Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 05:42, реферат
Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.
Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.
Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді.
Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.
XVI ғасырдың ортасында
ауыр дағдарысқа ұшыраған
Ноғай ордасының ыдырауы,
оған қарасты қазақ тайпалары
мен олардың мекендеген жерлерінің
Қазақ хандығына қосылуы
Сонымен, Хақназар хан тұсында
соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік
орнады, қазақтардың орта Азия халқымен
сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық
байланысы одан әрі өрістеді. Мұның
өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын
жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің
оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар
Қазақ хандығы нығайып, қайта
дәуірлей түсті.
4. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
(1680-1718). «Жеті жарғы» заңдары.
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
1680 жылы хандықтың тағы
Жәнгірдің баласы Тәуке ханға
(1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680
жылы таққа отырғанда Қазақ
хандығының ішкі және сыртқы
саяси жағдайлары мәз емес
еді. Феодал шонжарлардың
Осындай қиындық кезеңде
хандық құрған Тәуке алдымен Россия
және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым
– қатынасын түзей отырып, қазақ
қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны
тежемей, уақ хандықтардың уақытша
болсада ынтымақтастығын
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
XVII ғасырдың аяғында қазақ
хандығының ішкі және сыртқы
саяси жағдайы өте шиелінісе
түті. Халық басына қиын да
қилы заман орнады. Сыртқы душпандар
жиі торуылдай бастады. Ал
«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).
XVII ғасырдың аяқ шенінде
қазақтардың әдеттегі қуқық (
«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.
«Жеті жарғыны» жасау қолданылып
келген әдеттегі правоның нормаларын
қазақтың феодалдық қоғамының жаңа
қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда
ол нормалардың феодал ақсүйектердің
мүдделеріне сай келетіндерін ғана
сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке
ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ
қоғамының сол замандағы
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті
заңнан құралды:
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный
закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .
Тәуке ханның сыртқы саясаты.
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше жауласып
алған жоңғарлар мен
XVII ғасырдың соңы мен
XVIIІ ғасырдың басында жоңғар
феодалдары қазақ хандығына
Қазақ ханы Тәуке береке –
бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы
жауға батыл күрес жұмсау үшін
қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға
қарсы қалай төтеп беру мәселесін
талқылау үшін Қарақұм маңында барлық
қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты.
Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар
әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды.
Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады.
Өйткені бұл кезде жоңғарлар
жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы
болды. Қазақтың феодал шоншарларының
арасындағы алаусыздық пен енжарлық,
сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы
халық күшін жұмылдыруға
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.
Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің
баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында
қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе
түсті. Тауке хан қазақ тарихында
«Әз Тауке», «адамзаттың данасы»
деп аталды. Ол хан тағына отырған
сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі
феодалдық алауыздық пен
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Алғашқы қазақ хандары
қандай мақсат көздеді?
2.Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылғандығы
туралы дәлелденіз.
3.Австралиялық дипломат Зигмунд Гербрештейннің
Қазақ хандығы туралы жазылған еңбегін
атаңыз.
4.Қасым хан Қадырғали Жалайырының дерегі
бойынша қай жерде қайтыс болған?
5.Қасым ханның алдына қойған басты мақсаты.
6.XVI ғ. басында қазақ хандығы мен орыс мемлекетінің
қарым-қатынасы қандай болды?
7.XVI ғ. қазақ хандығының халықаралық жағдайы
қандай болды?
8.Алғашқы қазақ хандары ұрпақтарының
күресі қалай аяқталды?
9.XVI-XVII ғғ. қазақ хандары қандай саясат
жүргізді?
10.Қазақтардың күнтізбесі қандай еді?
Дәлелді жауабын айтыныз.
11.XVI-XVII ғғ. қазақтар қөзқарасында қандай
діни наным-сенімдер үстем болды?
12.Қазақтардың «жылу», «жүртшылық» сияқты
салттарына өз қөзқарасыңызды білдіріңіз.
1. Қазақстанның жоңғар
XVII ғасырдың аяғында
және XVIII ғасырдың басында қазақ
қоғамының өндіргіш күштері