История государств и права зарубежных стран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Краткое описание

Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды

Прикрепленные файлы: 1 файл

История гос.и права зар.стран.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

 

№ 10 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Шығыс елдерінің феодалды мемлекеті мен құқығының дамуы

Мақсаты: Шығыс елдерінің феодалды мемлекеті мен құқығының дамуы танысады.

Дәрістің  мазмұны

  1. Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы
  2. Жапонияның феодалды мемлекеті мен құқығы

       

 

№ 11 дәріс (2 сағат)

Тақырып: Жаңа және ең жаңа уақыт кезіңдегі мемлекет және құқық тарихы

Мақсаты:

Дәрістің  мазмұны

  1. Ұлыбританияның мемлекетінің пайда болуы
  2. Ұлыбританияның құқығының дамуы

 Буржуазиялық Ұлыбритания  мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ  ғасырда Батыс Еуропа тарихында  ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің  барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде  мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып,  Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық  саяси  тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.

Революцияға дейінгі  Ағылшын мемлекеті қоғамы екі  әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай,  болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Пуританизм-революция идеологиясы. ХҮІІ ғасырда ағылшын қоғамы әлеуметтік-класстық және саяси мақсатын идеологиялық ресмилендіруі Ағылшын революциясының маңызды ерекшелігі болып табылады. Пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы революция күшін мобилизациялау үрдісіндегі идеологиялық қызметті орындайтын батыл (боевой) теориясының рөлін атқарады. Пуританизм діни ағым ретінде революцияға дейінгі кезеңде өмір сүрді, бірақ ХҮІІ ғасырдың 20-30 жылдары абсолюттік оппазицияға қарсы идеологияның тұғырын қалады. Осы қозғалыстардың  маңызды жағдайы, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуін, шіркеуге ауысу қажеттілігін тиісті деп санайды.

Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды  біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады. Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600-1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды;  король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды.

Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан  қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы  жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының  нәтижесі болды.     Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды.  Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:

1.     конституциялық  кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);

2.     бірінші  азаматтық соғыс (1642-1646);

3.     төңкерістің  демократиялық мазмұнын тереңдету  үшін күрес (1646-1649);

4.     индепенденттік  республика (1649-1653).

Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент  Ағылшын республикасын жариялады.

 

Кромвель протектораты.  Кромвель билігі жеке диктатура сипатын  жүзеге асырды.1653 жылдың аяғында Кромвель әскери диктатурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны  енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-проттектор және парламент қолында болды. Парламет бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі13 –21-ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд-протекторлардың сайлауымен жүргізілді.  Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктатурасын бекіте отырып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті басқару билігі кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл конституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, республикадан монархияға қозғалыс басталды.

 

№ 12 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Жаңа және ең жаңа уақыт кезіңдегі мемлекет және құқық тарихы

Мақсаты: буржуазиялық мемлекеттің құрылуын ұғынады..

Негізгі сөздер: 2-ші және 3-ші республика.

Дәрістің  мазмұны

    1. АҚШ мемлекеті мен құқығының дамуы
    2. АҚШ Конституциясы
    3. Құқық туралы Билль

ХYІІІ ғасырдағы АҚШ  – ғы тәуелсіздік үшін соғыс. ХҮІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка  ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды.

Отар мемлекеттердің басқарылуы  біртекті болған жоқ. Олардың  кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары»  басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.     

1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс  метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.

1775 жылы мамыр айында  Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас  қолбасшысы ретінде Дж. Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д. Адамстың, Т. Джефферсонның, А. Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық  құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы. 

1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы. 1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді. Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған. Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған танымалы прогрессивті құжат.

1781 жылғы Конфедерацияның  құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы  штаттарда заң шығару үрдісін  ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген, алғашқы конституциялық құжат «Конфедерация бабтары» қабылдауға әсер етті. Штаттар «мәңгі одақ»-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды.

1787 жылғы АҚШ конституциясы  бойынша үкімет органдарының  жүйесі. 1787 жылы Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды.

 

№ 13 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Континенталды Еуропа елдерінің мемлекет және құқық тарихы

Мақсаты: жаңа ұлттық мемлекеттердің пайда болуын түсінеді.

Негізгі сөздер: Италияның бірігуі

Дәрістің  мазмұны

  1. Францияның мемлекеті мен құқығының дамуы 
  2. XIX-XX ғасырлардағы Германияның мемлекет және құқығының дамуы

Францияның версальдық бітімгершілігіне орай Эльзас пен Лотаренгия қайтарылды, германдық колонииялардың бөлігі және германдық репарациялардың едәуір бөлігіне құқықғы берілді. Мемлекеттің экономикасы қарқынды дамыды. 1930 жылы ауыл шаруашылық өндірістің үлесі 44%-ті құрады. Тресттер мен ірі корпорациялар қуатты дамуда жүзеге асты. Бірақ бірінші дүние жүзілік соғыс Францияны несие беруші елден борышқор елге ауыстырды.

Кеңестік Рессей (1917 жылдан бастап) заемдар патшалық үкіметпен  жасалғандықтан (барлық қарыздар патшалық), Француз банктердің заемдарын қайтарудан бас тартты. Соғыс кезінде Франция АҚШ-қа 4 млрд. доллар қарыз болды.

1920 жылы социалистік  партия комунистер мен сойиалистерге  бөлінід. Бірақ, елдегі күрделі  ішкі-саяси жағдайға қарамастан, 1875 жылы Конституция әрекет етушілікті  жалғастырды.

1919 жылы Жартылай пропорционалды сайлау жүйесі енгізілді. 1919 жылы сайлау заңы сайлаулардың мажориторлы және пропарционалды жүйенің үйлесуін қарастырды. Әрбір департамент 75 мың халықтан 1 депутатты сайлады, ал депутаттардың саны департаменттің санына байланысты болды. Неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланылған деп есептелді. Жоғарыда көрсетілген ережелер бойынша мандаттардың көбісі үйлестірілмегенде, сайлаулардың пропорционалды жүйесі қолданылды. Бұл жағдайда департамент бойынша сайлаушылардың саны тұтастай мандаттардың жалпы санын, ал 1 тізімдегі кандидаттар үшін берілген дауыстардың жалпы сомасы онда көрсетілген кандидаттардың санына бөлінді.

1927 жылы Р.Пуанкаре (консервативтік  саясат) мажориттарлық жүйені (абсолюттік  көпшіліктің жүйесі) қайта қалыптастырды. 1927 жылы заңға сәйкес Франция және оның теңіз аралық иеліктері 612 сайлау округтерге бөлінеді, олардың 9 Алжирде және 10-қалған колонияларда; онда мекен ететін француздар сайлады, колониялардың тұрақты тұрғындары сайлау құқықтардан айрылды.

30-шы жылдары үкіметтің  билігінің өсуіне тенденция күшейиілді. Парламент тіпті жыл сайын үкіметті төтенше өкілеттіктермен кеңелдірді. Үкімет заңдары парламенттің мойындауынсыз тәртіпті жүзеге асырылды.

Осылайша, 1939 жылы (қыркүйекте) үкімет Германияға соғыс жариялады, бірақ 1875 жылғы 19 шілдеде шыққан Конституциялық заңның 9 бабына сәйкес соғыстың жариялануы 2 плпталарды4 алдын ала келісуі мен ғана мүмкін болды.

1940 жылдың мамырында  неміс-фашитік әскетлер француздарды  талқандады. Француз үкіметі әскери  әрекеттерді тоқтатуды шешті.  Германия мемлекеті 2 бөлікке бөлінді: Шыңыс, Солтүстік- шығыс, солтьүстік және Франция атлантикалық жағалауы қоршалынды. Екінші бөлікте: Оңтүстік-шығыс пен Оңтүстік Германия вишинің марионеттік үкіметін сақтап қалды, бірақ 1942 жылы қарашада бұл облыстарда талқандалды.

Төртінші Республика

Француз қарсылықтардың қозғалысын Генерал Шде Голль  бастады. Англияда болған Шде Голль 1940 жылдың маусымында  "Еркін Франция" қозғалысын қалады. (1942 жылдан бастап, қорғауға түскен Франция). Тез арада  де голль ағылшын үкіметімен "барлық еркін франйуздардың басшысы" деп танылды. 1943 жылы жазда ұлттық босатудың біртұтас Француз комитеті құрылды, кейін Францияның уақытша үкіметіне де голльдің басшылығымен қайта ұйымдастырылған.

1944 жылы жазда ағылшын  - американдық әскерлер Францияға келді.(2-ші франк). 1944 жылдың аяғына қарай Францияның едәуір бөлігі босатылды.

1945 жылы Францияның  уақытша үкіметі жаңа Конституцияны  құру үшін және сол уақытты  референдум өткізу мақсатымен  Құрылтай жиналысқа сайлау өткізуді  шешті. Сайлаушыларға 2 сұраққа жауап беруге ұсынылды:

Информация о работе История государств и права зарубежных стран