Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы («Тәкаппарлық пен жаңылыс» және «Джейн Эйр» романдары негізінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 19:50, дипломная работа

Краткое описание

Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................
1 Зерттеудің теориялық негіздері................................................................
1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................
1.2. Джейн Остен ..........................................................................................
1.3. Шарлотта Бронте..................................................................
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..
2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...
2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы.docx

— 127.69 Кб (Скачать документ)

 

Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы («Тәкаппарлық пен жаңылыс» және «Джейн Эйр» романдары негізінде)

 

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................

1  Зерттеудің теориялық негіздері................................................................

1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................

1.2. Джейн Остен ..........................................................................................

1.3. Шарлотта Бронте..................................................................

2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................

2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..

2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...

2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................

Қорытынды.....................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Қосымша.........................................................................................................

 

КІРІСПЕ

Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.

Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.

Көркем әдебиет өзінің айтайын деген ойын образ арқылы береді. Оның негізгі құралы көркем сөз, сол арқылы адам бейнесін жасап, өмірдің, өмір құбылысының қилы қырын жан-жақты алып суреттейді. Көркем әдебиеттің басты құралы сөз болғандықтан да әрбір жазушы ұлттық тілдің сөздік қорын жете пайдаланып, оны шебер келістіріп қолдануға талпынады, соның нәтижесінде ғана көркем суреттеулер жасай алады. Көркем шығарма болу үшін, бірінші шарт – суреттілік, образдылық, яғни күндегі көріп жүрген адамдарымыздай өзіндік қимылы бар, ой парасаты, киім киісі, жүріс-тұрысы бар жанды адамдар болуы керек; екіншіден, сол образ типтік образ болуы тиіс, яғни қоғамдық тәрбие бере алатындай бір топ адамдардың басындағы жақсы не жаман қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, оны нанымды етіп беру қажет; үшіншіден, шындық пен суреттілік бір-бірімен ұласып жатуы, яғни жазушының суреттеп отырған образы сол кездің шындығына сыйымды болуы керек; төртіншіден, ол шығарманың туу тарихы, өмірге келу себебі, яғни жазушы туындысының жазылу мақсаты болсын; бесіншіден, халықтық сипатта жазылған болуы керек; алтыншыдан, көркем әдебиеттің оқырманына тәлім-тәрбие бере алатындай дәрежеде, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа қарай жетелей алатындай қасиеті – қоғамдық мәні болуы шарт т.б. міне, осы тұрғыдан алғанда, Джейн Остен мен Шарлотта Бронте шығармалары – адамдар образы арқылы оқырманының эстетикалық сезіміне әсер ететін, әдемілікті түсінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектесетін, адамдар арасындағы әр түрлі қайшылықтарды көрсетіп, оның ішінде табиғатты суреттеуі, оны адам мінез-құлқымен байланыстыруы қоршаған ортаның жазушыға қаншалықты маңызды, қаншалықты кең және алуан екендігін көрсетеді.

Осы дипломдық зерттеу жұмысы Джейн Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» және Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» романдарындағы сипаттама тақырыбына арналған. Әдеби сыншылар қос жазушының романдарын сыни реализм ретінде қарастырғанмен, «Джейн Эйр» романында романтизмнің белгілері жиі байқалады. Сондықтан осы тақырып қызығушылық тудырып отыр. Бұл романдардағы сипатттаудың рөлі әр түрлі екендігі де сөзсіз. Егер Ш. Бронтенің романында табиғат жиі суреттелетін болса, ал Д. Остенде сирек кездеседі.

Романшылар субъективті, ал реалистер объективті ойға жүгінеді, соңғысы болмысты әсерлеңкіремейді, ал романтистер  болмысты әсерлеңкіреп, жандандырады. Романшылардың мақсаты шынайы болмысты суреттеу емес, мінсіз шындықты бұрмалау болып табылады.

Егер «Джейн Эйр» романтизм мен реализмнің қосындысы болса, ал «Тәкаппарлық пен жаңылыс» сыни реализмге жатады, яғни адамдардың бейнелерін ғана емес, романда кездесетін жерлердің аттарын да қамтиды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: басты кейіпкерлердің мінезі мен тағдырына  суреттеудің тигізетін ықпалын анықтау мақсатында сипаттаудың рөлін анықтау.

Дипломдық зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Романдардағы табиғат сипаттамаларын табу, олардың мағынасын және қолдану жиілігін анықтау.
  2. Табиғат сипаттамаларына стилистикалық талдау жасау.
  3. Қос романға салыстырмалы талдау жасау.

Осы тақырыптың өзектілігі. Әлем әдебиеті үнемі оқырмандар мен сыншылардың назарында болып келді. Әдеби шығарманы әр түрлі ой тарапынан қарастыру тартымды әрі қызықты болып табылады. Сипаттамалар шығарманы толығырақ түсінуге мүмкіндік береді, жазушының ойын, сезімін, көңіл күйін, өмір сүріп жатқан кезеңдегі уақытқа, кейіпкерлерге қатынасын білдіреді.

Сипаттамалар арқылы жазушы оқырманға жеткізгісі келген ойын білдіріп, оның қиялын оята алады.

Мысалы, бөлменің ішкі көрінісі  кейіпкердің әлеуметтік жағдайынан, оның талғамы мен әдеттерінен, ауқаттылығынан хабар береді. Келбетті сипаттау жазушының кейіпкерге деген көзқарасын, яғни жағымды не жағымсыз екенін танытады, немесе адамның ішкі дүниесін білу үшін оның мәні бар не жоғын аңғартады.

Табиғатты сипаттау баяндаманы молайтып қана қоймайды, қоршаған ортаның жазушыға қаншалықты маңызды, қаншалықты кең және алуан екендігін көрсетеді.

Табиғатты сипаттауға стилистикалық талдау жасау шет тілін үйренушілерге маңызды болып табылады, себебі шығарма авторының тілі көп нәрсені аңғартады: оның білімін, қандай әдеби ағымға жататының, стилистикалық құралдардың ол үшін қаншалықты маңызды екендігін.

Тілдегі білімді арттыру тұрғысынан, сипаттамалауды ғана емес, әдеби мәтінді түсінудің пайдасы зор. Себебі этимология, оның құрамдас бөлігі (суффикс, сөз алды қосымша) көп нәрсені білдіре алады. Талдау жасау кезінде уақыт, жай-күй, қандай да бір әрекеттің ұзақтығынан хабар беретін грамматикалық құрылымдарды да ескеру қажет. Әр сөз табының атқаратын қызметі бар.

Ш. Бронтенің романында стилистикалық құралдар мен сипаттау құралдары көп кездеседі: метафоралар, эпитеттер, салыстырулар, аллюзиялар, поэтизмдер. Ал Д. Остен суреттеудің тілі өте нашар, табиғат немесе мезгілдер бір-ақ сөзбен  сипатталады (winter, shrubbery). Шығарма айқын, бейнелі эпиттеттерге жұтаң. Көбінесе сын есімдермен берілетін анықтауыштар жиі кездеседі.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының нысаны «Джейн Эйр» және «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары болып табылады. Зерттеудің мәні романдардағы табиғатты сипаттау.

Бірінші тарау екі маңызды әдеби ағымның, романтизм мен реаллизмнің негізгі сипаттамаларына арналған.

Екінші тарауда Джейн Остен мен Шарлотта Бронтенің өмірбаяндары беріледі.

Ал үшінші тарауда табиғат суреттемелеріне жасалған стилистикалық талдау жасалады және оның басты кейіпкерлердің мінезі мен тағдырына ықпалы анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Зерттеудің теориялық негіздері

 

 

    1. XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар

 

Романтизм (франц. romantisme),18 ғ. соңындағы және 19 ғ. бірінші жартысындағы еуропалық және американдық рухани мәдениеттегі саналы және әдеби бағыт.Француз тіліндегі romantique 18 ғ. «оғаш», «ғажайып», «көркем» деген мағынаны білдірген. 19 ғ. басында «романтизм» классицизмге қарама-қайшы жаңа әдеби бағытты сипаттайтын терминді білдіреді.

Қазіргі әдебиеттануда «романтизм» термині кеңірек мағынаға ие бола бастады. Ол реализмге (кең мағынасында) қарама-қарсы әдеби шығарма ретінде қарастырылады, онда болмыс шынайы түрінде сипатталмайды, керісінше суретшінің мінсіз қиялында бейнеледі. Мұндай шығармашылық түрі қиял-ғажайыпқа, келекелі сықаққа жақын болады.

 Романтизм  – дәстүрлі, нақты тарихи мағынасында  барлық еуропалық мемлекеттерде  тараған ағартушылыққа қарсы  қозғалыстың ең жоғарғы шыңы  еді; оның негізгі әлеуметтік-идеологиялық алғышарты  - буржуазиялық өркениеттен, әлеуметтік және ғылыми үрдістен түңілу.

Ағартушылықтың арасында орын алған және алғашқыда сентиментализм мен предромантизм түрінде байқалған буржуазиялық өмір сүру салтын қабылдамау, буржуазиялық қатынастардың әдепсіздігіне, бірсарындылығына, руханисыздығына және өзімшілдігіе қарсы болу романтиктердің жанына батты. Болмыс, тарихтың шынайылығы «санаға» бағынбады, ақылға қонбайтын, құпияға және алдын ала болжауға келмейтін оқиғаларға толы болды, ал қазіргі кездегі әлем  адам табиғатына және оның жеке бостандығына қарсы. Соған қарамастан, ағартушылардың механистілігінен және саналылығынан бас тарта отырып, романтиктер олармен қарым-қатынасты үзбей келеді. «Табиғи адам» түсінігі, табиғатқа ұлы игі бастама ретінде қарау, әділеттік пен теңдікке талпыну романтиктер үшін басты орынды алады.

Адамзаттың асқан ойшылдары («шынайы» және «саналы» ретінде) болжап, насихаттаған қоғамнан түңілу кейін адамзаттың барлығына тән сипатқа ие бола бастады, яғни үмітсіздік, ашынушылық және «дүниежүзілік қасірет» («ғасыр қасіреті») орын алды.

Әлеуметтік жағынан жетілу мүмкін еместей көрінді; әлем зұлымдыққа толы болды: материалдық әлем ыдыраудың салдарынан қарауытты, адамда «ежелгі хаос» оянады, «әлемдік зұлымдық» салтанат құрады. «Қорқынышты әлемнің» ішкі тақырыбы (материалдық қатынастардың соқыр билігімен, тағдырлардың санасыздығымен, күнделікті өмірдің шексіз біртектілігімен қоса) роматикалық әдебиеттің барлық тарихын бастан кешіріп, А.Радклифтің «қара жанрында», Г. Клейст, З. Вернердің «жазмыш драмасында», сондай-ақ Дж. Байрона, Э. Поның шығармаларында ерекше көрініс табады.

Алайда реализм «қорқынынышты әлемге» қарама-қарсы идеялар мен рухани құндылықтарды ой елегінен өткізіп, айқын білдірді. Ф. Шеллингтің айтуы бойынша, ерте неміс романтиктерінде адамның жанына ерік берілді, адамдар шынайы бостандығын дүниенің барлығына қарама-қарсы етіп салыстыруға және бар затты емес, мүмкін болатын нәрселер туралы сұрауға құқығы бар деп есептеді. Жалпы алғанда, мағынасы жағынан реалимзге адамжар бастан кешкен және жария еткен «энтузиазм» да жақын. Оның мәнісі: даму үстіндегі және жаңарып тұратын әлемге ортақтастық, өмірдің тоқтаусыз ағымына, дүниежүзілік тарихи үрдіске қатысып, араласу, тұрмыстың жасырын байлығын және шексіз мүмкіндіктерін сезіну. Болмыстан, өркениет пен даму мүмкіндіктерінің тереңдігі мен жалпылығы  «шексіздікке», абсолютті және әмбебап идеалдарына қарама-қарсы етіп салыстырылады. Романтиктер әлемді жартылай жетілдіруге емес, оның барлық міндерін біртұтас жоюға талпынды. Жаңарту мен жетілдіруге деген ынтық ұмтылыс романтикалық көзқарастың маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Мінсіздік пен болмыстың арасындағы айырмашылық алдыңғы ұрпақтарға да тән болды, алайда романтизмде ол ерекше шиеленісіп, мағынасы романтикалық қосдүниелікке жақын бола бастайды. Осы орайда бірқатар романтиктердің шығармаларында қолжетімсіз және құпия күштердің өміріне үстемдік ету, тағдырға бағыну туралы ой басым болса( «Озерная школа» ның ақындары У. Вордсворт, С.Т. Колридж, Р. Саути), ал басқа авторлардың(мысалы, Байрон, П.Б. Шелли) шығармаларында әлемдегі зұлымдыққа қарсы күрес ойлары басым болды.

Мінсіздік пен болмысты салғастыру формаларының бірі романтикалық ирония болды. Алғашқыда ол өмір мен әлемнен басқа тарихи болмыстың барлығының шектеулігін, тұрмыстың шексіз мүмкіндіктерінің эмпирикалық шынайылықпен шамаласа алмайтындығын  білдірді. Соның салдарынан роматикалық идеалдардың жүзеге аспайтындығы және арман мен өмірдің өзара дұшпандығына алып келді.

Қазіргі өркениетті қоғамның күнделікті өмірі өңсіз және бірсарынды болғандықтан, одан бас тартып, романтиктер өзгеше қоғам құруға тырысты.  Оларды қызықтырғаны: қиял-ғажайып, халық аңыздары және халық шығармашылығы, өткен тарихи кезеңдер. Оларға табиғаттың ерекше және жарқын бейнелері, алыс елдер мен халықтардың өмірі мен тұрмысы тартымды болды. Өзгермейтін материалдық тәжірибеге ынтық сезімдер (романтикалық махаббат концепциясы) мен рух өмірі, әсіресе оның дін, мәдениет, философия секілді салалары қарама-қарсы етіп қойылды.

Орта ғасырлардағы, испандық барокконың және ағылшын Ренессанстыңмәдениеттің дәстүрлерін жалғай отыра, романтиктер ішкі, субъективті адамның аса күрделілігін, тереңдігін және антиномиялылығын,,  жеке адамның ішкі шексіздігін ашты. Адам – олар үшін шағын әлем, шағын ғарыш секілді.  Қатты және айқын сезімдерге, барлығын жаулап алатын ынтық сезімдерге, жанның құпия қимылдарына,оның «қараңғы» жағына, түйсіктік және санасыздыққа деген ұмтылыс – романтикалық бостандықтың негізгі белгілері. Сондай-ақ, романтизмнің басқа белгілеріне тұлғаның бостандығын, тәуелсіздігін және өзіндік құндылығын қорғау, адамдағы қайталанбайтын құндылықтарға деген үлкен назар, жеке адамның діні жатады. Жеке тұлға принципі буржуазиялық қоғамдағы индивидтерді бір сарынға түсіруден қорғау қызметін атқарды, сонымен қатар тарих мен мемлекеттің шабармандарына да құтқарды.

Романтиктер суретшінің шығармашылық бостандығын, оның қиялын ерекше қорғайды және эстетикада белгілі бір нормалардың болуын немесе өнерде саналы тәртіптің болғанын қаламайды. Данышпан ережелерге бағынбайды, ол ережелерді жасайды. И. Канттың бұл ойын романтизмнің теоретиктері қолдайды.

Романтиктер шығармашылық формаларды жаңартты: тарихи роман жанрын, қиял-ғажайып әңгімелерді, лиро-эпикалық поэмаларды жазды, сахнаны түрлендірді. Романтизм кезеңінде лирика  көпмағыналық, ассоциативтілік, күрделі метафораның арқасында, сондай-ақ өлең құрау, метр, ырғақ саласындағы жаңалықтардың көмегімен аса ерекше дамыды.

Романтиктер әдеби бағыттар мен жанрлардың алшақтығын, өнерлердің өзара сіңісуін, өнер, философия, діннің жиынтығын насихаттады. Олар әдебиеттің әуенділігін және көркемділігіне мән берді, ұлы және ұждансызды, қайғылы және күлкіліні, күнделікті және ерекшені араластырды, қиял-ғажайыпқа, келекелі сықаққа, форманың демострациялық шарттылығына ұмтылды. Романтизмнің ұлы шығармашылық жетістіктері – әлемді келекелі сықақ түрінде бейнелеуі, «субъективті» адамды ашу, табиғатты қайта құру – және бұның барлығы 19 ғ. реализмнан жеткен.

Информация о работе Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы («Тәкаппарлық пен жаңылыс» және «Джейн Эйр» романдары негізінде)