Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 17:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазір қоғамымызда еуропалық мәдениет үстем болып, жаһандану үрдісінің етек алуы жас ұрпақты халқымыздың көркемдік мәдени мұраларымен, дәстүрлі әстеттіқалық талғамымен сұсындатып, ұлттық рухта тәрбиелеуді талап өтеді. Бұл, өз көзегінде, жалпы орта білім беретін мектептерде тәрбие мен білім берудің ғылыми негізделуін қажет өтеді. Ғылыми негіздеу өнер теориясында да, жеке пәндерді оқыту әдістемесіпде де керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытудан туындайтын әдістемелік тәрбиелік теориялық сұрақтар да көзек күттірмейтін мәселелер.

Содержание

Кіріспе 3
Пейзаж жанры.
1.1. Табиғатты бейнелеудің жанр ретінде қалыптасу тарихы 6
1.2. Кескіндемедегі пейзаж жанры. Пейзаждың түрлері мен
көркемдік құралдары і2
і.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы. Әбілхан
Қастеев шығармашылығындағы пейзаж 22
1.4. Шығармашылық ізденіс : 27
1.5. Шығармашылық жұмыс 29
2. Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану
2.і. Бейнелеу өнерін оқыту негіздері. Күнтізбөлік-тақырыптық жоспар 3і
2.2.Оқүшылардың кеңістік туралы түсініктері мен бейнелі ойлау
қабілеттерін дамытудағы жаттығулардың маңызы 36
2.3. Нұсқадан салу, елестөте отырып және есте сақтау бойынша сурет
салып үйрету жаттығулары 40
2.4.Түстану және эстеттіқалық тәрбие 4і
2.5. 5-інші сыныпта пейзаж сабағын өткізу жоспары 45
Қорытынды 5і
Қолданылған әдебиеттер 53
Қосымша 5'

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану.docx

— 151.86 Кб (Скачать документ)

Жоспары 
Кіріспе 3

Пейзаж жанры.

  1. Табиғатты бейнелеудің жанр ретінде қалыптасу тарихы 6
  2. Кескіндемедегі пейзаж жанры. Пейзаждың түрлері мен

көркемдік құралдары і2

і.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы. Әбілхан

Қастеев шығармашылығындағы пейзаж 22

  1. Шығармашылық ізденіс : 27
  2. Шығармашылық жұмыс 29

2. Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану

2.і. Бейнелеу  өнерін оқыту негіздері. Күнтізбөлік-тақырыптық жоспар 3і

2.2.Оқүшылардың кеңістік туралы түсініктері мен бейнелі ойлау

қабілеттерін дамытудағы жаттығулардың маңызы 36

2.3. Нұсқадан салу, елестөте отырып және есте сақтау бойынша сурет 
салып үйрету жаттығулары 40

2.4.Түстану және эстеттіқалық тәрбие 4і

2.5. 5-інші сыныпта пейзаж сабағын өткізу жоспары 45

Қорытынды 5і

Қолданылған әдебиеттер 53

Қосымша 5'

 

Кіріспе

Көкейкестілігі: Ғылым мен техникадағы қарқынды даму, ақпараттық ғылымның үдеуі, жаһандану үрдісі етек алған XXI ғасыр экономикада ғана емес әлемдік мәдениетте де қатал бәсеке тудырды. Сондықтан да бұрынғы адамзат жинақтаған білімді игерту, білім, білік дағдыны механиқалық түрде меңгерту сияқты білім мақсаттары енді пайдасыз болып қалды. Қазақстанның қазіргі даму жағдайында басты білім мақсаты - ақпараттык-интеллектуалдық ресурстарды өздігімен ала алатын, оларға жоғары дәрежеде талдау жасай алатын, үнемі даму үстінде болатын, әлемік жылдам өзгерістер жағдайында өз идеясын іске асыра алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру болып табылады. Бірақ білім беруді осы мақсаттарға негіздеу жолында да адамзат үшін ең басты нәрсе - тәрбие болып қала беретіндігін ұмытпау керек. Бұл туралы ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби "Тәрбиесіз қолға білім салма" десе, қазақ халқының ағартушы ғалымы А.Байтұрсынов "Рас, біз шынында да әрқашан білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз қажет. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет. Ал білімдар тәлімсіздік - ең үлкен жауызыдық. Ол бәрін біледі, ол өзшінің мақсаты үшін бәрінен аттап өтеді. Тәрбиелі білімдар – міне адам, міне тұлға!" - деп тәрбиенің маңызын ашып береді.

Қазір қоғамымызда еуропалық мәдениет үстем болып, жаһандану үрдісінің етек алуы жас ұрпақты халқымыздың көркемдік мәдени мұраларымен, дәстүрлі әстеттіқалық талғамымен сұсындатып, ұлттық рухта тәрбиелеуді талап өтеді. Бұл, өз көзегінде, жалпы орта білім беретін мектептерде тәрбие мен білім берудің ғылыми негізделуін қажет өтеді. Ғылыми негіздеу өнер теориясында да, жеке пәндерді оқыту әдістемесіпде де керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытудан туындайтын әдістемелік тәрбиелік теориялық сұрақтар да көзек күттірмейтін мәселелер.

Қазақстан Республиқасының Білім және ғылым министірлігі ұсынған 5-6 сыныптардың бейнелеу өнері бағдарламасы көркемдік білім беру мен әстеттіқалық тәрбиені бірге жүргізуге бағыттайды, яғни тәрбие мен оқытуды тұтас үрдіс ретінде қарастырады. Бағдарлама мектепте бейнелеу өнерін оқытуды оқүшыларда рухани мәдениет, әстеттіқалық талғам қалыптастыру мен оларға бейнелеу өнері сауаттылығын меңгертудің бірегей жүйесі ретінде ұсынады. Мұғалім дәл осы бірлікті іс жүзшаде жүзеге асыруы тиіс. Балаларды, олардың мінөз-қылығын, көзқарастарын, сезімдерін, ерік-жігерлерін тәрбиелемей оқыту ның емес.

Мектепте бейнелеу өнерін оқыту оқүшылардың өз ойларын әр түрлі бейнелеу өнері құралдарымен бере білуге үйретіп қана қоймай, өнерді түсінуге, әсемдікті сезінуге баулып, қоршаған орта құбылыстарын өткір қабылдап, талдай білу қабілеттерін дамытады. Сурет салу көзінде ой белсенділгі артады,

 

бейнелі ойлауы мен көркемдік талғамы, бақылау қабілеті дамиды, қол мен көз мөлшерінің қозғалыс қызметтері өседі.

Мектепте бейнелеу өнерін оқыту міндеттерінің бірі - шынайы бейнелеу негіздерін оқыту, нұсқадан салу, елестөте отырып салу дағдыларын, сурет салу үрдісіне шығармашылық қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Бұл оқу-тәрбие міндеттері сурет салудың үш түрін меңгеру арқылы іске асады. Олар: затқа қарап сурет салу, тақырыптық сурет салу, декоративті салу.

Оқүшылар өздерінің шығармашылық ойларын бейнелеу арқылы дәл, түсінікті бере алуы үшін оларды қоршаған ортаны дұрыс танып, көре білуге үйрету керек. Бұл нұсқадан салуда да, есте сақтап не елестөте отырып салуда да өте қажет. Сондай-ақ оқүшыларға бейнелеу өнері материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгерту керек.

Мәселе: Бейнелеу өнері сауаттылығының қарапайым негіздерін дұрыс меңгермеуі, бейнелеу құралдарымен жұмыс істеудің өзшадік әдіс-тәсілдерін жеткілікті деңгейде игере алмауы оқүшылардың шығармашылық дамуына, дүниетанымдық көзқарасының айқын қалыптасуына, өз ойы мен көзқарасын сурет арқылы жеткізе білу қабілетінің дамуына үлкен кедергі келтіреді. Бейнелеу өнері сабақтарының ең күрделісі болып саналатын түрі -тақырыптық сурет салу сабағында оқүшылар кеңістік перспективасы, түстану негіздерінен алған білімдерін нақты әрекетте пайдалана алмауы, қоршаған ортаны бақылаудың аздығы, ой еңбегінің әлсіздігі мен жүйесіздігі оқыту мен тәрбиенің үйлеспеүшілігіне әкеледі.

Деректерді талдау: Зерттеу жұмысы барысында төмендегідей әдебиеттер пайдаланылды.

Әдістемелік бөлім үшін: і)Беляев Т.Ф. «Упражнения по развитиіс пространственных предстовлении у учаіңихся» - істапта бейнелеу өнерінің әр түрлі сабақтарында перспективадан, түстанудан алған білмдерін бекітуге, дамытуға арналған жаттығулар ұсынылады.2) «Посмотри, подумай и ответь» -оқүшылардың білімін бекітуге нұсқаулар.З) «О воспитании» - бала тәрбиесі туралы ойлар. ӘсемдіҚ еңбек арқылы тәрбиелеу туралы жеке тараулар бар. Мерзімдік баспа кездерінен: 4) «Нужно ли учить рисовать?» - автор бейнелеу өнері сауаттылығына оқыту не үшін керек деген сұраққа жауап іздейді. 5) «Танымдық белсенділікті қалыптастырудың маңызы» - төменгі, орта буын оқүшыларының оқу барысындағы танымдық әрекетінің белсендігі туралы. 6) «Бейнелеу өнері құралдарына сүйене тәрбиелеудің аспектілері» - өнер пәні ретіндегі бейнелеу өнерінің тәрбиелік мәні, міндеті, мақсаты теориялық түрғыдан талданады.

Зерттеу тапсырмалары: Басты мақсат - білім беру мен тәрбиені үндестіре     жүргізу     арқылы оқүшылардың    дүниетанымын    кеңейту, шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту, ел мәдениеті мен өнеріне күндылық қатынас қалыптастыру. Бұл мақсаттарға бейнелеу өнері сауаттылығына үйрету арқылы ғана жетуге болады. Осыдан зерттеудің төмендегідей міндеттері айқындалады.

 

  1. Пейзаж жазудың әдістемелік негіздерін - композиция, перспектива заңдылықтарын, сондай-ақ түрлі техниқада орындау тәсілдері туралы мәліметтер жинау.
  2. Оқүшылардың графикалык білімін, дағдысын, шеберлігін қалыптастырудың психологиялық , педагогиқалық негіздерін анықтау.

Зерттеу мақсаты: Оқүшылардың бейнелеу өнері пәнінен сауаттылығын жоғарылатуда арнайы жаттығулар қолдана отырып, олардың танымдық әрекетін, дүниетанымын, әстеттіқалық талғамы мен күндылық көзқарастарын тәрбиелеу.

Зерттеу   обьектісі:   Тақырыптық   сурет   салу   сабақтарында     табиғат көрінісі бейнелеу арқылы кеңістік туралы түсініктерін дамыту.

Зерттеу пәні: Тақырыптық сурет салу сабағында оқүшылардың өз ойларын түсінікті, сауатты жеткізуі үшін қоршаған ортаны бақылау, жаттығулар орындау, пәнаралык байланысты жүзеге асыру.

Зерттеудің ғылыми болікамы: Егер тақырыптық сурет салу сабағына дайындық арнайы жаттығулар орындау арқылы, қоршаған ортаны жіті бақылау арқылы іске асса, және сабақтың пәнаралық байланыста өтуі ұйымдастырылса оқүшылардың пәнге қызығүшылығы мен зейіні артып, білімді берік игереді.

Ғылыми әсерлық: Бейнелеу өнері сабағының тәрбиелік мәні оқүшыға меңгерткелі отырған білім, біліҚ дағдының нәтижелі болуына тікелей қатысты екенін дәлелдеу. Жүйелі түрде орындалып отыратын жаттығулар оқүшылардың сауаттылығын арттыратынын, оқүшылар танымын кеңейтуде пәнаралық байланыстың болуы міндетті екенін дәлелдеу.

Тәжірбиелік маңызы: Зерттеу жұмысындағы мәліметтерді, сурет салу сабағын өткізу әдістемесіп іс жүзінде қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пейзаж жанры

Суретшілердің қоршаған ортаға қызығушылығы, тұрмысқа, күнделікті бір- біріне еш ұқсамайтын оқиғаларға қызығүшылығы,

табиғаттың адамға әсері, оның ойында, жүреінде қобаліку,

таңғалу сүйсіну сезімдерін тудыруы өнерде пейзаж жанрының пайда болуына әкелді.

Соқолинский В.М. 56 бет

1.1. Табиғатты  бейнелеудің жанр ретінде қалыптасуы.

Табиғатты бейнелеу немесе табиғат көрінісі бейнеленген туындыны бейнелеу өнерінде пейзаж деп атайды. Пейзаж – бейнелеу өнерінің жанры. Ол «рауsade» деген француз сөзінен шыққан, ландшафты, табиғатты бейнелеу деген мағына береді. Ал жанр француз тілінің «genге» – түр деген сөзінен шығады. «Жанр» бейнелеу өнерінің тарихи қалыптасқан түрі және бұл ұғымының пайда болуының өзіндік үлкен тарихы бар.

«Жанр» ұғымы XVI ғасырда Францияда пайда болды және алғашқыда көне гректің атақты философ ғалымы Аристотельдің поэтикалық шығармаларына қатысты ғана айтылды. Ал бейнелеу өнеріндегі жанрлық жүйе сан ғасырлар бойы қалыптасты. Бейнелеу өнеріндегі де, басқа өнер түрлеріндегі де «жанр»  – өз алдына ерекше қатегория. Ол әртүрлі дәуірлерге жататын өнер туындыларын ортақ тақырыбы мен сипатына байланысты жіктеп, топтастырады. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б.; әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. болса  бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар бар. Натюрморт, пейзаж, портрет сияқты бейнелеу өнері жанрлары тақырыбы мен мазмұнына байланысты ажыратылады. Пейзаждың тақырыбы - табиғат. Сондықтан да «пейзаж жанры» табиғатты бейнелеу деген мағына береді.

Ежелгі дәуір өнерінде, ортағасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде жанрлар арасында айқын шекара болмады. Тек XVII-XVIII ғасырларда классицизм стилінің пайда болуы өнерде қатаң жанрлық жүйенің қалыптасуына үлкен ықпал етті. Еуропа өнерінде пейзаж дербес жанрлар жүйесіне классикалық сипатта енді.

Пейзаж басқа да бейнелеу өнері жанрлары сияқты дербес жанр ретінде XVII ғасырда Италияда пайда болды. Пейзаждың суретшілер туындысында көмекші құрал, фон ретіндегі ғана қызметінен жетіліп, дербес жанр болып бөлінуі қоршаған ортаны терең зерттеу мен оны бейнелеуге қажетті жаңа әдістердің жасалуына әкелді.

Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады. Оның даму тарихы - дүние, қоғам, адам туралы түсініктердің көркемдік бейнеге айналуының тарихы. Бірақ пейзаж жанрының нақты қай жерде, қалай пайда болғанына дәл анықтау мүмкін емес. Ол өнерден тыс пайда болып, суретшінің өзімен бірге қалыптасып өзгеріске ұшырап отырды. Пейзаж уақытта ғана емес, сонымен бірге кеңістікте де дамыды. Табиғатты бейнелеу тәсілдеріне қатысты жаңалықтар мен жетістіктерді әр түрлі дәуірлерді түрлі мемлекеттер, суретшілер иемденіп, одан ары дамытып отырды. Ғасырлар тереңіне бойлаған сайын қоршаған ортаның шынайылығын тарихи және мәдени игеру үрдісі тұйық және бытыраңкы түрде дамығанын байқаймыз.

Пейзаж жанр ретінде XVII ғасырда Италияда пайда болып, бейнелеу өнерінен өзіндік жеке орнын тапты дегенмен ең алғашқы табиғат кескіндері ортағасырлық Қытай мәдени ескерткіштерінен табылды. Сондықтан сенімді түрде пейзаж дербес жанр ретінде табиғат құлбылысын насихаттайтын және табиғатты түйсінудің салдары ретінде ортағасырлық Қытайда VI ғасырда пайда болды деп тұжырымдай аламыз. Яғни ежелгі заманда пейзаж тек қана Кытайда, кейінірек Жапонияда, табиғатты дүние құрылымының заңдарының негізі ретінде қарастыратын өнердің маңызды жанры болып танылды. Ортағасырлық Қытайда табиғатты түйсіну бейнелеу өнерінің ғана емес, рухани өмірдің де ажырамас аса маңызды бөлігіне айналды. Жапон пейзажы тек қана ХІІ-ХШ ғасырларда   қалыптасып,    өзінің    графикалық сипатымен,    декоративтік сарынға ұмтылысымен ерекшеленді. Ортағасырлық Кытайдың пейзаж кескіндемесінің қалыптасқан дәстүрлерін негізге ала отырып, Жапон шеберлері де бұл жанрда ең жоғарғы жетістіктерге жетті. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы Жапон суретшілерінің жиі бейнелейтін нысанына айналды. Олар Жапон пейзажынан көркем идеялардың негізін ашты, көркемдік жүйені өздерінше бағалады.

Пейзаж жанрының дамуын сюжеттік картинаның құрамдас бөлігі, фоны, декоративті көмекші құрал дәрежесінен дербес құбылыс, нақты табиғат «портреті» болып қалыптасу жолы деп, ал пейзаж кескіндемесінің тарихын суретшілердің кеңістікпен күрес жолы деп қарастыруға болады. Бір суретшілер кеңістікті жазықтықта бейнелеудің қыр сырын ашуға ұмтылса, енді біреулері оны бейнелеудің шарттылығын ұстанды. Ең атақты шеберлер де қатаң жазу мен еркін жазу арасындағы даму жолын жүріп өтті. Бұл жолдан пейзаж кескіндемесінің тарихы да өтіп, XX ғасырда импрессионистер мен олардың жолдарын қуушылардың шығармашылығында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Қытай өнерінде пейзаж XII ғасырда дербес жанр ретінде бөлініп, ерекше шабыт пен поэтиканық үлгісіне айналды. Қытай әдебиеті мен өнері сияқты, пейзаж кескіндемесі де Таң династиясының билігі кезінде шарықтады. Атақты ақын, суретші Ван Вей де осы кезеңде өмір сүрді. Ол монохромды пейзаж стилін ойлап тапты. Қытай пейзажы көбіне графикалық материалдармен  жібек не бамбук орамдарында орындалды. X ғасырда әлем құрылымының реттілік (рационализм) идеясын насихаттайтын пейзаж пайда болды. Осын кезде пейзаж шебері Цзин Хао былай деп жазды: «Суретші пейзаждың сыртқы бейнесі жасырып тұрған рухани байлықты бере алса, тамаша картина сол!». Қытай пейзаж шеберлері тау шыңдары, ағаштар, сарқырама мен өзен көлдерді бейнеледі. Бірақ әрбір шебердің өзіне ғана тән жазу әдісі болды.

Суретші Дун Юань өзінің шәкірті Цзу Ранмен бірігіп кеңістіктің кішіреюін көрсету әдісін жасады. Ол әдіс қазіргі кезде де Қытай монументтік пейзажында кең пайдаланылады. Қытай суретшілері үшін кеңістік табиғаттың алып құпиясын көрсететін әлем шексіздігінің символы болды. Суретші Го Сидің «Ерте көктем» картинасындағы тік композиция қалың бұлт пен тұманды тау шатқалдарының алыптығын паш өтеді.

Еуропада көп уақыт, XV ғасырға дейін ағаш, жеміс, құс, жануарлар сияқты табиғат элементтері ғана салынды. Олардың символдық мәні болды. Жол адамның өмір жолының символы, өзен тазаланудың символына айналды. Мұндай бейнелер альтарлық картиналар мен иконаларда пайдаланылып, дінді түсінуге көмектесті.

Ағылшын зерттеушісі Рескиннің пікірінше, пейзаж өз дамуында екі кезеңнен өткен. Әуелі «символикалық пейзаж». Оның негізгі белгісі алтын түстес және оюлы фон. Ал 1400 жылы пайда болған «табиғатқа ұқсата бейнелейтін» әсер пейзажда кең аспан бейнелене бастаған.

XV ғасырдан бастап пейзаж  Нидерланды шеберлерінің картинасының  маңызды бөлігіне айналды. Көкжиекпен  астасқан дала, гүлденген ағаш, бұта  бейнеленген картина фрагменттері  ерекше парасатты көрегендік  пен нәзік стилизаңияның таңқаларлық  үндестігін ашты.

Информация о работе Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану