Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:40, реферат
Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды
Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши – үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған.
Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады.
Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1. Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – «бестік» және «ондық» семьяларға бөлу. 2. Ата-аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық құқықтарын жою жарияланды.
Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан.
№ 4 дәріс (2 сағат)
Тақырып: Антикалық өркениеттегі грек-рим елдерінің мемлекеті мен құқығының дамуы.Ежелгі Греция.
Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы, Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды.
Египеттің тікелей ықпалында болған Крит аралы күшейген кезінде Греция территориясына ықпал етіп біраз уақыт бағыныштылықта ұстады. Крит аралының табиғи апаттан зардап шегуі Жерорта теңізі аймағындағы экономикалық қатынастардың жаңа аймақтарға ауысуына әсер етті. Алайда солтүстіктен келген дорий тайпаларының шабуылы Греция жеріндегі біршама дами бастаған мәдениетке кері әсер етті. Шапқыншылықтың әсерінен халықтың бір бөлігі теңіздің Шығыс жағалауына қоныс аударуға мәжүбір болды. Халық санының азаюы, пайдалы жер көлемінің жеткілікті болуы, сырттан әсер ете алатын күштердің әлсіздігі, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріантикалық азаматтық қауымның пайда болуына әсер етті. Ежелгі Грециядағы мемлекеттік құрылымдар қала- мемлекет немесе азаматтық қауым сатысында болды. Жалпы алғашқы мемлекеттердің қала- мемлекет сатысында болуы заңды құбылыс. Антикалық кезеңдегі азаматтық қауымдардың пайда болуында ерікті бірігу-синойкизмнің ролі ерекше болды. Аристотель полистің қалыптасу жолын былай деп көрсетеді ;семья-деревня(семьялардың бірігуі-селолық қауым)азаматтық қауым немесе полис.
Азаматтық қауым немесе полис – меншігінде жері бар ерікті азаматтардан тұратын селолық қауымдардың бейбіт бірігуі. Ежелгі Шыцғыстағы қауым мүшесінің құқығы шаруашылық жүргізуде қоғамдық істердің, яғни каналдар қазу, ағаштан тазалау сияқты жұмыстардың көптігіне жэне діни дүние танымға (мысалы Индиядағы варналар)байланысты шектелген болса, ал көне Грециядағы қауым мүшесі қауым өмірінің бар саласына қатысуға құқығы болды. Оның ақысының кеңеюіне шаруашылықты дербес жүргізуі әсер етті. Ал шаруашылықты дербес жүргізуге темірден жасалған еңбек құралдары мен осы жерлерде негізгі шаруашылық дақылы ретінде өсірілетін өсімдік түрлері әсер етті. Греция мен Италиядағы табиғат жағдайы егіншіліктен гөрі жүзім мен зәйтүн ағашын өсіруге қолайлы болғандықтан,әрбір шаруаның өзінің жер үлесінде дербес жұмыс істеуіне жағдай жасады. Ал бұл өз кезегінде әрбір қауым мүшесінің экономикалық дербестігіне, ал экономикалық дербестік саяси дербестіктің, еркіндіктің дамуына жағдай жасады.
Грек қала мемлекеттерінің қалыптасуына мына жағдайлар әсер етті;
1. Жерорта теңізі аймағының
Греция орналасқан солтүстік
жағалауына ықпал ететін Крит
сияқты мемлекеттің ыдырауы
2. Темірдің пайда болуы
адамдардың азаматтық қауым шең
3. Грек қала-мемлекеттерінің
қалыптасу кезеңінде оның
4. Тарихи заңдылық бойынша қала-
Алайда гректердің дүниетанымына және философиясына байланысты грек дүниесіндегі мемлекет қала-мемлекет сатысында ұзақ тұрып қалды.
Оған мынандай себептер әсер етті:
1. Адам санының көбеюі және
жер тапшылығының пайда болуы
грек қала-мемлекеттерінің
2. Грек дүниесі адам санының көбеюін тежеуге ұмтылды.
3. Әлеуметтік күрестің қоғамның
ыдырап кетуіне алып келетінін
түсінген грек дүниесінің
4. Қала – мемлекет жүйесінің
біраз уақыт сакталғанына
Афина құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет-ғұрып (themic).
Б.э.д. 621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы қүрестің нәтижесінде әдет-ғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi) дүниеге келген.
Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі - соғыс, пираттық және құл саудасы: 1).әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар., 2).Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы., 3).құлдардың өзара көбейуі.
Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған.
Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек «бөтендер» деген санатқа қосылады.
Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады.
Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған.
Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған.
Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады.
Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған.
Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады.
Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған.
XII таблица заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды. Белгілі батыс теоретигі Р. Давид : «тек римдік гендер ғана әлемде жоқ прецеденті бар заң жүйесін құрған» деп айтқан. Қазіргі батыс өркениеті бұл жүйені құқық жүйесінің түп төркіні ретінде қабылдаған.
Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы – Форумда қойылған еді, сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды.
Қылмыстық құқық. XII таблица. Заңдар таблицасында қылмыстық жазаланатын әрекеттердің шағын ғана тізімі берілген. Ең алдымен қылмыстық әрекет болып мемлекетке және қоғамдық құрылысқа қарсы бағытталған әрекет болып табылады. Жоғарыда айтылғандай көптеген заңбұзушылық әрекеттер қылмыстық деп топтастырылмай, азаматтық-құқықтық деликт ретінде қарастырылған.
№ 5 дәріс (2 сағат)
Тақырып: Ежелгі Римнің мемлекеті мен құқығы
Негізгі сөздер: Рим империясы
Азамат тарихының дамуына өзіндік үлес қосқан елдің бірі-Рим мемлекеті. Рим Италия территориясындағы кішігірім қала мемлекеттен алып империяға дейін өскен мемлекеттік құрылым. Грек қала мемлекеттерінің тарихынан олардың даму сатыларын әр сатыдағы даму заңдылықтарын көргендіктен енді Рим қала-мемлекетінің тарихына, оның билік формаларының мемлекеттік құрлысына, құқықтық жүйесіне әсерін түсінуге тырысайық.
Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)
Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм) пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін құруға мәжбүр болды.
Рим патшаларының бірі –сергии туллии коғамдағы мүліктік жіктелістің күшейгендігін байқағандықтан мүліктік цензді енгізіп, Рим халқын алты класқа бөлді бұл қоғамдағы саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне әсер етті. Римнің жетінші патшасы өр көкірек Тарквиниидің жеке басының кемшіліктері ақсақалдар мен патша арасындағы қарама-қайшылықты күшейтіп, патша билігінің құлауына алып келді. Бастапқыда Римде халық жиналыстары трибуттық – рулық жиналыстар болса, кейіннен Сервии Тулии реформасының нәтижесінде центуриаттық-жүздік жиналыстар болды. Центуриаттық жиналыстарда жоғарғы мемлекеттік қызметтерге сайланатын және маңызды саяси - құқықтық мәселелер қаралды. Жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды. Бірақ халық жиналыстарына ұсынылатын мәселелер алдын ала сенатта, сосын ақсақалдар кеңесінде қаралатын.
Информация о работе История государств и права зарубежных стран