Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 19:50, дипломная работа
Әр ұлттық тілдің сырын жете тану үшін сол тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аз, оның түпкілікті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты.
Қаламгер қаламының қуатын оның сөзінен, ойын қоғамдық ісінен, психологиясын ұлт перзенті ретінде халқын сүюінен көреміз. Ұлттық сезімінен немесе табиғи дарынның қабілетінен туған ішкі жағдайлардың әсер етуінен ол тілдік тұлға сипатына енеді.
Кіріспе.............................................................................................................
1 Зерттеудің теориялық негіздері................................................................
1.1 XVIII және XIX ғғ. негізгі әдеби ағымдар.............................................
1.2. Джейн Остен ..........................................................................................
1.3. Шарлотта Бронте..................................................................
2 Көркем шығармадағы табиғаттың сипаттамасы........................................
2.1. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романындағы табиғаттың сипаттамасы..
2.2. «Джейн Эйр» романындағы табиғаттың сипаттамасы...
2.3 Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және Д. Остеннің «Тәкаппарлық пен жаңылыс» романдары бойынша салыстырмалы талдау............................
Қорытынды.....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................
Германия романтизмнің классикалық мемлекеті саналды. Романтизмнің Еуропада қарқынды түрде дамуына алғышарт болған Ұлы француз революциясы мұнда жағымды сипатқа ие болды.
Романтикалық көзқарас пен романтикалық эстетиканың негіздерін иен мектебінің неміс жазушылары мен теоретиктері қалады (В.Г. Ваккенродер, Новалис, Тик, Ф. Шеллинга). Олардың шығармаларының негізі – ұлт босату идеялары мен ежелгі діндер.
Неміс романтиктерінің екінші ұрпағын (гейдельберг мектебі) дін, ұлттық көнеліктер, фольклор қызықтырды (Л. Арним, братья Яков и Вильгельм Гримм).
Кейінгі неміс романтизмінде қайғылы тығырық (Клейстің драматургиясы және новеллистикасы), қазіргі қоғамға деген сыни көзқарас және болмыс пен арманның арасындағы алауыздық (Гофманның әңгімелері мен повестері) орын алады.
Ағылшын романтизмі қоғам мен адамзаттың жалпы даму мәселелеріне, қарама-қайшылықты, тіпті тарихи үрдістің апаттылығын ерекше сезінуге негізделген. Қазіргі өнеркәсіптік қоғамды қабылдамау, ескілікті, буржауазияға дейінгіні, патриархалдық қатынастарды мінсіздендіру, табиғатты, қарапайым, шынайы сезімдерді білдіру – «озерная школа» ақындарының негізгі сарыны. Дүниені саналы түрде қайта құру мүмкіндігіне сенбей, олар христиандық бағынушылықты, діншілдікті, адам психикасының санасыз бастауына енуді насихаттады. Ұлттық ескілікке, ауызекі ұлттық поэзияға деген қызығушық Скот шығармашлығына тән. Ол ортағасырлардағы сюжеттерге жазылған романтикалық поэмалардың авторы және еуропалық әдебиеттегі тарихи романның негізін қалаушы. Әлемнің әдемілігі және адамның тамаша табиғатының үні ретінде «Лондон романтиктері» тобына кірген Дж. Китстің поэзиясын атауға болады (эссеистер мен сыншылар Ч. Лэм, У. Хэзлитт, Ли Хант).
Байрон мен Шеллидің шығармашылығы күрес пен қарсылық тақырыбына толы. Оларға ортақ белгілер: саяси тебіреніс, қоғамдық құрылысқа деген теріс қатынас, қаналған және сорлаған халыққа деген аяушылық, адам тұлғасының құқықтарын қорғау, болашаққа деген ынтық ұмтылыс. Алайда саяси идеалдар мен қоғамның болашағының көмескі болуы Байронның шығармашылығында қайғылы тығырық және «әлемдік қайғы» сезімін тудырды. Оның жасаған дарашыл ереуілшілердің бейнелері барлық еуропалық әдебиетке үлкен ықпал көрсетті (басқаша байронизм деп аталды).
Осылайша, романтизмнің басты белгісі – болмыстың құбылыстары мен үрдістерін түсінуде жеке тұлға рөлінің басым болуы, соның салдарынан пайда болған мінсіздік пен болмыс арасындағы айырмашылық. Мінсіздік пен болмыстың арасындағы осындай айырмашылықтың салдарынан романтик қоғам өмірінің ақиқат шарттарын, өмірді басқаратын заңдарын зерделеп түсінуді мақсат етпейді.
Ақиқат әлеуметтік-тарихи жағдайлар мен себептердің жиынтығын талдаудың арқасында көркем ой қорытындыларын шығару романтикалық әдіс үшін тән емес.
Әдебиеттегі, өнердегі реализм – ақиқат болмысты белгілі бір көркем шығармашылыққа тән арнайы құралдармен сипаттап жеткізу. Өнердің тарихи дамуы барысында реализм белгілі бір шығармашылық әдістердің нақты формаларына ие болады. Мысалы, ағартушылық реализм, сыни реализм, социалистік реализм.
Бұл әдістер бір-бірімен сабақтасып жатса да, өздеріне тән ерекшеліктері де бар.
Әдебиеттегі реализм белгілері Өркендеу дәуірінде, ең алдымен М. Сервантес пен У. Шекспирдің шығармашылығында, әсіресе мінездерді сипаттау кезінде көрінді. 17 ғ. классицизм мінездерді нақты жүйелеудің әдісін ойлап тапты, алайда реализм кейінірек буржуазиялық қоғамның дамуына орай қарқынды дами бастайды. 18 ғ. әдебиет демократиялық сипатқа ие бола бастайды – бұдан бұрынғы әдебиетте бай-манаптардың өмірі мен идеалдары баяндалса, ал енді бас кейіпкерлер ретінде монахтар мен ақсүйектер емес, орта таптың өкілдері, яғни көпестер, қала тұрғындары, сарбаздар, теңізшілер алынып, олардың күнделікті және тұрмыстағы өмірі сипатталады.
18 ғ. реализмге ағартушылық идеология тән. Ол ең алдымен прозада байқалады; қарапайым адамдардың тағдырын, жеке өмір эпосын бір сарынды сипаттайтын роман әдебиеттің айқындаушы жанрына айнала бастайды. 18 ғ. мәні зор реалистік романдар Ұлыбританияда (Д. Дефо, С. Ричардсон, Г. Филдинг, Т. Смоллетт, Л. Стерн), Францияда (А.Ф. Прево, Д. Дидро, Ж.Ж. Руссо), Германияда (ерте И.В. Гёте) жазылған. Романнан кейін буржуазиялық немесе мещандық драма пайда болады, Ұлыбританияда – Дж. Лилло, Францияда – Дидро, Германияда – Г.Э. Лессинг, жас Ф. Шиллер).
18 ғ. реализм қазіргі қоғамның тұрмыстық өміріп қайта жасап, оның әлеуметтік және адамгершілік жанжалдарын көрсетті, алайда мұнда мінез-құлық тікелей сипатталып, рақымшылық пен көргенсіздіктің ара-жігін қатты ажыратқан моральдік критерийлерге бағынды. Тек кейбір шығармаларда ғана жеке тұлғаны бейнелеу күрделі де, кереғар да сипатқа ие болды (Филдинг, Стерн, Дидро).
19 ғ. басында реализм, 18 ғ. ағартушылық реализмге қарағанда, адамның ішкі дүниесін терең суреттеп, тұлғаның шиеленістері мен бос әңгімелерін анықтап, «субъективті шексіздігін» ашты. Романтизм, сондай-ақ өнерге тарихилық және халықтық принциптерін енгізді.
19ғ. 30жж. пайда болған сыни реализмнің романтизммен генетикалық байланысы болған; қос бағытты буржуазиялық революциядан түңілу және бекітілген қапиталистік құрылысқа деген теріс қатынас біріктірді. Ұлыбританияда Ч. Диккенс буржуазиялық қоғам өмірінің кең көлемді суретін жасап, «көптеген түрлер, ынтық сезімдер мен оқиғалардың жасырын мағынасын ашты». Реалистикалық әдебиеттің жетекші жанры болып роман қала берді. Оқиғалар жеке тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін өзіндік өмірінде күресі, ептілердің айла-шарғылары, сорлылардың қайғылары аясында өрбиді. Реализм материалдық игіліктердің адамгершілікке кері әсер ететінін, адамдардың арасындағы табиғи байланыстардың үзілетінін, некенің пайда үшін жасалатын әрекет екенін көрсетті. Алайда, 19 ғ. бірінші жартысындағы реализмнің сыни рухы жазушыларда жағымды идеалдардың бар екенін теріске шығарған жоқ; олардың сынының күші адамгершілік пен дамуға деген сенімнен байқалады.
19 ғ. ортасында реализм өзгереді. Егер Диккенс кезінде адам жағымсыз жағдайларға қарсы тұра алса, ал ғасырдың екінші жартысында Батыстағы реализм жеке тұлғаны шеттетумен, бірсарындылықпен, мінезден, еріктен, ортаға қарсы тұру қабілетінен айырылумен сипатталады, әсіресе У. Теккерейдің шығармашылығында ерекше байқалады. Алайда адамды шеттетуге қарсы Ұлыбританияда (Дж. Элиот) жоғары адамгершілік және адамгершілік идеалдарды бекіту қарсы тұрды. Жазушылардың шығармалары философиялық тақырыптарды қозғады, әлеуметтік болмысты кеңінен қамтыды, «кемсітілген және қорланғандардың» тағдырына аяушылықпен қарауды, психологиядық талдаудың шеберлігін көрсетті.
Жетекші бағыт ретінде сни реализм сыни реализм ағылшын әдебиетінде XIX ғасырдың 30-40 жылдарында қабылданады. 40-жылдардың екінші жартысында, яғни чартистік қозғалыстың өркендеуі кезінде, шарықтау кезеңіне жетеді. 30-40 жылдары Диккенс, Теккерей, Бронте әпкелері, Гаскелл, ақын-чартистер Джонс, Линтон және Масси сияқты тамаша реалист жазушылар шығады.
XIX ғасырдың 30-40 жылдары Англияның тарихында әлеуметтік және идеологиялық күрестің шиеленіскен кезеңі, пролетариаттың тарихи алаңға шығатын мезгілі. Осы қарқынды дәуір демократиялық мәдениетті өмірге қайта алып келді.
Елдегі саяси жағдай 1846-1847жж., яғни 1848 ж. еуропалық революциялардың алдында шиеленісті. 40-жылдардың екінші жартысында чартистік ақындар мен публицистер жазушылық сахнаға шығады. Чартист ақындардың өлеңдерінің әлеуметтік тереңдігі және саяси ынтықтығы керемет болады.
40-жылдары ағылшын сыни реализмінің тамаша шығармалары дүниеге келеді. Дәл осы кезеңде Ч. Диккенстің «Домби и сын», У. М. Теккерейдің «Ярмарка тщеславия», Ш. Бронтенің «Джейн Эйр» және «Шёрли», Э. Гаскеллдің «Мэри Бартон» романдары жазылады. Осы шығармалардың барлығы бұқара халықтың көңіл-күйін білдірді.
Ағылшын реалистерінің шығармашылығы шиеленіскен идеологиялық күрес жағдайында дамыды.
Буржуазиялық ғалымдар мен жазушылардың еңбектерінде «викториандық Англия» ұғымы таралды. Оның мәнісі 1834 ж. бастап 1901 ж. дейін жалғасқан елде аманшылық пен тұрақты гүлдену орын алған королева Викторияның басқарған кезеңімен байланысты. Бұл ресми көзқарас шынайы жағдайға сәйкес келген жоқ және болмыспен теріске шығарылды. Оның жойылуына реалист жазушылардың шығармашылығы септігін тигізді.
XIX ғасырдың
ағылшын реалистері өздерінің
шығармаларында қазіргі
Олар буржуазиялық-аристократиялық ортаның өкілдерін ғана сынап, келекелеген жоқ, қолдарында билігі барлар белгілеген заңдар мен ережелер жүйесін де сынға алды. Реалист жазушылар үлкен әлеуметтік мәні бар мәселелерді қозғайды, оқырманды бар қоғамдық құрылыстың адамгершіліктен және әділеттіктен жұрдай екені туралы ойға алып келетін қорытынды жасайды.
Реалист жазушылардың шығармаларында буржуазияға қарсы бағыт айқын байқалады. Халық ішінен шыққан адамдарды сипаттау кезінде ағылшын жазушыларының, ең алдымен Ч. Диккенстің гуманизмі айқын байқалды.
XIX ғасырдағы
ағылшын әдебиетінде роман
Олардың кітаптарында«бұрынғы кіршіксіз Англия» емес, қарама-қайшылықтарға толы ел бейнеленді. Шән мәнінде, бұл кезеңде, бір емес, қос Англия өмір сүрді– байлар және кедейлердің Англиясы.
Романның әлеуметтік, сонымен қатар географиялық аясы кеңейді: Лондонның қараңғы лас түпкірлері және ағылшын провинциясы, ұсақ өнеркәсіптік қалалар мен ірі индустриалдық орталықтар; Теккерей және т.б. романдарын Англиядан тыс жерлерге дейін жеткізеді.
Жаңа кейіпкерлер пайда болады. Бұлар қарапайым халық арасынан шыққан адамдар ғана емес, өмірі жайлы терең ойға бататын, өте сезімтал, қоршаған ортасында болып жатқан оқиғаларға қатты назар аударатын және белсенді әрекет ететін адамдар болды («Мэри Бартон» романындағы Джон Бартон, Шарлотта және Эмилия Бронтенің романдарындағы кейіпкерлер).
Өзінен бұрынғы жүзжылдықтағы ағартушылық роман жетістіктерін, романтиктердің жаңалықтарын, В. Скоттың тарихи роман жазудағы тәжірибесін үйренген XIX ғасырдағы ағылшын реалистік романының формалары сан алуан. Қоғамды бейнелеудегі эпикалық көпжоспарлы ауқымдылық қоршаған ортамен өзара әрекеттескен жеке адам тұлғасын бейнелеумен бірге сипатталады. Психологиялық анализд шеберлігі артады.
1848 ж. кейін сыни реализм және жетекші жанрлардың бірі роман тарихында жаңа кезең басталады. Революциялық көтерілістер мен 1848 ж. еуропалық революцияларды басудан кейінгі 50-60 жж.да Англия жаңа даму кезеңіне өтеді. Англия халықаралық өнеркәсіп пен сауда саласында жетекші орынды иеленеді.
XIX ғасырдың
екінші жартысындағы реалистік
роман жаңа сипаттар мен
Жоғарыда айтылғанды қорытындылайтын болсақ: суретші-реалисттің көзқарасына және шығармашылық әдісінее болмысты объективті түрде бейнелеуге ұмтылу тән. Ол, әдетте, өзі ойында қалаған дүниелерді қоспайды. Реалист өз идеалын объективті болмыстың тарихи даму үрдісін тану арқылы және ондағы мүмкіндіктерді қолдану арқылы табуға тырысады.
1.2. Джейн Остен
Әрбір білімді ағылшын азаматы үшін Джейн Остен атыкөп нәрсені білдіреді: бір кездері оқыған және қайта оқудан жалықтырмайтын кітаптар, форманың мінсіздігі туралы ойлар, кейіпкерлердің сөздерін немесеқылықтарынқазіргі кезде өмір сүретін адамдардан байқауға болатын кейіпкерлердің бейнелері.
Остеннің XIX ғасырдағы реалист жазушыларға деген ықпалы зор болды. Атақты суретшілер мен сыншылар оқыған кітап. Бір жазушылар оны реалистік шеберліктің үлгісі ретінде таныды. Біреулер одан бас тартты. Қазіргі күнге дейін ағылшын әдебиеттанушылары XIX ғасырдағы реализм классиктерін зерттеген кезде оларды Остенмен салыстырады.
Бұл қандай реализм? Мызғымайтын анықтаманы жөн көретіндер де бұл жолы тығырыққа тіреледі. Остенді ағартушылық реализм немесе сыни деп те атауға келмейді.
Остен өнері ерекше талқыланып, оған ерекше түсініктеме берілу керек. Алайда бір нәрсе анық: XIX ғасырдағы ағылшын реализмін Остенсіз елестетут мүмкін емес.
Өз монографияларында Остен туралы жазған Уолтон, Литцпен (АҚШ)келіспеуге болмайды: «Біз оны бірінші «қазіргі» ағылшын романтисті деп атамаймыз, себебі ол Филдинг мен Ричардсон жасаған әдісті біріктірген бірінші прозашы болды». Ол әдіс сыртқы оқиғалардың барысын бейнелеуге және тұлғаның жеке әсерлері мен сезімдерінің күрделілігін сипаттауға мүмкіндік берген1.
Остеннің өмірі жайлы ол шет аймақтық дін қызметшісінің отбасында дүниеге келіп, өмірін ауылдық қараңғылықта өткізді, өмірінде ешқандай толқындар мен қиыншылықтар болмады, Хэмпширдегі Стивентон, кейінКенттегі Чоутонда ғана тұрды деп баяндау жалған болар еді. «Тәкаппарлық пен жаңылыс» авторының қоғамдық байланыстары туралы осындай түйіннен кейін оның шығармашылығын теріс түсініп қалуға болады. Шән мәнінде, шет аймақта тұратын дін қызметшісінің қызы артықшылықтары бар әр түрлі таптардан шыққан адамдар жайлы қайдан білуі мүмкін? Кітаптарынан байқалатын автордың білгірлігі мен дамуы қалай түсінуге болады?
Джейннің әкесі Джордж Остеннің Оксфорд университетінде алған ғылыми дәрежесі болған, және бірқатар жылдар бойы ол колледждердің бірінде ғылыми корпорацияның мүшесі ретінде қызмет атқарды. Оның зияткерлігі, ақылы және ой-өрісі өзгелерден ерекшеленді. Сонда да Остендер отбасысының текті ақсүйектер қатарынан шыққандығы олардың таныстары мен отбасы байланыстарың көптігін түсіндіреді.