История государств и права зарубежных стран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Краткое описание

Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды

Прикрепленные файлы: 1 файл

История гос.и права зар.стран.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бүзу деп есептелген. Жазаның негізгі  мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жөбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бүзғаны үшін оған айып төлету болды.

Франция мемлекетінің пайда  болуы және қоғамдық құрылысы. Каролингтер  империясы құлағаннан кейін Француз  патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік-экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 10000-дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз.

Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар.

Вилландар дегеніміз  жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді.

 

Сервтер өз қожайынына жеке басы мұрагерлік қағида бойынша тәуелді  топ. Олар қожайынына біршама салықтар мен төлемдер төлейді. Шаруаларды кедейлендіретін жағдайлардың бірі – сеньорлардың меншік монополиялық құқығы – боналитет, яғни шаруалар қожайынның бекіткен ақысын төлеп пайдалануға  міндетті нан пеші, ұн диірмені және т.б.Ірі феодалдар өздерінің билігін шаруаларға жүргізу үшін сословиялық иерархияға негізделген сюзернитеттік- вассалиттеттік қатынасты дамытты. Яғни, феодалдардың өздері бір-біріне тәуелді болған.

Мемлекеттік құрылыс. Франция  патшалығы көптеген фьефтер -  феодалдық  иеліктерден (герцогтік, графтік және т.б.) құрылған, бұлар формальды түрде патшалықтың бөлігі ретінде саналғаны болмаса, нақты түрде жеке дара саяси құрылымдар болған. Жергілікті жерлерде патша билігі әлсіз дәрменсіз күйде болды.

Вассалиттетік қатынас  барлық үстем класты қамтыды. Король вассалы -   Норманды, Бургунды, Аквитанскілік герцогтар, Тулуз графы және т.б., олар өздеріне домендік жер қалдырып, қалған жер иеліктерін виконт, барондарға фьефаға береді. Мінеки осылай, ең төменгі ұсақ феодалдарға дейін бұл қатынас дамыған.

Вассалитеттік қатынас  алғашқы мақсатын орындай алмады. Себебі сеньорлар бейбітшілік кезінде вассалдарын өздеріне тәуелді ету үшін неше түрлі амалмен ұстап отырған. Шын мәнінде сеньорларға, олардың сословиялық мүддесіне қауіп төнген кезде, әскери күшсіз каламыз ба деп қорқақтаған үстем топ бұл қатынасты қолдап отырған.

Мемлекеттің басқару  органдарының құзыры мынадай:

Король сайланбалы. Король өлген соң, оның вассалдары мен француз  шіркеуінің ірі иерархия өкілдері жаңа корольді сайлайды.

Жалпы мемлекеттік сипаттағы  жалғыз орган Корольдік курия  немесе Ұлы кеңес. Бұл елдің ең рі феодалдарының сіезі, бұнда вассалдардың корольге міндеттеп жүктейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қарастыратын.

Жергілікті басқару  жүйесі Франк мемлекетіне ұқсас. Король доменіөте ұлкен емес, территориялық  көлемі бойынша оның шаруашылығымен сай келетін, сондықтан оның сарай басқрушылары министериал қызметін атқарады. Министериал (орталықта) және прево (жергілікті жерде) корольмен тағайындалады, тек оның алдында жауапты.

Француз соты орта ғасыр  юстициясымен сипатталады. Кез келген адам өзімен тең адаммен соттасады. Король вассалын тек король вассалдары соттай алады, яғни Король куриясы.

Орта ғасырлық құрылысқа  сай төмен тұрған феодалдар үшін де, қала тұрғындары үшін де «тең соты»  сақталуы тиіс. Шын мәнінде, сеньорлар жергілікті юстицмяны өз қолына бағындыру үшін бұл тәртіпті бұзатын жәйіттер кездесетін. Негізгі себебі, сот баж салығын иемдену мүмкіндігі.

Сословиялық - өкілетті монархия кезеңі (ХІҮ – ХҮ ғ.ғ.). Францияда  қала өндірісі және сауда-саттық қатынасы жақсы дамыды. Париж және Орлеон қаласы ең ірі дамыған өндіріс орталығына айналды.

Қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыс тұрақты сипатқа  ие болды.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты феодалдық  қатынас толық ыдырап, сословиялық - өкілетті монархия қалыптасты. Бұл кезеңнің басында король билігі  күшейеді. Оның дәлелі ретінде келесі себеп- салдарды қарастырайық:

-  қала өндірісі  мен сауда-саттықтың дамуы король  өкіметінің негізі  болып табылатын  әлеуметтік-экономикалық қатынасты  нығайта түсті.

-  үстем таптың көпшілігін құрайтын орта және ұсақ ақ сүйектер тобы король билігінің маңына шоғырланды. Сонымен қоса орталықтанған король жанындағы армияның мықтылығын мойындады, өз артықшылық құқықтырын сақтау жолын іздестірді сол үшін  король армиясын құруға ұмтылысты. Монарх үстем топ үшін артық пайда табатын қаржы көзі болып саналды.

-  Король билігі  сыртқы жаумен күресу үшін  ең сенімді, тұрақты күш.

Сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде орталық органдар қатарына Мемлекеттік кеңес, Есеп палатасы жатты. Канцлер ең жоғарғы лауазым тұлға ретінде күнделікті мемлекет басқару ісін жүргізеді. Мемлекеттік кеңесте төрағалық етеді және ордананс жобаларын дайындайды. Конентабль – рыцарлар атты әскерінің қолбасшысы, ХІІ ғасырдан бас тап король армиясы қолбасшысы. Камерарии – қазынашы. Палатина – корольдің маңызды тапсырмасын орындайтын және король кеңесшілері.

Король домені тең  әкімшілік бірлестіктерге , яғни баляждарға бөлінген. Баляжды король тағайындаған бальилер басқарады. Бальилер әкімшілік-сот  орган қызметтерін бақылайды, салық жинайды және күнделікті басқару қызметін атқарады.

Баляждар превотаждарға  бөлінеді, оларды прево басқарады. Бұл  лауазымды тұлғалар басқаратын округтерде әскери, әкімшілік, қаржы және сот  билігі функциялары бойынша бөлінген.

Қалалық өзін-өзі басқаруды – коммунаны  өкімет бақылауға алды. Коммуна әкімшілік басқару және сот қызметін жүзеге асырған. Қалалық өзін-өзі басқару сайланбалы органы – қалалық кеңес деп аталған. Қалалық кеңесті ғұмырлыққа тағайындалған мэр басқарады, мүшелері -  эшевендер.  Шаруалар бұрынғыдай, әкімшілік және сот функциясын сақтап қалған өз сеньорларының қарамағында болды. Сеньорлар қауымдық өзін-өзі басқару органы – сходаны және оның атқарушы органы – синдиканы бақылады.

Сот жүйсінде белгілі  өзгерістер байқалды. Біріншіден, феодалдар мен шіркеулерден сот өкілеттілігін алып король юстициясына берді. Осыған орай король соттарының юрисдикция мәні кеңейді. Екіншіден, сот функциясы әкімшілік органдардан ысырылып шығуы орталықтанған монархиялық сот жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік тұғызды. ІХ Людовиктің басқару кезінде, Король куриясы негізінде Жоғарғы король соты  Парламент құрылды. Парламент ең жоғарғы наразылықты қарастыратын сот.  Ол үлкен тергеу палаталарына бөлінген, соңына келе, кешірім палаталарына бөлінеді. Жергілікті жерлерде провенциялық парламенттер құрылған.

Бұл кезде шіркеу соттары  қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.)  істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты.

ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық  тергеу және айыптау органы – прокуратура  құрылды.

Абсолюттік монархия кезеңі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.ғ.). ХҮІ ғасырда Францияда капиталистік өндірістің бірінші сатысы болып табылатын – манфактура дамыды. Мемлекетте ақша – тауарлық қатынастың жедел дамуы жалпы ұлттық нарықты қалыптастыруына ықпалын тигізді.

Капитализмнің дамысы қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Жаңа әлеуметтік класс – буржуйлар, сонымен қоса жалданбалы жұмысшылар тобы пайда болды.

Әлеуметтік-экономикалық құрылыс өзгерісі француз қоғамын  мемлекеттік трансформацияға әкеп соқтырды. ХҮІ ғасырдың басында абсолюттік монархия қалыптасты. Мемлекет басшысы - корольдің қолына заң шығарушы, атқарушы, сот функциялары шоғырлануы, абсолюттік биліктің негізгі сипаты. Осыған орай, мемлекет механизмін құрайтын армия, полиция, әкімшілік – қаржы аппараты, сот тек корольге бағынады.

Францияда мемлекеттік  бюрократиялық аппарат құрылды, оның ерекшеліктеріне тоқталсақ:

Үкімет монархқа пайда  түсіреді деген ниетпен біршама  лауазымдарды сатты. Осының нәтижесінде  елде көптеген шенеуніктер пайда  болды. Оларды қызметінен босату мүмкіндігі аз, және олар өздерін тәуелсіз тұлғалар ретінде сезінді.

 

 ХҮІ ғасырдағы саяси дағдарыс нәтижесінде, соның ішінде діни соғыстар кезінде өз жағына тарту мақсатында мемлекеттік аппараттағы маңызды постыларды (губернатор, бальи, прево және т.б.) біліктілердің өкілдеріне беруге тура келді. Бұл лауазымдар соңына келе, салт-дәстүр бойынша кейбір аристократиялық отбасыларының жалпы мақтанышы болып қалды.

Демек, сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде қалыптасқан  мемлекеттік аппарат алғашқы  мазмұндық сипатына сай келмеді.

Орта ғасырдағы Франция  құқығы. ҮІ –ІХ ғасырларда француз қоғамында әрекеттенген «варварлық құқығы» қуаттылығын толығымен жояды. Қоғамды реттеуші нормалар жергілікті әлеуметтік топ мойындаған, таныған әдет-ғұрып құқық (кутюм) нормалары. Провенция территориясында қолданыста жүрген жалпы кутюммен бірге әр аудандардың, қаланың, поселктердің және қаланың кейбір бөлігінің жеке әдет-ғұрып құқықтары болған.

Франциядағы юридикалық нормалардың өрнектелуі мен қалыпқа  түсуіне қарай екі бөлікке  бөлген. Францияның шығыс бөлігі жазылған құқық елі деп аталса, солтүстік бөлігін әдет-ғұрып құқық елі деп атаған. Демек шығыс провенциялары Рим империя құрамында болды. Сондықтан бұл аумақтағы халықтар үшін рим құқығы ұлкен әсерін тигізген. Бірақ та жергілікті кутюмдер де қосымша құқық қайнар көзі болып табылады.

Францияның солтүстік өңірінде жалпыға ортақ юридикалық ескерткіш қабылданбауы әдет-ғұрып құқығының өмірін ұзартады.

ХҮ ғасырда ғана алғашқы кутюм  жинақтары шыға бастаған. Елдің шығыс бөлігінде: «Титулсыз сеньор жоқ» деген қанатты сөз қолданылса, солтүстігінде «Сеньорсыз жер жоқ» деген формула өмір сүрген.

Әрекет етуші феодалдық құқық  азаматтық құқыққабілеттілікті  шектеді. Жер тек қана дворян меншігі болып табылған. Бірақ канон құқығы қарыздан үстеме пайыз ұстауға және дене еңбегін сатуға тыйым салды. Сеньориалбдық институттың заттық құқық институты ретінде саталып қалуы тұрғындарды сословияға бөлді, ал цехтық құрылыс еркін бәсекенің дамуына тиек болды.

Неке – отбасылық  қатынас канон құқығымен реттелді. Шіркеу қызметкерлері мен клириктердің қылмысын шіркеу соты қарастырған. Сонымен қатар ерес, діннен безу, сиқырлық, магия, некесіз бірге тұру және т.б. қылмыстар шіркеу сотында қаралған.

Франция тарихында қылмыс түсінігі, сотта дау қарастыру  процедурасы тұрақты өзгеріп  отырған. ХІҮ ғасырдың басына дейін құдай (ар, ордалии) соты, жекпе-жек соты өмір сүрген. Шаруалар таяқпен, рыцарлар қылыш немесе айыр балтамен күрескен.

Шіркеу тәртібі бойынша, ордалииді құрғақ нан мен ірімшікті  жегізу арқылы жүргізетін. Айыпты немесе кінәлі адам қақалып өліп кетеді деп  санаған.

ХҮІІІ ғасырда жазылған атақты легист Ф. Бомануардың «Бовези кутюмдері» атты шығармасында тұнғыш рет француз қоғамы таныған, қылмыстар мен жазалар тізімі берілген.

Бұл шығармада ауыр қылмыстар қатарына кісі өлтіру, опасыздық, жалған куә  болу, зорлау, әйел адам жасаған ұрлық, өрт жіберу, ұрлық, жалған монета жасау және діннен безу жатқызылған. Олар үшін дарға асу, өртеп жіберу жазасы қолданылған.

Англосаксондық қоғамда  феодалдық қатынастардың қалыптасуы және Англия мемлекетінің пайда болуы. Ү ғасырда Британиядағы кельт тайпалары римдіктермен жаулап алынады. Рим әскерлері 407 жылы аралдан кеткен соң, көп ұзамай Британияға германдық, англ, сакс және ют тайпалары қоныс аударады. Жергілікті тайпалармен тынымсыз соғыстардың нәтижесінде, ҮІІ ғасырда англосакстар Британияның негізгі бөлігін жаулап алып, кельттар солтүстік-батысқа, Шотландия мен Уэльске ығыстырылады. Кейіннен, олардың 1 бөлігі ассимиляцияланды.

ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік  құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд",  кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.

Қоғамдық құрылыс. Қоғам 2 топқа: "эрлдар" мен "кэрлдарға" бөлінген. Эрлдар тобын ақсүйектер  құраған. Оларда ірі жер үлестері болған. Эрлдардың жерінде тәуелді  адамдар жұмыс істеген. Көпшілік кэрлдардың қатарында болған. Кэрл - жер иеленуші. Ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол соғыс және бейбітшілік, салық тқлеу, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.

Информация о работе История государств и права зарубежных стран