Ерте замандағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте замандағы Қазақстан.docx

— 364.20 Кб (Скачать документ)

Түркі жазуында бір  – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.

Түркі дәуірінен  қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар  қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың  қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей  қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ  халқының ертеден келе жатқан бастауы.

Х ғасырдан бастап ислам  дінінің қазақ жерінде етек жая  бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.

Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы  жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние  жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл –  Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.

Діни нанымдар.

VI–XII ғасырлардағы  Қазақстан территориясындағы халықтардың  арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын  алып отырды. Түркілердің зираттарынан  табылған заттар олардың ата  – бабалардың әруағына табыну  о дүниелік өмірге сену көрсетеді.  Олардағы басты бір наным –  отқа табыну. Оны археологиялық  зерттеулерден жерленген адамдардың  заттарымен, мініс аттарымен бірге  өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары  да анықталған. Ол адам денесін  отпен аластау болса керек.  Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін  жер ананың қойынына өртеп,  күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе  жазда өлсе, ол адамның туған  – туыстары бір төбеге жиналып  киіз үй тігіп, алып барған  малдарын құрбандыққа шалып, одан  кейін өлген адамның мәйітін,  атын, заттарын өртеп, уақытша  сақтап, күзде шөп сарғайғанда  ғана жерлейтін болған. Ал егер  адам күзде не қыста қайтыс  болса, ол адамды жоғарыдағы  әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде  жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар  жайқалабастаған кезде жерлейтін.  Бұл әдет наным – сенімнен  табиғаттыңтөрт кезеңіне толық  табынуды байқатады.

Түркілердің көкке  немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:  
- Көкке түркі тәңірісі,  
- Тәңірі қуат берген соң,  
- Тәңірі жарылқағандықтан.

Мұндай әдет, наным  – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын  анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың  «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов  та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар  күнге, жұлдыздарға табынған.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары  ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене  бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік  дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның  баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).

Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая  бастайды .

4. Орта ғасырдағы  Қазақстанның материалдық мәдениеті.

Жеріміздегі түркі  дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс  түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық  мәдениеттері болды. Алайда, олардың  мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе  болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген  археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты  мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық  басым болған.

Түркі дәуіріндегі  обалардың адамдарды киімдерімен  жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан  былғары қамзолдар табылған. Зираттардан  жүннен токылған көйлектер, теріден  жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол  сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген  кеселер де болды. Әсіресе, кеселер  алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен  безендірілген.

Материалдық мәдениеттің  көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз  маңындағы Бабаджа – хатун  кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып  табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.

Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар  және егіншілік оазисі мен көшпенділер  даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында  Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары  болды.

Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан  жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы  тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.

Х–XII ғғ. материалдық  мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің  саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары  аясына тарту әрекеті біз зерттеп  отырған халықтарды Орта Азиямен  жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде  енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Түрік тайпаларының  ежелгі мемлекеті қалай аталды? Оның негізін салған кім?  
2. Қарлұқ мемлекеті қай жылдары өмір сүрді?  
3. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала?  
4. Қарахан әулетінің негізгі қалаған кім?  
5. Қарақытайлар мемлекеті қай жерде орналасты?  
6. Наймандар мен керейіттер қай территорияны алып жатты?  
7. «Ұлы Жібек жолы» қашан пайда болып, жұмыс істей бастады?  
8. Диуани Хикмет («Даналық» кітабі ) авторы кім?  
9. Махмұд Қашғари қай жылдары өмір сүріп , қандай еңбек жазды?  
10. Қазақстан территориясында VI–XII ғғ. Қалалар қай жерде пайда болды?  
11. Орта ғасырлық Қазақстанда өмір сүрген халықтардың діни – нанымдарын атаңдар.  
12. Көне түркі жазуы қалай аталынды?

 

 

 

1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы.  Шыңғыс-хан шапқыншылығы.

Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.

Моңғол тайпалары  әлеуметтік–экономикалық дамудың  түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы  деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен  аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі  мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.

ХІІ–ХІІІ ғасырлардың  межесінде монғол қоғамында феодалдық  қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі  топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында  татар - монғол тайпаларының басын біріктірген  Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.

1206 жылдың көктемде  Орхон өзенінің сағасында Темучинді  жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің  құрылтай жиналысыболып, онда  ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып  салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс  хан деген сөз моңғолша «көктен  жаралған» деген ұғымды білдіреді.  Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті  күштіШыңғыс-хан империясы құрылды  .

Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл  территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік  округке бөлінді. Әрбір округ  «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың  әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға»  сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан  нояндар мен басқа феодалдарды  өзіне тәуелді етіп ұстады.

Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты  мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші  жатқан халықтардың жерін басып  алу, соғыс жолына түсу, үстем тап  өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа  салу.

Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.

2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын  жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.

Шынғыс-хан қолының  негізгі жорықтарының бірі Қазақстан  мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс  Европа мен алдыңғы Азияға жол  ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен  Орта Азияға жасаған жорығына зор  мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.

1211 жылы Жетісуда  Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі  Құбылай бастаған отрядтары пайда  болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан,  орталығы Алмалықта болған тәуелсіз  иелік құрған Бұзар-хан да өзін  Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп  таныды.

Моңғолдардың батысқа  қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар  Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуді Шыңғыс-хан  аса көп қарсылықсыз – ақ басып  алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай  қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар  илеткен зорлық – зомбылығына  ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде  қуып жетіп, басы алынды.

Шығыс Түркістан  мен Жетісуды басып алғаннан кейін  моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан  мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға  басып кіруге «Отырар опаты» деп  аталатын жағдай себеп болды.

1218 жылы Шыңғыс-хан  Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер  басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда  керуені 1218 жылы жаз айында  Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық  саудагерлерді жансыз тыңшылар  деп күдіктеніп, оларды қырып  тастауға бұйырып, керуенді тонап  алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма  бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах  II Мухаммед бұл талапты орындамағаны  былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан  жіберген жазықсыз елшілерді  өлтіруге әмір етеді. Осының  өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы  соғыс ашуына себеп болды, алайда  бұл соғыстың себептері оның  бүкіл жаулап алу соғыстарының  негізіне алған себептер болатын.

1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың  қолы Ертістен Сырдарияға қарай  қаптайды. Шағатай мен Үгідей  бастаған түмендер Отырарды қоршауға  алады. Жошы бастаған әскерлер  Сырдарияның төменгі ағысындағы  қалаларды алуға аттанады. Үшінші  бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы  қалалар мен қыстақ – кенттерді  алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші  баласы Төлей мен Бұхараға  қарай бет ады.

Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа  – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға  берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа  арқылы қалаға лап қойды. Қараджа  – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға  қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт  керек болды. Қамалды қорғаушылар  тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан  қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында  әкелген жерде қатал жазаланып  өлтірілді.

Сөйтіп, Отырар қамалын  жермен – жексен етіп, Шағатай мен  Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға  келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан  Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сырдария бойындағы  басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен  Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы  қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне  баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға  дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының  бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа  жорықтардың нәтижесінде моңғолдар  Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс  Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік  Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Информация о работе Ерте замандағы Қазақстан