Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 17:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазір қоғамымызда еуропалық мәдениет үстем болып, жаһандану үрдісінің етек алуы жас ұрпақты халқымыздың көркемдік мәдени мұраларымен, дәстүрлі әстеттіқалық талғамымен сұсындатып, ұлттық рухта тәрбиелеуді талап өтеді. Бұл, өз көзегінде, жалпы орта білім беретін мектептерде тәрбие мен білім берудің ғылыми негізделуін қажет өтеді. Ғылыми негіздеу өнер теориясында да, жеке пәндерді оқыту әдістемесіпде де керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытудан туындайтын әдістемелік тәрбиелік теориялық сұрақтар да көзек күттірмейтін мәселелер.

Содержание

Кіріспе 3
Пейзаж жанры.
1.1. Табиғатты бейнелеудің жанр ретінде қалыптасу тарихы 6
1.2. Кескіндемедегі пейзаж жанры. Пейзаждың түрлері мен
көркемдік құралдары і2
і.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы. Әбілхан
Қастеев шығармашылығындағы пейзаж 22
1.4. Шығармашылық ізденіс : 27
1.5. Шығармашылық жұмыс 29
2. Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану
2.і. Бейнелеу өнерін оқыту негіздері. Күнтізбөлік-тақырыптық жоспар 3і
2.2.Оқүшылардың кеңістік туралы түсініктері мен бейнелі ойлау
қабілеттерін дамытудағы жаттығулардың маңызы 36
2.3. Нұсқадан салу, елестөте отырып және есте сақтау бойынша сурет
салып үйрету жаттығулары 40
2.4.Түстану және эстеттіқалық тәрбие 4і
2.5. 5-інші сыныпта пейзаж сабағын өткізу жоспары 45
Қорытынды 5і
Қолданылған әдебиеттер 53
Қосымша 5'

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану.docx

— 151.86 Кб (Скачать документ)

Сонымен, барлық хроматикалық түстер үш параметрмен, ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.

Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары қызыл бөлігі, ал суық түске көк, көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өздерінің суық және жылы түстер деген атауларын бірі күн және от отүсімен ойша байланыстырылуы, екіншісі, аспанның, су мен мұздың ойша байланыстырулары арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімге байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызылуы мүмкін.

Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгеріп отырып, бірінен екіншііне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша йілсе онда бұл сақина перспективалық көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек бәрін жоғарғы жағынан және төменгі жағына көрінетін заттарға бөледі Перспективалық көкжиек сызығы әрқашан көз деңгейінде орналасады. Оны анықтау үшін мынадай тәжірбие жасауға болады. Стақанға су құйып, оны көз деңгейіне жақьндату керек. Егер де оған жоғарыдан не төменнен қарайтын болсақ су беті эллипс пішінде болады. Ал дәл көз деңгейінде болғанда, түзу сызық болып көрінеді

Адам отырған жағдайда перспективалық көкжиек төмендейді, егер биікке көтерілсе жоғарылайды. Перспективалық көкжиектен төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаүшыдан алыстаған сайын жоғарылайды, ал жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.

Барлық параллель көлденең сызықтар бақылаүшыдан алыстаған сайын көкжиек сызығына жақындап, сонда түйіседі. Олардың қиылысқан жерін түйісу нүктесі деп атайды. Бірнеше параллель сызықтар орналасқан жеріне қарамай барлығы бір нуктеде түйіседі. Мысалы көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй суретін салса, оның әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал тік сызықтар әрқашан параллель күйінде қала береді. Көлденең орналасқан шеңбер перспективада эллипс түрінде көрінеді.

Пейзаж суретшісіне көлеңке перспективасын да білуі керек. Күн жерден өте алыста болғандықтан оның сәулелерін параллель ретінде қабылдаймыз. Жасанды жарықтан түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтайды. Бейне неғұрлым жарыққа жақын болса, көлеңке де соғұрлым үлкейедіеді.

Перспектива заңдылықтары заттар дың сәулелерінде де бар. Суда өсіп тұрған ағаштың сәулесі дәл ол күйінде қарамащарсы бағытта көрінеді. Бұл сызықтық перспектива заңдылықтары.

Сызыктьщ перспективадан басқа ауа перспективасы деген бар. Кеңістікті бейнелеуде оның алатын орны да үлкен. Заттар бақылаүшыдан алыстаған сайын өзшаш айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Кріс түсті заттар алыстағанда салқын реңге (көбінесе көгілдір, кейде қою кек), ал ашық ту стер жылы реңге айналады.

Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс керінбей, тұтасып кетеді, силуэтке ғана айналады. Егер заттарды ашық түстермен, бөлшектерін анық көрсетін бейнелесе, олар жақын жерде тұрғандай әсер береді Ал керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізден алыстайды.

Табиғатты бейнелеуде осы ею перспектива заңдылықтары толық жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады.. Сол себепті перспектива қандай да болмасын суретте үлкен маңызга ие.

 

Түстану негіздері

Түстану - түс туралы ғылым, ол бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі екенін және көптеген түстерден тұратындығы сендерге физика курсынан мәлім. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол  бұзыла отырып,  спектр деп аталатынды,  яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады . 
Кез келген хроматикалық түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалық (іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басқа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл күрең түске көкшіл жасыл, сары жасылға қан қызыл, күлгін қосымша болады және т.б. Негізінде түстік щеңберде мұндай қосымша түстер бір біріне қарама қарсы жатады.

Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк негізгі түстер деп есептеледі. Егер бояулар туралы айтатын болсақ бұл краплак, сары кадмий және берлиндік көкшіл бояу.

Осы түстердің кез келген екеуін араластыру үшін үшіншіге қосымша түс береді. мысалы: сары және көк жасыл түс (қызылға қосымша), көк пен қызыл күлгін (сарыға қосымша), қызыл мен қызғылт сары ( көкке қосымша) түс береді.

Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық, мысалға жасыл фонмен қоршаса, онда суреттің бетінде өте айқын байқалатын хроматикалық реңк, дәл осы жағдайда қызыл реңк пайда болатытыны аңғарылады. Шын мәнінде, жасыл шабындықты бойлай жүгірген соқпақ жол әрдайым ақшылт көк қызғылт сияқты болыпп көрінеді. Түстердің мұндай жұбы ( фонның түсі және сұрғылт фонда пайда болатын хроматикалык реңктің түсі) контрасты түстер деп аталады. Түстік щеңберде олар қосымша түстермен аздап сәйкес келмей, бір біріне қарсы дерлік орналасады. Олардың қосымша түстерден айырмашылығы онша байқала бермейді, сондықтан іс жүзінде оларды елемеуге болады.

Тікелей көршілес орналастырылған контрасты түстер көзбен көргенде қанықтылығы жағынан бір бірін күшейтіп тұрады. Бір түстің қоршауындағы екінші түс өзгермеуі үшін бұл түске айналадағы түстен аздап қосу керек. Бұл ахроматикалық түске де қатысты. Мысалы, жасыл фонның қоршауындағы сұрғылт дақ қызғылт болып көрінбей, таза сұрғылт түс болып қабылдануы үшін сұрғылт түске аздап жасыл түс қосу керек. Контур жүргізу түстердің контрастық әсерін күрт төмендетеді.

Айқын контуры бар дақ түстің контрастылық әсерін мүлдем дерлік сезінбейді.

Контрасты емес, жақын түстер, мысалы, сары немесе сары жасыл және жасыл кеөлдір түстер көрші болған кезде, керісінше, екеуінің қанықтығы азайғандай әсер туады.

Түстік контрастар заңын түсіну түс іс жузінде жоқ жерде, яғни бейтарап сұрғылт дақтарда түстік әсерге қол жеткізуге және кез келген хроматикалык түстің реңктін көзбен қарағанда оның қанықтылығын арттыра немесе төмендете отырып, өзгертуге мүмкіндік береді.

Түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлесімдерді табу. Алынғын түстер әдемі (гармониялық.) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түстік гармониялар бұл белгілі

бір    тәртіппен    орналасқан    аз    ғана    түстердің    кисындасуы.    Түстердің гармониялық үйлесімдерінің үлгі схемасын қарастырып көрелік:

  1. Қос түсті гармония түстік щенбердегі қарама қарсы түстердің үйлесуі. Мұндай үйлесу біршама дөрекілеу, контрасты, тек плакатта қоланған ғана орынды.
  2. Үш түсті гармония түстік шенберді дәл үш бөлікке бөледі. Кез келген бір түсті алып, оған басқа екіншісін табады.
  3. Төрт түсті гармония: түстік шенбер төрт бөлікке бөлінеді. Төрт түсті және үш түсті гармонияда барлық түстерді емес, тек кез келген екі немесе үш түсті ғана алуға болады. Олардың үйлесімі де жарасымды болады.

Бірқатар Практикалық мынадай ұсыныстар:

а) ең жақсы түстік үйлесімдер түстік шенбер бойында үлкен аралық қашықтықта болады;

б) неғұрлым интенсивті түстерді интенсивтілігіІ аз түстермен араластырған кезде, неғұрлым интенсивті түсті аз мөлшерде (дақтық аумағы бойынша) алу керек;

в) хроматикалық түсті ахроматикалық түстпен үйлестіруге болады. Жылы түстерді қара сұр түстермен, суық түстерді ашық сұр түстермен үйлестірген жақсы;

Алайда түстік гармониялардың зандары салыстырмалы екенін ұмытпау керек. Оларды қолдану көптеген жағдайларға қарай түзетіліп отырады. Сондыктан оларды барлық жағдайлар үшін біржола белгіленген деп есептеуге болмайды.

Бояулармен жұмыс істеген кезде түстердің кеңістік қатынастары деп аталатын тағы бір қызықты құбылысын ескерген жөн. Кейбір түстер басқа түстермен қатар тұрғанда бізге алға шыгьңқы немесе артқа таман секілді болып көрінетіні байқалады. Негізінен, жылы, ашық және қанық түстер алға шығыңқы, ал суық, күңгірт және қанық емес түстер артқа таман тұрған сияқты болып көрінеді. Айта кету керек, әрбір нақты жағдайда дақтың сипаты мен көлемі, контуры және басқа жағдайлары маңызды  рөл атқарады.

Электр жарығы (қызу лампасы) құрамында табиғи жарықпен салыстырғанда сары қызғылт сары сәулелер едәуір көп болады, мұның өзі біздің түстерді қабылдауымызга елеулі әсер етеді. Мұндай жарық көзінде барлық түстер қызғылт сары реңкке ие болады. Қызғылт сары түстер бұрынғыдан да қызғылт сары және бояуы қанық бола түседі, ал суық түстер, күлгін және көгілдір түстер, қанықтылығын жоғалтып, сұрғылттанады, күнгірттенеді. Сары түстер ашықтана түсіп, неғұрлым бозғылт болып көрінеді. Осының салдарынан электр жарығы көзінде жасалған кескіндемелік жұмыстар күндіз тым сарғылт болып шығуы мүмкін.

Кескіндемедегі түс аса маңызды. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның рөлі шектеулі және шартты болатын. Кескіндемеде түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш қуатымен өркен жаяды.

Пейзаж композициясы

Композиция (латын тілінде «құрастыру», «тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) - шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің

орналасуы, оқиғалардың, құбылыстардың баяндалу реті. Суретшінің қолындаа композиция - көркемдеуші құрал. Пейзаж жанрында да оның кызметі аса маңызды. Пейзаж шебері композиция арқылы табиғаттағы күйді, оның мазмұны мен идеясын, бейнелеп отырған табиғат құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция - шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуының кепілі Қарарапайым тілде айтқанда, пейзаж көптеген бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді, негізгісін белгілеп көрсетеді. Пейзаж картинасын жазбас бұрын нұсқадан этюдтер, карындашпен ізденіс жұмыстары жасалады. Осылардың негізінде суретші шығарманың композициялық суретін салады. Жұмысты әбден тиянақталған композициядан бастау керек және жазу барысында да оның маңыздылығын ұмытпаған жөн.

Композицияның негізгі талабы - шығарманың көркемдік бірлігін табу. Суретшінің міндеті - қандай өнер туындысы болмасын, олардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әрқилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның ортақ нүктесін табуы керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменннің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт түсті, өзінің айналасындағы ортасынан айшьқталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауына байланысыты. Кейде кейбір пейзаждардың шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты табу оңайға түспейді Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді, ал геометриялық, композициялық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.

Композиция пейзаж суретшісі үшін негізгі мақсат емес екендігін ескеру керек. Өйткені композицияның негізгі мұраты - суретшінің идеялық орнын көрсету. Осыдан пейзаждағы композициялық орталық шығарманың композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар шығарма мазмұнын анық көрсетуге кызмет етуі керек.

Шығармадағы денелердің көлемі, пішіні мен орналасуы, композициялық орталық деп саналатын заттың көлеміне, пішініне және орналасуына көп тәуелді. Бұл тәуелділікті композициялық ығгақ деп атаймыз. Бейнелеу өнеріндегі ырғақ, музыкалық шығармадағы ырғаққа ұқсас, өзінен бұрынғы дыбыстың табиғи жалғасы.

Суреттегі композициялық ырғақ композиция орталығының басқа бөліктерімен байланысына ғана емес, сол бөліктердің бір-бірімен байланысына да   тәуелді.   Пейзаж   картинасының       адамға   әсері   оның   құрылымының

тұтастығына да байланысты. Композициялық құрылым негінен картинаның мазмұнына тәуелді және суретшінің ішкі түйсігі мен сезіміне тәуелді.

«Суретші ең қызықты да, маңызды дүниелерді өзі бақылап үйренбейінше, композиция құруды да үйрене алмайды.» (М. В. Крамской).

Композициялық бірлік суретшінің зат көлемдері мен сызықтарды қалай таратуына, олардың кескіндерін және суреттегі орындарын қалай белгілегеніне ғана тәуелді емес, сонымен бірге жарық пен қараңғы түстерді, бейнелерді қалай ораналастыруына да байланысты.

Суретті салу барысында, суреттің жарық пен қараңғы бейнелердің орналасуын, олардың таралуын барынша жақсы ойластыруы керек. Өйткені ең соңында композициялық бірлік осыларга байланысты.

Пейзаж   жанрын   көпшілігі   оңай   деп   санайды.   Бірақ   пейзаж кескіндемесінде терең бейне жасау оңай іс емес.

Пейзаж кескіндемесі өте үлкен эмоциялық күшке ие, сондыктан ол көрерменде қоршаған ортаның әсемдігін сезіну мен әдемілік әлеміне құштарлығын оятады.

Пейзаж композициясын табу көптеген ізденіс жұмыстарының арасындағы ең қызықты сарынды іздеуден басталады. Сондай ақ этюд жазбас бұрын міндеттерді анықтап алған дұрыс.

Әрине, пейзаж картиналарын жазу этюд жазудан әлдекайда жеңілірек. Дегенмен, этюдтарды да назардан тыс қалдыруга болмайды. Шын мәнінде этюд жазу кәсіптік шеберлікті арттыру немесе шынайы қоршаған орта жайлы түсініктерімізді кеңейтуіміз үшін таптырмас әдіс.

Белгілі пейзаж суретшілерінің шығармашылығы мазмұн, сарын жаңашылдығымен қызықтырады. Олардың туындыларынан көрермен шебердің өзіндік ереше жазу мәнерін, оның қызығушылық ортасын, эстетикалық сезімін көре алады. Атақты пейзаж шеберлерінің артықшылықтарын көре тұрса да, жас суретшіге өзге композицияларга еліктеуге болмайды. А. К. Саврасов шәкірттері, олардың арасында Левитан да мұндайга қарсы болды.

Информация о работе Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану