История государств и права зарубежных стран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Краткое описание

Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды

Прикрепленные файлы: 1 файл

История гос.и права зар.стран.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Мемлекеттік құрылыс /ерте - феодалдық монархия кезеңі/. Герман тайпалары Британияны жаулап алған соң, тайпалардың басқару органдары мемлекеттік органдарға айналады. Бұл кезеңдегі басқару органдары: 1/ король - бейбітшілікті қорғау міндті болған, әскери және діни функцияларды жүзеге асырған, сот, ақша жасау және салық жинау құқығын өз қолына шоғырландырған.

2/ Корол сарайы - орталық  мемлекеттік басқару органы болған.

Король сарбаздары мен  қызметшілері мемлекеттік қызметшілер  мен феодалдарға айналады.

Король қаражатының қайнар көздері: 1/ жерден алынған өнім; 2/ "фирма" салығы; 3/ дат ақшасы; 4/ кеден салығы; 5/ нарық салығы; 6/ таразы салығы.

Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық  қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген.

Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған.

Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.

Өкілетті-сословиелік  монархия /ХІІІ-ХҮ ғғ/. ХІІІ ғасырда  феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда  болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу.

Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық  жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және  копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер.

1539 ж. король мен парламент  актілерінің теңдігі жарияланады.  Бірақ, 1547 жылы Парламент қабылдаған  заң король қол қойған соң  ғана заңдық күшке ие болады  деген ереже бекітіледі. Король  билігі күшейгенімен, Парламент  және жергілікті өзін-өзі басқару сақталып қалады. Мемлекеттік аппарат орталықтандырылған сипатқа ие болады. Орталық мемлекеттік органдар: король, Құпия кеңес /құрамы:лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-мөр сақтаушы/, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы - Комиссия болған. Оның құрамына шіркеу қызметкерлерінен басқа Құпия кеңес мүшелері де кірген. Жергілікті басқаруда графтікті король тағайындайтын лорд-лейтенант басқаратын болды. Олардың қарамағында констебльдер болды. Сот жүйесінде бітістіруші сот институты енгізілді. І Елизаветаның тұсында төтенше сот - Жұлдызды палата құрылды.

Ағылшын құқығына сипаттама. Ағылшын құқығының қайнар көздері - әдет-ғұрыптар болып табылады. Әдет-ғұрып  құқығының жазбаша қайнар көздері  мыналар: Эттльберттің шындығы /600 жыл/; Инэнің шындығы /690 жыл/; Альфредтің шындығы /871-901 жж/; Кнут заңы /1017 жыл/.

І Вильгельмнің тұсында  әдет-ғұрып нормалары 1 жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деп атала бастады. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге англосакстардың әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Жеке меншік құқында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескелігі. Міндеттемелердің 2 түрі болды: шарттан туындайтын және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.

Қылмыстардың жіктелуі: мемлекетке опасыздық, ауыр қылмыстар /фелония/ және уақ қылмыстар /миедиминор/.

Некелік қарым-қатынастарды шіркеу бекітетін. Бірақ, жұбайлардың мүліктік қатынастарын жалпы құқық бекітетін.

Процессуалдық құқықта 2 жақта тең болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болып, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде өтетін.

Сот процесінің мынадай кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн: алдымен қылмыс туралы білетін адамның тарапынан айыптау басталады, кейін ол айтқан фактілер тексеріледі, қылмыскер бұзған норма мәлімделеді, содан кейін барып жаза кесіледі. Осы процесс өркениетті елдің талаптарына сай оның әрбір кезеңі бөлек және түрлі адамдар арқылы орындалады. Сол үшін де қоғам дайындығы мол адамдарды әрбір кезеңге бөліп пайдаланса, процесс өте сапалы, демократияға лайық, өркениетті стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ, бұлай болу үшін көп уақыт керек.

Қылмыстық соттар. Қылмыстық  істер графтіктерде қаралатын. Жылына 3 рет көшпелі сот келіп, ант  берушілердің көмегімен қылмсытық  істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді  босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген  графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын. Қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынастардың 2 жағында король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды.

Азаматтық сот. Бұл сот  жеке адамдардың арасындағы таластарды қарайды. Бұл істерді алдын-ала  тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір-бірімен келісіп, бейбіт әдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді.

 

№ 7 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Еуропа елдерінің феодалды мемлекет және құқығының дамуы

Мақсаты: Еуропа елдерінің феодалды мемлекет және құқығының дамуы талдау.

Негізгі сөздер: Сюзеренитет, вассалитет

Дәрістің  мазмұны

  1. Германияның феодалды мемлекеті мен құқығы
  2. Англияның феодалды мемлекеті мен құқығы

Германияда ерте феодалдық  мемлекеттің қалыптасуы және дамуы. Германия жеке феодалдық мемлекет ретінде  Франк империясы ыдырағаннан кейін шығыс франктардың жерлерінде құрылды. Оның территориясы 4 герцогтіктен құралған болатын. Бұл герцогтіктер: Саксония, Франкония, Швабия және Бавария. Әр герцогтікте халықтың этникалық құрамы және феодализмнің даму деңгейі әртүрлі болатын. Кейіннен Германияның құрамына Франциядан тартып алынған Лотарингия герцогтігі кіреді. ІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Х ғасырдың басы тайпалық сипатын әлі толық жоғалтпаған және бір-бірімен байланысы шамалы осы герцогтіктердің өзара күресі толық болды.

Х-ХІІ ғасырлардағы біршама орталықтану кезеңінен кейін ХІІІ ғасырда феодалдық батыраңқылық кезеңі басталады. Бұған өз себептері бар еді. Германия территориясындағы феодализмнің қалыптасуы көрші Францияға қарағанда баяу және біркелкі емес жүрді. Мемлекеттің толық бірігуіне герцогтіктер халқының этникалық айырмашылықтар және олардың күресі бөгет болды. Германияның орталықсыздануына сыртқысаяси факторлар да өз әсерін тигізді. Феодалдық Германияның сыртқы агрессиясының 2 негізгі бағыты - Италия және славяндық Шығыс бағыттары - Германия герцогтіктерінің, күшпен қосылған славян жерлерінің және Солтүстік Италияның 1 империяға бірігуіне әкеліп соқты. Бұл империя "Герман ұлтының қасиетті Рим империясы" деген атпен белгілі.

 

Германияның орталықтандырылуына  мемлекетпен шіркеудің арасындағы ашық күрес әсерін тигізді.

Германия территориалдық батыраңқылық және княздік абсолютизм жолымен дамыды. ХІІІ ғасырдан бастап княздіктер император билігімен  формальды түрде байланысқан  ұсақ мемлекеттерге айнала бастады.

Герман феодалдық мемлекетінің тарихы 2 кезеңге бөлінеді:

1. Германиядағы ертефеодалдық,  біршама орталықтандырылған мемлекеттің  қалыптасу және даму кезеңі /Х-ХІІ  ғғ/

2. Территориалдық батыраңқылық  кезеңі /ХІІІ-ХҮІІІ ғғ/

ХІІІ-ХІҮ ғғ. жеке княздіктердің  қалыптасуын, ірі князь-курфюсттардың олигархиясының орнатылуынан кейін Германия ХІХ ғ. басына дейін тұтас мемлекет болмады және сословиелік өкілдік монархияның элементтері бар сеньориалды монархия нысанын сақтап қалды. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Германия княздіктерінде сословиелік-өкілдік, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда абсолюттік монархиялар орнатылады. 1806 ж. "Қасиетті Рим империясы" Наполеон шапқыншылығының нәтижесінде өмір сүруін тоқтатады.

Қоғамдық құрылыс. Х-ХІ ғғ. герман феодализмі аяқталмағандықпен  сипатталады. Ұсақ ерікті жер иеленушілер  массасы сақталып қалады. Ерікті шаруаларды тұрақты ауыл қауымы марка біріктірген. Иерархиялық лендік жүйе және феодалдық иммунитеттер әлі де толық анық сипатқа ие болмайды.

ХІ-ХІІ ғғ. Германияда негізгі тап-сословиелер қалыптасты.

Феодалдар табы ру тайпалық және қызметшілік аристократиядан қалыптасты. Рулық аристократияға герцогтер жататын. 2-ші топты әкімшілік округтердегі маңызды азаматтық және діни лауазымдарды иеленген графтар құрайтын. Ірі жер иеленушілерге сот функцияларын атқарған король шенеуніктері - фогттар да айналады. Осы күштер ХІ-ХІІ ғғ. үлкен одаққа бірігіп, орталықтандыру процессіне кедергі жасайды. Ірі феодалдар территориялық княздер сословиесіне бірігеді. Осы сословиеге шіркеу князьдері де кіреді. Князьдер сословиесі толығымен ХІІІ ғ. ортасына қарай қалыптасады.

Рыцарьлар тобы ұсақ дворяндардан және ауқатты шаруалардан қалыптасты. І Генрихтің әскери реформасы  бойынша бұл сословиеге кез-келген ат үстінде соғыса алатын еріктілер  қабылданатын болды. Рыцарлар қатарына көбінесе министериалдар король мен феодалдардың қатарынан шыққандар болатын.

Феодалдар 7 рангқа бөлінген. Рангқа министериалдардың арасынан шыққан рыцарьлар да енгзілді және осы топ "шеффен сословиесі" деп  аталды.

ХІІІ ғ. қарай шаруалар 2 категориядан тұратын еді: ерікті және еріксіз шаруалар. Ерікті шаруаларды чиншевиктер мен арендаторлар құрайтын. Олардың феодалдарға тәуелділігі шектеулі болды. Шаруалардың көпшілігі еріксіз болды және бұл категорияны литтар, батрақтар мен жеке тәуелділіктегі басыбайлылар құрады.

Мемлекеттік құрылыс. Х-ХІІ ғғ. Германия біршама біріккен мемлекет болды. Феодализнің баяу дамуы, сыртқы қауіп және алғашқы герман корольдерінің белсенді орталықтандыру саясаты король билігінің күшеюіне және ертефеодалдық монархияның қалыптасуына оң әсерін тигізді.

Король сайланатын болғанымен, таққа олар белгілеген, король тұқымынан шыққан адамдар ғана отыра алатын.  І Оттоның билік құрған кезінде /936-973 жж/ мемлекет шіркеудің көмегімен герцогтердің билігін шектейді. Бірақ, Отто реформаларының шіркеу магнаттарының тәуелсіздігінің күшеюі түріндегі теріс нәтижесі болды. Оттон 962 ж. Римді басып алып, император титулын алады. Рим папаларын енді герман императорлары тағайындайтын болды. ХІ ғ. соңын рим палалары императорлардың билігіне қарсы шыға бастады. ХІІ ғ. орталық билік папствомен күрестің және феодализнің одан әрі дамуының нәтижесінде әлсірейді.

Х-ХІІ ғғ. орталық аппарат  биліктің сарайлық вотчиналық жүйесінің  белгілерін сақтап қалды. Сарайдың жоғарғы сановниктері канцлер мен маршал болды. Осы лауазымдар кейіннен мұраға берілетін болды және оларды ірі феодалдар: саксония герцогы, майнц, трир архиепископтары және тағы да басқалар иеленді. ХІ ғ. бастап ірі феодалдар король кеңесі - гофтагқа қатысатын болды. Олар осы кеңесте императормен бірге маңызды істерді шешетін.

Жергілікті әкімшілік бірлік - округ /графтік/ деп аталды. Бұрыңғы король шенеуніктері мұрагерлікпен лендерді иеленетін ірі жер иеленушілерге айналады. Олар өздерінің билік аппаратын құрады. Осы лен иеленушілердің жерлері орталық биліктің араласуынан артықшылықтармен және иммунитеттермен қорғалатын.

Орталық және жергілікті аппараттың әрекет етуіне императорлар ХІІ ғ. бастап шектеулі түрде ғана араласа алатын.

Италияны басқару үшін ерекше аппарат құрылды. Оны Германияның  жоғарғы діни қызметкерлер мен князьдердің  арасынан тағайындалатын канцлер басқаратын. Одан басқа әкімшілік және әскери өкілеттіктері бар император жаршылары, император мүлігін пфальцграфтар басқарады және қала префектері канцлерге қызмет ететін.

Информация о работе История государств и права зарубежных стран