әл –
Милла хан» деген атауды оқыған.
Ал «Құтыб әд – Дауля ва
Насыр әл – Милла» деген
лақап Ахмад Әлиге тиесілі
болған.
Сонымен қатар
Шамс ад – Дауля лақабы дау
тудырды. Фасмар және Прицак
оны Ахмад Әлиге, Федоров –
Мұхаммед Әлиге тиесілі деді.
Кочнев Шамс әд Дауля лақабымен
бірге Мұхаммед Әли тегин немесе
илек деп аталған. Нәтижесінде
оған бұл титул тиесілі болмаған.
Арыслан хан титулы және Шамс
ад – Дауля лақабы монеттерде 405
ж бірдей шыққан, сондықтан бұл лақаб
жоғарыда аталған екі адамғада тиесілі
болуы мүмкін. Бір қызығы, осы лақаб Ахмад
Әли есімімен бірге 407 жылдан бастап жоғалып
кеткен. Тараздағы 405 жылы дирхемнің бетінде
Ахмад, келесі бетінде – Шамс әд – Дауля
деп жазылған. Демек бұл лақаб Ахмад Әлиге
тиесілігі болған.
Осылайша Кочнев титул Арыслан
хан – Мансұр Әлиге, Насыр
әл – Хакк и Шамс әд Дауля
лақабы – оның ағасы Ахмад
Әлиге, Туған хан – Ахмад
Әлиге, тиесілі болғандығын анықтап,
Туған II хан титулы жайлы сұрақтың
жауабын әлі зерттеуге қалдырды.
Кочневтың XI - XII ғасырда Орталық
Азиядағы тауар – ақша қатынасының
тарихында, Орта Азияның әлеуметтік
– экономикалық жағдайын анықтаудағы
жұмысы зор көңілге ие. Осы
кезге жататын, табылған монеттердің
(31 экз) көмегімен ғалымға монет
жасаудағы үлкен көлемдегі штемпельдерді
анықтады. Жазу тез, асығыс жазылса
керек, өйткені монеттегі жазуларда
әріптер, кейде сөздер қалдырып
кеткен. Бұл монеттерді шығару
өте күшті қарқынмен жүргендігін
дәлелдейді. Мұндай жағдай Үзгендте,
Ибрахим Хусаинның билігі кезінде
болды. Ол 559- 574 жылы аралығында мысты –
күміс дирхемдерді үлкен көлемде шығарды.
Оны Үзгендттен табылған үлкен қазыналар
дәлелдейді. Күміс монеттер шығару алдымен
Шағатай мемлекетінің бір бөлігінде ғана
жүрді, кейіннен Мауеренахрда таралды.
Самарқанда Ибрахим Хусайынның билігі
орнағаннан кейін 574 – 595 ж жекелік монеттер
шығарыла бастады. Бұл ақша саясаты, Кочневтың
ойынша, Фергана мен Мауеренахрды дағдарыстан
шығару ойымен жасаған. Әсіресе дағдарыс
Орталық Азияның Солтүстік аудандарында
қатты сезілді, себебі көптеген монеттік
сарайлар жабылып қалды. Жетісу аймағында
монет шығару мүлдем тоқтап қалды, ал Шығыс
– Қарахан астанасы Баласағұн монет сарайы
ретінде қызметін тоқтатты. XII ғасырдың
II жартысында монеттер тек Мауеренахрда
жасалды, ал күміс болмады. XII ғасырдың
II жартысы мен XIII ғасырдың бас кезінде
монет сарайлары – алтын дирхем, мысты
– күміс дирхем және мысты фельстер шығара
отырып өздерінің қызметтерін күшейтті.
Осы ғасырдың соңында ұсақ монет сарайлары
(Параб, Бенакет, Маргинан, Касан) біртіндеп
қалыпқа келе бастады.
Қарахандықтар өздерінің билігі
кезеңінің алғашқы он жылдығында
(Х ғасырдың соңы – XI ғасырдың
3 – ші ширегі) күміс пен
мыстан монеттер өте көп мөлшерде
шығарды, ал монеттік айналымда
күміс монеттер – дирхемдер
сақталды. Осы монеттердің арқасында,
сол кезеңді зерттейтін ғалымдарға,
осы кезеңдегі тарихтың ұсақ
– түйектерін, қалаларды билеу
кімнен - кімге өтіп отырғандығын анықтауға
мүмкіндік алады. Мауеренахр мен Ферғана
билеушілерінің хронологиялық шеңберінде
ақтаңдақтар мен түсінбеушіліктер өте
көп. Бұл кезеңге жататын монеттер қоры
өте аз, ал керісінше ерте және кейінге
қарахан кезеңі монет қорлары көптеп табылды
және олар жүздеген, кейде мыңдаған дана
кездеседі. Осының барлығын қорытындылай
келе Кочнев былай деді: II – ші кезеңде
натуралдық айырбастың рөлі артты. Мауренахр
және Фергана жерінде дағдарыс қатты болмады,
дегенмен онымен күресудің талап етілгендігі
сезілді. Қажеттіліктерді түсінген билеушілер
ақшашаруашылығын қалыпқа келтіру мақсатында
ХII ғасырда Самарқанд пен Бұхарда алтын
динарлар шығарды. Бұл динарлар халықаралық
және мемлекет ішіндегі саудада керек
болды. Ибрахим Хусейннің мысты – күміс
дирхемдерді көптеп шығаруы, ішкі базардағы
қажеттіліктерді толықтырып жатты.
Мыс монеттерінің күмістелуі
Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан
және кейінгі Ануштегинидтік
Хорезмшах Мұхаммед Ибн Текештің
(1200 - 1220) кезіндегі ақша айналымында
көрініс тапты. ХIII ғ соңында
Хорезмшах мемлекетінің территориясы
ұлғайды; оған қазіргі Афғанстан,
Иранның біраз бөлігі енді. Оның
ақша қатынасы қатты дамыды. Оның
монеттері бүкіл Орта Азия
территорияларынан табылған, мысты
– күміс дирхемнен басқа, алтын
динарлар. Мыстан фельстер шығарылды.
Давидовичтың зерттеуінше Мұхаммед
ибн Текеш мысты – күміс
дирхемдерден басқа, таза күмістен
монет жасауға тырысты, себебі
ол елдің ақша айналымына жалған
монеттермен араластырып айналымға
жібергісі келді, бірақ экономика
заңы бойынша нашар және жақсы
монеттер айналымда болса, соңғысы
қорға айналым отырған.
Мұхаммед Текештің алтын тиындарын
зерттей келе, Давидович, IХ –
ХIII ғасырда алтын монеттік формаға
ие болсада, даналық айналымға
емес, салмаққа байланысты жүріп
отырды. Сондықтан алтын монеттерді
бөлшектеген, ал тиын оның құрамын
ғана анықтады. Мұндай құбылыстар
ХIII ғасырда Отрар, Бұхар және
Ходжедтен шыққан Шағатай алтын
монеттерде де болды.
Давидович тағы монет сарайын
ашты, ол Хутталь облысының құрамына
кірген Вахш қаласы. Қаладағы
алтын монеттерді басып шығару
облыстың экономикалық жағдайын
мен оның Хорезмшахқа қосылғандығын
көрсетеді. Сонымен қатар қала
Вахш өзенінің жанындағы Лагман
қалашығынан табылған Ортағасырлық
монеттермен атақты. Өкінішке орай
монеттердің жақсы сақталмағандығынан,
номиналын анықтау қиын. Дегенмен
бұл монеттердің барлығы Мұхаммед Текеш
атынан 611 жылы шығарылған.
Федоров монеттік деректер бойынша
Самарқандтың қарахандық Осман
ибн Ибрахимнан Мухаммед Хорезмшахқа
өткен уақытын анықтады – оның
айтуынша Самарқанд монеттерінде
Мұхаммедтің есімі 606 ж жылда бастап
кездеседі. Қаланың монет басуында негізгі
өнімі ірі мысты – күміс дирхемдер мен
алтын динарлар болды. 7 жылда Самарқанд
монет сарайы үлкен көлемде мысты – күміс
дирхемдердің бірнеше түрін шығарды.
Самарқанд музейіндегі нумизматикалық
дерек бойынша Федоров осында
шыққан жеке бір топ монеттерді
табады. Онда – Хани, Қадыри, Хакан,
Мархуми сияқты эпиттер кездеседі.
Оның ойынша бұл монеттер қаланы
Моңғолдар жаулап алғаннан кейін
немесе 1219 ж соғылып, 1220 ж айналымға
түскен. Эпиттер ішіндегі бірі
– Хани, Моңғолдық монеттер жатқызу
керек, өйткені бұл монеттер
ХIII ғ Самарқанда, Отрарда, Ходжентте
жетекші рөл атқарды.