Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы («Тәкаппарлық пен жаңылыс» және «Джейн Эйр» романдары негізінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 19:50, дипломная работа

Краткое описание

Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................
1 Зерттеудің теориялық негіздері................................................................
1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................
1.2. Джейн Остен ..........................................................................................
1.3. Шарлотта Бронте..................................................................
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..
2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...
2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы.docx

— 127.69 Кб (Скачать документ)

Остеннің жанұясы үлкен болды: Джейн отбасында бес ұл және екі қыздың ішінде ортаншысы болды. Остендер отбасысы ауқатты да болған жоқ, ақшаға да тапшы болған жоқ.

Остен жаза бастаған уақытта өзі жақсы таныған адамдарды бейнеледі. Ал жазушының оларға деген қатынасы, кекесін-сықағы қалай дамығаны бір бөлек әңгіме.

Остен жастайынан адамдармен әңгіме-дүкен құруға жақын болды. Әке-шешесі үйге қонақтарды жиі шақырып, жергілікті көпестермен әңгімелесіп тұратын. Джордж Остеннің қыздары балдар мен кештерге барып тұрғандығын Джейн мен әпкесі Кассандраның арасындағы хат алмасудан байқауға болады. Өз жасына қарамастан ой-өрісі кең және дарынды Джейн ешқашан көк шұлық болмаған – оның хаттарында киім-кешек пен сәнге көп көңіл бөлінеді, және Кассандра салған кішігірім портретке сәйкес оның келбеті ерекше тартымды болған.

Джейн екіжүзді адам болған жоқ. Оның хат алмасуы ақсүйек өміріне және тіпті ағылшындар «small talk»деп атайтын әңгіме-дүкенге шынайы қызыққанын аңғартады. Оның айрықша таланты алғашқыда ешкімнің көзіне түспеген және оның романдары шықпайынша оның дарынын ешкім байқамаған.

Джейн Остен өмірінің алғашқы 25 жылын Стивентонда ата-анасының жанында өткізді, оның бірінші қатал тәлімгері әкесі еді. Ол білімге құштар қызына өз білгенінің көбісін үйретіп, кітап оқуға деген ынтық махаббатын оятты. Оның әлемі жабық екені айқын, алайда кейіпкерлердің әрекет ету аясы ойлағандағыдан әлдеқайда кең. Остен қоршаған ортасындағы адамдармен тек тікелей байланысқа түсіп, таныған жоқ, ол көп нәрсені тыңдап, естігенін зерделеп, басқа адамдардың пікірінен тәуелсіз өз бетінше қорытындылар жасады.

Джейстан басқа, Джейн өзінің басқа ағаларымен тікелей қатынаста болды, мысалы, флотта қызмет атқарған Генри Томаспен және корольдық флоттың адмиралы болған Фрэнсис Ульяммен. Баронеттің қызына үйленген және туысқандарының біреуінен Кенттегі қожалықты мирасқа алған Джейннің ағасы Эдуард та әпкесінің сүйіспеншілігіне ие болды және әйелі қайтыс болғанға дейін үйіне барып тұрды. Джейн және оның әпкесі Кассандра ағаларының отбасыларымен тығыз байланыста болып, оларға Лондонға, қала шетіндегі алқаптарға қонаққа барып тұрды, джентри мен нобилити топтарынан шыққан әр түрлі адамдармен кездесті.

1861 ж. Джордж Остен махалланың ұлы Джеймске тапсырғаннан кейін, Джейн ата-анасымен бірге Англияның Батыс жағалауындағы көптеген шипажайлы қалаларды аралады. Осы қалалардың біреуінде ол бір теңізшімен танысады, кейін ол дүниеден озады. Қайғылы аяқталған махаббаты жайлы ол ешкіммен бөліспейді. Оның есімін әпкесі Кассандрадан басқа ешкім білмейді.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін (1805ж.) Остеннің өмірі жаңа арнаға ауысты. Джейн анасымен және әпкесімен бірге Соутемптонда орналасты, кейін олар Кентке көшті, онда Эдуард Остеннің берген үйінде тұрды. Джейн Чоутонға көшер алдында ағаларының барлығы үйленген еді және қоғамда беделді орынды иеленді.

Джейн ағаларының үйінде қонақтап жүргенде олардың балаларын тәрбиелеп, жүректерін жаулап алады. Оның байқағыштық қабілеті ерекше болған, алайда ол көрген-білгенінің барлығы жайлы жаза бермеген.

Ол зерттеп, байқаған әлемін қалай қабылдаған? 1789-1794 жылғы Француз революциясына дейін он төрт жыл бұрын дүниеге келген Джейн онымен замандас болды. Оның уақытында жақындары, ағалары және достары қатысқан наполеон шайқастары орын алды. Ол өмір сүрген уақытта өнеркәсіптік төңкеріс күшейді.

Егер оқыған, ой-өрісі кең және дарынды Остеннің, шын мәнінде байқағыштық қабілеті болса, оның көз зердесімен ұрпақтың данышпандарын толғандырған мәселелер қалайеленбейқалды?

Кейбір сыншылар Остеннің әлеуметтік-саяси көзқарастары жайлы болжамдар айтқан кезде, оның айналасындағы әйелдерге  бұл мәселелер бойынша сөз қозғау әдепсіз саналды. Бірақ Остен қоғамдық өмірден алыс болғаны рас па? Оның романдары мен хаттарында үлкен әлемдегі, шет аймақтардағы тыс мекендердегі өмір оқиғалары жайлы ойлары жазылмаған. Алайда оқып, ойлана білетін адам көп ойларды өзі-ақ түйеді.

Остен айналасындағы қоғамнан безгені сөзсіз. Оның басқа амалы қалмады: ол өзі сипаттаған қоғамды күлкіге айналдырады, жек көреді, бірақ сонымен бірге қорғаштайды.

Оның ортасы оны әйелдер қауымына қайырымдылықпен күлімсіреп қараған әйел ретінде қарастырғандықтан, Остен шынымен жек көргендері жайлы жазудан қорқақтайды. Соған қарамастан, Остен ерте жастан өмір жолықтырған адамдар жайлы байқағандарын қағазға түсіре бастайды. Бұл жазғандарын зұлым сықақ деп атауға келмейді. Сонда да олардың ерте Диккенстің немесе Э. Гаскеллдің «Крэнфордының» қарапайым мысқыланан әлдеқайда алыс екені сөзсіз.

Остен көп нәрсені көрген, және көп адамдарды мінеген, алайда мұның барлығын өзіне тән байсалды мәнерде жасаған.

Құрметке ие отбасылардың әкелері мен аналары оның кітаптарында масқара етіледі.

Ол генерал Тильни («Нортенгерское аббатство») немесе леди де Бёр («Тәкаппарлық пен жаңылыс») сияқты қоғамдық пікірдің төрешілері шын мәнінде неге лайықты екенін, джентри ортасындағы мещандардың қаншалықты жағымпаз екендерін және өнегелі деп аталатын қоғамның арасында қаншама ақылсыздардың толып жатқанын байсалды мәнерде болса да, нандырып, жеткізеді.

Остен саналы түрде өз айналасындағы адамдардың жеке өмірін ғана бейнеледі, алайда бұл әлеуметтік сынды жасырған жоқ. Ол Скотты ақын ретінде танып, бағалады, алайда оны романшы ретінде таныған жоқ – оның алғашқы романы Остен дүниеден өткенге дейін екі жыл бұрын шықты.  XVIII ғасырдың реалистік роман дәстүрінен алшақтамай, ол XIX ғасырдағы сыни роман реализміне жақындай берді, дегенмен өзінің әдістері мен мәнерінде.

Джейн Остен тек 43 жасқа дейін өмір сүрді. Оның әдеби мұрасы аса үлкен емес – алтф аяқталған роман, жасөспірімдік  очерктері мен пародиялар кітабы («Juvenilia») және 1817 жылы өлім кесірісінен басталып, аяқталынбай қалған кітаптан үзінді.

Остен 15 жасынан бастап жаза бастады. Ол қазіргі сапасы төмен романға өткір пародия жазудан бастады. Жазушы өмір сүрген уақытта баспаға шықпаған «Ювенилиа» атты үш томдық кітапқа кірген жасөспірімдік  пародияларының соңғысы 1793 жылы жазылған. Остеннің үйінде бұл жазбалар «Джейннің тентектігі» (Jane’s nonsense) деп аталды, алайда оның жақындарының айтуы бойынша үйдегілердің барлығы бұл «тентектікті» аса қызығушылықпен тыңдаған.

1796 ж. Джейн шын мәнінде роман жазуды қолға алып, 1797 ж. аяқтады. «Алғашқты әсер» романы тек 1813 ж. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» атымен жарық көрді. Үш айдан кейін Джейн «Ес және сезімталдық» атты жаңа роман жаза бастап, оны бір жыл ішінде аяқтады. Алайда ол тек 1811 ж. баспаға шықты.Жазушының өлімінен кейін жарыққа шыққан  «Нортенгерт аббаттығы» (1818ж.) «Ес және сезімталдық» романынан кейін бірден жазылған, яғни баспаға шығардан бірнеше жыл бұрын жазылған еді. Остеннің барлық кітаптары осындай жолдан өтті. Олар жазылып болғаннан кейін бірнеше жылдан соң бір-ақ жарық көрген.

Остеннің шығармашылығының қалай дамығанын немесе оның мерзімі жайлы нақты айту мүмкін емес. Мысалы, «Алғашқы әсер» романын баспа қабылдамаған, «Нортенгерт аббаттығы» басылымға қабылданған, алайда баспаға шықпаған. Ал «Мэнсфилд Парк» пен «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бір уақытта жазылғанын ескеретін болсақ, даму жайлы сөз қозғау да керек пе? Алайда Остеннің көзқарастары  мен өнеріндеөзгерістер болмағанын жоққа шығаруға да болмайды. «Мэнсфилд Парк» пен «Сендіру» романдары туралы ой «Тәкаппарлық пен жаңылыс» (1796-1797) және «Ес пен сезімталдық» (1797-1798) романдары, тіпті 90 жылдардағы жасөсіпірімдер пародиясына жататын «Нортенгерт аббаттығы» туралы ойдан кейін пайда болғаны жеткілікті.

Әкесі дүниеден озып, миссис Остен және оның екі қызы Чоутонға көшкеннен кейін, Джейн біресе Лондондағы Томас Генриға, біресе Эдуардтың қожалығына жиі-жиі барып тұратын болады. Оның араласатын ортасы, сонымен бірге байқау қабілеті де артады; тұрмысқа шықпаған және ауқатты емес әйелдер көп кездесетін ортада оның рөлі де өзгереді. Джейн Стивентондағы бақытты күндермен салыстырғанда, мұнда сословиелік теңсіздіктерді қатты сезіне бастайды. Оның соңғы романы «Сендіруді» оқыған кезде, 1817 ж. тым ерте дүниеден өтпегенде, автордың шығармашылығында қандай өзгерістер болуы мүмкін екендігі жайлы ойланбауға болмайды.

Жасөспірім шақтан бастап, Остен өткен және қазіргі жазушылар жайлы ойланып, оларды кәсіби түрде міней бастады. Әкесі мен ағасы оның әдеби талғамын ұштады. Оның сөздеріне қарағанда, ол көркемдікті бос мылжыңнан және дөрекіліктен қателеспей ажырата білді.

Сентименталдық сарын мен готикаға толы XVIII ғасырдың аяғындағы көпшілікке мәлім беллетристикаға, өз бетінше кітап жазатын жазушылардың кітаптарына деген қатынасын Остен жасөспірімдік  пародиясында білдірді. Остен өзі танитын талғамсыз және шындыққа жанаспайтын авторларды да күлкіге айналдырды. Остеннің басты ұстанымы – шындық. Белгілі бір себептерге байланысты тақырыптан немесе жағдайдан, мінездерді, табиғатты және сезімдерді сипаттаудан сәл де болса ауытқу оған жат болды, себебі оның тарапынан талғамсыз саналып, мысқылға салынды.

Остеннің жасөспірімдік  пародиясынан кейін жазылған, алайда өмірден озғаннан кейін баспаға шыққан (в 1794 г.) алғашқы роман пародияның тікелей жалғасы еді. Бұл «Нортенгерт аббаттығы»және онда готикалық роман емес, алданғыш және жаңалықтарға құштар жергілікті тұрғындардың оған қатынасы күлкіге айналдырылады.

Дегенмен роман жайлы Остеннің әдеби көзқарастары мен жас кезінде әдебиеттегі талғамсыздықпен күрес үшін жазған пародияларының мазмұнында айтатын болсақ, онда 1817 ж. шыққан «Нортенгерт аббаттығы» өз кезінде жазылған уақытта өзекті болса, кейін ол өзектілігін жоғалтып алды.

Сондықтан да, Остен 1816 ж. кітапты баспаға дайындау барысында алғы сөзінде ондағы жазылғандардың жартысы қазіргі уақытта өзекті еместегін атап өтті.

Остеннің әдеби ұстазы жазушы Джонсон болды. Ол Каупер Крэббты пір тұтты, алайда өмір бойы тамсанып өткен М. Эджуорт пен В. Скотты да қатар оқыды. Не дегенмен, Стерн, Гольдсмит, Ричардсон мен Филдингке тамсанғанымен, Остен дөрекі (coarse).деп санаған Смоллетті ұнатпады.

Остен тек қана отандық жазушылар мен ақындарды бағалаған жоқ. Француз тілін жақсы білгеннен кейін, ол Жанлис және м-м де Севинье кітаптарын, және тіпті Руссоның «Новая Элоизасын» да оқуы мүмкін.

«Сендіру» романының мәтіні Остеннің Вольтердің «Кандидімен» тансық болғанын байқауға болады, ал  «Мэнсфилд Парктегі» ағайынды Кроуфорд Шадерло де Лаклоның «Қауіпті байланыстардағы» кейіпкерлерге ұқсауы тегін емес.

Әр түрлі формадағы романтизмге Остеннің қатынасы жағымсыз болды, және өмір бойы өзгергені шамалы. Бірақ «Нортенгерт аббаттығындағы» күлкіге айналдырылған  предромантизмді Остеннің Байрон және «Сендіру» романындағы көптеген ақын романтиктер туралы пікірлерін салыстыратын болсақ, жазушы романтизмнің көптеген суретшілеріне құрметпен қарағанын байқауға болады.

«Сендіру» романы жазылған жылдары әдебиетте пайда болған романтиктер туралы түйген ойлары кітаптағы жағымды кейіпкер, естияр және берік қыз арқылы жеткізіледі. Оның ойларын оқыған кезде автордың дауысын елемеуге болмайды.

Остеннің әдеби талғамдарын зерттеп, мынадай қорытынды жасауға болады: ол өз айтқанынан қайтпайтын реалист еді, ол үшін шындық әрқашан да көркем.

Бұл жайлы В. Скоттың айтқан ойлары мынадай (1827 ж. 18 қыркүйек): «Бір кеште Мисс Остеннің романдарын оқып жатқан едім. Оның жазғандарының іщінде мені қатты тамсандырғаны шынайылығы. Шындық қоғамның артықшылығы басым топтарын бейнелеуден аспайды, алайда сол бейнелеудің өзін еш нәрсемен салыстыруға келмейд»

Остеннің бейнелеу аясы кең болмаса да, жеке тәжірибесі мен ой-өрісі тар болған жоқ. Тақырыпты, кейіпкерлерді, күлкілі икемді, баяндау әдісі мен стилін, барлық көркем құралдарды таңдаудағы шешімі түбегейлі болды.

Остен романындағы басты кейіпкерлер – артықшылығы басым класстардан шыққан джентри, нобилити және клерджи топтарының адамдары. Кітаптың әрекет ету орны – шет аймақтардағы Англия, кейде оның астанасы. Жалпы алғанда, кітап комедиялық сарында жазылған, сондықтан Остен романдарының беттерінде қайғылы оқиғаларды не өлімді кездестірмеу орынды жағдай. Кейіпкерлердің туысқандары  «сахнадан тыс» немесе баяндаудан бұрын қайтыс болады (мысалы, «Ес пен сезімталдықта»). Бұл кітаптарда бұқара халық не адамдардың ұжымдары жоқ: жазушының байқағандары тұлғалар мен отбасылардың тағдырына, мінездеріне негізделген.

Американдық зерттеуші Уильям Маршалл викториандық романға арналған жұмысында Остеннің әлемдегі тәртіп жайлы өз көзқарасы бар екендігіне сенеді және келіседі1.

Қазіргі күннің ағылшын жазушыларын қатты толғандыратын және XIXғ. Джордж Элиоттің өзі ерекше назарға алған еркін таңдау туралы мәселені Остен де қозғамай қоймады. «Көрегендік, тағдыр» термині Остеннің романдарында кездескенімен, көркемдегіш құрал ретінде ғана қолданылғаны сөзсіз.

Бір жайт анық: Остеннің қандай да болмасын көзқарастары жайлы сөз қозғайтын болсақ та, «Тәкаппарлық пен жаңылыс» және «Мэнфилд Парк» авторының бейімделгіштік (конформизм) қабілеті жалған. Джейн Остеннің адам және жазушы ретінде тұлғасы жүз жылдың ішінде еріккен зерттеушілер жасаған аңыздардан әлдеқайда күрделірек.

Джейн Остен адам мінезін түсіне білетін  ерекше психолог екені сөзсіз. Ол сыртқы келбетті толықтай сипаттап жазуға әуреленбейді. Ол үшін ең маңыздысы – романдағы кейіпкерлер арасындағы әңгімелер арқылы ашылатын адамның жан-дүниесі. Остен барлығынан шындықты іздейді. Оның реализмі – шындықтың реализмі.

 

 

1.3. Шарлотта Бронте

 

Шарлотта Бронтенің шығармашылығы XIX ғ. еуропалық сыни реализмге, романтизм мен реализмнің кейбір элементтерінің күрделі жиынтығына (алайда соңғысы басым) негізделген. Оның дарыны ағылшын романтизмінің белгілі ықпалында дамыды. Дегенмен оның кейіпкерлері  тәкаппарлығы мен табандылығында арманшыл ғана емес, олар қоршаған ортасындағы әлеуметтік жағдайды жете түсінеді, қоғамнан бас тартпайды, керісінше одан бостандыққа, бақытқа және шығармашылық еңбекке құқықтарын тануын талап етеді.Олар ерекше жаратылған жан дүниелері арқылы арын, сезіну еркіндігіне құқығын қорғауға тырысады, ешкімнің алдында мойынсұнбайды, өздерінен бай және күштілердің өркөкіректігі мен менмендігінен, сондай-ақ филантропиялық сезімдерінен бас тартады. Жазушы қазіргі дүниеде адамның бақытсыздыққа ұшырауы қол жетпес, сұрапыл жазмыштың салдары емес, нақты, әлеуметтік-тарихи күштердің орналасуының нәтижесі екендігін айтады. Ш. Бронтенің романдарында қоғамдық күрес рухы байқалады, бұл басқарып отырғандар мен жағдайына байланысты бағынуға мәжбүр, алайда бағынудан бас тартқандардың арасындағы қарым-қатынастардың әділдігі, парасаттылығы және құзыреттілігі жайлы күмәндануға жетелейді.

Информация о работе Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы («Тәкаппарлық пен жаңылыс» және «Джейн Эйр» романдары негізінде)