Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 19:50, дипломная работа
Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.
Кіріспе.............................................................................................................
1 Зерттеудің теориялық негіздері................................................................
1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................
1.2. Джейн Остен ..........................................................................................
1.3. Шарлотта Бронте..................................................................
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..
2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...
2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................
29 қарашада, үйлену тойынан кейін 5 айдан соң, ол Эллен Нассиге (құрбысына) жақында қолына қалам алып, жазуға ниеттенгенін, алайда Артур оны серуендеуге шақырғанын айтады. Қайтар жолда жаңбыр астында қалып, оған суық тиіп қалады. Ауру ұзаққа созылады. П. Бронтенің көрегендігі орындалады: оның қызы тұрмысқа шыққанына бір жыл болмай қайтыс болады.
1855 ж. 31 наурызда Ш. Бронте дүниеден озады. 6 жылдан кейін П. Бронте қайтыс болады. Оның мәңгі есте сақтау мақсатында ол қолынан келгенінің бәрін жасайды. Элизабет Гаскеллден оның «өмірі мен еңбектері» туралы жазуды өтінеді.
1857 ж. наурызда Смит пен Элдер «Шарлотта Бронтенің өмірі» атты алғашқы басылым шығарады, ал қарашада «қайта қаралып, түзетілген» үшінші басылым жарық көреді.
Жазушының өмірі оңайға соқпады. Ол Керрер Белл лақап атымен әдебиетте атақ алуға көп күш жұмсады. Бірақ ол тек жазушы ғана емес, суретші ретінде де дарынды болды. Оның басты романы «Джей Эйрдегі» табиғат суреттемелері бұған дәлел. Романда өмірбаянға көп көңіл бөлінеді: Ловуд мектебіндегі өмірі (Коуэн-Бридж), Сент-Джон Риверспен кездесуі (тұрмысқа шығуын сұраған, бірақ ол ұсынысты бас тартты) және т.б.
Ш. Бронте романтимзнің эстетикасына да жақын, алайда оның романдарында реализм кейіпкерлердің мінезін сипаттауда ғана кездеседі. Ол қазіргі қоғамның әдеттегі адам типтерін артық бояусыз көрсетеді.
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы
Англияда «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романы ерекше ықыласқа бөленеді және автордың да сүйікті шығармасы болады.
«Тәкаппарлық пен жаңылыс» романының қателері түзелітіп берілгеннен кейін, Остен ағаларында қонақтап жүрген Кассандраға жазады: «Мен Лондонған өзімнің қымбатты баламды алдым (my own darling child)». Оның кітапқа бұлайша баға беруі орынды еді: Остеннің замандасы белгілі драматург Шеридан романды оқығаннан кейін былай деді: «Осы кітаптан артық және тілі өткір кітапты оқымаппын!».
Остен жасы жиырма бірге толғанда роман жазуды қолға алған. Сол кездегі аты «Алғашқы әсер». Бірақ баспашылар романды қабылдамаған соң, баспаға дайын тұрған романның мәтінін автор бірнеше жылға кейінге қалдырады. «Ес пен сезімталдықты» жарыққа шығарғаннан кейін Остен романын қайта қолға алады. 1813 ж. жарыққа шыққан «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романы мазмұны мен негізгі ойы жағынан өзгерген жоқ, алайда қысқартылып, стилистикалық жағынан жақсартылды.
Романның сюжет аса күрделі емес, кейіркерлердің рөлі жақсы ойластырылған. Оқиға, бастапқыда әдеттегі қарапайым жанжал аясында өрбитін секілді болып көрінеді: Элизабет Беннет, шет аймақта тұратын көпестің қызы – сыртқы келбеті және ішкі дүниесі жағынан бірден айрықшаланып тұратын әйел – Беннеттер отбасысы тұратын графтыққа уақытша келген сымбатты, ақылды және өз ортасындағы айрықша аристократпен кездеседі. Элизабет Дарси мен оның досы Бингли оның отбасысын жақтырмайтынын байқайды. Содан адамдар бірін-бірі сүйгеннің өзінде жеңуге қиын оған қарсы жаңылыс сезімі пайда болады. Дарси, өз кезегінде, провинциялық джентридің алдында өз артықшылығын сезініп (сословиелік болсын, жеке болсын), бастапқыда Элизабеттің өркөкіректігін байқайды, кейін қызға ғашық болып қалғандықтан, өз бойындағы тәкаппарлықты және ырымшылдықты жеңеді. Алайда Уикхем деген кісі Элизабетке Дарсидің тұлғасы мен істері жайлы теріс түсінікті қалыптастырып, оқиға одан әрі күрделенеді.
Дарси мен мен Елизабет арасындағы түсініспеушілік және тәкаппарлық пен жаңылыс сезімдерін жеңумен роман аяқталмайды. Олар мінездері ерекше қызығушылық тудыратын әр түрлі адамдардың ортасында жүріп, араласады. Әр түрлі кейіпкерлердің ойнайтын рөлдеріне байланысты жазушы оларды әр түрлі деңгейде сипаттайды.
«Тәкаппарлық пен жаңылыс» - ең алдымен, ағылшын қоғамының XVIII ғ. басы - XIX ғ. соңындағы артықшылықтары бар топтарының мінез-құлқы мен пейілін шынайы түрде бейнелеген роман. Жаңа заманның шынайы суретшісі Остен тек мінезді сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар кітаптағы басты кейіпкерлердің рухани өмірін сипаттайды. Осыған қоса, Остеннің маңызды мәселелерді әзіл-қалжың арқылы жеткізуі романды Англияның ең үздік бай дәстүрлі драматургиялық мәдениетіндегі тілі өткір комедия ретінде оқуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жазушы еш жерде әсірелеуге жол бермейді. Тек романдағы басты емес кейіпкерлерді суреттегенде гротесктің шегіне жетеді (Коллинз, миссис Бенн, кейде леди де Бер), дегенмен өткір мысқыл аясынан шықпайды.
Романның увертюрасы болып саналатын алғашқы бетінен-ақ Остеннің қазіргі қоғамды басқаратын күштердің мәнін жете түсінгені анық байқалады. Қоғамдағы адамдар қандай көрікті шүберекке оранса да, беттеріне қандай да болсын бетперде тақса да, олардың негізгі қызығушылықтары мен мүдделері дүние-мүлік, ақыр соңында пайдакүнемдік, ақшаға келіп тірелді.
«It is a truth universally acknowledged, that a single man in possession of a good fortune must be in want of a wife» – романның алғашқы тарауы осылай басталады. «Fortune» - яғни байлықты иеленуге жолы болған жас көпес өмірлік серігін оның байлығына құштар болған жандардың арасынан іздеу керек болады.
«However little known the feelings or views of such a man may be on his first entering a neighbourhood, this truth is so well fixed in the minds of the surrounding families, that he is considered as the rightful property of some one or other of their daughters.»
Дарси мен Бинглидің жылдық табысын тұрмысқа шықпаған қыздардың әке-шешелері есептеп, ал аналары тез арада оларға «шабуыл жасай» бастайды
Одан әрі оқиға екі бағытта өрбді: біріншісі – оқиға орын алатын қоғамдағы әрекеттер орынды және заңға сәйкес; екіншісі – жеке, дәстүрді бұзушы. Аса ауқатты емес джентри тобына жататын провинциялық әйелдер мен ер адамдар (мысалы, миссис Беннет, сэр Лукас және оның қызы Шарлотта) тиімді күйеу іздейді, ал сословиелік баспалдақ бойынша жоғары тұрғандар (леди де Бёр, Бинглидің әпкесі) қарсы болады – бұл бір шынайы және есті у. Дарси сословиелік тәккаппарлығын тоқтатып, Елизебетке деген шынайы сезім танытады, ал Елизабет Дарсиге сезімінің ынтықтығын білдіріп, тәккапарлығын және ырымшылдығын жеңеді – бұл екінші жол. Леди де Бер және миссис Беннет «in character»мәнерінде әрекет етеді, яғни олардың сословиелік нанымдары мен мүліктік баспалдақтағы орнына сәйкес әдеттегідей әрекет етеді. Дарси мен Елизабет «out of character»мәнерінде қимылдайды, яғни дәстүрді бұзады.
Остеннің бірінші жолға және екінші жолға қатынасының қандай екені айтпаса да түсінікті. Ерекше ақымақ миссис Беннет – ұсақ джентри психологиясының іске асуы – жазушының өткір қалжыңдарына айналады. Лежи де Бер –сословиелік менмендігін пайдаланатын арсыз әйелдің әрекеттері әжуа-сықаққа жақын күлкіні келтіреді. Леди де Бер – өзінен төмендегілердің барлығына өркөкіректігімен қарайды, ал оның қызметшісі Коллинз өзінен төмендегілердің барлығын жек көреді.
Дарси мен Елизабет бойларындағы кемшіліктері мен әлсіздіктерін жеңіп, автордың жағымды кейіпкерлеріне айналады. Бірінші қатардағы кейіпкерлер күнделікті, ішкі дүниесі өңсіз болса, ал екіншілер – тұлғалық қасиеттері бар адамдар.
Екінші қатардағы кейіпкерлерді сипаттағанда Остен психологиялық суреттің шыңына жетеді. Ол қарама-қарсы сезімдердің күрделілігін, олардың артықшылықтарын және кемшіліктерін көрсетеді. Бұл үлкен сезімді сезінуге және үлкен қателік жасауға қабілетті тірі жандар. Остен кейде Дарсидің ақылына, мінезінің күштілігіне, сүйе білу қабілетіне таң қалады, алайда бұлар жаңылыс ортасында бойына біткен өзіне-өзі сенімділік пен тәкаппарлық сезімдерін жоққа шығармайды. Жазушыға сүйікті кейіпкерлерінің бірі Элизабеттің тұлғасы жақынырақ. Джейн Остен оқырманды мисс Беннеттің сезімдерінің ізгілігіне және оның ақылының айрықша екендігіне, парасаттылығына көндіре алады, сонымен қатар Дарсидің махаббатына және оның әрекеттерін түсінуге кедергі болатын тәкаппарлығын жеңе алмайтындығын көрсетеді. Бұл жағдайда Дарси мен Элизабеттің некесі «happy end»ретінде емес, керісінше екі айрықша тұлғалардың арасындағы дауды шешудің, тығырықтан шығудың жолы ретінде қарастырылады.
Остен реализмінің ұстамдылығы және кейіпкерлердің ішкі дүниесіне көркемдік барлаудың мүлтіксіздігі жайлы айтатын болсақ, романның әйгілі болуының себебі пейілдерді реалистік комедияға айналдыруы және мінез-құлықтардың шешімі деп санауға болады. Осы орайда сықақшы Остеннің тамаша шеберлігін, реңдердің сан алуандығы, мысқыл және осы мысқылдың астарындағы мағынаны атап өтпеске болмайды.
Остен авторлық көзқарастарын, ойларын, әсіресе оқырмандарды бағыттап тұратын сөйлемдерді қоспай, оқиғаға барынша өз бетімен дамуына жол берді. Сонымен қатар, сықақ арқылы оқырманды керек жаққа бағыттау мүмкін болды.
Роман сықаққа толы. Ол диалогтарда да, айтылған пікірлердің астарында да кездеседі, іс-қимылдарды бағалауға, жазушының адамдарға деген қатынасын көрсетуге көмектеседі.
Көбінесе Остеннің сықағы белгілікті тәсіл, яғни мағына мен форманың сәйкессіздігі арқылы беріледі. Мысалы, миссис Беннеттің ақымақтығы романның алғашқы беттерінен-ақ жұбайымен болған қысқа диалогтан байқалады:
“…You take delight in vexing me. You have no compassion on my own nerves”.
“You mistake me, my dear. I have a high respect for your nerves. They are my old friends. I have heard you mention them with consideration these twenty years at least”.
Остен сықақ өнерін жетік меңгерген. Көп жағдайда комедиядағы бір кейіпкерлердің жасаған ақымақтықтарын басқалары дұрыс деп қабылдайды, бірақ автор оқырманның назарын қажетті жаққа бағыттайды. Сол арқылы оның әжуасының өткірлігі байқалады.
Кейде мәтін арасында байланыссыз қолданылған бір сөз әжуаны жасауға септігін тигізіп қана қоймайды, барлық әңгіменің мағынасын түбегейлі өзгертіп жібереді. Мысалы, леди Кэтриннің қонақтары (Розингстегі кешкі ас) алауошақтың жанында жиналып, оның «ертеңгі күннің ауа райының қандай болатыны туралы шешімін» тыңдайды.
Әрбір сөзге ерекше құрметпен қарап, жекелеген сөз тіркестері мен сөйлемдерді бірнеше рет өзгертіп, көп сөздің орнына, барынша ықшам болуға тырысты. Оның тілі анық және анықтығы қарапайым. Мәтінді өңдеу арқылы сөйлемдердің көркемдігіне және қисындылығына қол жеткізді. Жазушы замандастарының шығармаларында, әсіресе сол кезде әйгілі болған Фани Бернидің кітаптарында жиі кездесетін «әдемілік» үшін қолданылған сөздердің барлығынан бас тартты.
«Ес пен сезімталдықта» кейбір стилистикалық дайын сөз орамдарын кездестіруге болады. «Тәкаппарлық пен жаңылыста» олар жоқтың қасы. Тіпті кейбір әдеттегі оқиғалар мен кейіпкерлерді сипаттаған кезде ол оларды жандандырып, жаңа мән беріп, қазіргі өмірдің бейнесі секілді болып көрінді. Мысалы, Уикхемнің рөлі дәстүрлі «зұлымға» жақын, алайда бұл романда Остен оның бейнесін шындыққа жанасатындай етіп бейнеледі. Лидияның үйден қашып кетуі Ричардсонның себептеріне ұқсайды, алайда оның шешімі байсалдырақ және заманауи жолмен табылады.
Осы орайда Остен қырық жыл бойы өмірді көшірмелеуге шақырған натуралистер секілді әрекет еткен жоқ, ол жан-жағында байқаған нәрселерді сипаттады. Тіл мен стильде дайын сөз орамдарын қолданбас үшін, ол мелодраманың нәрсіздігіне жол бермеді, керісінше тебіреніс пен сезімталдықты күлкіге салды.
Табиғатты суреттеу жайлы айтатын болсақ, бұл арада Остен ұстамды және ықшам. Табиғатты суреттеге көп көңіл бөлмейді, романда мүлдем кездеспейді десе де болады. Жиырмаға жетер-жетпес суреттемелер ғана бар.
Оның суреттемелері эпитеттерге, метафораларға және басқа көркемдегіш құралдарға бай емес.Суреттемелер қарапайым және түсінікті. Олар оқырманның назарына түспейді. Незерфилд, Розингс, Хартфордшир және басқа жерлердің әдемілігі туралы жекелеген сөз тіркестерінен ғана түсінуге болады.
Джейн Остен табиғаттың мәнін әсірелемейді. Олар тек басты кейіпкер Элизабет Беннеттің психологиясын сипаттау үшін маңызды болғандықтан ғана қолданылады.
Қалалар мен поместьенің аттары көбінесе ойдан шығарылған, мысалы: Незерфилд, Меритон, Пемберли, Хансфорд, Уэстерхем, Лонгборн, Лукас Лодж. Ал басқа жерлердің аттары шынымен өмірде болған.
Мысалы, табиғатты суреттеу Джейн Беннет құрбысы Кэролайн Бинглиге Незерфилдке барғанда ғана, яғни тек жетінші тарауда ғана кездеседі.
Ауа райы бұзылғанына, анасы миссис Беннет қуанады. Себебі оның қызы Незерфилдте біраз уақыт бола тұрса, анасы жақындастырғысы келген мистер Бинглимен болуға тамаша мүмкіндік болушы еді.
… her mother attended her to the door with many cheerful prognostics of a bad day. Her hopes were answered; Jane had not been gone long before it rained hard. …The rain continued the whole evening without intermission…
Осы қысқа суреттемеде басты рөлді жаңбыр ойнайды, келесі етістіктермен берілед: rained, continued. Ырықсыз етісті қолдану had not been gone жаңбыр Джейннен бұрын басталып, жолында кедергіге айналады, осы арада табиғаттың күші одан басым болады. Осы тарауда Элизабеттің Незерфилдке Джейнді күту үшін баруы қысқаша сипатталады: ол жаңбыр астында қалып қойып, оған суық тиіп қалады. Жолындағы саз-батпаққа қарамастан, жолынан қалмайды. Бұл оның табандылығы мен мінезінің қатаңдығын көрсетеді.
…Elizabeth continued her walk alone, crossing field after field at a quick pace, jumping over stiles and springing over puddles with impatient activity…
Сrossing, jumping, springing герундийлерін қолдану суреттемеге динамикалық сипат береді; Элизабеттің жолында жыралар не үйінділер сияқты кедергілердің жоқ екендігін аңғартады. With impatient activity тіркесі Элизабеттің Незерфилдке тезірек жеткісі келетінін білдіреді. Over предлогын қолдану Элизабеттің жолында кедергілер бар екендігін және оларды күшпен жеңу керектігін аңғартады.
Тоғызыншы тараудағы табиғат суреттемелері миссис Беннеттің мистер Бинглиге поместье жөнінде жағымпаздануы үшін ғана қолданылады
“You have a sweet room here, Mr. Bingley, and a charming prospect over the gravel walk. I do not know a place in the country that is equal to Netherfield”.
Он жетінші тарауда бір сөз арқылы әпкелі-сіңлі Джейн мен Элизабеттің арасындағы әңгіме бұталы тоғайда орын алып жатқанын түсінуге болады (shrubbery).
…The two young ladies were summoned from the shrubbery, where this conversation passed…
Бұл әңгіменің мағынасы зор болды, себебі Элизабет мистер Уикхемнан мистер Дарсидің (мистер Бинглидің жақын досы) өмірі және мінезі жайлы біледі. Балда ол Элизабетке жағымды әсер қалдырған жоқ, сонымен қатар ол мистер Уикхемнің болашағын қамтамасыз ету туралы қайтыс болған әкесіне берген уәдесін орындамады. Мистер Уикхемнің әкесі Пемберли махалласында (мистер Дарси әкесінің поместьесінде) дін қызметшісі болып жұмыс істеді.
Осы тарауда апалы-сіңлі Беннеттердің балға дайындалуына кедергі ретінде жаңбыр сипатталады. Олар мистер Бингли ұйымдастырған балды асыға күтеді. Алайда олар киімді Меритонға шабарман арқылы әкелуге мәжбүр болады. Жаңбыр олар мен сыртқы дүние арасындағы кедергі рөлін атқарады.