Ерте замандағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте замандағы Қазақстан.docx

— 364.20 Кб (Скачать документ)

Үйсін деген сөз  Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін  белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып  бейнеленеді.

Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер –  түріктердің арғы аталары, олар түрікше  сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай  болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі  тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.

Үйсіндердің саяси құрылымы.

Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында  үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл  алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар  бекіністі қала еді.

Үйсіндердің негізгі  территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен  Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен  шектеседі. Шығысында хундармен  ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып  жатты.

Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты  ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы  және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген  әлеуметтік атаулар болған. Басты  өндіруші тап құлдар мен қарапайым  шаруалар болды.

Қытай тарихшысы  Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай  сияқты ірі елдермен тең құқықты  дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын  жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай  ханшаларына үйленіп отырған.

Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері  жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь  Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың  адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба  деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы  туралы мәлімет қалдырған.

Шаруашылығы.

Үйсіндердің негізгі  шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы  болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып  отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген.

Тұтыну бұйымдардың  ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті  қыш ыдыстар көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі  аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері болған.

Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді.

Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы  диадемасы – үйсіндердің өнері  мен діни нанымнан мәлімет беретін  құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі  тау шатқалынан табылған.

Қаңлылар.

Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар  деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата»  кангха болып кездеседі. Түркі руналық  жазушыларында Кангю-тарбанд деген  кенттің (қаланың) аты бар.

Қаңлы тайпаларын Қытай  жазба деректері бойынша, алғаш  рет қазақ халқының тарихына таныс  еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің  мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана  отырып, қаңлылардың қысқаша болса  да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.

Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.

Қаңлы мемлекеттік  бірлестігінің басында Уын әулетінен  шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа  патшаның орынбасарлары және үш кеңесші  кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне  бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда  байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн  тайпаларымен соғысқан.

Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.

Қаңлы тайпасында билік  мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп  отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің  қолында болған.

Шаруашылығы.

Қаңлылардың негізгі  кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы  болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару  егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді  дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.

Аң аулау мен  балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық  аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.

Ет, балық және өсімдік  өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.

Қаңлылар қоғамында  әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда  және ақша айналысы дамыды.

Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора –  қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде  болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық  сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып  жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары  да пайданылған.

Қаңлылардың діні.

Қаңлылар табиғат  күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп  отырған. Олардың бір бөлігі будды  дінін қабылдады. Көп құдайға  табынушылық болды. Сонымен қатар  қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі  болжамдар жасап отырған.

Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.

Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік  дәрежесіне дейін көтерілген тайпа  бірлестіктері болды деп айтуға болады.  
 
3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы.

Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси  тарихында Орталық Азияның көшпелі  тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы  өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман  және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр  малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық  жағынан әр түрлі тайпалар көшіп  жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді.

Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған.

Ғұндар жайлы  тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің  мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын  жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ  ғалымдарының ішінде соңғы кезде  К.М. Байпаков айналысып жүр.

Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында  тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі  бірлестік құрды. Олардың біріншісі  Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.

Ғұндардың этникалық  шығу тегі, тілі осы күнге дейін  дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің  көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.

Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде  Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен  көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып  отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай  өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек  жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың  ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам  уақытқа созылған.

Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси  күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған  әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің  оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін  қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары  және жоғарғы Енисей жеріне дейін  шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің  негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды  б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты  етеді. Қытай императоры ғұндардың  Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық  төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен  Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі  аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде  «Ғұн державасы» пайда болды.  
 
Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.

Мемлекеттің басында  ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне  өсиет етіп қалдырған.

Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге  құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім  жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің  қолында шоғырланды.

Ғұн мемлекетінде Шаньюйден  кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар  бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан  құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп  отырды.

Ғұндарда жақсы  ұйымдастырылған әскер болған. Мұның  негізгі тез жүретін атты әскер  болды. Атты әскердің қаруы садақ  пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі  түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы  сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп  соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер  Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.

Ғұн қоғамында патриархаттық  – рулық қатынастары әлі күшті  болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи  жазбаларда» ғұндардың Левират  ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын  деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу  болса да, тұқым құрымайды». (Бичурин  Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших  в Среденей Азии в древние времена. т. 1. М.-Л., с. 58)

Ғұндардың шаруашылығы.

Ғұндарда мал  шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының  барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой  өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары  кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға  қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы  киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған  кәңмен (труба) жылытылған.

Ғұндарда қол  өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың  шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай  білген.

Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты  адамдардың зираттарынан табылған алтын  сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ  тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір  кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған.

Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың  дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа  табынған.

Алайда, «ғұн державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан  батыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.

Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік  ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі  ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік  Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп қонып  жүрді.

Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ. басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық  материалдарға қарақанда олардың  ескерткіштері Испания жерінен  табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен белгілі.

Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.

Тарихта бұл жылжу  тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен  жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих  сахнасына «халықтардың ұлы қоныс  аудару» мезгілі деген атпен  белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға  өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың  шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық  жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына  және оның жергілікті диалект болып  орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы  екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі  тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Сақтардың тайпалық  одақтарына қатысты деректерді  атаңыз.  
2.Сақ одағы қандай тайпалардан тұрды?  
3. «Алтын адам» археологиялық ескерткіш қашан қай жерде табылды?  
4.Үйсіндердің территориясы мен басты қаласын көрсетіңіз.  
5. Ғұндар туралы қандай тарихи деректерді білесіңдер .  
6. Ғұн державасы қашан құрылды және оның негізін қалаған кім?  
7. Қаңлылар қандай территорияда орналасты?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақстан аумағындағы ерте  орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ).

Информация о работе Ерте замандағы Қазақстан