Шпаргалка по "Гражданскому праву"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 18:37, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Гражданскому праву".

Прикрепленные файлы: 1 файл

билет жауаптары КУКЫК.docx

— 203.50 Кб (Скачать документ)

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде  болуға, мүдделері мен жан-жақты  дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық  кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез  келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге  құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда  немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Егер баланың әкесі  анықталмаған жағдайда, оған есім —  анасының айтуымен қойылады, баланың  әкесі болып жазылған адамның  аты оның әкесінің аты болады, ал тегі — анасының тегі болады.

Мысалы, қазақтарда өз балаларын  әйгілеудің көптеген ырымдарға, т.б. мәнді  оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері  болды. Ер балаларға қарағанда қыз  балаларға көз тию онша әсер етпейді  деп есептелді, сол себепті оларға ен әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар  таңдалады.

Ер балаларга ат кою  басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан  бірінші кезекте олардың туған  ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік  кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі. Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары(асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорганшы және қамқоршы органдар, coт, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын киянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды. Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.

Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.

Баланың мүліктік құқығғы  да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары  мен отбасының өзге де мүшелерінен  асырап-бағу үшін қаражат көмегін  алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.

! Заң баланың  сыйлық ретінде немесе мұраға  алған меншігінің; еңбекпен айналысып  тапкан кіріс меншігінің; жекешелендірілген  пәтер меншігінің болуына жол  береді.

Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында  тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің  ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес. Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын үміт іңі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.

Мемлекет балаларға қамқорлық  көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы телейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.

Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған  жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір керінісі болып табылады.[1]

3.Еңбекақы

Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін  ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға  сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген  уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін  ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі  екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке  ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз  Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің  кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі  де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық  және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық  реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер  мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының  ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.

Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның  өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына  қарамастан, экономиканың мемлекеттік  секторының барлық кәсіпорындары мен  ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс  істейтін қызметкерлерге де қатысты.

Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.

Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп  аталатын негізгі екі әдіс бойынша  жүзеге асырылады.

Жалақыны орталықтандырылған әдіспен реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты. 

Жалақыны шарттық әдіспен  реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі.

Айлық тарифтік ставкалар  мен лауазымдық ақылар еңбекке ақы  төлеу саласындағы мемлекеттік  тарифтер болып табылады.

Қазақстан Республикасында бірыңғай тарифтік сеткінің 1-разрядты тарифтік ставкасының бекітілген айлық мөлшерінен, жұмысшылар мен қызметкерлердің тарифтік коэффициенттері мен бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамасынан тұратын республикалық тарифтік жүйесі қн.;іым гш қим.

Бірыңғай тарифтік сеткінің 21 тарифтік ралриды болады және олар экономикалық барлық салаларында жұмыс  істеушілерге қатысты. Белгілі тәртіпші бекітіліп күштердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасьына (БТ-БА) сәйкес қызметкерлердің  екі санаты — жұмысның және қызметкер  болады.

Қызметкерлер мынадай  топтарға бөлінген: құжаттар әзірлеу  және толтырумен, есеп және бақылаумен айналысатын техникалық орындаушылар экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының мамандары; әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсететін бөлімшелердің басшылары; кәсіпорындардың (мекемлердің, ұйымдардың) және өзге де құрылымдық бөлімшелердің (қызметтік және желілік) басшылары.

 

 

БИЛЕТ  № 18

1.ҚР мемлекеттік  басқару

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке  қол жеткізгеннен бері Қазақстан  халқы өз алдына жоғары мәртебелі  мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін  білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы  лауазымды иелерінің қатардағы  азаматтарға дейін заңдардың  бүкіл халықтың мүддесі, игілігі  үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.

Құқықтық мемлекет болуына  ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік  актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу  жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік  басқарудың рөлі өте зор.

Елу жылда – ел жаңа деуші  еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің  ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика  мен әлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты  іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін  нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі  экономикалық және әлеуметтік проблемаларын  шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне  сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және аса күрделі  мәселелері күн тәртібіне қойылып  отыратыны бәрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы  мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы  мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік  басқарудың жетілген жүйесі қажет.

Еліміз егемендік алған  алғашқы күннен бастап мемлекеттік  басқару мен мемлекеттік қызметтің  қазіргі заманғы тиімді жүйесін  қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы  респубилкамыздағы бүгінге дейін  өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы  деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген  кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші  басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде  олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік  қызмет көрсетудің оң сапасына қол  жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын  тарылту және басқа да маңызды  шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси  сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.

Жаңа экономикалық жағдайлар  мемлекеттің барлық деңгейдегі жұмысына жаңа талаптар қояды. Бұл үшін мемлекеттік  қызметтің сапасын жақсарту, мемлекеттік  аппараттың жұртшылық алдындағы  есептілігін күшейту және шенеуніктердің нәтижелі жұмыс жасауға деген  ынтасын арттыру қажет.

«Бiздiң мiндет - Қазақстанда  нарықтық экономика үшiн оңтайлы  болатын мемлекеттiк қызмет пен  басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау, басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi үкiмет құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру».«Қазақстан - 2030» даму стратегиясы.

Қазақстан дәстүрлі мемлекеттік  әкімшілік етуден мемлекеттік басқару  деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің  аражігін тиімді ажырату нәтижелері, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру  және мемлекеттік қызметтің сапасын  арттыру арқылы «жаңа мемлекеттік  менеджментке өту» жолымен жүріп  келеді.

Орталық мемлекеттік басқарудың мынадай өзекті мәселелері бойынша  талдамалық зерттеулер жүргізу қызметтерін  ұсынады: -Экономиканың жекелеген салаларындағы  мемлекеттік реттеу. -Әкімшілік реформа. -Орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін функционалдық шолу -Мемлекеттік қызметтер көрсетуді  жетілдіру.

2.ҚР Парламентінің  конституциялық-құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық  манызы бар қаладан және Қазақстан  Республикасының астанасынан екі  адамнан, тиісінше облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары  депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкіметесеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік  мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары  бес жылға сайланады. Қазақстан  Республикасыньың кемінде бес жыл  азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл  жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын  облыстың), республикалық маңызы бар  қаланың не республика астанасының  аумағында кемінде үш жыл тұрақты  тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын  жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі. Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Гражданскому праву"