Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Жеке еңбек шарты қолданылу  мерзіміне қарай:   — белгісіз мерзімге;   — белгілі бір  мерзімге;   — белгілі бір  жүмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді  ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін.  Шарттың нақты мерзімі қызметкер  мен жұмыс берушінің келісімі бойынша белгіленеді.  Белгілі  мерзімге жасалған шарт белгісіз мерзімге жасалған шарттан тараптар үшін шарт мерзімі біткен кезде қандай да болмасын себептерді көрсетпестен еңбек қатынастарын тоқта-ту мүмкіндігімен ерекшеленеді.

 Белгілі бір жұмыстың  орындалу мерзіміне жасалған  шарт-тар белгілі бір мерзімдік  шарттардың бір түріне жатады, бірақ, бүл жағдайда шарт жасасу  кезінде оның мерзімі нақты  күнтізбелік кезеңмен шектелмей,  белгілі бір жұмыстың аяқта-луына  байланысты қойылады.

 Шарт белгілі бір  жүмыстың орындалу уақытына немесе  уақытша жұмыста жоқ қызметкерді  алмастыру уақытына, жұмыстың аяқталу  мерзімі шамамен ғана белгіленуі  мүмкін болғанда жасалады (мысалы, қызметкердің ауруы; нақты объекті  құрылысының аяқталуы т.б.)

 

БИЛЕТ  № 14

1.Жұмыс уақыты  және демалыс уақыты

Жүмыс уақыты — қызметкер  жұмыс берушінің актілері мен  жеке еңбек шартының талаптарына  сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының  қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында  тараптар-дың келісімі бойынша жұмыс  уақытының ұзақтығы белгіленген  нормадан азырақ көзделуі мүмкін.

 Қызметкер жеке еңбек  шартында белгіленген еңбек міндеттерін  жұмыс уақыты ішінде орындауға  міндетті, деген-мен бұл уақыт  нақты жұмыс істелген уакытпен  сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс  істелген уақыт дегеніміз —  жұмыс уакытын есепке алу тізімдігінде  көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке  ақы төлеу нақты жұмыс істелген  уакытқа төленеді.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке  сәйкес жұмыс уакыты-ның қалыпты  ұзақтығы аптасына 40 сағат болып  белгіленген қызметкерлер үшін  жүмыс күнінің ұзақтығы:   5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;   6 күндік  жұмыс аптасында — 5 күн —  7 сағаттан, ал бір күн — 5 сағаттан  болып белгіленген (Қазақстан  Республикасының Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).

 Қысқартылған жұмыс  уақыты. Жұмыс уақытының қысқар-тылған  ұзақтығы кызметкерлердің жекелеген  санаттарының еңбегін қорғау, оқу  мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға  жағ-дай жасау, өндіріске кәмелетке  толмаған жеткіншектерді және  еңбекке қабілеттіліктері төмендеген  тұлғаларды тарту мақса-тында  белгіленген. Енбек туралы заңнамаға  сәйкес қызметкерлердің жекелеген  санаттары үшін жүмыс уақытыньің  қысқартылған ұзақтығы:

1) 14 жастан 16 жаска дейінгі  қызметкерлер үшін — аптасы-на 24 сағаттан, яғни 6 күндік жүмыс аптасында  күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс  аптасына — 4 күн — 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа  дейін — аптасына 36 сағаттаң, яғни 6 күндік жүмыс аптасында —  күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс  аптасында — 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн — сағаттан  аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында  және еңбек жағдайлары зиян-ды  жұмыстарда істейтін қызметкерлер  үшін — аптасына 36 са-ғаттан аспайтын  болып белгіленеді. 

 Ауыр денене жұмыстары  деп қызметкердің ауыр заттарды  қолымен көтеруге немесе орын  ауыстыруға байланысты қызметтерінің  түрлері не 300 ккал (сағаттан астам  күш-қуат жұмсайтын басқа да  жұмыстарды айтады. Зиянды (әте зиян-ды) еңбек жағдайларына белгілі бір  ондіріс факторларының әсер етуі  қызметкердің жұмыс кабілеті  төмендеуіне немесе ауруына, оның  ұрпақтарыныңденсаулығына теріс  ықпал етуіне әкеп соғатын  еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) — белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не онын қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

 Жұмыс істеу жұмыс  уақытының ұзақтығын қысқартуға  құқық беретін ондірістердің  кәсіптер мен қызметтердің тізімін,  сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (неме-се) ауыр (өте  ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардыңтізбесін  еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік  орган белгілейді.

 Толық емес жүмыс  күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің  және тағы бас-қа азаматтардың  жағдайларын ескере отырып, олармен  жеке еңбек шарты толық емес  жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қыс-қартылған жұмыс күнінен толық  емес жұмыс күнінің айырма-шылығы  мынада: егер алғашқысында жұмыс  күні жалақы азай-май қысқартылатын  болса, толық емес жұмыс күнінде  қызмет-кер жалақысын жұмыс істеген  уақытына немесе шығарған өнімнің  көлеміне қарай алады. 

 Толық емес жұмыс  уақыты жағдайында жүмыс істеген  қызметкерлердің еңбек құқыктарының  көлемі ешқандай шектелмейді. 

 Түнгі уақыттағы жүмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат  6-ға дейінгі уакыт түнгі уақыт  болып есептеледі. Жұмыс уакыты-нын  кемінде 50 пайызы түнгі уакытка  келетін ауысым түнгі ауысымға  жатады (Қазақстан Республикасы  Еңбек және ха-лыкты әлеуметтік  қорғау министрінің 2000 жылғы 10 желток-сандағы № 493 бұйрығымен  бекітілген «Кызметкерлердің еңбегіне  акы төлеу жөніндегі әдістемелік  нұсқаулардын» 20-тармағы).

 Жүкті әйелдерді түнгі  уакытта жұмыс істеуге тартуға  олар-дың келісімімен ғана жол  беріледі. Түнгі уақытта жұмыс  істеуге 18 жаска толмаған адамдар  мен түнгі уакытта жұмыс істеуге  тыйым салатын медициналық корытындысы  болған жағдайда өзге де адамдар  жіберілмейді.

2.Қылмыстық іс-жүргізу  түсінігі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада  және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

3.Қылмыстық жаза  түсінігі, оның мақсаты

Қай  мемлекет  болмасын  ол  қылмысқа  қарсы  күрес  жүргiзуде  əртүрлi  əлеуметтiк  ұйымдастырушылық, экономикалық, тəрбиелiк, рухани шаралардың барлық түрiн кеңiнен  қолдануға тырысады. Қылмыс  пен  жаза -  қылмыстық  құқық  өзiнiң  пайда  болған  кезiнен  сүйенетiн  бiр-бiрiмен  тығыз байланысқан  ажырамас  категориялар. Қылмыстық  жаза мəселесi  қылмыстық  құқық  теориясында  ерекше орын  алады,  өйткенi,  ол  қылмыстылықпен  күресу  шараларының  жүйесiндегi  ең  ауыр  да  қажеттi шаралардың бiрi болып  табылады. Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген

 

БИЛЕТ  № 15

1.Адам және азаматтың  конституциялық құқықтары мен  бостандықтары жүйесі, міндеттері

Адамның құқықтары – бүкіл  адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен  әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның  жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына  жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін  адаммен өлшеудің мәні осында.

Жалпыға бірдей адам құқығын  мойындау олардың конституциялық құқықтар мен арақатынасын, құқықтардың түбегейлі, негізгі және туынды болып бөліну мәселелерін тудырады. Түбегейлі  құқықтарға туа біткен ажырағысыз, абсолюттік, халықаралық мойындалған  жалпыға бірдей құқықтар жатады. Туынды құқықтарға конституциялық түрде мойындалған  және қоғамның өркениеттілігі дәрежесіне байланысты нақтыланатын, түзетілетін  құқықтар жатады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар — Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде  бекітілген құқықтар мен бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы  негізгі болып табылады деп айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен  конституциялық және негізгі құқықтардың  бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің  Негізгі заңында белгіленгендіктен  ғана емес, сонымен қатар адам мен  қоғамның, азамат пен мемлекеттің  араларындағы елеулі байланыстар мен  қарым-қатынастарды бекітетіне байланысты айтылады.

Заң ғылымында негізге  қандай критерийлерді алғандығына  байланысты адам құқықтары мен бостандықтарының әртүрлі жіктелулері көрсетіледі. Критерийлер белгілі нақты талаптарға жауап беруі тиіс: олардың сапалы, маңызды болуы тиіс және әр топ  пен әрбір түрдің ерекшеліктерін анықтауға көмектесуі тиіс.

Конституцияда келтірілген  негізгі құқықтар мен бостандықтардың  көпшілігі жай ғана жиынтық емес, олар белгілі ғылыми, мейлінше терең  ойластырылған логикалық негізі бар жүйе болып табылады. Негізгі  құқықтар мен бостандықтар жүйесі тек  қана олардың тобын ғана сипаттаумен  шектелмей, сонымен қатар Конститутцияда олардың бірізді орналасуының басымдығын да сипаттайды. Бұл жеке адамның құқықтық мәртебесі мәнінің қасиетін тануда мемлекет ұстанатын идеологияны көрсетеді.

ҚР Конститутциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктемейді. Дегенмен, негізгі құқықтар мен бостандықтардың  мынадай бөлінуін ұсынуды қажет  деп санаймыз: азаматтардың жеке құқықтары  мен бостандықтары, саяси құқықтары  мен бостандықтары, әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Бұлай жіктеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлығын қамтитын еді. Ал алдыңғы қатарға  жеке құқықтар мен бостандықтардың  шығуы біздің мемлекетіміздің қызметінде адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасын қолданатындығын көрсетер еді.

Кеңес мемлекетінде адам құқықтары  саласы тек мемлекеттің ішкі ісі  болып танылды. Мұнда адам құқықтары  жөніндегі халықаралық ұйымдардың араласуына жол берілмеді. Тәжірибеде КСРО аумағында азаматтардың адам құқықтарын қорғауға қатысты хабарласуына рұқсат берілмей, бұл құқықтарды қорғауды өзінің мақсаты етіп қойған қандай да бір қоғамдық құрылымдардың құрылуына  және олардың тексеруіне жол берілмеді. Осы принцип 1993 жылғы Ресей Федерациясының Конститутциясында көрініс тапты. Ресей Федерациясының халықаралық  шарттарға сәйкес әрбір адам егер өзін қорғаудың мемлекет ішіндегі барлық құралдары таусылған жағдайда халықаралық  адам құқығы мен бостандықтарын қорғау органдарына хабарласуына құқығы бар (3-бөлім. 46-бап).

Қазақстан Республикасының  Конститутциясының 11-бабында: «Республика  өз азаматтарын республика аумағынан  тыс жерлерде қорғайды және қолдау көрсетеді». ҚР парламентіне осы Конститутция бабының мәтінін қайта қарап, мемлекет шеңберінде құқықтары қорғалмаған  азамматтардың халықаралық қауымдастықтың шеңберінде өздерінің конститутциялық  құқықтарын жүзеге асырылу құқығы жөнінде  өзгерістер мен толықтырулар енгізгу  қажет деп ойлаймын.

2.Азаматтық іс  жүргізу түсінігі

Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін лгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың объектілері.Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталадыАзаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"