Кейінгі
кезең джагатаидтік тиын монеттер
тобы. Мысты күміс дирхемінің
алты Отырарлық мыс сарайында
XIII ғасырдың 50-60 жылдарында «менгухан»
жазуы жазылып, сол уақытта
шығарылды. (бір жағынада өлген
Насир халифтің титулы және
есімі болса, екінші жағында
сенім белгісі бейнеленген). Тиын
және дирхем қатынасы джагатаидтар
тұсында ақша қатынасының бірінші
кезеңіне жатады.
Давидович Е.А ұсынысы бойынша
кезеңдерге бөлуде монет жасауды
және моңғолдардың ақша қатынасын
үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші
кезең моңғолдардың Орта Азияны
жаулау уақытымен XIII ғасырдың
бірінші ширегі және XIII ғасырыдң ортасына
дейінгі аралық. Бұл уақытта монет шығару
жүйесі тек Бұхара мен Самарқандта болды.
Екінші кезең алтын монеттерді жиі шығарудан
бастап, ұсақ ақша саудасының жандануымен
сипатталады. Оның куәсі Отырарда соғылған
күмістелген дирхемдердің шығуы. Олар
Отырар және оның аудандарын, оңтүстік
Қазақстанды, Ташкент және Ферғананың
сауда қатынасында қолданды.
Екінші кезең 1271 жылы дейін
созылды. Масудбектің ақша реформасы
күміс монеттер алғаш рет Алмалықтан
басқа да Отырарда шығара бастады.
Тіркелген Отырарлық мысты күміс
дирхемдер Отырар монет сарайының
екінші кезеңдегі өнімі. Мұндай
монеттер қазіргі Қазақстан ,
Өзбекстан, Қырғызстан территорияларында
кездеседі. Бұлар XIII ғасырда
джагатаидтер тұсында Отырардың
ақша қатынасында мысты күміс
дирхемдер негізгі роль атқарғанын
айтады. Бұл 1972 жылы қалалық жазбадан
мысты монет (90экз) қазынасы XIII
ғасырдың 50-60 жылдарындағы Отырарлық
тиынына жататынын дәлелдейді.
Бұл мысты күміс дирхемдерде
негізінен «Менгухани» немесе
«хани» деген сөз жазылған. / Клад
хранится в отделе археологии
Института истории, археологии
и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова
АН КазССР, инв. № 81/190. /
Монеттердің ортаңғы бөлігінде
тамга бейнеленген, оған түрлі
өрнектер қосылып отырады. Одан
кейін үш кезеңге жататын күміс
монеталарда тамганың алты түрі
кездеседі. Барлық табылған монеттер
анонимді, оларда тек марқұм Давидовичтің
ойынша, монеттерде халиф Насырдың
атының және сенім символдарының
пайда болуы тек дандық дәстүр.
Қордағы күміс және мыс монеттер
бірдей. Олар Самарқанд, Тараз,
Марғылан монеттерінің ортасында
өрнек салынған, ал Алмалық пен
Кенже қалалары монеталарында
жазу дөңгелене жазылған. Кейде
монеттерде ешкімге қатысы жоқ
титулдар жазылып отырған.Бинкет,
Тараз және Кенже монеталарының
титулдар аз кездеседі. Андиган, Самарқанд
және Ходжент монеталарында XIII ғасырдағы
мысты күміс дәуірімен келген «хани» сөзі
кездеседі. 202 экземплярлы күміс монеттердің
төртеуінде жазулар мүлдем өшіріліп кеткен,
қалғандары былай бөлінеді: Алмалық –
16, Андижан – 1, Бұхар – 8, Қашқар – 3, кенже
– 22, Отырар – 36, Самарқанд – 4, Тараз –
62, Шаш – 27, Янгы – 1, Давидовичтің анализі
бойынша түрлі жерлерден табылған ұсақ
күміс монеттердің қоры еш кедергісіз
мемлекет ішінде қолданылғанын дәлелдейді.
Монеттердің дамуына Масуд бектің реформасы
өз септігін тигізді.
Бұл реформаға дейін ірі
мысты күміс дирхемдер Бұхар,Самарқанд,
Отырар, Ходжентте шығарылды және
олар салмақтары мен көлемі
бойынша жасалды. Көп монетте даталарын
сақтап қалды, соларды қорытындылай келе
олардың хронологиялық шеңбері XIII ғасырдың
50-60 жылдарына жатады.
Осы кезеңде монет
шығаруда Отырар болды, ол қала алтын
динарлар мен күміс дирхемдерден
басқа мыс фельстерін шығарды, оның
өзі ауданның сауда ақша қатынасының
дамығандығын көрсетеді. Екі кезеңдегі
мысты күміс дирхемдер тар
кеңістіктегі айналымда болды. Әр монет
сарайлары тек өздеріне ғана монеттер
шығарды. Тек отырарлық монеттер
өздерінің салмағы (7,8 г) арқасында өз
аймағынан бөлек сыртқы жадайда да қолданыла
берді.
Орталық
Азиядағы ақша шаруашылығының
дамуындағы екінші кезеңіндегі
сауда ақша қатынасын дамыту
үшін бірнеше жағдай қарастырылды;
1. 1251 жылғы құрылтайда әскер, елші
және басқа шығындарды толтыру
үшін жаңа «құпшыр» салығын
енгізу сұрағы қарастырылды. Ол
үшін монет сарайлары бір түрдегі
алтын монеттерді шығаруға тиісті
деп шешті.
Шағатай
ұлысының шығысында Алмалық қаласында
нағыз күміс монеттер мен мыс
фельстері шығарылды. Сонда бір
мемлекеттегі облыстарда өзіндік
монеттер болған. Тек алтын динарлар
ғана бүкіл мемлекетте бірдей
қолданылды. Мұндай іс ақша ісін
қайта ұйымдастыруды талап етті.
Дұрыс сауда айналымы үшін
күміс монеттерді шығару жергілікті
билеушілерге тиімді болды, себебі
ол салыққа кеткен шығындарын
оңай толтыра алды. Мәселенің
шешімін Орталық Азиядағы көпес
Масудбек тапты, оның көмегімен
XIII ғасырдың ортасындағы ақша
сауда қатынасын реттейтін белгілі
мүмкіншіліктер ұйымдастырды. Ең
басты жетістігі күміс дағдарысына
тойтарыс беріп, 2,1 г еркін түрде
күміс монеттерін шығару ісін реттеген
ақша реформасы.
Реформаланған монеттер Шағатай
мемлекетінің Алмалықтан басқа
себеп , онда күмістің жоғарғы
сынабынан жасалды. Солтүстік
шығыс бөлігінде күміс монеттерін
басу 670 жылы / 1271-1272 жж шығарылды.
Алғашқы күміс монеттері Отырарда
1271 жылы шықты, ал соңғы монеттері
709 жылы /1309-1310 жылдардағы уақытты
қалдырған. Келесі жылдары жаңа
монеттерді Тараз және Кенже
шығара бастады. Олардың өнімі
үш кезеңде табылған қорлардың
ішінде бірінші орын алады,
және Кенженің монеттері Тараз
монеттеріне ұқсайтын бір топты
құрайды.
Бес жария етілген қордың бірін
Жуков зерттеген. Ол 1499 монеттен
тұрады. Ангрен қаласынан 12 км жерде
1952 жылы табылған.
Олардың
біріншісі 483 монеттен тұрады және Ташкент
уезінде 1889 жылы табылды; екіншісі 1893 жылы
Шымкент уезіндегі Мамаевка селосында
ішінде 1855 күміс монеттері бар кувшин
табылды. Үшіншісі 1949 жылы Термезден табылды
және 354 күміс монеттерден тұрады. Төртінші
қор Тәжікстандағы Ленинабад облысынан
табылды және 483 экземплярдан тұрады
Күлтөбе қорында монеттер аз болғанымен,
сол кездегі дамып тұрған Алмалық, Андижан,
Бұхар, Қашқар, Маргинан, Отырар, Самарқанд,
Тараз, Ходжент, Шаш және Янги монеттері
бар. Жазба деректерде Янги атауы моңғол
шапқыншылығынан кейін пайда болған және
XVII ғасырдың басына дейінгі Тараздың жаңа
атауы. Бірнеше ғалымдардың пайымдауынша
Тараз моңғол шапқыншылығынан кейін астанадан
біртіндеп Янги – Талас деген елді мекенге,
соңында XVI ғасырда қазақ хандығына кірген
Янги мекені болды. Янги монет сарайынан
табылған дирхем тек бір дана. Сондықтан
бұл монет сарайы туралы толық мәлімет
жоқтың қасы. Тағы дирхемде шығарылған
, уақыты сақталмаған . Сондықтан бұл монет
сарайының қай уақытта жұмыс істегенін
білу мүмкін емес. Дирхемнің бетінде
бір картуш бар, ол бір-бірімен қиылысатын
екі сызықтан тұрады. Олардың ортасында
деген тамгалар бар. Композицияда сызықтық
қорғау жүргізілді. Келесі бетінде жұлдыз
түрінде екі сызықтық үшбұрыштан тұратын
үш картуш бейнеленген. Ортасында
тамга салынған. Картушта
699 жас Тараздан шығарылған бірінші кезеңдегі
монеттерге ұқсайды. Сонымен қатар
Янгиді Таразбен қатар бірдей дирхемдер
шығарды деп қарастыруға болады.
Давидовичтің ұсынған үшінші
кезеңдегі барлық күміс монеттерін
сыныптаған еңбегіне арқа сүйейміз.
Бірінші типке жататын алмалық
монеттерінде жаңа сәндеу нұсқалары
бар. Монеттің келесі бетінде
бірінші нұсқада титулдан
кейін жаңа өрнек: ол содан кейін
деген титулдың жалғасы жазылған.
Екінші нұсқа тура алдыңғы
дирхем сияқты тек үшбұрыштар
жоқ. Сонымен қордан табылған
монетте жаңа дата бар. 688/1289 жылы
алдындағы қорды толықтырды.
Андижан монеттерінің шығу тарихы
берілмеген. Бұхар монеттерінің
екінші жаңа типі табылды. Бетінде
екі қатардан тұратын сөз жазылған.
Жазудың асты мен үстінде виннеткалар
бар. Келесі бетінде картуша сегіз
жапырақ сияқты тамга бейнеленген. /Давидович
Е.А. Клады древних и средневековых монет
Таджикистана.., с. 245./
Қашқар монеттері өздерінің бір
типімен белгілі. Монетте 681/1282-1283
жылдары датасы сақталған.
Ең жаңа ақпаратты Кенже (22
экз) және Тараз (62экз) монеттері
береді. Алдында табылған 1; 2; 3; 5 типтерден
басқа тағы төрт тип анықталды.
Олар төмендегілер: 7-тип беткі
жағы жұлдызша келген картушта
екі сызықты үшбұрыш тамга
№2
картуштан төмен
Кенже сөзі жазылған. Артқы беті
дөңгелекті екі сызықты картушта
тамга №1 дөңгелек сызық астында
өшіп кеткен, үстінде виннетка
айнала жазылған сөз оқылмайды.
Жаңа сегіз тип беткі жағы
шаршы етіп екі сызықты картушта
Кенже аты жазылған. Тамга жоқ
екі жазудың ортасында дөңгелек
бейнеленген. Картуштың екі жағында
696 жыл дата жазылған. Артқы беті
төртбұрыш картушта бір-бірімен
қиылысатын №1 тамга өрнектелген
және екі виннетка асты және
үстінде орналасқан. Кенже жаңа 9-тип
(Картуш I(г)-II (а) тамга №1) беткі
жағы бір сызықты дөңгелек
картушта екі қатарлы жазу
наным, сенім символы, жан-жағында
үш дөңгелекті өрнектер бар.
Шаршы жоғарғы жағында кішкене
әріптер Кенже монеті деп жазылған.
Артқы беті : бір сызықты дөңгелек картуша
II (а) №1 тамга, дөңгелектер және нүктелер.
Жоғарғы және төменгі жақтарында виньеткалар.
Дөңгелек легендада халиф насырдың аты
бейнеленген.
Кенже өліп кеткен данасында
қаланы сипаттайтын деректер
бар. Жаңа 10-ы тип (картуш I (в)- IV
(а), тамга №1. Беткі жағы: шаршы
келетін екі сызықтық картушта
I (в) мына белгісіз жазу жазылған
Екекуінің ортасында – 00 өрнек.
Шеттерінде өрнектер. Артқы жағы:
картуш IV (а)
Жоғарғы және төменгі жағында
виньеткалар. Дөңгелек легенда
өшіп кеткен.
Маргинан жерінен табылған монеттер
– 3 , олардың екеуі 1 типке жатады.
Маргинан 1-тип (картуш ІІ(в) –
ІІ (д) тамг №1 және 2) Беткі жағы:
2 сызықты картушта ІІ (в) сенім
символы 3 сызық берілген. Астында
қала аты – Маргинан. Жан-жақтарында
виньеткалар. Жоғарғы жағы өшіп
кеткен. Артқы беті: дөңгелек картушта
ІІ (д) 2 тамга №1 және 2 және екі
дөңгелек бар. Жоғарғы және
астында – виньеткалар. Дата
анықталмаған.
Маргинан 2 –тип (картуш ІІ (г) –
ІІ (в)), екі тамга №1 және 2) Беткі
жағы: дөңгелек сызықтық және
нүктелі қорғауларда жартылай
өшірілген жазу, наным, сенім символы.
Оның астында монет сарайының аты – Маргинан.
Монеттің жоғарғы жағы өшіп кеткен. Артқы
беті: 2 қатарлы сызықты картуша №1 және
2 тамга, №2 тамга тігінен
, ал №1 тамга онымен қиылысып жатыр.
Дата кездеспейді. Маргинан монеттерімен
тек 688 және 690 жылы ғана белгілі.
Отырар монеттері (36экз) қоры 1
типке жатады, олардың арасында
– 676, 677, 684, 685, 690, 695 жылғы монеттер
кездеседі.
Самарқанд монеталары (4экз) 2-ші нұсқадағы
(2 экз) 1 типке жатады, 1 монета жаңа
типке 2 монета 1 типтік 4 нұсқаның
жаңа типі. Артқы беті: жаңа картуш,
екеуі бір-бірімен қиылысатын
фигуралы сызықпен өрнектелген.
2-ші беткі жағы: сенім символы.
Артқы беті:
жазуы және №1 тамга, астыңғы
жағында монет сарайының аты
– Самарқанд. Датасы өшіп кеткен.
Жандары бір жағынан өрнек,
басқа жағынан- нүкте. Самарқанд
2 жаңа типі. Беткі жағы: бетінде
сенім символы бар, екеуі қиылысатын,
дөңгелектен тұратын сақина тәріздес
сызық. Артқы беті: дөңгелек бір
сызықты картушта екі қатарлы
жазу бар. Жазу арасында №6
тамга , астында –
Самарқанд жазуы.
Тараз монеттері өз алдына
ең үлкен топты құрайды –
63 экземпляр. Тағы бұларға ұқсас
екі монеттерді жатқызады. 1-ші
монета Ходженд қаласына тиесілі.
Монеттің тек кейбір элементтері
ғана сақталған. Беткі жағы (ходженттік
монет); жоғарғы жағында – Хани
сөзі және
квадрат тәріздес жазылған, артқы
жағы 2 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлімде
жұлдызша картуш, араб сөзі «балад»
- қала 2-ші бөлімінде барлығы аралас.
2-ші монета Таразға да, Кенжеге
де жатады. Монет сарайы анықталмаған.
Тараз және Кенже типтері. Беткі
жағы: екі сызықты квадрат тәріздес
картушта №1 вертикаль орналасқан
тамга , қарама-қарсы
бұрышта – виньеттер. Артқы
жағы жұлдыз тәріздес картушта
үшбұрыш, ортасында №1 тамга.
Тәріздес сурет бар. Қалған
монеталар келесі рет бойынша
реттеледі: 1 типке 17 экземпляр жатады.
Даталары: 677, 686, 689, 69 және 696 кездеседі.
2 типке бір монета жатады, датасы
689 ж (х.б), 3 типке 18 экземпляр жатады.
Тараз, жаңа тип – 17. беткі
жағы: шаршы, картуша ортасында
№1 тамга,
астында - Тараз жазуы. Жан – жағы әшекейлер.
Монеттің жоғарғы жағы өшіп кеткен. Артқы
беті: дөңгелек, екі қатарлы сызықты картуште
№1 тамга, астында – Тараз деген жазуы
бар.
Тараз – 18 тип. Беті: дөңгелек
екі қатарлы сызықты картушта
№1 тамга және екі виньет
бар. Артқы беті: жұлдызша картуша,
екі қатарлы үшбұрыш, №2 тамга.
Тараз – 19 тип. Беті: шаршы картушта
екі қиылысатын сызықты тамгалар
№ 1 және 2, бірнеше өрнектер мен
әшекейлер. Артқы беті: дөңгелек
картушта №2, нүктелер мен виньеткалар.
Жазу өшіп кеткен.
Тараз – 20 тип. Беті: жұлдызды,
екі қатарлы қиылысатын үшбұрыштан
тұратын картушта тамга орнына
сөзі, астында «құс» тәріздес
әшекейлер. Дата өшіп кеткен. Артқы
беті: дөңгелек екі қатарлы картушта,
№1 өрнекті дөңгелектен және
астыңғы, үстіңгі қатарларда орналасқан
виньеткалардан тұратын тамга
орналасқан. Легендасында – халиф
Насыр аты жазылған.
Тараз – 21 тип. Беті: дөңгелек
бір қатарлы картушта – үш
қатарлы жазу. Ол өзінше шаршы
құрайды. Квадраттың шеттеріне
«Тараз» деп жазылған және 678 жылы
(х.б) бар. Артқы беті: дөңгелек
екі қатарлы картушта №2 үш
өрнекті дөңгелек тамга орналасқан.
Легендада – сенім символы
көрсетілген.
Тараз – 22 тип. Беті: дөңгелек
екі қатарлы картушта - №1 астыңғы,
үстіңгі бөлігінде орналасқан
виньеткалардан тұратын тамга.
Айналасында шығарылған уақыты
– 694ж(х.б), артқы беті: дөңгелек
бір қатарлы картуштағы тамгада
бейнеленген.
Сонымен Тараз монеттеріндегі 1,2,3,3,7,8,12,13
типтерден басқа, жаңа 6 типі 17-22 және
екі жаңа дата – 678-697 жылы
енгізілді. Сонымен қатар Таразға
тағы шығу тегі жоқ монетті
жатқызады. Себебі оның картуштары
осы монеттерге ұқсайды.
Ходжент монеттерінің 15 экземпляры
белгілі. 6 монеттер бір типке
жатады. Оның ішіндегі 3-де «хандыкі»
деген сөз жоқ. Бес монеттер
2 нұсқаға жатады: екеуінде 706 жылғы
дата кездеседі. Бұл дата хаджент
монеттірінің хронологиялық шеңберін
жаңа уақытпен толықтырады. Негізінен
қазіргі уақытқа дейін тек
бір ғана – 677 жылы белгілі
болған.