Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат
Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
Қола дәуіріндегі
экономиканың басты – екі бағыты
болып табылатын мал
Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.
Андровнов мәдениеті
шығыстағы Минусинск шұнқырынан
бастап солтүстік аса үлкен Батыс
Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі
Памир тауларына дейінгі кең-
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.
Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.
Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.
Қола дәуірінде
Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш
ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер
ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда
негізгі шикізат ретінде
Ыдысты
жасау әдістері:
а) таспалық әдісі;
ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.
Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.
Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған.
Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.
Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).
Кен өндіру әдістері:
а) опыру әдістері;
ә) отпен үгіту әдісі;
б) ұңгіп қазу әдісі.
Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.
Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.
Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.
Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.
Дін және
өнер. Қола дәуірінлегі адамдар
ең алдымен табиғат күштеріне табынды.
Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну
да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына
ерекше мән берілген:
1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа
немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.
2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған
3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою
ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.
Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.
Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.
Қорытып айтқанда, қола
дәуірінің соңғы кезінде
Тақырып бойынша сұрақтар:
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.
1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғғ.).
Сақтар. Сақтардың тайпалық одақтары.
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың
басында Қазақстан аумағын
Қазақстан территориясында
алғашқы мемлекеттік
Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1)Шошақ бөрікті
сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын,
Жетісу жерін, Сырдарьяның
2)Теңіздің арғы
жағындағы сақтар (парадарайя) Қара
теңіздің солтүстігінен, Арал
маңын яғни Сырдария мен
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.
Сақтардың шаруашылығы.
Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:
1)Көшпелі мал
шаруашылығы. Батыс және
2)Жартылай көшпелі
шаруашылықпен айналысатын
3)Сақтарда шаруашылықтаң
үшінші түрі- Отырықшы егін және
мал шаруашылығы– Оңтүстік
Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.
Сақтар тұрмысында
жылқы өте бағалы саңалды. Тез
семіретін және қысқы тебінге
төзімді жылқы түрімен бірге,
салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер
өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде
айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы
көрді.
Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік
құрылымы.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.
Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған.
Патшалар жауынгелер тобынан шықты.
Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.).
Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:
1) жауынгерлер (қызыл)
2) абыздар (ақ)
3) басқа қауым адамдары (сары, көк)
Сақтардың өнері мен саудасы.
Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.
Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.
Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған.
Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған:
1) жер астындағы әлем
2) орта жер әлемі
3) аспан әлемі
Сақтардың археологиялық ескерткіштері.
Шырықрабат– апасияқтардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан.
Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш Молда қаласы.
1969 жылы Алматы
облысы Есік қаласынан
Ежелгі грек тарихшысы
Герадот сақтар жайлы көп тарихи
деректер қалдырған.
2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).
Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды.
Үйсін тайпаларының
тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда,
археологиялық материалдарды