Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

• 2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);

• 3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);

• 4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау).

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал  ету шараларын қолдануды талап  етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл  түріндегі санкция қарастырылған  болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық  қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің  аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау  шараларын қолдану шегін қажетті  тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Кез келген мемлекет өмірдің  барлық қоғамдық салаларында, адамдар  арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің  көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің  артуы мүмкін емес.

 Сондықтан мемлекет  азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік  органдарының, олардың лауазымды  адамдарының құқықтары мен міндеттерін,  жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет  өзі қабылдаған заңдарды барлық  адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың  талаптаорын бұзушылардың заңмен  жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап  отырады. 

 Мемлекеттің мұндай  қызметі, яғни заңдар талаптарынан  ауытқуларға жол бермеу үшін  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғау жөнінде, шаруашылық және  қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік  органдардың қызметіндегі белгіленген  тәртіпті сақтау – бақылау  және қадағалау қызметі деп  аталады. 

 Құқықты қорғау қызметі,  негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:  а) құқық бұзушылықтан сақтандыру  жөніндегі әр алуан шаралар  жүргізу жолымен; ә) заңды істерді  қарау және шешу жолымен; б)  құқық бұзушыларды заңмен жауапқа  тарту жолымен. 

 Мемлекеттің құқықтық  қорғау қызметін жүзеге асыру  үшін құқықтары мен міндеттері  арнаулы заңдармен реттелініп  әр түрлі органдар құрылады.

 Қазақстан Республикасында  қандай құқық қорғау органдары  құрылған: Оған мыналар жатады: полиция  органдары, ұлттық қауіпсіздік  органдары, прокуратура, әділет  министрлігі, әр алуан мемлекеттік  инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы  және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері,  Президент күзетінің қызметі  және т.б. 

 Құқық қорғау органдары,  негізінен, Қазақстан Республикасының  Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның  және Әділет министрлігінің құрамында  әрекет етеді. 

 Республикада құқық  қорғау қызметін тиімді жүзеге  асыру үшін барлық құқық қорғаушы  органдардың келісіп жұмыс істеуін  қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес  жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын  жақсартудың себептерін анықтау  мен шараларын жасаудың зор  маңызы бар. Мұндай міндет заңмен  прокуратураға да жүктелген. Бұл  прокуратураның Қазақстан Республикасындағы  Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет  алдында үлкен жауапкершілігі  барын дәлелдейді.

 Құқық қорғау органдары  мемлекеттің басым құрылымдарына  жатады. Оларға қару қолдануға  дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.

 Барлық құқық органдары  төмендегі қағидаттар негізінде  жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын  басым қамтамасыз ету; 3) барлығының  заң алдындағы теңдігі; 4) құқық  қорғау органдары қызметкерлерінің  этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық  қорғау органдарының қызметкерлеріне  саяси партияларда болуға тыйым  салу.

 Бұл жөніндегі ҚР  Конституциясының 23-бабында тура  айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық  қауіпсіздік органдарының, құқық  қорғау органдарының қызметкерлері  мен судьялар партияларда, кәсіптік  одақтарда болмауға, қандай да  бір саяси партияны қолдап  сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау  органдары қызметінің барлық  аталған қағидаттары олардың  саяси күреске тартылмауына, халықтың  алдында жоғары беделі болуына,  республикада қатаң заңдылық  құқықтық тәртіпті қамтамасыз  ету жөніндегі өздерінің жауапты  қызметтерін тәуелсіз орындауға,  халыққа адал қызмет етуге,  сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  бағытталған.

2.Мемлекеттік билік  органдарының жүйесі

Атқарушы билік органдары  жоғары, орталық және жергілікті болып  бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер  шығарады. Үкімет қызметі республиканың  барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне  бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп  отырады.

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық  органдары болып табылады. Министрліктер  басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген  шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Министрліктер Үкіметтің  тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік  етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр  Үкімет мүшесіболып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік  саясатты жасап, оны іске асыру; заң  шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік  баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік  басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру  және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші  қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша  Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Ведомство — өз құзыретінің  шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы  қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді  немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты  саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша  республика Үкіметі құрады, қайта  құрады және таратады.

Министрлік, агенттік, ведомство  шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың  әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың  экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың  басшыларын тағайындайды және қызметтерінен  босатады, жергілікті атқарушы органдардың  жұмысына байланысты өзге де мәселелерді  шешеді.

Мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі  және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала  келе Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

 Қазақстан Республикасының  Президенті — мемлекет басшысы,  мемлекеттің ішкі және сыртқы  саясатының негізгі бағыттарын  айқындайтын, ел ішінде және  халықаралық қатынастарда Қазақстанның  атынан өкілдік ететін ең жоғары  лауазымды тұлға. Республиканың  Президенті — халык пен мемлекеттік  билік бірлігінің, Конституцияның  мызғымастығының, адам және азамат  құқықтары мен бостандықтарының  нышаны әрі кепілі. Президент  мемлекеттік биліктің барлық  тармағының келісіп жұмыс істеуін  және өкімет органдарының халық  алдындағы жауапкершілігін камтамасыз  етеді (40-бап).

 Қазақстан Республикасынан  тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған  мемлекеттік тілді еркін меңгермеген,  әрі Қазақстанда кемінде он  бес жыл үнемі тұрмаған адам  Президент болып сайлана алмайтынын  атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

 Президент өкілді органның  депутаты болып қоса сайлана  алмайды, өзге де ақы төленетін  қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік  қызметпен айналысуға құқығы  жоқ. Республика Президенті өз  өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде  саяси партиядағы қызметін тоқтата  түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына  ие.

 Қазақстан Республикасының  Парламенті—Қазақстан Республикасының  заң шығару қызметін жүзеге  асыратын Республиканың ең жоғары  өкілді органы. тұрақты негізде  жұмыс істейтін екі Палатадан  — Сенаттан және Мәжілістен  тұрады.

 Қазақстан Республикасы  Парламентінің төменгі Палатасы  — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең  және төте сайлау құкығы негізінде  жасырын дауыс беру арқылы  сайланады. Қазақстан Республикасы  Парламентінің жоғары Палатасы  — Сенат жанама сайлау құқығы  негізінде жасырын дауыс беру  жолымен сайланады (51-бап).

 Қазақстан Республикасының  Үкіметі — атқарушы биліктің  маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін  басқарады және олардын, қызметіне  басшылық жасайды. Оны Казақстан  Республикасының Президенті құрады.

 Сот билігін — сотта  іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык  және заңмен белгіленген өзге  де нысандары арқылы тек сот  қана жүзеге асырады. Заңмен  құрылған Республиканың Жоғарғы  Соты және Республиканың жергілікті  соттары Республиканың соттары  болып табылады. Қандай да бір  атаумен арнаулы және төтенше  соттар құруға жол берілмейді (75-бап).

 Судьялар сот төрелігін  іске асыру кезінде тәуелсіз  және тек Конституция мен Занға  ғана бағынады. Сот төрелігін  іске асыру жөніндегі сотіың  қызметіне кандайда болсын араласуға  жол берілмейді және ол заң  бойынша жауапкершілікке әкеп  соғады. Нақты істер бойынша судьялар  есеп бермейді. Судьяның қызметі  депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык  кызметтерді қоспағанда, өзге де  ақы төленетін жұмысты атқарумен,  кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық  ұйымның басшы органының немесе  байқаушы кенесінің құрамына  кірумен сыйыспайды.

3.Жеке еңбек  шарты                                             

Жеке еңбек шарты —  қызметкер мен жүмыс берушінің  ара-сында жазбаша нысанда жасалатын  екіжакты келісім, бұл келісім бойынша  қызметкер жұмыс берушінің актісін  орын-дай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша  жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші кызметкерге жалакысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжым-дық шартта көзделген еңбек жағдайларын камтамасыз етуге міндеттенеді.

 Еңбек шартымен қатар  қазір нарықтық экономикаға көшу-ге  байланысты занда «контракт»  ұғымы пайда болды. «Кон-тракт»  ұғымы еңбек қатынастарында арнайы  мағынада қолда-нылады. Қолданылып  жүрген еңбек заңдарында контракт  еңбек шартының ерекше бір  түрі ретінде аталғанымен оның  мазмұ-ны мен құрамы еңбек шартымен  сабақтасып жатыр. 

Контрактының еңбек шартынан айырмашылығы мынада:   * контрактының талаптарын тараптардың өздері белгілейді және онда нақты жеңілдіктер мен  артықшылықтар белгіленуі мүмкін;  * контрактыда еңбек зандарында белгіленбеген  шаралар қолданылуы мүмкін, мысалы, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақытының  режимі, демалыстың ұзақтығы және т.б.

Еңбек шартының заңдық маңызы өте зор:   1) ол елімізде еңбек  ресурстарын тиімді пайдаланудың, тұрақ-тандырудың және тартудың ең негізгі құқықтық нысаны;   2) ол еңбекшілердің еңбек  құқығын жүзеге асырудың негізгі  нысаны;   3) еңбек шарты еңбек  қатынастарының пайда болуына негіз  болатын заңды маңызы бар факті; 4) еңбек шарты өзінің тараптары  үшін қажетті еңбек құқықтары  мен міндеттерін тудырушы негіз;  5) еңбек шарты арқылы еңбекші  белгілі бір кәсіпорынның еңбек  ұжымына мүше бола алады;   6) еңбек  шарты жеке еңбек келісімі болғандықтан ол еңбеккердің жеке басын заңсыз еңбек жағдайларынан қорғайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"