История государств и права зарубежных стран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Краткое описание

Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды

Прикрепленные файлы: 1 файл

История гос.и права зар.стран.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Патша билігін құлатуға қатысқан ақсүйектердің екі ірі тобының билік үшін күресін болдырмау ушін жыл сайын биліктегілерді сайлау жүйесі енгізіліп, Республикалық билеу формасы, яғни басқарудың барлық сатысына адамдар сайланып қойылатын болды.

Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ – плебейлердің арасындағы курес те әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ таблица заңдарында плебейлер  құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте-бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси жэне экономикалық құқықтар алды. Плебейлер біртіндеп өздерінің өкілдерін мемлекеттік қызметкер дәрежесәне көтерді. Оларды халық трибундары деп атады. Бастапқыда екі  халық трибуны болса,кейіннен олардың саны он-ға дейін жетті. Плебейлер өздерінің жиналысын  «плебисит» шақыру құқына қол жеткізді және  кейіннен бұл жиналыстың шешімі заң күшіне ие болды. Әлеуметтік топтардың арасындағы шиеленістің дұрыс шешілуі  мемлекетік баскару жүйесінің  тиімділігін арыттырғандықтан жэне де азаматтардың соғысқа деген ынтасын басып алынған территориядан жер беру арқылы қызықтыра білген. Рим басшылары біртіндер көрші территоряларды басып ала бастады.

Римнің мемлекеттік  құрылысының басқаруға тиімділігі оның алып державаға айналуына әсер еткен фатордың бірі.

Сондықтан да Римнің мемлекеттік  құрылысына тоқталып өтейік.

Рим республикасының  ең жоғарғы билік органдары халық  жиналыстары мен сенат болды.

Халық жиналыстарының үш түрі болды:

1. Куриаттық халық  жиналыстары – Римдегі ең көне  халық жиналысы және ол негізінен  рулар бойынша жиналыс болды.

Римде 30 курия болды.

2. Трибуттық жиналыстар-территориялық  жиналыс,яғни трип бойынша жиналатын  жиналыс болды. Бұл жиналыста  консулдар мен преторлардан басқа магистраттарға сайлау өткізілді.

3. Центуриаттық жиналыс-  әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни  халық жасағының тұрақты бөлімдері  бойынша шақырылатын жиналыс  болды және саяси жағынан ең  маңызды орган болды. Центуриаттық  жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды.

Центурияттық және трибуттық  жиналыстардың шешімдері заң  күшіне ие болды.

Ақсақалдар кеңесі - Рим  республикасындағы ең маңызды басқару  органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды және құрамында 300 рудың өкілі болды.Кеіннен,б.э.д. 1 ғ. Сенат құрамында 600 мүше болды. Сенат құрамына бұрын жоғарғы  мемлекеттік қызымет атқарған адамдар кірді. Әр бес жылсайын сенаторлардың тізімін арнайы магистраттар-цензорлар тексеріп,қайта жасалып отырғСенатта мемлекеттік маңызы бар  мәселелер мен заң жобалары каралып ,халык жиналысына бекітуге үсынылып отырған. Сенаттың шешімдері сенатуусконсульт деп аталып,магистраттар басшылыққа алатынқұжат ретінде маңызы болғанымен ресми түрде заң күші болмады.

Рим республикасында  басқару жұмысын арнайы мемлекеттік  қызметкерлер жүргізеді. Оларды магистраттар деп  атады. Мемлекеттік қызыметтің екі түрі болады: ординаллық жэне экстраординарлық.  

Ординарлық магистраттарға мына қызметтер кіреді:

1. Консулдар. Патша  қуылғаннан кейін патшаның функциясын  атқару үшін екі консулдың  қызметті тағайындалады. Олар  бір жылға халық жиналысында  сайланып отырды.Б.ә.д 367 ж. консулдар  тек патрицилерден сайланса,ал  осы жылдан бастап консулдардың бірі плебейлерден сайлана бастады. Консулдың билігін көрсету үшін алдында салтанатты қарауылдар-ликторларжүріп отырады.

2. Цензорлар - Рим республикасында  б.ә.д. 434 жылдан бастап сайлана  бастаған магистраттардың бірі.Әр  бес жылда 1,5 жылға сайланып отырған.  Цензорлар азаматтардың санағын жүргізуге,сенаторлардың тізімін қайта қарауға жэне салықтың казынаға түсуін қадағалауға,мемлекеттік табысты жинауды тапсыруга жауапты болған және азаматтардың тәртібіне ,іс- әрекетіне бақылау жасап отырған.

3. Преторлар -  жоғарғы  магистраттардың бірі,сот ісін  жүргізуші.Претор қызыметі б.э.д.366 ж. енгізілді.Б.э.д. 267 ж. 

2  претор сайлана  бастады. Бірі-қалалық претор  деп аталады,ал екіншісі прегриндік  претор деп аталады. Қалалық  претор азаматтардың арасындағы сот ісін жүргізді,ал  прегриндік претор Рим азаматы емес (прегрин) прегрин адамдардың арасындағы сот ісін жүргізді. Сот ісімен қатар претор әскер басшылары болып тағайындалды және провинцияларды басқарды. Претордың алдында 6 адамдық салтанатты қарауыл жүріп отырды.

5. Эдилдер. Рим қаласын  көріктендіруге,қоғамдық мейрамдарды  өткізуге, қаланы азық-түлікпен  қамтамасыз етуге,қаладағы қоғамдық  тәртіпті сақтауға жауапты қызыметкер  болды.

6. Халық трибундары  – тек плебейлерден сайланатын  Рим магистраттары. Халық трибундары плебейлерді патрицилерден қорғайтын қызымет ретінде пайда болды және олардың вето құқы болды. Халық трибундарының трибуттық жиналыстарды шақыруға,комицияларға заң жобаларын ұсынуға,магистраттардың шешімін тоқтатуға.сенаттың пікіріне қарсы шығу құқы болды. Халық трибуны қызыметі қасиетті саналды және оған қарсы жасалған қылмыс діни қылмыспен қатар бағаланды.

Римнің әкімшілік жүйесінің  бір ерекшелігі - әрбір Рим азаматы  мемлекеттік қызыметке сатылап  өсті және жасына қарай сайланды. Мысалы, консулдық қызыметке жасы 42 толған және ең төменгі қызыметтен біртіндеп өскен азаматтар ғана  сайланған. Рим мемлекеттік қызыметінің тағы бір ерекшелігі – қызыметтердің көпшілігі  коллегиалды болды. Мысалы, екі консул,халық трибундары қызыметі және  тағы да басқа  қызыметтерді бірнеше адамдар атқарғандықтан шешім қабылдау барысында көптеген мәселелер келісіліп шешілді және бірін-бірі  тежеп отырды. Рим республикасындағы мемлекеттік басқару ісінің  осылай ұйымдастырылуы мемлекетті  басқару ісін жеңілдетті және Рим азаматтарының  мемлекетті басқару ісіне әсер етіп отыруына жағдай жасады.

Жалпы ежелгі Шығыс елдерінде  құқық жүйелері қазіргідей  қылмыстық, азаматтық және поцесуалдық құқық  деп бөлінуі   білген жоқ. Себебі экономикалық  және  әлеуметтік  қатынастардың тым күрделенбеуі тым күрделенбеуі , деспоттық  билік адам құқы мәселесін күн тәртібіне қойған жоқ болатын.

Ел енді ежелгі  дүниедегі  құқығы дамыған ел Рим болды. Рим  құқығының дамуына тауар-ақша қатынастары  әсер етті. Рим құқығының тарихынан  біз жоғарыда аталған институттарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық нормалардың жеке құқықтық нормалардан /азаматтық-құқықтық/, қылмыстық процестің азаматтық процестен бөлшектегенін көреміз. Бұның өзі азаматтардың арасындағы экономикалық қатынастардың күрделеніу сан-салалы құқықтық жүйені туғызып отыр. Осындай күрделі құқықтық жүйені Ежелгі Шығыс елдері білген жоқ. Сондықтан да студент ежелгі Рим құқының ескерткіштерімен танысқанда ежелгі шығыс елдерінің заңдарымен салыстыра қарағаны жөн.

 

№ 6 дәріс (2  сағат)

Тақырып: Еуропа елдерінің феодалды мемлекет және құқығының дамуы

Франктердің мемлекеті  мен құқығы.Францияның феодалды мемлекеті  мен құқығы

Мақсаты: ертефеодалдық мемлекеттер құқығын үйрену.

Негізгі сөздер: Франктер мемлекеті

Дәрістің  мазмұны

    1. Франктердің мемлекеті мен құқығы
    2. Францияның феодалды мемлекеті мен құқығы

Франк мемлекетінің пайда  болу үрдісінің өзіндік ерекшеліктері. Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Қүлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.

486 жылы Суассон деген  жерде франктерден Галлиядағы  Римнің соңғы наместнигі Сиагрий  жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ену үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтгі. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлекетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді.

Франктер Галлияны басып  алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда  болу процестері жедел өтті.

Франктердің бірінші королінің  есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын.

Франк монархиясының  бірінші кезеңі Меровингтердің монархиясы деп аталады.

Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.

Бенефиций - феодалдық  үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа  жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді.

Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.

Франк мемлекетінің мемлекеттік  құрылымы. Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды.

Король сарайы бүкіл  мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Үлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.

Олардың арасындағы басты  қызметкердің лауазымы – майордом болды.

Пфальцграф-корольдің  сарайындағы сотты басқаратын лауазым  иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке ие болып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің және мемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.

Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.

Архикапеллан-корольдің  діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде король кеңесінің  мүшесі болды.

 

Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.

Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін.

Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда  жергілікті өзін-өзі басқару принциптері  сақталды.

Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер  басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.

Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот  қызметін ақсүйектердің өкілдерімен  бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.

Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот  мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін  жетік білетін адамдар сайланды.

Франк мемлекетінің халық  әскері феодалдық әскерге айналды.

Франк құқығына жалпы сипаттама. Бесінші  гасырдан бастап варварлар өздерінің әдетгерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтар дамыды.

"Шындық" деп аталатын  қүжаттардың ең ежелгісі "Франк  шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген.

Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне үқсас бол-ды. Неке алып-сату шарты  бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі  үшін қалыңмал төледі. Бүл сыйлық "таңғы  сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бүзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рүқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды.

Информация о работе История государств и права зарубежных стран