Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 16:56, курсовая работа
Қосалқы ғылыми пәннің дамуының алғашқы кезеңі монеттерді әуесқойлықпен коллекциялау болды. Жинаушыларды монеттің сан алуан типте болып келуі, көне даналардың біршама тез дамып қалатындығы, анықтаудың және классификациялаудың біршама оңайлығы, ақырында сақтау үшін қолайлығы қатты қызықтырады. Орта ғасыр дәуірінің өзінде-ақ Еуропаның көптеген қалаларында көбіне антик заманының монеттерін жеке адамдардың көптеп жинаушылығы болған еді.
Кіріспе.................................................................................................2-6 бет
I. Орта Азиядағы монеталар
1.1 Отырардан табылған монеталар. Түргештер, саманидтер, Караханидтер кезеңіндегі монеталар................................6-27 бет
1.2 Қазақстан мен Орта Азия ғалымдарының
Зерттеулері........................................................................27-46 бет
1.3 Шығыс монеталарын зерттеген Френк еңбектері....46-48 бет
II. Қазақстан нумизматикасы
2.1 Монғол кезеңінен қазақ хандығына дейінгі монеталар 48-50 б
2.2 Ақша реформалары мен қоймалары............................50-52бет
2.3 Теңге- ҚР мемлекеттік нышаны................................52-55бет
Қорытынды....................................................................................56-60бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................63-64 бет
Ертеректе Қараханидтер
туралы қолжазба деректер бір-біріне қарама-қарсы,
ал кейде дұрыс емес деген мәтіндер
қалыптасып, кең етек алған. Егер
осылай болса не істеу керек? Жылдар
өтіп жатыр, бірақ бұл жағдай әлі
де өзгерген жоқ. Басқа сөзбен айтқанда
қолжазба деректер мүлдем жоғалған. Дегенмен
осы династияның кейінгі
«Шығыс нумизматикасының князі» Х.М.Френ екі ғасыр бұрын мұсылман нумизматикасының негізін қалаған, ол Қараханидтерді дұрыс ажыратып жіктеді, бірақ осы «классқа» қатысты атау бере алмады. Бұл династияның атауы, басқа орыс шығыстанушылардың ұсынысымен, В.В. Григорьев ұмытыла бастаған Қараханидтер деп мәңгілікке аталды. Ол біріншілерден болмай қалуы мүмкін еді, қараханидтер тарихын жақсы білу үшін қараханидтер монетін жекелей зерттей бастады. Бірақ бұл алғашқы қадамдар ғана еді. Одан әрі дамуына оның замандасы Б.Дерн бағыттады.
Қараханидтер
нумизматикасына Эрмитаждағы
Қараханидтік нумизматикаға арналған алғашқы көлемді талдау жұмысы М. Френнің қаламына жатады. Ондағы ең құндысы - монет титулдарында бірнеше элементтер атрибуциясы, кейбір жағдайда уақыт уақыт бақылыуында болған, қалғандарында жоқ. Бірақ бұл негізгісі емес... М.Френ материалдарға біраз талдау жасап, қорытындысында бұл күрделі сұрақты шешу мүмкіндік туды. Қараханидтік монеттер негізгі тарихи дерек екендігі, ал алғаш көргенде жүйесіздік дәрежелері және антропонемдік жағынан нақты жүйеге біріккені анықталды. Монеттердің жағдайы «толықтыруды», «нақтылауды» және «жөндеуді» қажет етеді.
Френнің пікірі бойынша, нумизматика – түбірі латын сөзіне (нумизммонета) бастау алар бұл ұғымды мағыналасақ, көне монеттер мен медальдарды, құйма алтын кесектерін, тиын соғу, ақша айналымым тарихын зерттейтін ғылым болып шықпақ. Осы тұрғыдан келгенде ол қағаз ақша таңбаларын, жетондар мен орден, значоктарды тарихи құжаттар ретінде бонистика пәнімен тығыз байланыста.
Тиын ақшалар алыс ауқымы сонау ҮІІ ғасырдағы Бұхар драхамасынан бастап, бертінгі Отырар, Шаш (Ташкент), Ходжент, Әндіган (Әндіжан), Самарқан, Қашқар, Маргинал (Марғұлан), Тараз, Яссы, Сайрам, тағы басқа ақша сарайларының «тәбәрік өнімдерін» қамтып жатыр. Мұның дені көне Түркістан қаласының аумағынан табылған ақша көмбелерінің (ХҮІІ ғасыр, хан ордасы, тағы басқа ақша көмбелері) жәдігерліктері. Сондай-ақ, Әмір Темір мемлекетінде күнделікті тұрмыста пайдаланылған мыс ақша (шақа) үлгілері де кездеседі.
Шығыс монеталары Ежелгі Шельджи қаласының Киров су қоймасының салынуына дейін біраз зерттеліп, қалғаны су астында қалды. Су толқығанда көптеген ыдыс-аяқтар мен теңгелер жағаға шығып қалады. Осы жәдігерлерді көп жылдан бері қадағалап, жинақтаған Френ болды, Ол шығыс монеталар ішіндегі ең көнесі – Қарахан әулеті кезіндегі монеттер екендігін дәлелдеді. Соның ішінде Самарқанд, Ферғана, Отырар, Ташкент сияқты қалалардың билеушілерінің атына соғылған теңгелер. Сол сияқты Қытайдың Сун билігі кезіндегі Юань Фэннің 3 теңгесі, Сия билігіндегі Ияньнің 1 теңгесі, Гое Ляло билігіндегі Цянь Тун атына соғылған теңгелер кездескен.
Көне қазынаның арасында Орта Азия мемлекеттерінің тарихынан құнды деректер беретін Әмір Темір, Хорезм, Құшан мемлекетінің теңгелері де бар.
III. Қазақстан нумизматикасы
2.1 Монғол кезеңінен қазақ хандығына дейінгі монеталар
Археология кейде тарихты нақтылайды. Моңғол шапқыншылығы біздің жерімізді көп шығынға ұшыратты, бірақ қатты опат болған жоқ деп, сипаттайды кейде хронисттер. Сауран сияқты қалалар моңғолдарға берілді, оларға мүлдем тиіскен жоқ, тіпті Отырардың өзі тез
өркендеді. Ал сондықтан кейбір құлдыраудан кейін ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап экономикалық көтерілу басталды. Ал осылай болғандықтан, көп ақша қажет болды. Оңтүстік Қазақстан кірген Шағатайлардың моңғол мемлекетінде жоғары сападағы күміс
монеталарды соғу тез ретке келтірілді. Ал Отырарда, Бұқарада жəне Ходжентте тіпті алтын динарлар шығарылды. Бірақ алтын, əдетте, өзінің қымбат болуына қатысты айналысқа даналап шығарылған жоқ. Монеталарды бөліп сындырып, қойма ретінде жерге көмді. Жəне де 1251 жылы Меңгу ханның алтын динарлармен салық салу туралы декрет шығарылған құрылтай өткізгеніне қарамастан. КСРО-да ширек ғасыр бойы Новгород қазбаларынан кейін ең ауқымды болған Отырар қазбалары қаланың ақша айналысында алтын динарлар, күмістелген мыс дирхемдер жəне мыс фельстер болды. Осы соңғыларының өзін қазірдің өзінде қалашықтан табу қиын емес. Кейде монеталарда олардың жалға емес екенінен кепілдік ретінде Шыңғысханның аты пайда болды. Отырарда жəне Ходжентте жасалған күмістелген мыс дирхемдерге халық сенім білдірді жəне олар біршама ұзақ уақыт бойы шығарылды. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы ақша саудасы тамаша жағдайда болды, мұны Отырарда алтын, мыс, күмістелген дирхемдердің жəне мыс фельстердің көп соғылуы растайды. Күміс монеталарды шығару бойынша Оңтүстік Қазақстанның Тараз, Отырар жəне Кенджде қалалары алып Шағатай империясында бірінші орында тұрды. Осы үш орталықта шығарылған монеталар шын мəнінде бірде болған. Моңғолдар таратылған теріс пікірге қарамастан барынша парасатты экономикалық саясат жүргізді. Орталық Азия олар үшін жоғары жəне тұрақты көз ретінде үлкен қызығушылық танытты. Олар оны тікелей экономикамен айналысқан орынбасардан алды. Ақша соғуға байланысты істерге моңғолдар араласқан жоқ. Бүкіл аймақты алдымен Махмұд Ялавач саудагер, одан кейін оның ұлы, бірнеше ханның тұсында өмір сүрген жəне ірі ақша реформасын жүргізген Масуд-бек басқарды. Ол көптеген монета сарайларын көтермеледі, күміс монеталар үшін бірыңғай салмақ пен сынамды белгіледі. Империя оның бүкіл аумағында еркін айналыста болатын күміс монетаны жəне оның салмағының жалпы мемлекеттік стандартын алды. Ал бөлек саудада мөлшері жəне салмағы бойынша күміс монеталарға дəл келетін мыс ақшалар дами түсті. Масуд-бектің ғана реформасы «күміс дағдарысын» ауыздықтады. Сондай-ақ аймақтың ұзақ жəне тұрақты экономикалық өсуіне қозғау салды. Сол уақытта моңғол ақшаларына қатысты бір жұмбақ болды. Оларда моңғол хандарының аттары жазылмады, бірақ Бағдад халифі Нəсірдің есімі жазылды, оны моңғолдардың өзі, шын мəнінде Хулагидтер тақтан тайдырып, 1258 жылы өлтірген болатын…. Сондай-ақ осы есім Алтын Ордадағы Жушидтердің монеталарында да болды. Ал олар Қазақстанның батысында белсенді түрде айналыста болды. Тарихшылар дəстүрге берілген құрмет ал Берке-хан ислам дінін енгізу саясатын жүргізген Алтын Ордада осы жаңа діннің жолын ұстау көрсеткіші деп санайды. Моңғол мемлекеттерінің құлаумен бірге монета жасау ісіне де кейбір құлдырауға ұшырайды. Қазақстанның үлкен бөлігі Ақ Ордаға кірген XIV ғасырда Отырарда монеталар соғу тоқтатылды. Бірақ, осы жүзжылдықтың аяғында біздің өлкеге Тимур келді, бұл жерде экономика қайтадан жанданды. Отырарда қайтадан монета соғу басталады. Бірақ саудада қазіргі Өзбекстан аумағының оңтүстігіне қарай, негізінен Бұхарада шығарылған күміс тангалар де пайдаланылды. (ТЕҢГЕ номиналындағы көне монеталардың коллекциясы 1-қосымшада көрсетілген) Міне біздің жерімізде алғашқы рет Қазақстанның қазіргі валютасының атауы пайда болды. Ал тиындар туралы əлі əңгіме болған жоқ. Танга төрт бөлікке бөлінді жəне оның ширегін мири деп атады. Тимуридтар мемлекетінің аумағында отыздан астам монета сарайы жұмыс істеді. Ол кезде атақты оқымысты жəне мемлекет қайраткері Ұлықбек бастамашы болған кезекті ақша реформасы жүргізілді. 1428 жылы ескі монета ақшаларды жаңасына айырбастау басталды, ал ол аяқталған кезде барлық монета сарайлары жабылып, 60 жыл бойы алып империя бірыңғай ақшаны пайдаланды. Ал егер ол жетпесе, онда қосымша монеталар тек Бұхарада ғана соғылды.
2.2 Ақша реформалары мен қоймалары
Тимуридтар мемлекеті
күйрегеннен кейін Қазақстанның
оңтүстігі қазақ хандары мен
Мавераннахр билеушілері
көптеген қалалары мен облыстарында шығарылды: Самаркандта жəне Бұхарада, Мервде, Ниста жəне Серахсте, Гератта, Мешхедте, Нишапурад, Нимрузда, Каинда, Себзеварда. Бірдей күміс монеталар бүкіл мемлекет бойынша тең айналыста болды, күміс монеталар соғудың инфляциялық процесі еркін болды, яғни кез келген жеке тұлға өзінің еталынан немесе бұйымынан монеталарға тапсырыс бере алды, ол үшін қазына белгілі бір ақы алып отырды. Қазына үшін кірістер көзі монета соғу, əсіре олардың айналысын ұйымдастыру болды. Дегенмен, бұл күміс соғудан жəне айналысынан түскен үлкен кірістердің орталық биліктің қазынасына құйылғанын білдірмейді. Əулеттің басшысы ол кезде теңдестер арасындағы бірінші ғана болды. Ірі билеушілер оған сырттай баға берді, монеталардың жазуларында əулет басшысының аты мен лауазымы дəріптелді, ал монеталар соғудан түскен кірістерді өзіне алды. Күмісті жүйелі жəне көп шығару ең ірі төрт қала – Бұхарада, Самаркандта, Балхта, Ташкентте жүзеге асырылды. Олар Ташкенттен Қазақстанның аумағына өтті жəне Қазақ хандығында еркін айналыста болды. Ал оның иеленушілері Шейбанидтердің мəңгі саяси жаулары болды. ХVIII ғасырда Бұхараны билеушілер Жанидтер (Астрахань хандарының ұрпақтары) бастаған маңызды оқиға алтын монеталарды жүйелі шығару болды. Бір алтын монета ашрафиге 50-80 күміс монета келді (олардың сынамына жəне бағамына қарай). Олардың барлығы сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда айналыста болды жəне солтүстікке ене бастады. ХVII ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда Ресей ақшалары да, негізінен мыс копейкалар пайда бола бастады. Қазақстан Ресейге ерікті түрде қосылған кейін (1731-1798 жылдары) аймақтың ақша айналысында орыс монеталары, Қоқанд жəне Ташкент хандарының ақша белгілері пайда бола бастайды. XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек орыс ақша белгілермен жүргізіледі жəне Қазақстандағы ақша айналысы Ресейдегі ақша айналысының бір бөлігі болады. Төңкеріске дейінгі Қазақстанда ақша реформасы 1895-1897 жылдары алтынмонета айналысымен бірге алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жəне мыс монеталар болды. Ақша белгілерінің негізгі түрі Ресейдің мемлекеттік банкінің кредиттік билеттері болды, олар алтынмен 92% қамтамасыз етілді. 1917 жылы, Уақытша үкіме кезінде ақша айналысында халық «керенки» деп атаған жаңа ақша белгілері, сондай-ақ əртүрлі суррогаттар: мемлекеттік қазынашылықтың қысқа мерзімді міндеттемелері, заем купондары айналды. Əртүрлі чектер, бонндар, маркалар жəне басқа ақша суррогаттары ұсақ ақша орнында жүрді. Осы уақытта ақша жүйесінің ыдырау процесі басталды, ол Қазан төңкерісінен кейін күшейе түсті. 1919 жылы алғашқы кеңестік мемлекеттік билеттер, одан кейін РСФСР есеп айырысу белгілері шығарылды, халық оларды совзнактар деп атаған. Азаматтық соғыс жəне шетелдік басқыншылық жағдайында басқыншылар да, шетелдік жəне ақ гвардияшы «үкіметтер» де өз ақшаларын шығарды. Олардың барлығы тез құнсызданды, нəтижесінде ақшалар айналыстан шығарылды жəне шаруашылық қатынастарды натурализациялау жүргізілді. Тек ақша реформасының нəтижесінде 1921 жылғы көктемнен бастап еңбекақы төлеудің ақшалай нысаны қалыпына келтірілді. 1921 жылғы қазанда РСФСР-дың одақтас республикалардағы мекемелері бар Мемлекеттік банкі ұйымдастырылды, ол бірден елдің эмиссиялық орталығы болды. Əр түрлі экономикалық себептер бойынша 1922 жылдан бастап 1961 жылға дейін ірілендіріле (1922 жыл - 1:10000, 1923 жыл - 1:100, 1947 жыл - 1:10, 1961 жыл - 1:10) отырып 4 ақша реформасы жүргізілді, сонымен қатар банкноталар мен монеталардың дизайны өзгертілді. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді. 2006 жылғы 15 қарашада жаңа дизайндағы банкноталар айналысқа енгізілді.
Əнұран, ту жəне елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар кітабында ол ашылған күн – 1995 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тəуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың жəне болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін».
Ұлттық
валютаның сол кезде «
90-жылдардың
басында, жақында ғана КСРО-ның
азаматтары болған, тауарлар
бағаларының баяу, тіптен байқалмайтын
өсуіне əдеттенген
Теңгенің жүз бір бөлігі болатын тиын бастапқыда қағаздан жасалды, кейінірек номиналы
2, 5, 10, 20 жəне 50 тиын болатын, жезден жасап шығарылды.
Бірақ олар ұзақ
шығарылған жоқ. Олар шындап айналысқа
енгізілмей-ақ, құнсызданды жəне қолма-қол
айналымнан алынып тасталды. Жеті банкнота
жасау үшін Т. Сүлейменовтің басшылық
жасаған суретші-дизайнерлер
Теңге ұлттық валюта ретінде біздің еліміздің тарихында тəуелсіздіктің тек экономикалық негізі ретінде маңызды рөл атқарып қана қоймайды. Теңге - біздің тарихымыздың толық қанды бөлігі, өз заманының белгісі. Ұлттық валюта - теңгені енгізген бері 15 жыл өтті. Бұл біздің еліміздің тəуелсіздігін жариялаған бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. 15 жыл
ішінде теңге біршама нығайды жəне ТМД елдерінің анағұрлым тұрақты валюталарының бірі болып қалды. Қазақстандық ұлттық валюта – теңгенің айналыста 15 жыл болуы Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу Қазақстанның экономикалық егемендігін іске асыру үшін негіз болды.