Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

3.Қаржылық бақылау

Мемлекет пен муниципалдық кұрылымдардың қаржылык қызметінің ажырағысыз кұрамды бөлігі каржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет жэне каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы  экономикалық категория ретіндегі  каржыға бақылау функциясының тэн  болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің  калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың  ара салмағы, оларды қалыптастырудың  көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы  материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне  қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан  ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен  толыктырғанда; бұл органдардың  құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы  қаржыны бакылаудың кұралы ретінде  пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету  барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы  экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір  бөлігін білдірсе, каржыны басқарү  элементтерінің (жоспарлау, есеп жэне талдаумен катар) бірі ретіндегі  каржылық бакылау кондырмалық категория  болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау  нысанында жүзеге асырылады, бірақ  бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға  тэн объективті мазмұн ретіндегі  бакылау функциясын практикалық  қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен  етене байланысты іс-әрекет етеді.

Ғылыми негізделген қаржылык саясатты, тиімді каржылық механизмді калыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бакылаудың көмегімен каржы жоспарларының  орындалуы, каржылык- шаруашылык қызметтің  ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа  жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда  пайдала- нылады.

Қаржылық бақылаудың өзіндік  өзгешелігі - оның ақшалай нысанда  жүзеге асырылатындығында. Оның объекті  қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлтт>Л{Лхіаруашылыктың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен  қорланымдарды калыптастыру үдерістері, акшалай қорларды жасау жэне пайда- лану болып табылады.

 

БИЛЕТ  № 16

1.ҚР сайлау жүйесі  және сайлау құқығы 

Сайлау референдуммен  қатар халық билігін білдірудің формасы; халық егемендігінің бір көрінісі болып саналады, конституцияның 3-бабының 2-тармағы және 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлауға және сайлаушыға азаматтардың құқығы бекітіледі. Сайлау жолымен мемлекеттің өкілді органдары құрылады. 

Сайлау науқаны (өзіне  сайлау округтерінің, учаскелерінің  құрылуын, сайлаушылар тізімдерін жасау  мен тексеруді, сайлау комиссияларын  құруды, кандидаттарды ұсынуды, сайлау алдындағы күресті, дауыс беру күшін енгізеді) заңмен белгіленген белгілі ережелер, қағидалар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Бүкіл осы ережелер мен қағидалардың жиынтығы сайлау жүйесін құрады.

Әлем мемлекеттерінде 2 сайлау жүйесі: үйлесімді (пропорционалды) және мажориторлы (нақты округте көпшілік дауыс алған партия өкілдері ғана сайланғандар қатарына енетін сайлау жүйесі) жүйе өмір сүреді.

Мажоритарлық  жүйе кезінде депутат тіпті округтегі сайлаушылардың аз бөлігінің даусына ие болуы мүмкін: кімнің кандидаты көп дауыс жинаса сол сайлаушылар ғана өкілдерге ие болады.Пропорционалды жүйе кезінде барлық сайлаушылардың Парламентте өз өкілдері болады.

Мажоритарлық жүйенің: абсолютті  көпшілік және салыстырмалы көпшілікке бөлінетін 2 ішкі түрі бар.Мажоритарлық жүйе кезінде, егер бірінші сол сияқты екінші турда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50%-дан көбі қатысса, абсолютті басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер сайлауға қатысқан сайлаушылардың 50%-дан артығы оны жақтап дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі.  Мажоритарлық жүйе кезінде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың санына қатыссыз түрде, салыстырмалы басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер оны жақтап, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25%-дан астамы дауыс берсе, мұндай жағдайда, басқа үміткерлерге қарағанда сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып саналады. Қазақстанда абсолюттік басым көпшілікті мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Жоғарыда баяндалғандардан, қоғамдық қатынастарды реттеуші, сайлауға әзірлік пен оны өткізу барысында туындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы – сайлау құқы сияқты конституциялық дербес құқық  институтын бөліп көрсетуге болады. Сайлау құқығының негізгі қағидалары: 1. Жалпыға бірдей сайлау құқығы. 2. Тең сайлау құқығы 3. Төте сайлау 4. Жанама сайлау 5. Жасырын дауыс беру. 6. Еркін дауыс беру

2.Әкімшілік іс  жүргізу

Бір іс жүргізуде немесе бірнеше  қылмыстарды жасағанында,қатысқандығына бірнеше адамдарды айыптау жөніндегі  істер,сондай-ақ бұл қылмыстарды күні бұрын уәде берілмей жақсырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөніндегі істер біріртіруі мүмкін.Егер ол істі тергеу мен шешудің жан-жалдығана, тұтастығына әсер етпесе,қылмыстық,істерді бөлектеуге рұқсат етіледі. Істі бөлектеу қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде жүзеге асырылады.Қылмыстық ізге түсу органы шығарған қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жолданады.Өаулыға түпнұсқада немесе көшірмесінде бөлектенетін материалдардың тізбесі қоса берілуі тиіс. Сотта қылмыстық іс бойынша іс-жүргізу,егер айыптауісі бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендігіне,ҚР тысқары жерлерде іс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен ьолық немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін. Қылмыстықіс боайынша іс-жүргізу оны тоқтатуға негіз болған жағдайлар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.Әлгі жағдайлар жойылған соң анықтаушының,тергеушінің немесе соттың қаулысымен ол жаңыртылады.Қылмыстық ізге түсу органы шығарған қылмыстық істі тоқтата тұру туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жолданады.ҚР әкәмшілік іс жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі,алқажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Әкімшілк іс жүргізу қатысушылар тараптар хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде онымен танысуға және айғақтардың хабарламалардың мұрақтар мен жауаптардың жіберілген бұрмалануын сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралыіске қатысты болған мән-жайларды мазмұндаудың толымсыздығын көрсетіп жазбаша ескертуін беруге құқылы.

3.Отбасы құқығы  түсінігі

Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу  үшін бала алудан туындайтын қатынастаротбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша  шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке  толмағандардың мүдделеріне қатысты  болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді

Отбасының толық және толық  емес түрлері болады. Толык отбасында  ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі  жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

 

БИЛЕТ  № 17

1.ҚР Үкіметінің  конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының  Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың  іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды  жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант  береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді  және жаңадан сайланған Президент  алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің өкілетті органдарда (мысалы: Парламент,мәслихат) депутат  болуға, өзге де ақы төленетін жұмысты  атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок. Үкіметке кең ауқымды  өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің  бәрі — Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді  одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе (белгілі бір жағдайда, себептермен) өздерінің орнынан  түсетіндігі туралы (мысалы, Үкімет мүшелерінің өз бастамасымен кызметтен  кетуі) Президентке мәлімдеуге құқылы. Парламент Үкіметке сенімсіздік  білдірген ретте Үкімет орнынан  түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Президент өз бастамасы бойынша  Үкіметтің өкілеттігін тоқтату  туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен  босатуға құқылы. Премьер-министрдің орнынан  түсуін Президенттің қабылдауы немесе оның қызметтен босатылуы бүкіл  Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.

Сонымен, Президент — мемлекет басшысы, мемлекеттін ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Ол мемлекеттік  биліктің барлық тармағының (заң, атқарушы және сот) келісіп жұмыс істеуін  қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының  Парламенті — заң шығарушылық  қызметі жүзеге асыратын республиканын  жоғары өкілетті органы. Үкімет — атқарушы биліктің жоғары органы, оны Президент  құрады және оған экономика, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси басқару, сыртқы саясат салаларында кең аукымды өкілеттік  берілген.

2.Ата-ана және  бала құқықтары мен міндеттері

Балалардың ата-аналарынан туғандығың анықтау

АХАТ органдарында адамдарды әкесі мен шешесі (асырап алушылар) ретінде жазу және баланың тууы (асырап алынуы)туралы, куәлік беру баланың туғандығың куәландыратын құжаттар болып табылады.

Баланың анасынан туғандығын анықтау, әдетте, киындық туғызбайды. Бала туған медициналық мекеменің  берген анықтамасы, ал бала медициналық  мекемеден тыс жерде туған  жағдайда — баланы қабылдаган медицина қызметкері толтырған құжат, сондай-ақ куәлардың айғағы және басқа да дәлелдер, соңғысына, әдетте, медициналық сараптамалар жатады (каң сараптамасы) гендік дактилоскопия және басқалары баланың нақ осы әйелден туғандығын айғақтайтын дәлелдемелер болып табылады.

Баланың әкесінен туғандығын анықтау бұдан едәуір күрделірек. Сондықтан ежелгі қазақта бала әкеге — күмөн, шешесіне — аян деген мәтел бар. Бала тіркелген некеден туған жағдайда бала анасының күйеуі болып табылатын адамның өкелік дәлеліәрекет етеді. Бұл адам баланың әкесі деп есептеледі және дәлелді қажет етпейді. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып табылады.

Бала өзара некеде тұрмайтын  ата-аналардан туғандығын әкесі  жағынан ерікті турде не сот арқылы анықтауға болады.

Әкелігін ерікті түрде  тану — әкесі мен шешесінің АХАТ органына бірлескен етініш беру жолымен жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған ата-аналар үшін де әкелігін тану құқығы қолданылатын айтуымыз керек.

Баланың мүдделерін қорғау мақсатында әкелік — сот төртібімен анықталады. Баланың әкесі деп жобалаған  адамға талап қойылады.

Баланың құқықтары. Балалар  мүдделерін. мемлекеттік қорғау Әрбір  баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан  да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында  және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға  қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен  бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс  күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының  арасындағы қатынастарды тоқтатуға  әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"