Ерте замандағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте замандағы Қазақстан.docx

— 364.20 Кб (Скачать документ)

Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа  өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде  Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан  империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.

Ұлан – ғайыр  көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан  өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол  атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі  аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы  аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы  ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр  тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс  Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен  бірге моңғолдың тұрақты 129 мың  адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға  бағынатын болды.

Жошының ордасы Ертіс  алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында  болды. Үгедейдің ордасы қазіргі  Шәуешек қаласының маңында орналасты.

Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі –  Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс  Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың  Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

3. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы  . Алтын Орда.

Батыйдың  жорығы. 1227 жылы 25 тамызда Тангуттарға қарсы 2-ші рет жасаған жорық кезінде ауырып Шыңғыс-хан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін балалары мен немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді.

1225 жылы Қарақорымда  моңғол ақсүйектерінің құрылтай  жиналысы Шығыс Еворпаға жаңа  жорық жасауға шешім қабылдады.  Моңғол әскерлерін Шыңғыс-ханның  мұрагер немересі Жошының баласы  Батый (Бату) басқаратын болды.  Батый атасы Шыңғыс-хан сияқты  өте қатал және қанқұмар жаулап  алушы еді.

Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Кама өзені бойындағы  Булгарияны, Мардваларды талқандап, 1237 – 1240 жылдары орыс жеріне келді. Орыс халқы моңғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Москва, Владимир түбінде монгол әскерлерімен кескілескен  ұрыстар болды. Орыстың шағын  ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монгодарға жан аямай қарсылық көрсетті. Бірақ сан жағынан әлдеқайда  көп монгодар қаланы басып алып, оны жермен жексен етті.

1239 жылдың басында  моңғол әскерлері Еділ өзенінің  ту сыртынан Руське қарсы екінші  жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар  жүргізе отырып моңғолдар Переяславль  қаласын, одан кейін Чернигов  жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылғы қазан айында олар  Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері  Киевті қоршады. Киев халқы  ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті моңғолдар қала ішке  басып кіргеннен кейін де қарсылығын  тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік  қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет  ескерткіштері бар ертеден келе  жатқан орыс қаласы тағылықпен  талқандалды.

Онан соң, моңғол армиясы батыс Европаға үздіксіз ілгерілеп, Польшаны, Германияны, Австрианы, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, т. б. ойрандап, Еділ бойына қайта оралды. Жеті жылдық жорық (1236 – 1242 жж.) нәтижесінде батыста  Днестрге, шығыста Ертіске, Оңтүстікте – Солтүстік Кавказға дейінгі  жерлер Батыйдың қоластына кірді. Батый  иеліктерінің құрамында Оңтүстік шығыста  Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның  төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де (Русь) Батыйға тәуелді  бодан (вассал) болды. Орыс княздары Алтын  ордаға кіріптар екенін мойындап, оның хандарының қолынан « кіняздік құруға жарлық» алады. Алым – салық төлейді, бірақ толық болмаса да дербестігін  сақтап қалады.  
 
Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.

«Алтын Орда»  ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі  жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік  Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.

Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа  отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың  тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.

Батый хан Шығыс  Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің  Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл  Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің  солтүстігіндегі жерлерді інісі  Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты  материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)

Алтын Орда халқы  этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

Алтын Орда өзін билеген  хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында  қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый  моңғолдарға ұлы ханға белгілі  бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін  тәуелсіз деп есептеді.

Берке хан тұсында  Алтын Ордаға ене бастаған ислам  діні кейін Өзбек хан тұсында  үстем дінге айналды.

Алтын Орда хандығы  феодалдық мемлекет болды, ол берік  мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын  Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші  топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір  кезде күшейіп дәуірлеген Алтын  Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында  езілген қалың бұқара мен тәуелді  халықтардың азаттық күресі етек алады.

1380 жылы Куликов  даласындағы зор шайқаста Алтын  Орданың Мамай бастаған қалың  қолын орыс князьдерінің жеңуі  Алтын Орданың құлауын тездетті.

XIV ғ. аяқ шенінде,  яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір  Алтын Ордаға бас көтертпестей  етіп екі рет күйрете соққы  берді. Осыдан соң ол бірте  – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың  басында Тоқтамыс хан мен Едіге  бидің өзара таласы Алтын Орданы  одан әрі қажытты. XV ғ бірінші  жартысында онан бұлғарлар, казан  (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп  шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань,  Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы  құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері  моңғолдардан толық тәуелсіздік  алды.

Қорытып айтқанда, езілген  халықтардың моңғолдарға қарсы  үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған  елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар  мен феодалдық тартыстар, хан  тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті  бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

4. Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.

Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер  үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың  экономикалық және мәдени прогресін, олардың  саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор  регионның экономикасы құлдырап кетті.

Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып  болып, материалдық және мәдени қазыналар  жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен  түн болып көрмеген, жаратылғанның  бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың  болғаны айтылмаған,» - деп жазды.

Қалалардың  қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.

Жетісуда  шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.

Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың  бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.

Ұлыстар құрылғаннан  кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің  қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін  жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі  мал шаруашылығы секторы отырықшылық  сектор есебінен күшейе түсті.

Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді  жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып  кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.

Тоқырау мен материалдық  жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың  қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі  Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына  тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық  болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің  пайда болу процесін екі ғасырға  кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан  жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық –  зомбылықтың күшін орнатты.

Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың  экономикалық және мәдени прогресін, олардың  саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Шыңғыс-хан мемлекеті  қашан құрылды және оның негізін  қалаушы кім?  
2. Моңғолдардың Қазақстанды басып алуына қандай оқиға сылтау болды?  
3. Алтын Орда қай жылы, қай жерде қалыптасты?  
4. Алтын Орда хандары Европа елдерімен түрлі сауда байланыстарының ашылуына неге қолдау көрсетті?  
5. Алтын Орда саясатын тек басқыншылық соғыстармен теңестіруге болама?  
6. Шыңғыс хан империясы ұлыстарында қандай мемлекеттік құрылымы болды?  
7. Алтын Орданың әлсіреуі заңды процесс болды ма?  
8. Алтын Орда құлағаннан кейін Қазақстан тарихы үшін оның маңызы қандай болды?  
9. «Көшпелі өзбектер мемлекеті» құлағаннан кейін Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер пайда болды?

 

1. Қазақ хандығының  құрылуы және Керей мен Жәнібек  cултандар.

Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Қазақ хандығының құрылуы  қазақ халқының тарихындағы төтенше  маңызды оқиға болды. Ол улан –  байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған  өз алдына жеке ел болып қалыптасуын  біржолата аяқтауда аса маңызды  және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей мен Жәнібек  ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне  қарсы күрескен қазақ тайпаларын  бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан  батыс Жетісу жеріне қоңыс  аударуы қазақ хандығының құрылуына  мұрындық болған маңызды тарихи  оқиға болған еді. Бұл оқиғанның  мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы  Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ  ішкі феодалдық қырқыста қаза  болған соң, Ақ Орда мемлекеті  ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге  бөлінгенде өкімет үшін өзара  қырқыс үдей түсті. Бұрынғы  Ақ Орданың орнына Әбілхайыр  құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті  пайда болды. Осы мемлекеттің  территориясы XV ғ. орта шенінде  Сырдариядан Сібір хандығына  дейінгі Ұлан байтақ жерді  алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің  ішіндегі өкімет үшін күрес  бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр  хан өзінің саяси душпандарын-Жошы  әулетінен шыққан султандарды  құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін  күрес барысында Дешті – Қыпшақтан  өздерін қолдайтын жеткілікті  күш таба алмаған Ұрыс ханның  шөберелері-Керей мен Жәнібек  XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы  ауылдарымен Шу өзенінің бойына  көшіп кетуге мәжбүр болды.  Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед  Хайдар Дулати өзінің “Тарихи  -Рашиди” атты шығармасында былай  деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ  Әбілхайыр хан биледі және  Жошы әулетінен шыққан султандарға  күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей  мен Жәнібек Моғолстанға көшіп  барады. Есенбұға хан оларды құшақ  жая қарсы алып, Манғолстаның  батыс жағындағы Шу мен Қозыбас  аймақтарың берді. Олар барып  орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының  щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер  басталды. Оның үлкен бөлігі Керей  мен Жәнібекке көшіп кетті.  Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың  саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ  султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей  бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу  мен Талас өзендерінің алқабында  Қазақ мемлекетінің негізін салған  дербес қазақ хандығы құрылды.  Осы территорияға деректемелерде  тұңғыш рет «Қазақстан» деген  атау қолдынала бастады..

Информация о работе Ерте замандағы Қазақстан