Ғалым Настич Эрмитаждағы шығыс
коллекцияларынан Ясы қаласында,
Мұхаммед Текеш шығарған 2 күміс
монет табады. Осылайша ХIII ғасырлардағы
монет сарайлары қатарына Яссыны
да жатқызуға болады. Жазба деректер
бұл қаланы XIV ғасырда құрала бастады
деп көрсетеді, дегенмен монеттер
бұл қаланың моңғолдарға дейінгі
кезеңде де болғандығын дәлелдейді.
Монеттерде шығарылған уақыты
болсада, ғалым Настич, оны 1210
жылы, яғни Ясының Фараб округі
құрамында болған кезде шыққанын
болжайды. Отрар мен Ясыда монеттер
соғылды. Монеттер ірі мысты
– күміс дирхемдер болды. Отрардағы
Мұхаммед Текеш атындағы мыс
дирхемдері кішкене көлм мен
қысқа номиналды болды, бұл
Хорезмшахтың Моңғолдар келгенге
дейін Отрардың ақша шаруашылығына
үлкен көңіл бөлгендігін көрсетеді.
ХII – ХIII ғасырлардың басындағы
монеттердің күмістеуі және ақша
шаруашылығының құрылысы ХIII ғасырдың
II – жартысына дейін сақталды.
Орта Азияның ақша шаруашылығы
туралы Давидовичтің монографиялық
жұмыстарында орын алған. Онда
Давидович ХIII ғ Орта Азияның
монеттік істерін 3 кезеңге бөледі:
1 кезең – ХIII ғасырдың ортасы;
2 кезең – 50 – 60 жылдар; 3 кезең
– 607 жылдар.
Қазіргі уақытта бұл жұмыс
Орталық Мауеренахр, Фергананың, Оңтүстік
Қазақстанның ХIII - XIV ғасырдағы ақша
шаруашылығына қатысты көп сұрақтарға
жауап береді.
Ізденіс Тәжікістандағы Ленинабад
жерінен табылған күміс қорға
арналған және Алмалық, Бұқар,
Андыған, Қашқар, Кенже, Тараз,
Термез, Шаш, Бинкет және Отрар
монеттерінен туратын 9 бөлімнен
құралған.
Е.А.Давидович мысты – күмістердің
алғашқы 2 кезеңін сыныптай отырып,
Орталық Азия мен Қазақстандағы
қор материалдарына шолу жасайды.
Автор «Менгу» сөзін «монет»
немесе «деньга» дей отырып
зерттейді.
Орта Азиядағы ақша шаруашылығының
алғашқы 2 кезеңімен 1251 жылғы құрылтайды
сипаттай отырып, Е.А.Давидович, қор
материалдарына толық дерек береді.
Ғалымның көрсеткеніндей, бір бейне
мен бір салмақтағы алтын динарларды
жасау, 1251 жылы Менгу ханның құрылтайынан
кейін орталықтандырылды. Құрылтайда
салықтың жаңа түрі «купиур»
енгізілді, ал ақшалай, яғни
алтын дирхемдермен төленді. Осылайша
алтын ақшалар саудаға біртіндеп
ене бастады.
Мысты – күміс монеттердің
құнсыздануы мен монет ісінің
қайта ұйымдастыруы бойынша Давидович
алғашқы 2 кезеңнің теңге жасуы
мен монет айналымын келесі
салаларға бөледі:
- Шағатай әулетін монет жасау ісінде бір бүтін ұйым сияқты болған жоқ. Оны шартты түрде монет жасау ісінің түрлі принциптеріне байланысты 2 бөлімге бөлуге болады. Шағатай мемлекетінінде ақша айналымында негізінен мысты – күміс (Бұқар, Самарқанд, Ходжент, Отрар) дирхемдер, алқалған оның бөлігінде – таза күміс монеттер (Алмалық) жүрді. Алмалықта ұсақ саудада мыс фельстер қолданылды. Ал фельстерді, мысты –күміс дирхемдер жасайтын аймақтарда жасады ма? Давидович Қараханидтер мен Хорезмшах кезіндегі Орта Азияның екеуінің қатар жүргендігін айтады. Отрарда қазба жұмысы кезінде, күнделікті саудада қолданылған мыс фельстері табылды, ал оның өзі бірі ғана Отрарда – алтын, мысты – күміс дирхемдер және мысты фельстердің үшеуінің болғандығын дәлелдейді.
- Мысты – күміс дирхемдер ХIII ғасырда тек Бухар мен Самарқандта шығарылды. Самарқанд монеттерін тек Самарқанд округіне, ал Бұхар тек Бұхар қаласына шығарды, яғни осы жерлердің ақша саудасы қысқа аралықты қамтығандықтан, Моңғолдар келгенге дейін дағдарыста болды.
Ол туралы Самарқандта
622 жылы жасалған монеттер дәлелдейді,
монеттерде өздеріне ғана мәлім, фарси
(парсы) тілінде жазылған сөздер кездеседі.
622 жылы дирхемде, монеттер тек Самарқандпен
оның округінде қолданылғандығы жазылған.
Дегенмен 630 жылғы монеттерде «кім Самарқанд
пен округте (осы монеттерді) алмайтын
болса – қылмыскер болып табылады» деп
жазылған. Мұның өзі ХIII ғ 30 жылы ақша дағдарысы
қатты болғандығын көрсеті, себебі Самарқандта
халық мысты – күміс дирхемдердерді пайдаланбақ
түгілі, саудада ақша ретінде қолданғысы
келмеді. Сондықтан монет ісін қайта ұйымдастыруға
тура келді. Осы жағдайды Давидович 2- ші
кезеңге жатқызады.
3) 2 –ші кезең (ХIII ғ – 50-60 ж)-
монет ісінің біртіндеп қайта
ұйымдастырылуы. Боған түрткі болған,
жоғарыда айтып кеткендей жаңа
салық «құпшыр» халықтан ақша
түрінде жинау, сондықтан алтын
монеттердің қонысы дамыды. Ал
мысты – күміс дирхемдерді
қала үшін шығарды. Отрар мен
Ходженттің мыста – күміс дирхемдері
халық сенімінен шығып, ұзақ
уақыт қолданыста жүрді Оңтүстік
Қазақстанның ақша саудасы жақсы
дамыды, оған дәлел Отрардан шығарылған
алтын және мысты – күміс
дирхемдер, мыс фельстері бола
алады. Тағы осындай жағдайда
астанасы Алмалық болған Шағатай
мемлекетінің бір бөлігі болды.
Мұнда 2- ші кезеңде алтын динарлар,
таза күміс дирхемдер және
мыс фельстері шығарылды.
Давидович әр түрлі жерден, түрлі
уақытта табылған бес күмісті
қорларды анализ жасай отырып,
еңбегінің 4 – і бөлімінде осы
кезенде жұмыс жасаған монет
сарайларын анықтады: Алмалық, Аңдыған,
Бұхар, Қашқар, Кееже, Маргинан, Отырар,
Самарқанд, Тараз, Ташкент, Термез,
Ходжент, Шаш, Пулад. Алмалықта
ең алғашқы монет 670 ж, ал кейінгі монета
706 жылы шығарылды. Шағатай ұлысының солтүстік
– шығыс бөлігінен табылған 4 қор, монет
жасау ісінің қарқынды түрде жүргенін
дәлелдейді. Сонымен қатар бұл қорда алыс
батыстың, оңтүстік бөліктерде орналасқан
монет сарайларының монеттері кездеседі.
Сондықтан күміс монеттер Шағатай мемлекеті
бойынша еш кедергісіз қолданыста жүрді.
Күміс монет шығаруда 1-ші орында Тараз,
Отырар, Кенже қалалары болды.
Күміс монеттерді сыныптай отырып,
Давидович оларда анонимді болғандығын
анықтайды. Монеттерде көп кездесетін
есім – Насыр, кейде ол титулымен
бірге, кейде тек титул ғана
жазылған. Сонымен қатар Андыған,
Самарқанд және Ходженд қалаларының
монеттерінде «хани» сөзі кездеседі.
Монеттердің бетінде наным –
сенім символы бейнеленеді. Күміс
монеталарда көбіне игі тілектер
жазылады, ал Кенже, Тараз монеттерінде
игі ықыластар жазылады. Шығу
тарихын монеттерде жазу шарт
емес, шығарған монет сарайы монеттің
шетінде жазылған, уақыты тек санмен (көбінесе)
жазылған. Күміс монеттердің анықтаушы
элементі болған Тамға, картуштар және
түрлі зергерлік бұйымдар болды.
Үшінші кезеңдегі күміс монеттердің
берілген салмағын зерттей отырып,
Давидович, сол кездегі күміс
монеттер стандартты салмақ 2,1
грамм бойынша шығарылғандығын анықтады.
Осы салмақ бойынша 646 ж жылдары Алмалықта
жасалды. Кейін 3 – ші кезеңде Шағатай
ұлысының барлық монет сарайлары осы салмақпен
жасаай бастады.
ХIII ғасырда Орта Азия моңғолдарды
үлкен табыс пен үнемі ақша
көзі ретінде қызықтырды. Монет
басу ісіне моңғолдар тіпті
араласпады, елді алғашында көпес
Махмуд Ялавач, кейін оның баласы
Мас,уд бек басқарды. Күміс монеттерді
шығару мен айналуға шығару – Мас,уд
бектің реформасының бір бөлігі ғана болды,
ол белгілі салмақтағы күміс монеттерді
шығаруға еркіндік берді. Алғашында күміс
монеттерді 670 ж Отрарда, кейін 671 ж
жылдары Кенже, Тараз қалаларында шыға
бастады. Мауренахрда күміс монеттер кейінірек
шығара бастады, себебі ондағы экономикалық
жағдай ондай жол бермеді. Бүкіл Шағатай
ұлысында бір салмақтағы күміс монеттерді
шығару, монеттердің даналық түрде айналымда
болғандығын көрсетеді. Реформа жақсы
нәтиже берді: Орталық Азиядағы «күміс
дағдарысын» жайды, барлық талаптарға
сай келетін монеттер шығаруды ұйымдастырды.
Неліктен шағатай монеттерінде
Халиф Насырдың есімі жазылды.
Бұл есім тек Шағатайлықтарда
емес, жалылықтарда кездеседі. Күміс,
алтын, мысты – күміс және
мыс монеттерде бұл есімнің
кездесуі Халиф Насырдың 1258 жылы
қайтыс болғанына арналмаған
және моңғол мемлекетінің Хулағы
– ханға деген құрметтеуі де
емес деп есептейді Давидович.
Бұл дәстүр, басқа мұсылман жазулары
сияқты, берілген дәреже (дань).
Өзінің монографиясындағы қорытындысында
Давидович ХIII ғасырда Орталық
Азиядағы нумизматикалық деректерге,
сол кезеңдегі қала өмірінің
сипатын беруінде, негіз ретінде
қарады. Ғалымның ойынша Шағатай
мен Хұланғұндар елдерінің қалалық
өмірін қалыпқа келтіру бірдей
болмаған. Орталық Азияда келесі
тгі істер қала өміріне көмек
берді: 1) 1238 ж Мауренахрда Махмуд
Ялавач салықтарды бір қалыпқа
келтіруге тырысты; 2) ХIII ғасырда
Менгу – каанның жүргізген
саясаты Орталық Азияда шаруашылық
өмірге көмегін тигізді; 3) 1271 жылы
басталған Мас,уд бектің реформасы
қала өмірі мен ақшалай сауданың дамуында
бір орталықтандырылған мемлекет құруға
көмектесті.
Жоғарыда айтылған сұрақтардан
басқа Давидович өз монографиясында
Ленинабадтық күміс қорлар туралы
жазады. Бұл ХIV ғ Шағатайлық күміс
монеттерін сыныптауға көмегін
берді. Осы бағыттағы алғашқы
жұмысты Жуков жүргізді, ол Дүкент
өзенінің маңындағы Ангрен қаласынан
1952 жылы Дүкенттік күміс қорды
сыныптады. Қор өте құнды материал
дегенмен оның ішінде дұрыс
шешілмеген сұрақтар болды.
Массонның ХIV ғ Шағатайлық күміс
басудағы зерттеуі зор үлес
қосты. Бұл қор өзіне 497 ұсақ
дирхемдер мен 66 ірі динардан
тұратын, саз құмырадан тұратын
Орловтан табылған. Осы қорда
Шағатайлықтан бөлек ұлысының
және Бадахшанның монеттеріде
кездеседі. Массон сипаттау мен
қатар төмендегідей сұрақтарды
зерттеді: 1)Талас өңірінен табылған
Жағатай монеттері; 2) Қорды сыртқы
жағынан анализдеу; 3) Джағатайлықтарда
монет басу ісіндегі осы қордың
даму кезеңдерде алар орны; 4) Кепектің
ақша реформасының нәтижесі; 5) Талас
даласының кезеңдерінің қорлары
мен тағдыры; 6) Бадахшан монеті
және оның монет сарайының
мекен – жайы; 7) Қордағы Орталық
Азиядағы саяси жағдайыдың бейнесі.
Осы сұрақтардан басқа мақалада
қорытынды мен бірнеше ұсыныстар
берілген.
Отрарда күміс дирхемдерден басқа,
мыс фельстерінің болғандығы
Бурнашева мен Байпақовтың, Настичтің
жұмыстарындада кездеседі.
ХIII ғасырда Масұд – бектің
атынан шығарылған фельстер нумизматикада
жаңа материал болады. Жоғарыда
айтылғандай моңғолдық монеттер
Шыңғыс ханның Кебек ханға
дейінгі реформасында анонимді
түрде жасалған. Сондықтан монет
тарихында Масуд бектің есімі
пайда болуы жаңалық, дегенмен
ол Бартольдтың айтуынша, Орталық
Азиядағы, сонымен қатар Хорезмдегі
ұйғырлар облысының жоғарғы билеушісі
болған. Масуд бектің Орталық
Азиядағы мүмкіншілігі туралы, Настич
пен Кочнев, осы есіммен шыққан,
және бүкіл Орталық Азияда
таралу сипатынан алады.
Бурнашева мен Настичтің зерттеуі
бойынша Отрардан табылған мысты
– күміс монеттердің ішінен
«Иарли хани» деген термині
бар монеттерді анықтады. Мұндай
монеттердің «Менгу хани» және
«хани» терминдері жазылған екі
нұсқал монеттері де бар. Давидович
соңғы екеуін «хан монеттері» деп аударған
болатын. Бурнашевваның айтуынша – хандық
бұйрық деп аударылатын бұл терминнің
мағынасы да сондай.
Отрардың ХIII ғасырдағы дамығандығын
1974 жылы Отырар жерінен табылған
күміс монеттер көрсетеді. Кіші
Азия, Шығыс Түркістан, Поволжья
жерлерінің зергерлік бұйымдарынан
және Алмалық, Орду – ал
– А,зама, Закавказье, Қырым жерлерінің
күміс монетасынан тұратын бұл бай материалды
Байпақов пен Настич жариялады. Авторлар
бұл қор ХIII ғасырда Масуд бектің реформасына
дейінгі уақытта жиналағандығын айтады.
Қордың құрамы қаланың ірі,
кең сауда байланыста болғандығын
көрсетеді. ХIV ғасырда Отрар Жошы
ұлысының Ақ – Орда хандығының
құрамына кіреді. Ол кезде Отрар
монет басып шығармады, ал ақша
айналымында Сығанақ, Сарай әл
– Жадид, Хорезм қалаларының
монеталары қолданылды. Жошы ұлысына
кіретін Хорезм монет басу
ісін, Алтын Орда нумизматикасымен
айналысатын ғалым Федоров –
Давыдов зерттеді. Ол жайы монеттерінің
тарихын, Алтын Орда ақша айналымын
зерттеп, табылған қордан топография
жасады Григорьевтың Алтын Орданы ХIV
ғасырдың 60 – 70 жылдары билеген хандар
тізімін жасаған жұмысы назар аударарлық.
Келесі, тауар – ақша қатынасында, Темір
мен Темірліктердің кезіндегі дамуы маңызды
болып табылады. Х.М.Френ, Ф.Эрдман,
Ф.Соре, В.Трутовский, В.Г.Тизенгаузен,
Марковтың т.б. өткен ғасырдағы ғалымдардың
жұмыстары ХV – ХVI ғасырдың мыс монеттерін
зерттеуге арналған Отырардағы моңғол
– темір дәуіріндегі ақша қатынасына
арналған мақалада Кочневтың өзіндік
материалдарынан, Отырарда 1415 – 16 жылдары
мыс монеттер жасалғандығы көрсететілген.
ХIV ғасырда Самарқанд пен Хорезмде Темірдің
атымен шыққан монеттер Отырарда ақша
айналымына белсенді түрде қатысты.бірақ
бұл монеттер археологияда хронологиялық
шеңбер анықтауда қажетсіз, себебі көптеп
табылып жатыр. Археологиялық қазба кезнде
Отырардан Халил султанның 807 ж – 810 ж
Самарқандта жасалған монеталары, онымен
қоса Шахрухиеде жасалған Шахрух монеттерінде,
Ұлықбектің 823 жылдары түрлі қалаларда
жасалған монеттері кездеседі. Әсіресе
басқа қалалардан Отрар монеттерінің
табылуы қаланың Орталық Мауренахрмен
тығыз сауда байланыста болғандығын көрсетеді.
ХV ғасырда Отырарда мыс монеттерден басқа,
ақша айналымында күміс монеттер – танга
(негізгі номинал) және оның кіші түрі
– мири (танганың ¼ бөлігі) болды. Мири
Давидовичтың жұмыстарында кездеседі.
Тимур мен Сүргатмыштың, Махмұд және Халил
Сұлтанның аттарынан шыққан, танга мен
мириден тұратын қорды Настич жария етті.
2 – ші рет табылған мирилік қор, ХV ғасырдағы
Отрардың ақша айналымындағы жаңа номиналмен
таныстырды. Оны «Нимдандық танга» деп
аталды, себебі ол негізгі номинал танганың
1/12 бөлігін және миридің 1/3 бөлігін қамтыды.
Бұл Темірліктер мемлекетінің әлеуметтік
– экономикалық тарихын зерттеу жаңа
материал болып табылады. Отрар мен Құйрық
– төбеден табылған қорлар Темірлер кезеңіндегі
күміс монет басу ісі мен оның айналымдағы
орнын табуда зор үлес қосты.
1.3
Шығыс монеталарын зерттеген Френк еңбектері
Христиан Данилович
Френ – шығыстанушы ғалым, философ,
ғылымдардың докторы, Петербург
Ғылым Академиясының академигі.
1803 жылы Росток университетін бітірген.
1807-1817 жылдары Қазан университетінде
шығыс тілдерінің професоры және
деканы болды. Ол шығыс нумизматикасының
негізін салушы, Азия музейінің негізін
қалаушы әрі бірінші директоры
(1818-1842), сол музейдегі араб, парсы,
түркі жазбаларын зерттеулерге жетекшілік
етті. Әбілғазының «Түрік шежіресі»
атты еңбегін латын тілінде бастырып
шығарып, оған көлемді алғы сөз жазды.
Бұлғар, хазар, башқұрт т.б. түркі
халықтарының тарихы жайында еңбектері
бар. Френ Ресейдің шығыстану тарихында
елеулі із қалдырды.