Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 19:50, дипломная работа
Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.
Кіріспе.............................................................................................................
1 Зерттеудің теориялық негіздері................................................................
1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................
1.2. Джейн Остен ..........................................................................................
1.3. Шарлотта Бронте..................................................................
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..
2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...
2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................
Романтизмнің белгілері Ш. Бронтенің эстетикалық талғамдарын да байқалады; мысалы, оған XVIII ғ. реалистерден, әсіресе Филдингтен гөрі романтик В. Скотт жақын болған. Оның шығармашылықтың табиғаты туралы ойларына қарағанда, оның әдеби терминологиясы романтизмнің төңірегінен алынған секілді көрінеді. Алайда Ш. Бронтенің шығармашылығындағы романтикалық эмоцияларды ақиқат өмірдің шындығы жеңіп кететін. Оның романдарында әдеби процестің қозғалысы, заманның өзекті мәселелері мен кикілжіңдеріне, оларды сыни тұрғыда түсінуге түбегейлі бұрылыс көрнекі түрде сипатталады. Осының өзі оған «ағылшын романтистерінің тамаша саңлақтарының» бірі болуына мүмкіндік берді.
Аңыз бойынша, Бронте әпкелері тұрған Йоркшир графтығындағы ежелгі ауылдық пасторат Хауорт нормандық шабуылдан ұзақ уақыт бұрын англдармен салынған.
Қазір Хауорт – жыл сайын мыңдаған саяхатшылар барып тұратын Бронте әпкелерінің Мемориалдық Орталығы бар әлемге әйгілі қалашық.
Қазіргі Хауорт саяхатшыларды несімен қызықтарады? Ең алдымен асқынған аурудан және талантынан азап шеккен үш романтикалық сопы әпкелелер туралы аңыз. Бәлкім, қалаға келушілердің көбісі пасторлық отбасы жерленген қасиетті Михаил шіркеуіне асығатыны да содан болар.
Ш. Бронте1816 жылы 21 сәуірде дүниеге келді. 1820 жылы Патрик Бронте осы йоркширлік махаллаға тағайындалғае кезде және Хауортқа отбасын көшіргенде Шарлотта төрт жаста болатын. Мұнда асқынған аурудан оның әйелі қайтыс болады. Оның өлімінен кейін, Ш. Бронтенің әпкесі Мария 7 жаста болғанда анасының орның алмастыруға тырысады, тіпті әпкелерін сауаттылыққа үйретеді. Ұлына білім берумен әкесі өзі айналысты.
Қыздарының болашағын қамтамасыз ету үшін Патрик Бронте қыздарын Коуэн-Бридждағы пансионға жібереді.
Коуэн-Бриджде күн көру Шарлотта үшін қиын сынақ болды. Аштық пен суықтың зардабын кешті. Дәрменсіздік халін басына өткізді.
Сұмдық қаталдық пен тез асқынғыш өкпе ауруы ажал аузын жақындата берді. Ақпан айында Мария үйіне жіберілді, мамырда дүниеден озды. Денсаулығы нашар Элизабеттің де күндері санаулы еді. Оны тез арада үйіне жіберіп, артынша кеселдің алдын алу үшін Шарлотта мен Эмили де қосақталып жіберілді.
Осы уақыттың ішінде Патрик Бронте жаңа әйел іздейме болд. Екі-үш рет қадамдар жасап көрді, алайда олар сәтсіз аяқталды. Содан кейін балдызы, мисс Брэнуэллге үй шаруасын реттеп, балаларға діни тәрбие беруді тапсыруға тура келді.
Патрик Бронте үшін қыздарды тәрбиелеу мәселесі әлі де болса шешімін таппады, дегенмен ол алды-артын ойлап, отбасындағы үйдің үлкені рөлін иеленген Шарлоттаны жөні түзу оқу орнына беруге бел байлады. Оның таңдауы Вулер әпкелерінің Роухед мектебіне тоқталды. Оқудың ақшасы аса қымбат емес болды, бірақ Шарлоттаның кіндік әпкесі көмекке келгендіктен Шарлотта амалсыздан Роухед мектебіне ауысты (1832 г.). Бір жарым жыл оқудың ішінде ол Вулер әпкелерінен көп тәлім алып үлгерді.
Шарлотта үздік оқушы болды; алайда адамдармен араласуы қиынға соқты. Дегенмен Роухед мектебінде ол өмірлік екі жолдас тапты. Олар албырт, ашық мінезді, батыл қыз Мэри Тайлор мен байсалды, парасатты және діншіл Эллен Насси еді.
Мектепті аяқтағаннан кейін біраз уақыттан соң мисс Вулер Шарлоттаға мектепте оның көмекшісі болуға ұсынып жасап, хат жазды және сол арқылы Эмилидің оқуының ақшасы жабылатын болды. Шарлотта келісімін берді. Ағасы Патрик Брэнуеллді әкесі мен тәтесі Корольдік суретшілер академиясына жібереді. Шарлоттаның тапқан табысы мұнда да жарады.
1834 ж. шілдеде қос Бронте әпкесі Роухедке көшеді. Осында ол гувернантка болудың азабы басталады. Ол сағат жетіден кешкі он бірге дейін жұмыс істесе де, табысы аз болды. Ақыр соңында Эмилиді үйге қайтаруға тура келді. Эмилидің орнына Энн жіберіліп, барлығының сүйіспеншілігін жаулап алды.
Шарлотта мен мисс Вулер арасындағы қатынастар да қуантарлықтай болмады. Эннің денсаулығы бұған себеп болды. Сол арада пансион батпақты және ылғалды жер Дьюсбери-Мурге ауысты, ол Хауорттан 15 миля жерде орналасты. Мисс Вулермен болған ұрыстан кейін Энн үйге қайтарылды. Шарлотта Дьюсбери-Мурда жұмыс істеп жүрген кезде денсаулығы нашарлап кеткен соң, дәрігер басқа жаққа көшуге кеңес берді. Шарлотта дәрігердің айтқанына қуана келісті.
Ол Хауортқа оралды. Жасы 22 болғанда тұрмыстық тәжірибесі аса көп болмады. Осы арада Элленнің ағасы Генриден хат алады. Генри Шарлоттадан тұрмысқа шығуын өтінеді, алайда ол ұсыныстан бас тартады. Генри Насси оған тым бірсарынды болып көрінді. Дін қызметкерінің әйелі болуы оны аса қызықтырмады.
Ол 23 ке толар шағында, викториандық түсінік бойынша бұл жаста адам өмірде өз орнын тапқан болу керек еді, алайда Хауортта оны керемет болашақ күтіп тұрмаса да, гувернантка мен мұғалім міндеттері қажытса да, тәуелсіздік пен қамтамасыз етілген тұрмысқа ауысудан бас тартты
Дегенмен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Брэнуэлл отбасының үмітін ақтамады.
Ш. Бронте танымал және ауқатты Сиджвиктер отбасысының ұсынысын қабылдамады. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Ұялшақ және тәкаппар қыз үйдегі бәйбішенің көңілінен шықпады. Үйіне оралып, біраз уақыттан кейін пастор ирландық Брайст оған үйлену туралы сөз айтады. Бірақ Шарлотта оны қабылдамайды.
1841 ж. наурызда табысы басқа гувернантке қызметіне орналасады, жылына тек 16 фунт және демалыс уақыты жоқ. Осы уақытта Шарлотта Йоркширдегі жеке меншік мектептермен бәсекелесуден жеңілмеу үшін мектеп ашып, тілдерді үйренуді армандайды.
1842 ж. ақпанда Шарлотта мен Эмили Англиядан Францияға Эгерлер отбасысының пансионына көшеді.
Жарты жылдан кейін мадам Эгер Шарлоттаға ағылшын тілі мұғалімі, ал Эмилиге музыка пәнінің мұғалімі болуды ұсынады. Еңбектеріне төлемақы алудың орнына олар тамақтанып, оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Шарлотта мен Эмили келісімдерін берді. Алайда Англиядан қайғылы хабар келді. Холера ауруынан Уэйтмен қайтыс болады, ал апалары ауыр халде жатады. Эмили Брюссельге қайтып оралмайды. Англияда олар мисс Брэнуэлл (апалары) мектеп ашуға жетерліктей қаражат қалдырғанын естиді.
Шарлотта ұстазы мосье Эгерге жақсы көріп қалады. Мұны білгеннен кейін ол Шарлоттадан қашқақтайды. Ол өзін мұңды және жалғыз сезінеді.
1844 ж. Ш. Бронте Хауортқа оралады. Қызықсыз, уайымға толы күндер басталады. Шарлоттаның әкесі соқыр бола жаздады, ағасы ішімдік пен нашарқорлыққа салынады.
Шарлотта көркем шығармалардан демеу іздейді. Бар үміті сол болды.
1845 ж. күздің бір күнінде Шарлотта Эмилидің өлең жазған дәптерін тауып алады. Оны әпкесінің өлеңдерінің қысқалығы және қаталдығы, жандылығы және шынайылығы таң қалдырды. Ол Эмилиге өлеңдерін баспаға беруге көндірді.
Энн де өлең жазған. Шарлоттаның айтуына қарағанда, онң өлеңдері «шынайылық пен әсерлілік тебіренісі» тән. Шарлотта да қолына қалам ұстап, өлең жазған. Сол сәтте оларға өлеңдер жинағын шығару ойына келеді. Шарлотта бұл істі өз қолына алды. Ең алдымен өлеңдерді ер адамның атымен шығаруға бел буды. «Керрер, Эллис және Эктон Беллдардың өлеңдерін» баспаға шығаруға келісім берген баспашылар Эйлотт пен Джонс1846 ж. қаңтар аяғында Шарлоттамен хат алмаса бастайды. Ал мамырдың аяғында жинақ жарыққа шығады. «Атенсум» атты әдеби-сыни журналда үш «ағайындының» өлеңдеріне игі ниетті пікірлер жаза бастайды, соның ішінде Эллис Беллдің (Эмилидің) өлеңдері ерекше ықыласқа бөленеді.
Әпкелердің поэзияға деген дарыны әкелерінен берілді. 1813 ж. әкелері «Ауылдық менестрель: табиғат туралы өлеңдер жинағы» атты кішігірім өлеңдер жинағын жарыққа шығарды.
Эйлот пен Джонсқа жазған хаттарының біреуінде Шарлотта олардан Керрер, Эллис және Эктон Беллдардың прозасы жайында не ойлайтынын сұрайды. Ол алғашқы романы «Мұғалім», Эмилидің «Грозовой перевал» және Эннің «Эгнес Грей» романдары туралы ойларын білгісі келеді.
«Мұғалім» романы оған көп күйзеліс алып келді және ол дүниеден озғаннан кейін жарық көрді.
Э. Гаскелл «Шарлотта Бронтенің өмірінде» былвй жазады: «Романның сюжеті романнан әр түрлі шытырман оқиғалар іздейтін оқырман тұрғысынан аса қызықтырмайды; алайда онда шебердің қолымен жазылған бір-екі кескінді суреттемелер бар».
Шарлотта екінші романын жазып жатқанда, «Мұғалім» бір баспадан екінші баспаға ауысып жүрді, «Грозовой перевал» және «Эгнес Грей» баспаға қабылданды. Шарлоттаны бұл жағдай бір жағынан қуантты да, мұңайтты да. Не дегенмен, ол шығармасын баспада көруге үміті пайда болды.
Басқа баспашыларға қарағанда Смит пен Элдер «Мұғалімнің» қолжазбасын қайтарған кезде себебін түсіндірді: олар шығармадан бас тартқанымен, автордың әдеби дарынын жоққа шығарған жоқ, сонысымен автордың үмітін үзбеді. Смит пен Элдер Керрер Беллдің жаңа қолжазбасымен танысуға құштар екендерін білдірді. 1847 жылғы 24 тамызда Шарлотта оларға «Джейн Эйрдің» қолжазбасын жібереді. Сол жылдың 16 қазанында роман жарыққа шығады. Роман тез арада таңғажайып табысқа ие болады. Алайда Ш. Бронте үшін бұл таңғаларлық оқиға болған жоқ, себебі ол романды шынайылықпен, ынтық құштарлықпен жазды. Сондықтан романның оқырмандардың көңілінен шығатынына сенімді болды.
Алғашқы басылымның толық аты: «Джейн Эйр. Өмірбаян», бұл Бронтені сәл абыржытты, дегенмен ер адамның лақап аты кейіпкерді автормен байланыстырудан алыстатты. «Мұғалімде» сияқты мұнда да өмірбаян элементі бар, бірақ бұл ең алдымен адамгершілік-этикалық, рухани өмірбаян еді. Ал екінші романды жазу кезінде 31 ге толған жазушының мінезі қандай болды?
Ол тәкаппар, намысқор, шыншыл еді, өз қадірін терең сезіне білетін, ал өнер – оның дінінің бір бөлігі.
«Джейн Эйрді» 1847 ж. Жарық көрген Эмили Бронтенің «Грозовой перевал» және Энн Бронтенің «Эгнес Грей» романдарымен салыстыру қызық дүние. Гаскелл «Шарлотта Бронтенің өмірінде» былай деп жазады: «осы романдардың алғашқысы көптеген оқырмандардың жиіркенішін тудырды. Басқалары оның айрықшалығын, данышпандығын, көмескі және жексұрын қылмыскерлерді бейнелеуде көрінгеніне қарамастан, байқай алды». Белгілі бір үлгілерге үйреніп қалған буржуазиялық оқырманға күрделі және қарама-қайшылықтарға толы Эмили романының түсіну шынымен қиынға соқты, алайда ол XX ғасырда халықтың ерекше ықыласына бөленген романның таңғажайып күшін сезіне алды.
Лондонда іскер Керрер Белл үш романды және әлі жазылмаған шығармаға құқығымен қоса Америкаға сатып жіберді деген әңгімелер таралған кезде, және мазасызданған Джордж Смит хатында осы мәселе жайлы сөз қозғағанда, Бронте әпкелері баспашыларға шын аттарын жариялауға бел буады. Шарлотта мен Энн Лондонға жіберілетін болды. Смит пен Уильямс әпкелерге күмәнмен қарады: Шарлоттаның қолындағы хатты көргенде, Смит оның қалайша Шарлоттаның қолына түскенін білгісі келді. Бірақ оның қаталдығы тез арада жазушы әпкелерге деген ізгі ілтипатқа және қызығушылыққа алмасты.
Шарлотта мен Брэнуэлл Робинсондардағы жұмысынан айырылған кезде, Энн Бронте әлсіз денсаулығына қарамастан әдеби еңбектер жазуды бастайды. 1848 ж. Брэнуэлл елесті аурудан қайтыс болады, үш ай өтер-өтпесте сол жылдың желтоқсанында Эмили тез асқынатын өкпе ауруынан дүниеден озады.
Жарты жыл өткен соң Эмилиден кейін Энн өкпе ауруынан қайтыс болады. Өлім алдында ол Уилдфелл-Холл қожайыны» атты екінші романын аяқтайды.
Ш. Бронте Хауортқа қайта оралады. Бұл оның өміріндегі ең қиын кезең болады. Қатты ауруға душар болады.
«Джейн Эйрді» аяқтағаннан кейін Ш. Бронте «Шерли» романын жаза бастайды. Алайда отбасындағы қайғы-қасірет пен ауру жұмысын сәл тоқтата тұруға мәжбүрлейді. Күз пен қыс бойы ауырып шығып, романын жазуды баяу және қиналып жалғастырады. Елдегі оқиғалар да әсерін тигізбей қоймады. Ел чартистік қозғалыстың апогеясын бастан кешіріп жатқан. Отандағы қозғалыстар, Франциядағы революция Ш. Бронтені қарапайым куәгер ретінде қалдыра алмады. Ш. Бронте революцияға қарсы болса да, «көтерілістер мен ереуілдерді» қабылдамай басқа әлеуметтік тақырыпты таңдайды.
Ш. Бронте «Шерли» романында романның басты кейіпкері Роберт Мур арқылы ағылшын фабрика иесінің бейнесін жұртшылыққа ұсынғандардың алғашқысы емес еді.
Ш. Бронтенің екінші романы көбінесе ақиқатқа негізделген болды, себебі кейіпкерлердің сезімдері мен қарым-қатынастары олардың жеке қалаулары немесе автордың еркі арқылы берілген жоқ, әлеуметтік қажеттілік арқылы анықталды. Болмыс олардың дүниесіне кіріп, қимыл-әрекеттерін белгіледі.
«Шерли» жарыққа шыққаннан кейін баспасөзде пікірлер тарай бастады. Алғашқы пікір оның намысқойлығына кір келтірді. Рецензент бірінші тарауды «дөрекі» деп бағалады. Ал Шарлоттаны танып білмейтін Элизабет Гаскелл «Шерли» туралы жақсы лебіздер білдірді.
Ш. Бронте өзін бұрынғыдай Керрер Белл деп атағанмен, оның авторлық құпиясы бірте-бірте жарыққа шыға бастайды.
Кейін оның баспашысы Джордж Смит пен оның анасынан шақыру алып, Лондонға барады.
Джордж Смит және миссис Смит оны құшақ жая қарсы алады. 3 желтоқсанда Джордж Смит Теккерейді қонаққа шақырып, Керрер Беллмен таныстырғысы келеді. Шарлотта Теккерейге жағымды әсер қалдырады. Кейін олар Лондонда тағы екі рет кездеседі.
Егер 1851/52 жж. қыс азапқа толы күндер болса, 1853 ж. қысы көзді ашып жұмғанша және жанға жайлы өтті. Ең алдымен Лондонға сапарға барады, кейін екінші рет Манчестерге Гаскеллге қонаққа барады. Бұл соңғы кездесу олардың достығын нығайтады. Досымен қоштасар алдында одан Хауортқа келуіне уәде беруін сұрайды. Гаскелл уәдесінде тұрып қырккүйектің соңында Бронтеге келеді. 1853 ж. Ш. Бронте «Виллет» романы жазады («Қалашық»). Қайтыс болар алдында Ш. Бронте «Эмма» атты жаңа романын жаза бастайды, алайда аяқтауға үлгермейді.
1854 ж. Шарлотта мен оның әкесінің мирасқоры Артур Никольс үйлену туралы уәделеседі. Үйлену тойы өте қарапайым өтеді.