История государств и права зарубежных стран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Краткое описание

Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды

Прикрепленные файлы: 1 файл

История гос.и права зар.стран.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

ХІІ ғ. бастап Германия феодалдық  батыраңқылық кезеңіне аяқ басты. Мемлекет көптеген князьдіктерге, графтіктерге, баронияларға ыдырайды. Осы уақытта қоғамның сословиелік топтық құрылымында өзгерістер байқалады. ХІҮ ғ. сословиелік өкілдік жүйесі толық қалыптасады. Сословиелік құрылымның ерекшелігі мемлекет масштабында бірліктің болмауы еді. Империяда империялық сословиелер немесе шендер, князьдіктерде земстволық сословиелер қалыптасады. Бірінші топқа империялық князьдер, рыцарьлар және қалалар кіретін. Екінші топты князьдіктердің дворяндары мен дін иелері және қалалар /князьдік/ құрайтын.

Төменгі дворяндар - рыцарьлар  өз маңызынан айырылады және кедейленеді. Шіркеу қызметкерлері 2 топқа: жоғарғы /епископтар, аббаттар/ және төменгі /қала және ауыл дін иелері/ болып бөлінеді. Жоғарғы топ курфюрстар сословиесіне енді.

Германия қалалары 3 топқа жіктелді. Бірінші топтағы империялық қалалар императордың вассалдары болды. Король билігі әлсіреген сайын олардың құқықтары да көбейіп отырды. Ерікті қалалардың құқықтары империялық қалалардікімен: бірдей болды, бірақ олар салықтардан және әскер беру міндетінен босатылған еді. Князьдік қалалардың өзін-өзі билеуі шектеулі болды және құқықтары аз болды.

Қала халқы да 3 топқа  жіктелді. Барлық қала лауазымдары  патрициаттың қолында болды. Оған оппозицияда 2 топ: бюргерлер және қалалық плебей тұрды.

Тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың негізгі бөлігінің  жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. ХІҮ ғ. Германияда шаруалардың құқықтық жағдайы әртүрлі 3 аудан: Саксония, Оңтүстік-батыс аудан, Шығыс өңір қалыптасады.

Сословиелік топтар өзара  тынымсыз күрес жүргізді және ұқсас топтардың бірігуіне провинциялардың өзара айырмашылықтары және алшақтықтары кедергі жасады.

Мемлекеттік құрылыс. ХІІІ ғ. бастап Германияда саяси билік  пен басқарудың жекелеген орталықтары  қалыптаса бастады.

Орталық аппарат іс жүзінде курфюстардың қолында болды. ХІІІ ғ. король билігі князьдердің үстінен бақылаудан толық айырылады. Штауфен әулеті императорларының сепаратизмді шектеуге бағытталған шаралары нәтиже бермейді. Король князьдерге қатысты "тең князьдердің арасындағы бірінші" болды.

1356 ж. император Карл  ІҮ "Алтын булланы" қабылдайды. Осы заңға сәйкес Германияны  басқару 7 курфюрсттың қолында  шоғырланды. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германияда 2 империялық орган - рейхстаг пен  империялық сот қызмет етті. Рейхстаг  жалпыимпериялық сословиелік-өкілдік орган болды. Рейхстагтың құрамында 3 коллегия: курфюрсттар коллегиясы, князьдер, графтар және еркін иелер коллегиясы, империялық қалалар өкілдерінің коллегиясы. Рейхстагта ұсақ дворяндар, бюргерлер /империялық емес қалалардың/ болған жоқ. Рейхстагтың өкілеттіктері толық реттелмеген еді.

1495 жылы Вормс рейхстагтағы  империялық жоғарғы сотты құрады. Соттың 14 мүшесін курфюрсттар мен  князьдар, 2 мүшесін қалалар, төрағасын  император тағайындайтын. Империяны  князьдар басқаратын 10 округке бөлу  көзделді. Осы 10 князь сот шешімдерін жүзеге асыруға тиіс болатын. Бұл үшін князьдерге әскери контингенттер беру  көзделді. Империяны басқару шығындарын өтеу үшін "жалпыимпериялық пфеннинг" салығы енгізіледі.

Герман феодалдық құқыққа  жалпы сипаттама. Германдық құқық ортақ жүйеге келтірілмеген еді. Территориялық партикуляризм құқықтың сословиелік бөлінуімен /лендік, земстволық, қалалық және т.б./ толықтырылып отырды.

Германиядағы феодалдық  құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет-ғұрыптық  құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген

 

№ 8 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Еуропа елдерінің феодалды мемлекет және құқығының дамуы

Мақсаты: Еуропа елдерінің феодалды мемлекет және құқығының дамуын анықтау.

Дәрістің  мазмұны

  1. Ресейдің феодалды мемлекеті мен құқығы
  2. Ресей құқығының сипаттамасы.        

Б.э.д. екінші мыңжылдықта  Шығыс Европаның солтүстік бөлігімен  Днепр және Одеро аралығында славяндар  өмір сүрді. Алғашқы славяндар біздің эрамызға дейін өмір сүрген антикалық авторлардың жазбаша естеліктің құрылу шарттарымен міндетті.

Жазба деректерінде славяндарды "веннеды" деп атаған. Б.э..д. І  ғасырда біртұтас, тұрақты, көп санды  этникалық массивтер, венедалар  Шығыс және Орталық Европа және шығысында Днепр, батысында, Одера аралығында орналасқан. Славяндардың шаруашылығының дамуы тұтқындар арасындағы байланыспен бекітілді.

І мыңжылдықтың екінші жартысында славяндар ұланғайыр территорияны алып жатты. Шығыс, батыс, онтүстік славяндар пайда болды.

Шығыс славяндар Шығыс  Европа бөлігін алып жатты. ҮІІ-ҮІІІ ғ., Шығыс славяндардың экономикалық даму дәрежесі толық қалыптасты. Жер  өндіру және мал шаруашылығымен қатар, өндірістік еңбек өсті. Шығыс славяндардың қоғамдық құрылымының маңызды бөлігі - ауыл /аумақтық/ қоғамы болды. Жеке шаруашылық одақтары /жанұя бірігумен/ қалыптасты, аумақтық қоғаммен бірге жерге алқалы меншік әрекет ете бастады. Шығыс славяндары 14 одақтан құрылды.

Демократиялық ұйымын - халық  жиналысы және ақсақалдар кеңесі басқарады. Халық жиналысы әскери жиналысқа ауысты. Мемлекеттік органда өзін-өзі басқару органының қалыптасу процесің өсе түсті. Әскери демократия бірте-бірте әскери иерархиялық басқару жүйесіне көше бастады. Дружина әскери күшке айналып,  қарсы топтармен қайшылықтарды шешу, қорғау, жаулап алу т.б.қызметтерді жүзеге асырды. Шығыс славян мемлекеттерінде өзін-өзі басқару органын қалыптастыру процесі басқалармен салыстырғанда жылдам қалыптасты.

ҮІІІ ғасырда Орта Приднепров жерінде көшпенділер  арасындағы күрестің нәтижесінде бірнеше одақтар пайда болған Бұл одақтар одақтардың одағы "Русь" деген атпен астанасы Киев мемлекеттілігін құрады. Псковтық,  Смолендік, Полоцкілік одақтар бірігіп бірлестік құрды. ІХ ғ. дипломатиялық және әскери белсенділігі күшейе түсті. Шығыс славяндармен екі мемлекет пайда болды: Киев және Новгород. Шығыс славяндардың саяси консолидациялық процесіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: территориялық, этникалық, мәдениеттік, экономикалық, жалпы жауларымен күрес жүргізу үшін күшті біріктіру т.б. Киев Русінде феодал қатынастары тең негізде дамымаған. Экономикалық нысанының бірі ретінде жерге меншікті жүзеге асырумен сипатталады.

Киев Русінде феодалдармен бірге ерікті крестьян-қоғамдары, ерікті қала тұрғындары, феодалға тәуелді  тұрғындар және құлдар деп бөлінді. Феодал билігінің әкімшілік және шаруашылық орталығы феодалдар алаңы болды.

Киев Русі негізінен  ауыл және қала тұрғындарынан тұрды. Ежелгі орыс мемлекет үшін негізгі әскери құрамнан тұрды:

-        ұлы князь құрамасы және жергілікті князь құрамасы

-        халық әскері

-        жолданбалы /жасақ/ әскер

Әскерлер жасақтарға, полктерге, мыңдықтарға, жүздіктер, оңдықтарға бөлінді. Діни топ өкілеттігін мемлекет басшысы Ұлы Киев князы басқарды, діни реформасы өте маңызға ие болды.

Ежелгі орыс құқығы. ХІ-ХІІ ғ. Орыс правдасының кеңейтілген редакциясы қоғамдық құрылым даму кезеңі, бояр тиундары, бояр қатарлары, топтары, бояр мұрагерлері туралы айтылады. Феодалды жер иелену ұлы князь және жер иеленуші қауымдастықтар есебі көбейе түсті. Киев Русінде феодалдық жер иелену заңымен реттелінді. Орыс Правдасы феодалдық өзара келіспеушіліктерді бұзғандығы үшін 12 гривен көлемінде айыппұл төледі. Орыс Правдасы феодалдық құқықтық ескерткішінде ерекше артықшылықтар бекітілген. Князь ерлерін өлтірген үшін 80 гривен өлшемінде айыппұл төлейді, қарапайым адам өлтіргені үшін осы көлемнің жартысын төлейді. Феодализмнің дамуы феодал-княздар, бояр және шіркеудің жерге меншік құқығы иеленуіне әкелді. Қоғамның топтарға бөлінуі сословиялы құрылымның қалыптасу процесіне әкелді.

Қысқаша Орыс Правдасы редакциясында "адамдар" ұғымына қала және ауыл тұрғындарына кеңінен атап көрсеткен. Орыс Правдасы ХІІ ғ. "Закуп" жарлығы жарық көрді. Закуп - өз шаруашылық қызметі бойынша басшысына қарыз немесе міндетті адамдардың құқықтық жағдайы туралы анықтайды.

Изгой - өзінің бұрынғы  жағдайынан айырылу. Изгойлар ерікті және тәуелді деп бөлінеді. Х-ХІІ тұтқын-құлдарды "илядь" деп атады, олар толық  құқықсыз болды. Басқа себептермен  құл атанған адамдар "холоп" деді.

Орыс Правдасында "челядин" деп толық құқығы жоқ, басшысының қол астындағы құлдар.

Ал қала тұрғындары екі  негізгі топқа бөлінеді: төменгі  дәрежедегі қала тұрғындары және қала аристократтары.

 

Орыс Правдасында басқару  жүйесінің даму процесін анықтап, айыппұл  көлемін белгілеген.

Мұрагерлік құқық жеке меншіктің нәтижесінде қалыптасты. Әке мұрасы кенже ұлына берілді, ал қыз балалар мұрагер ретінде  танылмады. Орыс Правдасы саудагерлер  арасында заем шартының айналымын, сауда  айналымындағы несие жүйесі, мәміле жасау үшін арнайы сенімхаттың болуын талап етті. Жазбаша ескерткіш құқығында қылмыс және жазаның баптары көрсетілген, онда қылмыс, мүліктік қылмыстар, моральдық, материалдық, физикалық зардап т.б. ұғымдарайқындап көрсетілген. Қылмыс объектісі - князь билігі, мүлік, қылмыстың объективті жағы- қылмысқа оқталу, аяқталмаған қылмыс. Ал қылмыс субъектісі болып құлдар танылмайды. Субъективті жағы қасақана қылмыс жасау. Ең аса ауыр қылмыс князь билігіне сұғу болып табылды. Сонымен бірге шіркеуге қарсы, тұлғаға қарсы, мүлікке, адамгершілік және жанұяға қарсы қылмыстардың түрлері болды. Жаза: айыппұл, қанға -қан,жанға-жан , компенсация , аяқ, мұрын кесу, көзін ою сияқты жазаның түрлері болды. Өлім жазасын қолдануға рұқсат берілді. Ежелгі Орыс мемлекетінің дамуы мен қалыптасуы құқықпен тығыз байланысты. Ең басты заң шығару ескерткіші  Орыс Правдасы. Киев Русі осы құқықтар арқылы жергілікті, отандық жер байлығын, қоғамдық қатынастарды, қоғамдағы тәртіпті бекітті.

 

№ 9 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Шығыс елдерінің феодалды мемлекеті мен құқығының дамуы

Мақсаты: Араб Халифатының құқығын,басқару жүйесін талдау.

Негізгі сөздер: халифат

Дәрістің  мазмұны

    1. Араб Халифатының пайда болуы.
    2. Араб халифатының құрылысы..

     Қазіргі кездегі мемлекеттер арасында өзінің ерекшелігімен көзге түсіп отырған Азия  құрылығында орналасқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың ішінде Жапония  сен Сауд Аравиясы, Кувейт, Бірікен Араб  әмірліктері  атап өтуге болады. Жоғарыда аталған мемлекеттердің үшеуі мұсылман мемлекеттері болып есептеледі және мұсылман құқын қоғамның  барлық саласында пайдаланумен ерекшеленеді. Сондықтан да қысқаша мұсылман  мемлекеті және құқының пайда болуы мен дамуына тоқталайық.

Иранның Қос өзен аңғарын  жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан  және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы  өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.

Мұсылман құқының қайнар көздері – Құран, Сүнне және хадистер. Сүнне – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс-  туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі  негізгі дін қағидалары комплексі  шариат  деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап  тура жол ұстаумен тығыз  байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар  мен мұсылмандардың өзара қатынасы  және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған  жағдайлары  байланысты шариғатын жалпы нормаларын арнайы ғылым  әл фих юристируденция зерттесе,ал  шариат нормалар әл фикх құқық қарастырады.

 

Мұсылман  сот ісі  алғашқы халифтер кезінде жүзеге  аса бастады. Шариат нормалары бойынша  сот ісін жүргізуі чиновники кады   немесе қазы деп атайды /тағайындаушы немесе айыптаушы/. Алғашқы қазылар Омар халифтің /634-644/ бұйрығымен Медине, Баср, Куф қалаларын тағайындалды. Қазылар өздеріне тапсырылған аймақ азаматтық және ұрпақ істерге шешім шығарып отырды. Сонымен бірге олардың бақылауында  қаладағы қоғамдық орындар  мен құрылыстардың жағдайы және азаматтарды адамгершілікке іс әрекет де бақылауда болды.

Мұсылмандар басып алған  жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф  деп атады және осындай жердің бәрінен  арнайы салық харадж алынды.

1.                  Жизия-мұсылман мемлекеттеріндегі  мұсылман еместерден алынатын  жан  басы салығы. Бұл салықты  жаулап алған кезде аман қалдырғаны  үшін кәмелетке толған барлық  ер адамдар төледі.

2.                  Ұшыр-мұсылмандардың өнімнен төлейтін салығы. Әдетте ірі жер иеленушілер жерін арендаға беріп,онан алған харадждың бір бөлігін өзіне қалдырып,ал бір бөлігін ұшыр ретінде төлеген.

3.  Зекет-жағдайы нашар  мұсылмандар үшін жиналатын салық.  Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен,  алтын мен күмістен тауардан  алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа.

Информация о работе История государств и права зарубежных стран