Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 17:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазір қоғамымызда еуропалық мәдениет үстем болып, жаһандану үрдісінің етек алуы жас ұрпақты халқымыздың көркемдік мәдени мұраларымен, дәстүрлі әстеттіқалық талғамымен сұсындатып, ұлттық рухта тәрбиелеуді талап өтеді. Бұл, өз көзегінде, жалпы орта білім беретін мектептерде тәрбие мен білім берудің ғылыми негізделуін қажет өтеді. Ғылыми негіздеу өнер теориясында да, жеке пәндерді оқыту әдістемесіпде де керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнерін оқытудан туындайтын әдістемелік тәрбиелік теориялық сұрақтар да көзек күттірмейтін мәселелер.

Содержание

Кіріспе 3
Пейзаж жанры.
1.1. Табиғатты бейнелеудің жанр ретінде қалыптасу тарихы 6
1.2. Кескіндемедегі пейзаж жанры. Пейзаждың түрлері мен
көркемдік құралдары і2
і.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы. Әбілхан
Қастеев шығармашылығындағы пейзаж 22
1.4. Шығармашылық ізденіс : 27
1.5. Шығармашылық жұмыс 29
2. Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану
2.і. Бейнелеу өнерін оқыту негіздері. Күнтізбөлік-тақырыптық жоспар 3і
2.2.Оқүшылардың кеңістік туралы түсініктері мен бейнелі ойлау
қабілеттерін дамытудағы жаттығулардың маңызы 36
2.3. Нұсқадан салу, елестөте отырып және есте сақтау бойынша сурет
салып үйрету жаттығулары 40
2.4.Түстану және эстеттіқалық тәрбие 4і
2.5. 5-інші сыныпта пейзаж сабағын өткізу жоспары 45
Қорытынды 5і
Қолданылған әдебиеттер 53
Қосымша 5'

Прикрепленные файлы: 1 файл

Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану.docx

— 151.86 Кб (Скачать документ)

 Кескіндемедегі кеңістік  пен көлемнің берілуіне сызықтық  және ауа перспективаларымен, жылы  және суық түстердің кеңістіктік  өзгеру қасиеттерімен, жалпы түсті, тонды беруімен байланысты. Картина  жазу үшін түстен басқа жақсы  суретпен қатар мәнерлі композиция  керек. Суретші әуелі кенептегі  жұмысын жақсы эскиз іздеуден  бастайды.

Кескіндеме техникасы ғасырлар бойы дамып, өзгеріп отырады. Ондағы адамды қызықтыратын нәрсе сюжеттердің әртүрлігі. Бұл XVII ғасырдағы кескіндеменің ғана емес, графика, мүсін өнері мен жанрының пайда болуына әкелді. Бізге белгілі жанрлар:

Пейзаж бейнелеу өнерінің жанры. Мұнда табиғат көрінісі мен ландшафт негізгі пән болып табылады. Пейзаж қондырғылы кескіндеме мен графиқанық дәстүрлі жанры. Ол оз сарынының сипатына, мазмұнына қарай ауыл пейзажы, қала пейзажы, өндірістік пейзаж т.б. сияқты көптеген түрлері қарастырылады. Ерекше орынды теңіз көрінісі – «марина» алады.

Сонымен қоса пейзаж тарихи, қиял ғажайыптық, лирикалық, эпикалық сипатта болуы ның. Мысалы, И.Левитанның пейзажын көбінесе «көңіл-күй пейзажы» деп атайды. Себебі оның туындыларында көңіл күй, қуаныш, мұң, жан күйзелісі секілді сезімдер беріледі. Сондықтан суретші зат көлемдерін жалпылай, дақтар арқылы береді. Оның 1895жылы  жазған «Наурыз», «Алтын күз» атты картиналары да осындай сарында болып келеді.

Ал И.И. Шишкин оз картиналарында орыс табиғатының жалпыланған эпикальқ бейнөсіп жасады. (1878ж. «Қара бидай», 1898ж. «Корабельная роща») И.И. Шишкин картиналарының кереметтігі оның орыс даласын фотографиядағы дәлдікпен беруінде ғана емес. Ол шебер орныдалған картиналарымен сонымен қатар, шексіз даланы, желмен тербелген астық теңізін, орман алқаптарын орыс табиғатының ұлылығы мен күшін паш өтеді.

Көбінесе пейзаж кескіндеме, графика, мүсін туындыларының фоны ретінде пайдаланылады. Суретші табиғатты бейнелей отырып, табиғатқа деген оз қатынасын жеткізеді, мазмұны бар, эмөңияналды мәнердегі көркем бейнені жасайды.

Адам табиғатты бейнелеуді өте ертеден бастады. Пейзаж элементтерін сонау неолит дәуірі ескерткіштерінен, көне Шығыс елдерінің жәдігерлерінен, әсіресе көне Египет, Греңия өнерлерінен кездестіруге болады. Мысалға орта ғасырларда ғибадатхана, сарай үйлерін пейзаж сарынында бөзендірген.

Пейзаж дербес жанр ретінде XVII ғ. қалыптасты. XVI ғ. өзінде ақ суретшілер нұсқаны зерттеген (П.Брейгель. Нидерландия). Дегенмен, бұл жанрдың ерекше гүлденген көзі XVII XVIII ғасырлар болып есептеледі. (П.Рубенс, Рембрант, Я.Рейсдан, (Голландия) Н.Пуссен, К.Поррен (Франция))

Аталған суретшілер кеңістікті терең зерттеуде бірінама табыстарға жетіп, ауа перспективасының жүйелерін жасады. XIX ғасырдағы пейзаж шеберлерінің ашқан әсерлығы плэнерлік кескіндеме болды. (К.Коро, Э.Моне, К.Моне, О.Ренуар, (Франция) А.А. Иванов, Р.Саврасов, Ф.Васильев, И.Шишкин, Левитан сияқты Ресей импрессионистері жалғастырды). Х1Хғ.ғ. соңындағы ірі шеберлер (П.Сөзанн, П.Гоген, Ван Гог, А.Матисс (Франция), А.Куиндіки, Н.Рерих, Н.Крылов) пейзаж кескіндемесінің эмөңияналдық сапасын кеңейтті. Орыс пейзаж өнерін  А.Рылов,  К. Юан,  А.Остаумова, Лебедева т.б. байыта түсті.

 

Пейзаж түрлері

Пейзаж жанрында жұмыс істейтін суретшілерді пейзажист деп атау қалыптасқан. Шынайы пейзаж шеберінде табиғи дарын мен кәсіби шеберліктен басқа ойлау көкжиегі де кең болуы керек. Әлемдегі бейнелеу өнерінде пейзаж жанрының керемет шеберлері болып танылған суретшілер аз емес. Сондай ақ кескіндемедегі әсерлықтардың көпшілігін ашқан да пейзажист суретшілер:

1. Кескіндемедегі белгілі қатынастармен жұмыс әдісі - пейзаж 
шеберлерінің жетістігі. «Қатынастар арқылы жұмыс істеу әдісі швейцар 
суретшісі А. Қалам және орыс пейзаж суретшісі С. Щедринмен ойлап табылды. 
Олар өз пейзаждарында жарық қатынасын пропорционалды беруге тырысты. 
Ол пейзаж сарынын анағұрлым шынай көрсетуге көмектесті.

  1. Жарық табиғаты мен кеңістікті зерттеу, тондық кескіндеме ӘДІСІ мен пленәрлік кескіндеме негізін қалаған - барбизон суретшілері «Нұсқадан этюд жаза отырып барбизон мектебінің окшдері тондык. кескіндеме әдісін жасады »,
  2. Түс қабаты құрылысының ғылыми теориясы - спектрлік анализді (түстердің оптикалық, араласу заңдылықтары) жасады. Пуантализм әдісін ойлап тапты. Кескіндемелік жазықтықты мастихинмен өңдеу - пейзаждың керемет шебері Гюстав Курбенің әсерлығы. Ол бірінші рет қолданған мастихинмен жазу әдісі XX ғасырдың кескіндеме техникасына әсер етті».
  3. Жаңа картина түрін жасау - пейзаж этюдінің жеке қондырғылы кескіндеме туындысына айналуы (күн сәулесі және түстің табиғатын зерттеудегі теңкеріс, кескіндеме технологиясы мен техникасы, түрлі түсті рамалардың пайда болуы - импрессионистердің жетістігі. Олардың жетістігі түгел кескіндеме жүйесіне өзгеріс әкелді. «Табиғатты тануды көркемдік бейнелеу тұрғысынан қарасақ, пейзаж жанры тарихындағы соңғы озгерісті импрессионизм әкелді» – деп көрсетеді Д. В.Стасевич.

Пейзаж - өте кең тараған бейнелеу өнерінің жанры. Суретшілердің барлығы дерлік пейзаж кескіндемесі құралдарымен оқытудан (пейзаж мектебі) өтті. Суретші пейзаж жанрымен тікелей айналыспаса да, оның туындыларында табиғи орта элементтері болады.

Негізгі жанрлардың түрлерге жіктелуі үнемі жүріп отырды, алайда, тек XIX ғасырда ғана иерархиялық жанрлық жүйе бұзылып, жанрлар арасындағы шеқаранық өшірілуінен күрделі жымдасу прөңесі басталды. Пейзаж жанры да әуелі тарихи дамуы нәтижөсіпде бөлшектенуге ұшырады, яғни пейзаж жанрының жіктелуінен пайда болған пейзаж түрлері өзіндік мағынаға ие болды.

Тарихи және мұрағат құжаттарын зерттеу мен талдау, ғылыми және әдістемелік жұмыстар нәтижеөсіпде пейзаждың түрлері бір жүйеге келтірілді. Қазіргі кезде пейзаждың қырықтан астам түрі белгілі. Мұндай зерттеу жұмысы бірінші рет жүргізілді.

Сонымен, жүйеге енгізілген пейзаж түрлері мыналар: архитектуралық пейзаж, әскери пейзаж, ерлік пейзажы, нәзіктік пейзажы, тау пейзажы, қала пейзажы, барокка пейзажы, ауыл пейзажы, декоративтік пейзаж, идеал пейзаж, импрессионистік  пейзаж,   өнеркәсіптік  пейзаж,   тарихи  пейзаж,   камералық пейзаж, классикалық пейзаж, кубизмдік пейзаж, лирикалық пейзаж, марина, мемориалды парктік пейзаж, жабайы табиғат пейзажы, көңіл күй пейзажы, пейзаж панно, романтикалық пейзаж, символикалық пейзаж, қоғамдық пейзаж, топографиялық пейзаж, жекеменшік пейзаж, таза пейзаж, экспрессивті пейзаж, эпикалық пейзаж.

Қазіргі пейзаж өте кең ұғым. Оның әрбір түрінің өзіне ғана тән ерекшелігі бар және табиғат өмірін өзінше ашады. Қазіргі пейзаж қондырғылы кескіндемеде ерекше дамыған. Қондырғылы кескіндеме станок пен мальбертте жазылатын кескіндеме туындысы. Қондырғылы өнер негізінде кескіндеменің түрлі жанрлары дамыды. Пейзаж кескіндемесінің заманауи көркемдік техникалық құралдары қалыптасты.

Қазіргі кездегі пейзаждың басты ерекшелігі жеке жанр болуында ғана емес, сонымен қатар натюрморт, портрет, тұрмыстық, тарихи, батальдық картиналарға қосымша ретінде де жиі қолданылуында.

Ғылым мен техника үлкен жетістіктерге жетті, бірақ пейзаж кескіндемесі өнері компьютер ғасыр басқыншылығына қарсы тұрды. Шындығында, пейзаж кескіндемесінің құпиясы физика мен оптика заңдылықтарында ғана емес, суретшінің дүниетанымына, сезіміне байланысты. Пейзаж кескіндемесінің ғылыми таным алдындағы басты артықшылығы мынада: ғылыми білім адамның санасына ғана әсер етеді, ал пейзаж кескіндемесі адамның жүрегі мен ақылына әсер ете алады. Бұл артықшылық пейзаж кескіндемесі құралдарымен танымдық, тәрбиелік және эстетикалық функцияларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Пейзаждағы кеңістік. Сызықтық және ауа перспективасы.

Бізді қоршаған заттардың көлемі, түр түсі бақылаүшыдан қашықтығына, кеңістікте орналасуына байланысты өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер сызықтық перспективада көрсетілген заңдылыктар негізінде жүреді.

Алайда, суретшілер нұсқамен жұмыста дәл есеп жасамайды, өздерінің көз мөлшерлеріне сүйенеді, яғни бақылау перспективаларын пайдаланады.

«Перспектива» сөзін латын тілінен аударғанда «анық көремін» деген мағынаны береді. Перспектива сурет салүшыға куз келген бейнені өмірде қалай корсек дәл солай бейнелеуге жағдай туғызыды. Сызықтық перспектива нақты ғылым болып табылады.

Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А. Дюрер және т.б. перспектива ілімін зерттеп, оны  оқытуға көп үлес көрсетті.

Бейнелеу өнерінде кеңістікті сезіну қабілеті өте маңызды. Перспектива заңдылыктарын білу шынайы өнер туындыларын жасауға көмектеседі. Бірақ шығармашылык үшін теорияның сезім, бейне, жан күйзелісін бүркеп тастамағаны абзал.

Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөнінде білу керек, өйткені барлық песпективалық құрылыс осыған байланысты. Кебінесе көкжиек жөнінде айтқанда, аспан мен жердің шектескен сызығы туралы ой туындайды. Ал негізінен алып қарағанда географиялық көкжиек

перспективалық көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек бәрін жоғарғы жағынан және төменгі жағына көрінетін заттарға бөледі. Перспективалық көкжиек сызығы әрқашан көз деңгейінде орналасады. Оны анықтау үшін мынадай тәжірбие жасауға болады. Стаканга су құйып, оны көз деңгейіне жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан не төменнен қарайтын болсақ су беті эллипс пішінде болады. Ал дәл көз деңгейінде болғанда , түзу сызық болып көрінеді.

Адам отырған жағдайда перспективалық көкжиек төмендейді, егер биікке көтерсе жоғарылайды. Перспективалық көкжиектен төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаүшыдан алыстаған сайын жоғарылайды, ал жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.

Барлық параллель көлденең сызықтар бақылаүшыдан алыстаған сайын көкжиек сызығына жақындап, сонда түйіседі. Олардың қиылысқан жерін түйісу нүктесі деп атайды. Бірнеше параллель сызықтар орналасқан жеріне қарамай барлығы бір нуктеде түйіседі. Мысалы көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй суретін салса, оның әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал тік сызықтар әрқашан параллель күйінде қала береді. Көлденең орналасқан шеңбер перспективада эллипс түрінде көрінеді.

Пейзаж суретшісіне көлеңке перспективасын да білуі керек. Күн жерден өте алыста болғандықтан оның сәулелерін параллель ретінде қабылдаймыз. Жасанды жарықтан түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтайды. Бейне неғұрлым жарыққа жақын болса, көлеңке де соғұрлым үлкейедіеді.

Перспектива заңдылықтары заттардың сәулелерінде де бар. Суда өсіп тұрған ағаштың сәулесі дәл ол күйінде қарама-қарсы бағытта көрінеді. Бұл сызықтық перспектива заңдылықтары.

Сызықтық перспективадан басқа ауа перспективасы деген бар. Кеңістікті бейнелеуде оның алатын орны да үлкен. Заттар бақылаүшыдан алыстаған сайын әуелі айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда салқын реңге (көбінесе көгілдір, кейде қою көк), ал ашық түстер жылы реңге айналады.

Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс көрінбей, тұтасып кетеді де, силуэтке ғана айналады. Егер заттарды ашық түстермен, бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, олар жақын жерде тұрғандай әсер береді. Ал керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізден алыстайды.

Табиғатты бейнелеуде осы екі перспектива заңдылықтары толық жүзеге асса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын суретте үлкен маңызга ие.

 

Түстану негіздері

Түстану - түс туралы ғылым, ол бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі екенін және көптеген түстерден тұратындығы сендерге физика курсынан мәлім. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол  бұзыла отырып,  спектр деп аталатынды,  яғни түстердің үздіксіз

қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызғылт сары, сары жасыл, жасыл, көкшіл жасыл, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шеқара жоқ сары жасыл, мысалы, жасылга, жасыл көкшіл жасылға және т.б. елеусіз ауыса береді.

Біз көретін затардың түсі оларға түскен «ақ» жарықтың тек қайсыбір бөлігін, яғни спектрдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабілеттілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәулелерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы қарайтын болсақ ол бізге қап қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны өз кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды (ал қалғандарын дененің өзі жұтып койған).

Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі және қызыл түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалық («түстік») шкаласын құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып кояды. Егер ақ және қара бояуларды алып, оларды түрлі пропорцияларда араластырса, таза ақтан қараға дейінгі толып жатқан сұрғылт ақ түстер шығады. Бұл түстердің ахроматикалық («түссіз») шкаласы деп аталады.

Ахроматикалық түстер бір бірінен тек бір белгісі, ашықтығы (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт), бойынша ғана ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленуімен қатар, тағы да екі басты белгілерімен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң, бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрібір қызыл болып қала береді, себебі сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Алайда, түс қалай дегенмен басқаша болады; онда оның үшінші белгісі қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалық қоспасынан хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалык түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.

Информация о работе Табиғатты бейнелеуді үйретуде арнайы жаттығулар жүйесін пайдалану