Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат
Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды
Негізгі сөздер: ғылыми, жеке әдістер
Шет елдердің мемлекеті
мен құқығының тарихы пәнінің
мақсаты – мемлекет пен құқықтың
пайда болуының тұтастай алғанда,белгілі
бір аумақтағы елдердің жалпы
заңдылықтары мен ерекше белгілерін,олардың дамуы мен қызмет етуін
зерттеу.Заңгер заңды қатал ұстануға тиіс,бірақ
құқық өзгеріссіз қалмайды,қоғамның дамуына
байланысты заңдар өзгеріп отырады.Бұл
өзгерістің негізінде жатқан себептер
айқындалуы,түсінілуі керек,онсыз норманы
тиісінше қолдану мүмкін емес. Курстың
кезеңдері: Құлиеленушілік, феодалдық,
буржуазиялық,социалистік,
Курстың зерттеу әдістері:Жалпы ғылыми, жеке т.б әдістер.
Курстың қоғамдық және құқықтық пәндер жүйесінде алатын орны, өзара байланысы.ШМҚТ пәні Мемлекет және құқық теориясы, Жалпы тарих, Рим құқығы ,т.б. пәндермен байланысты.
Заңдық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайлықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады.
Барлық заңдық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады: теориялық-заңдық, тарихи-заңдық, салалық-заңдық, қолданбалы-заңдық.
Теориялық заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді.
Тарихи заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси және құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.
Салалық заңдық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты заңдық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше заңдық практиканы зерттейді.
Қолданбалы заңдық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, заңдық мәселелерді шешу үшін қолданылудағы мәселелерді зерттейді.
Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық жалпы тарихының алатын орны ерекше.
Мемлекет және құқықтың пайда болу және даму заңдылықтарын оқып-үйрену әрбір заңгердің дүниетанымына, кәсіби деңгейіне әсер етеді.
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы пәні шет елдердің мемлекеттік-құқықтық институттарының тарихын зерттеу барысында төрт тарихи кезеңге бөліп қарастырады: Ежелгі дүниедегі мемлекет және құқық (б.э.д.ІҮмың.ж.-б.э. Үғ.), орта ғасырдағы мемлекет және құқық (Үғ.-ХҮІІ-ХҮІІІғғ.), жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық (ХҮІІ-ХҮІІІғғ.-ХІХғ. аяғы), жаңа ғасырдағы мемлекет және құқық (ХХ-ХХІ ғғ.). Бұл кезеңдерге бөлу мемлекет және құқық маңызды бөлігі болып табылатын адамзат қоғам дамысының төрт дәуіріне сай келеді. Осы кезеңнің әр қайсысы әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық үрдістерінің өзгермелілігімен, құбылмалылығымен және күрделілігімен сипатталады.
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономикалық, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіре отырып, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырған. Сонымен Ежелгі дүниедегі Рим және Греция сияқты құлиеленушілік мемлекеттермен қатар, «азиаттық» деп аталынатын басқа өндірістік құралы бар елдер бар. Әлемнің көптеген елдерінде алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып дамыған. Демек, осы кезеңдерде пайда болып, дамыған мемлекеттік-құқықтық институттардың жалпы және жеке заңдылықтарын ескере отырып, жеке жеке мемлекет көлемінде қарастыру қажет.
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының пәні дегеніміз жылнамалық кезектілігімен нақты-тарихи кезеңдердегі жеке елдердегі мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы және ерекше заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы пәнін зерттеу үшін келесі әдістер тобы қолданылады:
- жалпы ғылымдық зерттеу әдістері;
- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.
Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады.
Жалпы ғылыми әдістерде көрінетін философиялық бағыттар заң ғылымдарының барлық сұрақтарына жауап бере алмайды, тек мәселені шешудің жалпы көзқарастарын көрсетеді. Сондықтан, ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу үшін жеке ғылыми зерттеу әдістері деп аталатын әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.
Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формальды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.
Солардың ішінде келесі әдістер қолданылады:
-тарихи әдіс, мемлекет
және құқықтың пайда болу
- салыстырмалы-тарихи
әдіс, тарихи фактілерді басқа
ұқсас фактілер мен
- жүйелік құрылымдық
әдіс, жүйенің біртұтастығын
қамтамасыз ететін ішкі
- статистикалық әдіс,
объектіге массалық сандық
№ 2 дәріс (2 сағат)
Тақырып Ежелгі шығыс елдерінің мемлекеті және құқықтың дамуы
Ежелгі Мысырдың мемлекеті мен құқығының дамуы. Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы
Мақсаты: Еж. Шығыс елдеріне тән ортақ белгілерді анықтайды.
1. Еж. Шығыс елдеріне тән ортақ белгілер.Деспоттық тәртіптің белгілері:1.мемлекет басшысы заң шығару, атқару,сот билігін толық иеленеді,ешкімге жауап бермейді.2. зиялы және шіркеу билігі бір тұлғаға біріктірілген.3.адам бостандығы мен еркіндігінің шектелуі, жеке тұлға ерікті болғанмен,тәртіптің, дәстүрдің, сенімнің құлына айналған,т.б.
Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.
Ежелгі Шығыстағы қала-
Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.
Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бірақ билік әр түрлі
айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен
қалыптасқандықтан сипаты жағынан
ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер
шығыстағы билік жүйесінен
2. Ежелгі Египетте мемлекеттің пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.
Египет мемлекет және
құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі.
Жоғарғы және төменгі Египет қосылған
соң Ертеректегі патшалық атауына
ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).
Осы кезеңнің соңында
Фива қаласының билеушілері жеңіп,
Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең
келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен
б.э.д.2050-1700жж). Содан кейін Египет
екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж),
бұл кезең елдің қайта
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.
Осы кезеңнің соңында
Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны
парсылар,кейін Александр
Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгі Египет тұрғындары негізінен жер өңдеумен және мал өсірумен айналысқан.
Информация о работе История государств и права зарубежных стран