Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 19:50, дипломная работа
Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.
Кіріспе.............................................................................................................
1 Зерттеудің теориялық негіздері................................................................
1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................
1.2. Джейн Остен ..........................................................................................
1.3. Шарлотта Бронте..................................................................
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..
2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...
2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................
Ш. Бронте Д. Остеннің өлімінен кейін бір жылдан соң дүниеге келгеніне қарамастан, оның романы романтизм мен реализмге толы. Қазіргі сыншылар Ш. Бронтенің романын таза романтизмге жатқызады, оларды кейбір көріністер тамсандырады. Сондай эпизодтардың кереметтілігін айтатық болсақ, сыншылар романның үшінші бөлігіндегі шындыққа жанаспайтын сәйкестіктерді айтады: Торнфильдтан қашып кеткен Джейн дәл Мур-Хаузға барады, ал оның тұрғындары осы уақытқа дейін білмей жүрген немере қарындастары мен ағалары болып шығады. Майдерде Джейн әлі танымайтын көкесі де уақытында қайтыс болып, оған мирас қалдырады. Қасында мистер Рочестер Джейнге үйлену туралы ұсыныс жасаған талшынды ағашқа тиетін найзағай екі әйел алғалы жатқан серттен таюшыны сескендірген жерүсті күштердің билігін кейіптеді. Осының барлығы шынымен кездейсоқ сәйкестіктер, күтпеген оқиғалар, қылмыскерлердің ерекше мотивацияларын қосқанда, романтизмнің белгілері болды.
Мысалы, автор, романның торнфильдтік бөлігінде кейді «ынтық сезімдердің шынайылығын» «жорамалды жайттар» арқылы жеткізігі келеді. Алайда, романтикалық эстетикаға тән бейнелер «Джейн Эйрде» жаңа кезеңде, яғни суретші қазіргі шынайы болмысты меңгерген кезде қайта оянады. Мысалы, Рочестер романтикалық, байрондық кейіпкер: оның сыртқы келбеті тылсым, Рочестер ажарсыз, бірақ оның ажарсыздығы айрықша. Оның бір құпиясы бар. Ол тылсым оқиғалар болып тұратын, ал түнде зұлым, денені түршіктіретін күлкі шығатын ежелгі сарайдың қожайыны..
Рочестер өзі жайлы көп нәрсені айта бермейді, жауаптан қашады, және ары таза емес, ал тұрмыстық тәжірибесі ауыр және қоғам бетіне басатындай ұятты халде екенін Джейнге білдіреді. Рочестер көңілі қалған, өзін ғана ойлайтын, өз бетімен үжүретін әдеттегі байрондық кейіпкер, бүлікші. Рочестер мен Джейннің махаббатын жаратылыстан тыс күштер басқарады: Рочестер мен Джейннің арасында болған әңгімеден кейін болатын және серт бұзушыны алда күтіп тұрған жаза туралы ескертетін күннің күркіреуі. Ал романның үшінші бөлігіндегі таңғажайып кездейсоқтықтар, Джейннің орындалатын түстері және тылсым дауыстардың шығуы, халықтық фольклор – Рочестердің аты Джейнге ертегідегі елесті ат Гитраш болып көрінеді. Жалпы айтқанда Джейннің қиялы ерекше, өйткені бұл оның жазмыштық және көп мағыналы символдарға толы суреттерінде анық байқалады.
Бірақ романтикалық үннің астарынан қазіргі шынайы күннің жарығы шыға бастады. Ақиқаты өткір, эмоциялық жағынан қызуқанды Джейн кейіпкердің романтикалық пердесін түсіреді. Енді ол байрондық кейіпкер емес, өзіне қарастылармен қатынаста кінәратшыл емес ауылдық сквайр. «Джейн Эйр» романындағы шындыққа жанаспайтын оқиғалар қиялдан бас тартпайтын реалистік өнердің заңдары арқылы орындалады. Ол реализмді болмыстың формаларында болмысты жеткізу ретінде емес, оны тікелей натуралистік көшірмелеу ретінде қабылдайтындарға ғана түсінікті. Бронтенің реализм жайлы өзіндік түсінігі болды, және ол 40-жылдардың ортасында қалыптасқан эстетикалық принциптер негізінде жазды.
«Джейн Эйр» - танымдық және эстетикалық күші бар сыни реализмнің шығармасы. Көптеген бейнелердің типтілігі, құдыреті күшті ақшаның билігіне бағынатын адамдарды суреттеудегі сыни интонация анық байқалады. Кітапта қарсылық айқын көрінеді. Ол – байлық және биік дәрежесі үшін өзінен төмендегілерді жәбірлеуге және кемсітуге құқығымызбар деп санайтындарға қарсы шыққан бақытсыз және құқықсыздардың қарсылығы.Алайда Джейннің бүлігі реалистік емес, романтикалық амалдармен іске асырылған.
Дін қызметшісі Сент-Джон Риверстің (XIX ғасырдағы иланған пуританиннің портреті) және Ловуд мекебінің қамқоршысы Брокльхерсттің сипаттамаларына келетін болсақ, мұнда реалист Бронтенің үлкен шеберлігі байқалады.
Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романында біз таза реализмді көреміз.
Айтқанынан қайтпайтын және иланған реалисттің эстетикалық позициясы: Остен үшін ақиқат қана тамаша.
Остен реализмге толықтай беріліп, оған қызмет етуді өмірінің мәні деп санағандықтан, романтиктерді қабылдамады.
«Тәкаппарлық пен жаңылыс» -XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың басындағы ағылшын қоғамының барлығының болмаса да, артықшылықтары бар топтарының мінезі мен адамгершілік қасиеттерінің шынайы терең бейнеленуі. Остен жаңа заманның шынайы суретшісінің үлкен шеберлігімен кітапбындағы басты кейіпкерлердің рухани өмірін ашады, себептері пиғылдарына қарайды. Осыған қоса, Остеннің маңызды мәселелерді әзіл-қалжың арқылы жеткізуі романды Англияның ең үздік бай дәстүрлі драматургиялық мәдениетіндегі тілі өткір комедия ретінде оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жазушы еш жерде әсірелеуге жол бермейді. Тек романдағы басты емес кейіпкерлерді суреттегенде гротесктің шегіне жетеді (Коллинз, миссис Бенн, кейде леди де Бер), дегенмен өткір мысқыл аясынан шықпайды.
Табиғат суреттемесіне келетін болсақ, романдар арасында айқын қарама-қайшылық байқалады. Егер «Джейн Эйрде» табиғат суреттемелері тым көп болса (романда жүзден аса суреттемелер бар), ал «Тәкаппарлық пен жаңылыста» жиырма шақты ғана.
Ш. Бронте романында үнемі табиғатпен үндестікте болады және романның басты кейіпкері онымен үздіксіз байланыста болады.
Бұл таңғаларлық жайт емес, себебі Ш. Бронте – пейзаждың шебері. Ол дүниеге суретшінің көзімен қарады, яғни ол тек жазушы емес, суретші де болды. Романда берілетін туған солтүстік Англияның көріністері тамаша және шексіз, көкбұта алқаптары мен белестері біресе көк түтінге оранады, біресе ай жарығына батады немесе суық желден тоңып, кескіленеді. Раушангүл, жұлдызшешек, бөріжидек, ақгүл, итмұрындар қандай керемет!
Романда бақтардың көп суреттелуі ғажап емес – Англия қазіргі күнге дейін әдемілігімен және әрлілігімен таңғалдыратын тамаша бақтары бар мемлекет екені белгілі.
Бақтың суреттемелері «романтикалық» мәнерде баяндалады. Айды және қоршаған табиғат үнемі кейіптеледі.
Ш. Бронте қолданатын стилистикалық амалдар сан алуан: эпитеттер, метафоралар, салыстырулар, қайталаулар.
Ал Д. Остеннің суреттемелері жұтаң және ықшам, эпитеттер жоқтың қасы. Табиғат зат есімдермен ғана сипатталады – winter, Spanish chestnut, a stream және т.б.
Оның табиғаты – шынайы. Д. Остен табиғаттың үрдістері терең бойламайды, оны көбінесе адамдардың мінездері, ойлары, сезімдері, толғаныстары, уайымдары қызықтырады.
Ш. Бронте жаздың соңында қызғылт және ақшыл көк түсті көкбұта жайқалып өсетін қыратты қатты ұнатады. Үйдегі қыруар шаруадан біраз уақыт демалу үшін маңайдағы жазықтар мен белестерде серуендейтін. Ол серуендеуге жалғыз шығатын және болашақ жазушы өз ойларымен және қиялындағы романтикалық бейнелермен оңаша қалатын. Бұл бейнелер қағазға түскен кезде жазушы туып-өскен табиғаттың қаталдығын, жылы шырайсыз, күңгірт, тақуа екендігін ашып көрсетеді. Мыңдаған сазды үндер мен дауыстарды есіртетін батыстан келетін жел оларға үн берді.
Остен табиғат суреттемелерін өте сирек қолданды. Оның романдарында кездесетін пейзаж суреттемелері кейіпкердің ішкі жай-күйін, көңіл-күйін түсінуге көмектеседі.
«Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғат суреттемелері туралы Ш. Бронтенің айтқаны: «Мен «Тәкаппарлық пен жаңылысты» оқып шықтым. Онда не таптым? Әдеттегі адамдар нақты бейнеленген, жан-жағы қоршалған және күтілген, жолдары тазартылған және нәзік гүлдері бар бақтар. Алайда бір де бір айшық бейне жоқ! Жанды көрініс жоқ! Таза ауа, көгілдір таулар, суық жартастар жоқ. Мен мұндай кербез әйелдердің ортасында, бірақ тіршіліксіз үйлерде тұрғым келмес еді...»
Ш. Бронте рас айтады. Себебі романның басты кейіпкерлері табиғатты шынымен терезелерінен бақылайды. Әрине, табиғат суреттемелері романда кездеседі, бірақ «Джейн Эйрдағыдай» көп емес.
Романдағы мына үзінді Д. Остен үшін табиғат суреттемесінің мәні аз екенін байқауға болады. Ол қырық екінші тарауда кездеседі.
…It is not the object of this work to give a description of Derbyshire, nor of any of the remarkable places through which their route thither lay; Oxford, Blenheim, Warwick, Kenilworth, Birmingham, etc. are sufficiently known…
Бұл үзіндіде суреттеме жоқ, тек графтықтардың аттары ғана бар. Ал оқырман осы графтықтардың сұлулығын өзі аңғарып алу керек секілді.
Остен барлық нәрседе ақиқатқа жетуге тырысқанымен романдағы кейбір жерлердің аттары ойдан шығарылған: Незерфилд-парк, Меритон, Пемберли, Хансфорд, Уэстерхем және т.б.
Қос романдағы басты кейіпкерлер: сыртқы келбеті қарапайым, алайда айқын және зерек көздерімен тартымды жас қыздар Элизабет және Джейн. Ш. Бронте сыртқы келбет аса маңызды емес, оның кейіпкерлері оларға ғашық болатындай адам ретінде қызықты, лайықты және тартымды болу керек. Джейн Эйр де сондай. Ажарсыз келбет викториандық роман үшін өрескел еді.
Басты кейіпкерлер адамдардың психологиясын біліп, түсінеді. Оларға рухани дүние маңыздырақ, олар жанға терең бойлап,құпияларын шешуге тырысады.
Джейн де, Элизабет те өздеріне әлеуметтік мәртебесі жоғары ерлерге ғашық болады. Ешқайсысы оларға жағымпазданбайды. Мистер Рочестер де, мистер Дарси де Джейн мен Элизабетті парасатты және есті қыздар, жақсы сұхбаттас ретінде санайды.
Әлбетте, Джейн мен Элизабеттің тағдырары екі түрлі. Джейннің өмірі – қиын да күрделі. Жеке адами бақытына қол жеткізбес бұрын ол жәбірленеді, қорланады, жақындарынан айырылады. Ловуд мектебінде, тәтесі миссис Ридтің үйінде көп қиыншылықтарға тап болады, немере ағасы Джоннан көп қорлық көреді, сүйген адамына мәңгілікке қайта қосылардан бұрын Торнфильдтан қашып, бас сауғалап, пана іздейді. Өмірде барлығына өз күшімен жетеді.
Ал элизабет жағдайы бар отбасында өседі, төрт әпкесі бар, әкесінің сүйікті қызы. Ол жоқшылықты көрмей өседі. Мистер Дарсиға қарағанда әлеуметтік және материалдық жағдайы төмен болса да, Джейн бастан кешкен күндердің біреуін де бастан кешірмейді.
Оған жұмыс істеп, үй шаруасын атқару қажет болмады. Оның басты уайымы адамдардың мінез-құлқын зерттеп, балдар мен кешкі астарға бару еді.
Әрине, қос кейіпкер – адамдардың кемшіліктерін ажырата алатын, әлеуметтік және адами жаңылыстарды жеңе білетін және еш нәрсеге қарамастан бақытты бола алатын айрықша, есті және тартымды тұлғалар.
ҚОРЫТЫНДЫ
XIX ғасырдағы еуропалық сыни реализм – романтизмнің мен реализмнің кейбір белгілерінің күрделі қосындысы, алайда соңғысының ықпалы басым бағыт.
Дарыны ағылшын романтизмінің ықпалында дамыған Шарлотта Бронтенің шығармашылығының сипаты осындай болды. Алайда оның кейіпкерлерінің тәкаппар қарсылығында немесе ерлік бекемдігінде романтикалық сипаттан басқа бір нәрсе бар: олар қоршаған әлеуметтік ортаны жете түсінеді, қоғамнан бас тартпайды, керісінше бостандыққа, бақытқа және шығармашылық еңбекке құқықтарын тануын талап етеді.
Жазушы қазіргі дүниеде адамның бақытсыздыққа ұшырауы қол жетпес, сұрапыл жазмыштың салдары емес, нақты, әлеуметтік-тарихи күштердің орналасуының нәтижесі екендігін айтады.
Оны ең басты әйгілі романы «Джейн Эйр» романтизмнің эстетикасының маңына жоламайды, мысалы романның торнфильдтік бөлігінде «ынтық сезімдердің ақиқаттығын» «болжамды оқиғалар» арқылы жеткізгісі келеді. Романның сюжеті ұзақ романтикалық дәстүрмен байланысты: ол шындыққа жанаспайды, алайда оның астарында бір кереметтілік жатыр. Зұлмат құпияны жасырған Рочестердің сарайы, қорқынышты әйелдің аяқ астынан пайда болуы, үйлену тойының аяқталмауы, кейіпкердің бай мұраны иеленгені, Рочестердің әйелінің қайтыс болуына себеп болған және сарайды жоқ қылып жіберген өрт, және ақырында оқиғаның сәтті аяқталуы – осының барлығы еліктіргіш, романтикалық романға сәйкес келеді.
Алайда Ш. Бронте ең басты нәрседе реалист болып қалады, ол әлеуметтік ортаны, әлеуметтік қатынастарды және адамдардың мінездерін шынайы және әдеттегідей бейнелейді (дін қызметшісі Брокльхерст, пастор Сент-Джон).
Алайда Ш. Бронте ең басты нәрседе реалист болып қалады, ол әлеуметтік ортаны, әлеуметтік қатынастарды және адамдардың мінездерін шынайы және әдеттегідей бейнелейді (дін қызметшісі Брокльхерст, пастор Сент-Джон).
Бірақ егер Ш. Бронте романда романтизмді қолданатын болса, Джейн Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романы тек реализмге негізделеді, және реализм тек адамдардың мінез-құлқын бейнелеуде ғана емес, жерлердің аттарынан да байқалады (Озерный край, Гретна-Грин, Хэтфилд, Эпсом және т.б.).
Ш. Бронте табиғат суреттемелеріне ерекше назар аударады, олар кез-келген маңызды оқиғамен қатар жүреді, ол табиғатты бейнелеуде кейіптеуді жиі қолданады, сол арқылы оның мәнін арттырады. Айды кейіптеудің мәні зор, себебі сол арқылы көптеген оқиғалардың алда болатыны белгілі болады. Оның суреттемелерінің бояуы қанық, жарқын және есте қаларлық.
Суреттемлер өсімдіктер мен талдардың аттарына толы (chestnut, jasmine, laurel және т.б.).
Романда жүзден аса суреттеме кездеседі, әрқайсысының мәні зор.
Д. Остен үшін суреттемелер аса маңызды емес, романда пейзаж жоқтың қасы. Олар тек Элизабеттің психологиясы сипаттау үшін ғана келтіріледі. Қалалар мен поместьелердің аттары көбінесе ойдан шығарылған: Незерфилд-парк, Меритон, Пемберли, Хансфорд, Уэстерхем.
Қос романны ұқсастығы – адамдардың мінез-құлқын шынайы бейнелеуі.
Джейн мен Элизабет – романның басты кейіпкері – адамдардың кемшіліктерін ажырата алатын, қоғамдық және тұрмыстық жаңылыстарды жеңе білетін және еш нәрсеге қарамастан бақытты бола алатын айрықша, есті және тартымды тұлғалар.
Біз дипломдық зерттеу жұмысының мақсатына қол жеткіздік, міндеттерді орындадық.