Ерте замандағы Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат

Краткое описание

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерте замандағы Қазақстан.docx

— 364.20 Кб (Скачать документ)

Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

Қазақ хандығының саяси –экономикалық  базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы  қалаларды қарату төтенше маңызды  еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:  
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.  
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.  
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

Сырдария бойындағы қалалар  мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты  бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр  хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ  хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа  атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына  және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық  қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы  үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек  ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған  қазақ хандары Керей мен Жәнібек  бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр  ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед  хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен  одақтасып, бірге күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханың орнына отырған  мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте  мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен  Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен  күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ  даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып  алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын  әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан  қазақ тайпалары келіп қосылып  жатты.

Алайда, Сырдария жағасындағы  қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір  әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.

XV ғасырдың ақырында Отырар  Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент  қалалары мен Түркістан аймағының  бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге  қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ  қалалары мен Туркістан аймағының  солтүстік бөлігі Қазақ хандығының  иелігіне қалды. Ташкент пен  Сайрам қалаларын Моғолстан ханы  султан Махмұд биледі.

Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты  басып алуға умтылғандардың бірінен  соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы  Шайбани ханды Шығыс Дешті  –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен  Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін  талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін  қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі  тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың  тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің  бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі  тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте  Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген  аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.

XV ғасыр мен XVІ ғасырдың  арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани  ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып  жаулап алуы Орта Азия тарихындағы,  әсіресе қазақ пен өзбек үшін  елеулі оқиға болды. Бұл ең  алдымен қазақ хандығының жерін  кеңітіп, беделін арттырып, ерікті  елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде  бытыранқы болып келген қазақ  тайпаларының басын бір жерге  қосуға, қазақтың этникалық территориясын  біріктіруге, сонау қола ғасырдан  басталған қазақтардың халық  болып қалыптасу барысын біржолата  аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын  Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында  қолданылған «өзбек- қазақ» деген  жалпы атау бір-бірімен ажырады.  «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс  Дешті –Қыпшақ пен Жетісада  қалыптасқан халықтың тұрақты  атына айналды. «Өзбек» термині  Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен  тайпалардың этникалық атауы  ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын  болды.  
 
2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.

Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы  мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар  мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым  салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың  бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша  тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын  қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін  арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық  қарым- қатынас саласында белгілі  табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.

Қазақ хандығымен дипломатиялық  байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында  қазақтар өз алдына дербес халық ретінде  Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның тұсында мемлекеттің  ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар  мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді  қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен  хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші  ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен  кеңсесі болды. Бір ескеретін  жәй, мемлекеттің орталық аппаратының  тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге  көшіп-қонып жүрді.

Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Бұрынғы заң-қағидаларға  енгізген ережелері мынау:  
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).  
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).  
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).  
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).  
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың  этникалық территориясын біріктіру  жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті  ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті  ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.

Сонымен, Қасым хан тұсында  қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында  қазақтар өз алдына дербес халық ретінде  Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері  жалғасып отыр.

3. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі  . Хақназар хан (1538-1580 жж).

Қасым ханнан кейінгі  қазақ хандығының саяси жағдайы.

Қасым хан тұсында қазақ  хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым  хан өлгеннен кейін бірден байқалды.

Қазақ хандығын нығайтуға  және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық  қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.

Өзара қырқысу кезінде  Қасым ханның мұрагері Мамаш көп  ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).

Тахир хан әскери – саяси  істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр  адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық  қырқыстарды тия алмады, бұған  қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен  жауласты. Қазақ хандығымен үнемі  дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен  ғана емес, қазақ хандығының сенімді  одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы  маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан  хандарымен де жауласты.

Ішкі саясатта халыққа  рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.

Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе  алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол  астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир  хан қол астына Қарахан 1 миллион  адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен .

1533 жылы Тахир хан қайтыс  болғаннан соң, қазақ хандығына  Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі  енжарлық қырқыстар мен феодалдық  соғыстар Бұйдаш хан тұсында  да туып отырды. Сөйтіп, қазақ  хандығы әбден әлсіреп, бірнеше  иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен,  Қазақстанның батыс аудандарында  Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан  болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым  хан қайтыс болған соң туылған  ішкі енжарлық пен феодалдық  қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің  белгісі.

Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған  саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық  соғыстардың ауыртпалығы және күн  санап күшейген феодалдық езгі мен  қанау халық бұқарасын қатты  күйзелтті. Сонымен қатар қазақ  хандығын да әбден әлсіретті.

Информация о работе Ерте замандағы Қазақстан