Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

аңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері  көзделуі мүмкін.Азаматтың туған  кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін  тіркеу туралы заңдарда белгіленген  тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген  тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен  алған құқықтары мен міндеттерін  тоқтатуға немесе өзгертуге негіз  болмайды, Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген  құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы. Басқа бір  адамның есімімен құқықтар мен міндеттер  иеленуге жол берілмейді.

3.Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершілік— азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілікқұқық бұзушылық әрекеттері үшін заңалдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осықұжатбойынша әкімшілік жауапкершіліккеқұқықбұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады.Қазақстан РеспубликаПарламентінің депутаттарын — сәйкестіПарламентпалатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, алҚазақстан Республикасының судьяларынҚазақстан Республика Президентініңкелісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

 

БИЛЕТ  № 5

1.Құқықтыққатынас  түсінігі

Құқықтық қатынастар –  адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа  себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста  болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне  сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып  жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың  түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның  экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан, адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.Қоғамдық қатынастар әртүрлі  болады: саяси, моралдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс – қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен  реттеледі.Мысалы, отбасы қатынастарының көпшілігі дәстүр, діни нормалармен  реттеліп жатады.Құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады:–  кәмелеттік жасқа толмаса адамдардың саяси құқығы болмауы, үйленуге (жанұя  құруға), қылмыстық… жауапкершілікке  тартуға, жұмысқа орналасуға, әскер  қатарына шақыруға шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің  түрлері):– адамдардың денсаулығының  нашар болуы;– туысқандық қандас болу;– егерде азамат сотталған  болса;– діни нормаларға шектеу.Құқықтық, нормалар қоғамдағы сан алуан  қатынастарды реттеп-басқару үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып  жатады. Ол нормалар адамдардың, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жұмысын нормаларға сәйкес қоғамдық мүдде мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады.

Өйткені нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады:а) қоғамдағы қатынастардың мазмұны  әртүрлі болуы б) нормативтік  актілердің адамдарға әртүрлі әсер етуі; в) норманың ерекше мазмұнының әсері; г) құқықты іске асырудағы субъектілердің; құзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі  болуы; д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.

2.Конституциялық-құқықтық  нормалар және оның түрлері

Жалпы құқық теориясында  құқық нормасы ретінде мемлекеттен  туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын  білдіретін және оларға міндеттер жүктейтін  жалпыға міндетті және заңда айқындалған  тәртіп ережесі түсіндіріледі. Дегенмен конституциялық-құқықтық нормалардың  құқықтың басқа салаларындағы нормалардан ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай дегенге келсек бұған жауапты конституциялық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастардың өзгешеліктерінен табамыз. Конституциялық-құқықтық нормалар:1. мазмұнымен(реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың аясымен); 2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен;Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін нормалардың күшін жоюымен; 3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында түзілген); 4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ережелердің болуы); 5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қатынастардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді); 6. қатынастарды реттейтін (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен; 7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие); 8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (классификациясы). Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша: 1.құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады; 2.міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі; 3.тыйым салушы нормалар– онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған. Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадайнормаларға бөлінеді:4.императивті нормалар– белгілеген ережелерді субъектілерге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін  нормалар; 5Диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген жағдаяттарды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.

Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар: 6. материалдық нормалар- қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтыннормалар; 7. процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.

3.Мемлекеттік басқару  түсінігі және мәні

Мемлекеттік басқару саласындағы  туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік  құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Жалпы басқарудың:

1. Машиналар мен технологиялық  үрдістерді басқаратын механикалық;    2. Тірі организмдердегі басқарылатын  биологиялық; 3. Адамдардың мінез-құлығы  мен ұжымдарды басқаратын әлеуметтік  басқару сияқты бірнеше түрлері  бар. Басқару нақты бір нәтижеге  жету мақсатында, екі не одан  да көп адамдардың келісілген  іс-әрекеті. Басқару адамзат қоғамында  объективті түрде қалыптасады.  Сондыктан да басқару алғашқы  қауымдык, құл иеленуші, феодалдық  құрылыстардың барлығында болып  келген. Қоғам дамуы барысында  тек қана басқарудың типі, әдістері, мақсаты және түрпішіндері өзгеріп  отыратындығымен, өмірдің сан-саласын  басқару қажеттілігі сақталады.  Мемлекеттік басқару коғам дамуының  барысында қоғамдық, қатанастарды  реттеу мен тікелей практикалық  ұйымдастырудағы атқарушылық және  бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік  басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару,  мемлекеттік органдардың барлығының  қатынасуымен іске асырылады.  Мемлекеттік басқару дегеніміз:  а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет. Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.

Мемлекеттік басқарудың қағидаттары  — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде  қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде  бекітіледі. Мемлекеттік басқару  қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа  бөлінеді. Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар: 1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік  актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере оты­рып жүзеге асыруға мүмкіншілік  беретін, демократиялык негізде  орталықтанған, демократиялық орталықшану  қағидаты. 2) Барлық ұлттар мен этностардың  өкілдері мемлекеттік басқаруға  араласатын тең құқық.

 

БИЛЕТ  № 6

1.Әкімшілік құқықтыққатынас

Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару  аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық  нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу —құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады 

2.Азаматтылық түсінігі

Азаматтылық- әлеуметтік-саяси ғылымда отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизммен, жетілген саяси санамен сипатталатын субектілердің нақтылы моральдық-өнегелік, психологиялық, әлеуметтік-саяси сапаларының жиынтығы; адамның мінез-құлқы мен санасында өз Отанының және қоғамның шынайы гүлденуіне ықпалы бар жоғары моральдық сапалардың болуы. "Азаматтылық" ұғымының мәні әртүрлі: -өзін азамат ретінде сезіне білу және іс-әрекетке бара білу мүмкіндігі; -саяси қауымдастықтың ісіне белсенді әрі саналы түрде қатысу; - адамдар қауымдастығының толыққанды, еркін қатысуының жоғарғы ізгілігі; -саяси қауымдастық мүдделеріне қызмет ету, осы мүдделер жолында жанын құрбандыққа шалу.

3.Азаматтық құқықтағы  міндеттеме

Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз — мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті  беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету  жөнінде белгілі бір әрекет жасауға  не белгіл бір әрекеттен бас тартуға  міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы  әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық  қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген  құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа  адамның (несие берушінің) пайдасына  мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу  және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер  жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын  талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті".Азаматтық - құқықтық міндеттемелер  – 1) бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі  бір әрекет жасауға не одан қалыс  қалуға міндетті болатын, ал несиегердің  борышқордан өзінің міндеттерін  орындауын талап етуге құқығы болатын құқықтық қатынастар. Азаматтық - құқықтық міндеттемелердің туындау  негіздері – заңды ақиқаттар, шарттар, біржақты мәмілелер, әкімшілік  актілер, құқыққа жат әрекеттер, оқиғалар. Оның әрқашанда белгілі  бір субъективтік құрамы (міндеттеме тараптары) болады. Тараптардың бірі – борышқор, яғни жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге, мүлікті табыстауға, өзге де әрекеттер жасауға міндетті тұлға. Екінші тарап – несиегер, яғни борышқордан өзінің міндеттерін  орындауды талап етуге құқылы тұлға. Азаматтық - құқықтық міндеттемелер  – тұлғалардың міндеттемелік  құқық нормаларымен реттелетін өзара  қатынастары. Екі жақты немесе көп  жақты болады. Заңның, өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына  сәйкес мұндай талаптар жоқ болған жағдайда іскерлік айналымның ғұрыптары  тиісті дәрежеде орындалуы тиіс; 2) бухгалтерлік терминде “Азаматтық - құқықтық міндеттемелер” термині алашақ пен берешек (дебиторлық және кредиторлық берешек) ұғымдарын  біріктіреді. Алашақ (дебиторлық берешек) – басқа кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың  осы ұйымға берешегі (мысысалы, сатып  алушылардың сатып алынған өнім үшін берешегі). Кредиторлық берешек  – осы ұйымның басқа ұйымдарға, жұмыскерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегі. Бухгалтерлік теңгерімде пайда  болған кредиторлық берешек ұйымның  қаражат көздерінің құрамында, яғни пассивте көрсетіледі.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"